Тақырыбы: Атипті пневмония Жоспар Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



Дата05.11.2022
өлшемі3,75 Mb.
#47701

Тақырыбы: Атипті пневмония

Жоспар


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-Атипті пневмония анықтамасы
-Короновирусты инфекция этиологиясы,патогенезі,
диагностикасы
Атиптік пневмония – «атипті» қоздырғыштардан туындаған және әдеттен тыс клиникалық ағымы бар пневмониялар тобы.
Қазіргі уақытта клиникалық тәжірибе үшін атипті және типтік пневмониялар арасындағы симптоматикалық айырмашылықтар маңызды рөл атқармайды, өйткені пневмонияны емдеу үшін қоздырғышты дәл анықтау өте маңызды. Сонымен қатар, пневмококктық пневмония бұл күндері салыстырмалы түрде сирек кездеседі.
Коронавирустық инфекция COVID-19 (ағылш. cоronavirus disease 2019), (бұрын: коронавирустық инфекция 2019-nCoV) — SARS-CoV-2 (2019-nCoV) коронавирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция.
Патогенетикалық тұрғыдан COVID-19 жергілікті және жүйелі вирусемиямен сипатталады.Иммундық қабыну процесі, коагуляцияның гиперактивтілігі микро- және гипоксияның дамуына әкелетін
интоксикациямен, қызбамен, қан тамырларының, өкпенің эндотелийінің зақымдануымен,жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдары, орталық және перифериялық жүйке жүйесін зақымдаумен жүретін,асқынулардың көп болуымен сипатталатын инфекция.
Сыртқы ортадағы тұрақтылықВирус тұрақты:➢ нәжісте және зәрде – 2 күнге дейін➢ диареямен ауыратын науқастардың нәжістерінде – 5 күнге дейін➢ қағаз бетінде – 3 күнге дейін➢ металл және пластик бетінде – 3 күнге дейін➢ шыны бетінде – 96 сағатқа дейін➢ кәріз суларында – төрт тәулікке дейін;➢ 8-10 сағат аэрозоль құрамында сақталады;➢ суда – 9 тәулікке дейін
Белсенділігін және жұқпалығын жояды:➢ дезинфектанттар әсерінен;➢ 56°С дейін қыздыру вирусты 15 минут ішінде өлтіреді;➢ УК-сәулеленгенде - 15 минут ішінде;➢ органикалық еріткіштер мен детергенттердің әсері кезінде бірнешеминут ішінде;➢ дезинфектанттар әсерінен лезде өледі
Берілу механизмі – аспирациялық байланыс, фекальды-оральді (мүмкін).
Жұғу жолдары: ауа – тамшы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескендевирустың бөлінуі) жақын қашықтықта байланысқанда.
Тұрмыстық –байланыс: су, тамақ өнімдері және қоздырғышпен контаминирленген заттар(есік тұтқалары, смартфон экрандары) арқылы іске асырылады. Вирустыңқолдан көздің шырышты қабығына, мұрын және ауыз қуысына жұғуыдәлелденген.
Шағымдары мен анамнезі:
Инкубациялық кезең 2-14 күн.
• дене температурасының жоғарылауы
жалпы әлсіздік, жайсыздық
• терлеу
• миалгия және дененің ауыруы
• бас ауруы
• жөтел (аз мөлшердегі жөтелмен сирек кездесетін құрғақ жөтел
қақырық, ауырсыну, пароксизмальды болуы мүмкін)
кеудедегі қысылу, жаншылу, ауырсыну, қысу сезімі
(терең тыныс ала алмау)
Ауыр жағдайларда:
• ентігу (тексеру кезінде немесе аурудың динамикасында)
• тыныс алудың қиындауы, ентігу сезімі
• жүрек айну, құсу (сирек)• асқазан ауруы
• жүрек аймағындағы ауырсыну
• тұрақты бас ауруы• бас айналу• несептің іркілуі

Зертханалық зерттеулер

  • Зертханалық зерттеулер
  • ЖҚА-лейкопения, лимфопения,анеозинофилия; тромбоцитопения, лейкоцитоз,лейкоцитарлы «формуланың солға ығысуы», ЭТЖ жоғарылауы байқалады
  • • ЖЗА: альбуминурия, лейкоцитурия, гемоглобинурия
  • (COVID-ассоциирленген нефрит);
  • биохимиялық қан анализі: электролиттер (K +, Na +, Mg ++, Ca ++), ALT,АСТ, билирубин (жоғары - COVID-ассоциирленген гепатит, LIPP),глюкоза (ұйқы безінің вирустық зақымдануы), барлығы ақуыз және альбумин (төмендеу), мочевина және креатинин жоғарылауы мүмкін• қан сарысуындағы С-реактивті ақуыз деңгейін зерттеу -қабыну процесінің ауырлығымен сәйкес келеді, өкпедегі қабыну инфильтрациясының таралу белсенділігін көрсетеді

зәрдегі кетондық денелерді анықтау (қант диабетімен ауыратын науқастардағы көрсеткіштер бойынша);

  • зәрдегі кетондық денелерді анықтау (қант диабетімен ауыратын науқастардағы көрсеткіштер бойынша);
  • • стерильділікке қан культурасы (сепсиске күдік болса);
  • • қақырық жағындысы анализі
  • Аспаптық зерттеу әдістері
  • Пульсоксиметрия
  • Кеуде клеткасы рентгенографиясы
  • КТ
  • МРТ
  • ЭКГ
  • ЭХОКГ

Қорытынды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) SARS-CoV-2 жұқтыру қаупін төмендету бойынша жалпы ұсыныстар берді: • қолды сабынмен немесе құрамында спирт бар заттармен жуу; • жөтел немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды иілген шынтақпен немесе бір рет қолданылатын майлықпен жауып, кейіннен міндетті түрде қолды жуу керек; • жөтел немесе дене қызуы жоғары адамдардан алшақ болу (1 метрден кем емес); • мүмкіндігінше мұрын, ауыз және көзді қолмен ұстамаңыз; • өкпенің жіті респираторлық ауруының белгілері болған жағдайда үйде қалу; • безгек, жөтел және тыныс алу қиын болған жағдайда, медициналық мекемеге жүгінуге болады; • тірі жануарлар, ет немесе құс сатылатын азық-түлік базарларына барған кезде гигиена ережелерін сақтау; • шикі немесе нашар термиялық өңделген жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынудан аулақ болу.

Әдебиеттер тізімі

 

 


1.Инфекциялардың алдын алу және ДДҰ жаңа коронавирустықинфекцияға (nCoV) күдік бар пациенттерге медициналық көмек көрсетукезіндегі инфекциялық бақылау. Уақытша ұсыныстар 25 қаңтар 2020 ж.
2.«Коронавирустық инфекция-CОVID-2019» ДСМ РК ДСДРО клиникалық хаттамасы №88 хаттама
3.Ren LL, Wang YM, Wu ZQ, et al. Identification of a novel coronavirus causing severe pneumonia in human: a descriptive study. Chin Med J (Engl)2020 Jan 30 [Epub ahead of print].

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет