Билет №1 жпд тәжірибесінде жедел және созылмалы пневмония. Жіктелуі. Диагностика. Амбулаториялық жағдайда жүргізу тактикасы. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Пневмония



бет1/11
Дата06.01.2022
өлшемі23,36 Kb.
#15268
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Билет № 1

1. ЖПД тәжірибесінде жедел және созылмалы пневмония. Жіктелуі. Диагностика. Амбулаториялық жағдайда жүргізу тактикасы. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

Пневмония

Пневмония – патологиялық процеске өкпенің респираторлық бөлігі басым қатысатын жəне альвеола ішінде міндетті түрде қабыну экссудаты болатын, этиологиясына, патогенезіне жəне морфологиялық сипаттамасына қарағанда өкпенің əр түрлі жедел ошақты инфекциялы қабыну ауруларының тобы.



Жіктемесі
 

Жіктеме негізіне аурудың даму жағдайы жəне науқастың иммунологиялық статусы кіреді.

Ажыратады:
1. Ауруханадан тыс пневмония (емдеу мекемесінен тыс жерде туындаған, синонимы: үй, амбулаторлық).
2. Нозокомиальді пневмония (емдеу мекемесінде туындаған, синонимы: госпитальді, ауруханаішілік).
3. Аспирациялық пневмония.
4. Иммунитеттің ауыр тапшылығы бар науқастардағы пневмония (туа біткен иммунтапшылық, ВИЧ-инфекция, ятрогендік иммуносупрессия) жəне орналасуын жəне асқынулардың болуын анықтау.
 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет