2.Белгілердің, гендердің тәуелсіз комбинациялануының цитологиялық негіздері.
3. Полигибридті будандастырудың заңдылықтары.
Мендель бір жұп белгінің тұқым қууын зерттеп болған соң, ол екi, үш белгілердің тұқым қуу заңдылығын талдауға кірісті.
Екі жұп қарама-қарсы белгілері бар аталық-аналықтардан алынған будандарды Г. де Фриз 1900 жылы дигибридтер деп, үш жұп белгісі барларды-үшгибридтер, көп белгілері барларды - полигибридтер деп атады.
Дигибридтік будандастыру кезінде аллельді гендердің екі жұбы да бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды, бұл Мендельдің үшініші заңы.
Дигибридті будандастырудан
фенотипі бойынша ажырау 9:3:3:1,
генотипі бойынша 1:2 :2:4:1:2:1:2:1 қарым-қатынасында болады.
Г.Мендель екі қарама-қарсы белгісі (екi жұп аллель) бар бұршақты будандастыру арқылы комбинативтік қисындасу өзгергіштік құбылысын ашты. Ол екі басым белгісі бар - сары тегіс тұқымды (ААВВ) бұршақпен екі басыңқы белгісі бар - жасыл бұдыр тұқымды бұршақты (аавв) будандастырды. Бірінші ұрпақтағы өсімдіктері бәрі caры тегіс болып шықты (АВ). Генотипі бойынша будандар дигетерозиготалы (АаВв) болды.
Екінші қатарда төрт түрлі ұрпақ пайда болды, олapдың ара қатынасы:
Нақтылы ажырасуын мына формула бойынша 9/16:3/16:3/16:1/16
Заң тек қана, әртүрлі хромосомаларда орналасқан гендерге байланысты. Әр гомологты хромосомада орналасқан түрлі гендер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. Мендельдің үшінші ережесі немесе белгілердің тәуелсіз комбинациялану ережесі былай тұжырымдалады: альтернативті белгілердің екі жұбы бойынша айырмашылықтары бар гомозиготалы особьтарды будандастырғанда екінші F2 ұрпақта белгілердің тәуелсіз комбинациялануы байқалады. Мендель қарапайым ата-ана белгілерінің кейінгі ұрпақтарда таралуын талдап зерттей келе, белгілер араласпайды, келесі ұрпақта сақталады деген қорытынды жасады.