Тақырыбы: Сынып жетекшісі-сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
1.1. Сынып жетекшісінің қызметі.
1.2. Сынып жетекшісінің құқығы мен міндеттері.
1.3. Сынып жекетшісінің кәсіби құзыреттілігі
1.1. Сынып жетекшісінің қызметі
Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.
Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты — мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау7
Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері қандай?
Диагностикалық.
Коммуникативтік.
Тәрбиелік.
Жобалаушылық.
Ұйымдастырушылық-әрекеттік.
Дамытушылық.
Әдістемелік.
Ынталандырушылық.
Бағалаушылық.
Қорғаушылық-қамқоршылық.
Түзетушілік
Күнделікті атқаратын қызметі 1. Сабаққа кешігіп келген, немесе сабаққа келмей қалған оқушының себебін анықтау; 2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру; 3. Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру; 4. Оқушылармен жеке-дара жұмыс. Апта сайынғы жұмысы 1. Оқушының күнделігін тексеру; 2. Сыныппен жоспар бойынша іс-шара өткізу; 3. Ата-аналармен жұмыс; 4. Пән мұғалімдерімен жұмыс; 5. Оқушылардың ауырғаны туралы анықтамасын жинақтау. Ай сайынғы жұмыс 1. Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу; 2. Мектеп психологымен кездесу; 3. Ата-аналар комитетімен кездесу; 4. Тәрбие жұмысы бойынша жиналыстарға қатысу. Тоқсан сайынғы жұмыс 1. Сынып журналын толықтыру; 2. Сынып жетекшілерінің семинарына қатысу; 3. Тоқсан сайын тәрбие жұмысын қорытындылау жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру; 4. Ата-аналар жиналысын өткізу.

1.2. Сынып жетекшісінің құқығы мен міндеттері
Сыныпжетекшісінің құқықтары 1. Оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алып отыру; 2. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау; 3. Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру; 4. Кіші педкеңестер, консилиумдер өткізу арқылы сынып оқушыларына тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру; 5. Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикелермен бірге жоспарлау керек. 6. Ата-аналарды мектепке шақырып тұру. 7. Егер сынып жұмысының бағасымен келіспесе, өзінің намысын қорғау үшін, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарында немесе мұғалімдер кеңесінде сөз сөйлеуге құқығы бар.
Сынып жетекшісінің міндеттері
1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау. 2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру. 3. Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру. 4. Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау. 5. Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу. 6. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету. 7. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде көмек көрсету. 8. Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау. 9. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орнату. 10. Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру.
1.3. Сынып жекетшісінің кәсіби құзыреттілігі
Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады: • Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық); • Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); • Оқу танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• Коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); • Ақпараттық технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті); • Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); • Тұлғалық өзін өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).