Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- хvііғғ. Батыс және Шығыс Европа.



бет1/13
Дата14.04.2022
өлшемі68,76 Kb.
#31075
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- ХVІІғғ. Батыс және Шығыс Европа.(кейінгі орта ғасыр)

1.Батыс Европа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы

2.Алғашқы қорлану процесі, елдің өзіндік ерекшелігі. Капиталистік мануфактура

3.ХVІ- ХVІІ ғғ. І жартысындағы Германия. Реформация және Ұлы Шаруалар соғысы дәуірі.


§ 1. ХV ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Еуропаның тарихи дамуындағы негізгі ұстанымдар

Абсолютизмнің қалыптасуы. Батыс жəне Орталық Еуропаның біршама бөлігіндегі елдерде XVІ жəне XVІІ ғасырлардың басында саяси құрылымның дамуы феодализм шеңберіндегі жаңа капиталистік қатынастар жағдайында пайда болды. Əлеуметтік- экономикалық саламен салыстырғанда еуропалық мемлекеттіліктің даму тенденциясы ортақ сипатты иеленді. Бұл жағдайды төменде- гідей түсіндіруге болады: біріншіден – мемлекеттік билік түрлері біршама тəуелсіз, яғни əлеуметтік-экономикалық қатынастардың қатаң шектеулігінсіз, көп жағдайда сыртқы əсерге бағынышты, бір- шама дамыған, көрші елдердің тəжірибесін бойына сіңіру қабілетін иеленеді.

Мемлекеттің құрылымдық эволюциясында, əсіресе еуропалық тарихи процесте, ортақтық пен ерекшелік диалектикасы анық көрініс береді, яғни, Еуропаның географиялық жəне мəдени-тарихи ортақтық ретіндегі санасының өсуі, жеке ұлттық жəне көпұлттық мемлекеттік бірлестіктердің одан əрі ұлғаюы, ұлттық сананың көтерілуімен сипатталуы жəне ортағасырлық континенттің баты- сында папаның діни жəне саяси билігінен шығатын көпсалалы бай- ланыстардан қол үзуі. XVІ ғасырға тəн мемлекетке байланысты біртұтас католиктік əлемге қатыстылығына негізделген идеоло- гиялық мазмұнды жою, мемлекетті тарихтың субъектісіне айнал- дырды, мемлекетті негіздеудің жаңа идеологиясы ізделді, мемлекет пен мемлекет басшысының негізгі мəні мен мақсаты туралы əр- түрлі ілімдер пайда болды. XVІІ ғасыр барысында Еуропаның саяси картасы негізді өзгерістерге ұшырады. XV жəне XVІ ғасырлар шеңберінде ағылшын жəне француз жерлерінің бірігу процесі аяқталды, біртұтас испан мемлекеті қалыптасты, оның құрамына 1580 жылы Португалия да кірді.

Империя түсінігі, XV ғасырдың соңынан Қасиетті Рим импе- риясы деп аталып, біртіндеп тек неміс жерлері түсінігімен астаса бастады. Шығыс Литва князьдығын біріктірген Речь Посполитая атты жаңа мемлекет пайда болды. Көптеген еуропалық мемлекет- тер үшін қарастырып отырған кезеңге орталықтандыру ұстаным- дарының жылдам дамуы тəн. Осыған байланысты бір орталыққа еуропалық территориялар біріктіріліп, мемлекеттік басқарудың ортағасылардан өзгеше ұйымдары пайда болды, жоғарғы биліктің орны мен қызметі өзгерді.



XVІ ғасырда Еуропада күрделі байланыста əртүрлі түрдегі мемлекеттер көрші тұрды. Олар дамудың əртүрлі сатысын басынан өткеріп жатты – монархиядан феодалдыққа, ал ғасырдың соңында ерте буржуазиялық республикалар сатысына. Осыған қарамастан мемлекеттік құрылымның үстем түрі абсолюттік монархия бола бастады.

Кеңестік тарихнамада сословиялық-өкілеттілік монархиядан абсолюттік типтегі монархияға өту, тарих сахынасына қалыптасып келе жатқан буржуазия түріндегі жаңа əлеуметтік күштердің шығуымен сипатталады деген көзқарас бекінген. Белгілі бір елдегі буржуазияланған қабаттың даму деңгейі жəне оның алдындағы саяси құрылымның даму ерекшелігі абсолюттік биліктің тікелей сипатын анықтап, оның пісіп-жетілу дəрежесін көрсетеді. Абсолю- тизмнің феодалдық монархияның тарихи ауыспалы түрі ретінде самодержавиялық басқарудың өзге əлеуметтік мазмұнға негіздел- ген, жəне өзге саяси дəстүрлерден бастама алатын басқа түрлері- мен сыртқы ұқсастық сипатын иелену мүмкіндігі бар. Басқаша айтқанда, абсолютизм феодализм дамуының қорытынды сатысына дəлме-дəл келетін, монарх билігінің тез арада нығаюымен сипат- талатын, орталықтандырудың жоғарғы дəрежесін иеленген мем- лекет түрі. Абсолютизмнің төменгі хронологиялық шегі XVІ ғасырдың соңы XVІІ ғасырдың басына жатқызылады. XVІ ғасыр мен XVІІ ғасырдың бірінші жартысы «ерте абсолютизм» кезеңі деген көзқарас таралған, дегенмен ағылшын абсолютизімі XVІ ғасыр бойы кемелдену сатысын басынан өткеріп, XVІІ ғасырдағы бур- жуазиялық революцияның міндеттерін шешті.

Абсолютизм шеткі аймақтарды қосып алу саясатын жалғас- тырып, бытыраңқылықты шектейді, феодалдық ақсүйектердің сепаратистік ұмтылыстарын басып, қала еркіндіктерін қысқартты, жергілікті басқару ұйымдарының ескі қызметтерін ауыстырды не- месе жойды, мықты орталық билікті қалыптастырды, ол өз бақы- лауында экономикалық жəне əлеуметтік өмірдің барлық саласын ұстап тұрды, шіркеулік жəне монастырлық жер иеленуді секуляри- зациялап, өз ықпалына шіркеулік ұйымдарды бағындырды. Өкілет- тілік ұйымдар өз маңызын жоя бастады, бірақ кейбір жағдайларда абсолютизмнің жаңа бюрократтық аппараттарымен сіңісіп өмір сүруін жалғастыра берді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет