Тақырып:Қазақстанда және дүние жүзінде жел энергиясын пайдаланудың қазіргі күйін зерттеу. Орындаған



бет1/7
Дата03.10.2023
өлшемі4,13 Mb.
#112751
  1   2   3   4   5   6   7


Тақырып:Қазақстанда және дүние жүзінде жел энергиясын пайдаланудың қазіргі күйін зерттеу.
Орындаған:Жумабай Елдос


Жетекшісі:Курбанбеков Шерзод


Аннотация

Бүгінгі күні адам баласына керек энергияның көпшілігі көмір, мұнай және табиғи газ сынды табиғи ресурстардан қамдалып отыр. Бара-бара артқан энергия мұқтаждығы табиғатта мөлшері шектеулі осы ресурстардың азаюына себеп болуда. Табиғи ресурстар қазіргі жылдамдықпен тұтынылуды жалғастырса, болашақта ресурстар қорының тым азайылуына жақын. Бұл жаңғыртылатын энергия көздерінің маңызын арттырды. Жаңғыртылатын энергия көздерінің маңызды бір ерекшелігі – таза болуы. Мұнай мен көмір сынды қалдық жағармайлар зиянды газдың қалыптасуына себеп болып, табиғатты ластайды. Бүгінгі таңда осы ластық әлемнің болашағына қауіп төндіріп отыр. Бұл жағдайдан шығу үшін жаңаланатын энергия көздеріне бағытталу керек. Күн, жел және толқын сынды шексіз энергия беретін ресурстар табиғатқа ешбір зиян келтірмейді. Осындай ресурстардың ең маңыздыларының бірі – жел энергиясы. 


Жел энергиясы мыңдаған жылдан бері түрлі мақсаттарда қолданылып келеді. Тарих бойы дақыл ұнтақтауда және желкенді кемелерде адам баласына қызмет еткен жел энергиясы бүгін электр қуатын өндіру үшін қолданылуда. Жел әлеуеті жоғары жағалауларға, ашық теңіздерге, сайларға құрылатын жел трибуналары кинетикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. 
Экономикалық даму қарқыны ол энергетиканың барлық жағынан дамуы арқылы жүреді. Адамзатқа электр энергиясы өте қажет және оның қажеттігі жыл сайын артуда. Сол себептен барлық елдерде энергия алудың альтернативті жолдары қарастырылды.
Қазақстан да өзінің стратегиялық индустриалды инновациялық даму бағыттарын белгілей отырып, табиғаттағы қуат көздерін игеріп, іске жаратуға көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасы су энергиясы, жел энергиясы және күн түріндегі жаңғыртылған энергияның маңызды қорларына ие. Алайда, осы уақытқа дейін, бұл қорлар кең қолданысты таппады, тек су электр станциялары энергияны өндіру мақсатында шала-шарпы қолданылады. Осылайша, су энергиясын қолдану есебінен еліміздің энергетикалық теңгеріміндегі жаңғыртылған энергияның үлесі бір-екі пайыздық деңгейді құрайды.
Жел энергетикасының әлеуетін игеру үшін Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігімен БҰҰ-ның даму бағдарламасының қолдауымен 2015 жылға дейінгі (үмітпен 2030 жылға дейін) Қазақстан Республикасында жел энергетикасының даму бағдарламасы жетілдірілген болатын. Бұл Бағдарлама аясында 2015 жылға дейін қуаты 250-300 МВт-тық және 2030 жылға дейін 2000 МВт-тық ЖЭБ-нің құрылысының жүзеге асуы қарастырылуда. Бұл электр бекеттерінде 2015 жылға дейін 1млрд. кВт·сағ электрэнергиясы және 2030 жылға дейін 5млрд. кВт·сағ электрэнергиясы өңделіп шығарылатын болады.
Жаңғыртылған энергияны пайдаланудағы заңнамалық қолдауды қамтамасыз ету үшін және инвестицияларды жұмылдыру мақсатында 2009 ж. «Жаңғыртылған энергия көздерін пайдалануын қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет