Талғат сайрамбаев


Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш



Pdf көрінісі
бет40/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58

Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш 

арқылы барлық қасиеті айқындалатын, белгілі тұлғада оны-

мен тікелей байланыстағы жəне өзіндік сұраулары бар сөйлем 

мүшесі.

Бастауыштың сұраулары

Н.  Сауранбаев,  М.  Томанов,  Р.  Əміров  еңбектерінде  баста-

уыштың  сұраулары  берілмейді.  М.  Балақаев, X. Арғынов  еңбек-

терінде  де  бастауыштың  сұрауларының  толық  берілмегенін 

көруге  болады. X.Арғынов  ондай  сұраулар  ретінде  кім,  не,  кімі, 

несі сұрауларын алумен ғана шектеледі. Сонда, бастауыштардың, 


436

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

біріншіден,  көптік  жалғауда  келуі  ескерілмейді,  екіншіден, 

тəуелдік жалғаулы түрінде келетін сұраулардың тек үшінші жағы 

ғана алынып, ал бірінші, екінші жақтағы сұраулары еленбейді де

М.Балақаев  кім?  кімдер?  не?  нелер?  түрінде  ала  келіп,  тəуелдік 

жалғаудың  тек  үшінші  жағындағы  түрлерін  алады.  Бірақ  автор 

1971  жылғы  еңбегінде  бастауыштың  сұраулары  көптік,  тəуелдік  

жалғауларда жұмсалуына қарай өзгеруі мүмкін деп ескертіп отыра-

ды [16,86]. Бастауыштың сұрауларының біразы С. Аманжоловтың 

еңбегінде  берілген.  Автор 1939 жылғы  мектеп  грамматикасында 

мына сұрауларды берген: кім, не, кімі, несі, кімің, нең, нем, кімдер, 

нелер,  нешеуі,  қаншасы.  Бұл  сұрауларда  кім,  не,  неше,  нешеуі, 

қанша сұраулары негіз болады да, неше, қанша сұрауларының тек 

ІІІ  жағы,  ал  кім,  не  сұрауларының  да  ІІІ  жақта  тəуелденіп  келуі 

берілген.  Бірақ  олар  бастауыш  сұрауларының  көптік  жалғауда 

келіп  те,  ІІІ  жақта  тəуелденіп  барып  жұмсалатынын  ескермейді 

[17,9].  С.  Аманжолов  бастауыштың  сұрауларын  соңғы  ғылыми 

еңбегінде бермеген [18]. Түркітану əдебиеттерінде (А.Н. Кононов, 

Н.А. Баскаков, Е.И. Убрятова, сол сияқты қазіргі өзбек, қарақалпақ, 

ұйғыр тілдерінде) бастауыштың сұрауларын қарастырмайды. Жал-

пы алғанда, бастауыштың сұраулары көбіне мектеп, педучилище-

ге  арналған  оқулықтарда  қаралады  да,  жоғары  оқу  орындарына 

арналған еңбектерде онша елене бермейді. Біздіңше, əрбір сөйлем 

мүшелерінің сұраулары барлық жерде берілуі орынды дейміз. Осы 

күнгі  оқулықтарда  беріліп  жүрген  сұрақтар  түгел  емес,  көбіне 

кім?не? сұрақтары беріледі де, оның көпшесі бірде беріліп, бірде 

берілмейді. Ал тəуелдік жалғау тұлғалы сұрақтар екі түрлі бағытта 

беріледі. Көбінде тек III жақтың кімі? несі? деген сұрақтары не-

месе олардың тек жекеше түрін берумен ғана шектеледі. Кім? не? 

сұрақтарынан басқа қанша, нешеу сұрауларының тəуелді тұлғалы 

түрі  ғана  беріледі.  Негізінде  бастауышты  жақсы  тануда  оның 

тұлғасымен бірге сұрақтары да түгел қамтылу керек. Осы жағынан 

келгенде біз бастауыштың сұрауларына мыналарды жатқызамыз: 



Кім? Не? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? 

Кімдерім?  Нелерім?  Кімдерің?  Нелерің?  Кімдеріңіз?  Нелеріңіз? 

Кімдері? Нелері? Қайсысы? Қаншасы? Нешеуі? Нешесі? 

Бастауыштық  тұлға.  Əрбір  сөйлем  мүшесіне  тəн  өзіндік 

тұлғасы болатыны белгілі. Сол сияқты бастауыштың да өз жасалу 


437

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

жолы бар. Бастауыштың тұлғасы жайлы қазақ тілі мен түркітану 

əдебиеттерін  шолу  жасау  барысында  əртүрлі  өзгешеліктерді 

көруге  болады.  Қазақ  тіл  білімінде  бастауыштық  тұлға  бірнеше 

бағытта айтылады. Біріншіден, Р. Əміров жалпы бастауыш туралы 

жан-жақты айта келіп, оның тұлғалық жағына тоқталмайды [19]. 

М. Томанов бастауыштың тек атау тұлғада қолданылуын ғана айт-

са [20], С. Аманжолов, X. Арғынов [21] көптік жалғаулы тұлғаны 

ескермейді.  Бірақ  С.  Аманжоловтың  «Біздің  Отанымыздың  ба-

лалары  бақытты»  деген  сөйлемдегі  балалары  зат  есімді  баста-

уыш деуіне қарағанда автор оны, арнайы айтпағанымен, негізінен 

бұл  жайтқа  назар  аударғанын  көруге  болады.  Н.  Сауранбаев, 

М. Балақаев, Ғ. Əбухановтар бастауыштық тұлға ретінде нөлдік, 

көптік жалғаулы сөздерді атаса, М. Балақаев «Бастауыштар кей-

де»  формаланбаған  ілік  септігінде  де  айтылады,  ондай  ілік  сеп-

тікті бастауыштар сөйлемнің баяндауышы не тəуелдік жалғауда-

ғы  сөз  болып,  не  тəуелдік  жалғаулы  сөз  күрделі  баяндауыштың 

құрамында болып келеді» деп көрсетеді

 

[22]. А. Жапаров: «Менің 



оқығым  келіп  тұрады,  саған  қорқуға  болмайды»  деген  сөйлем-

дердегі менің, саған сөздерінде логикалық жағынан бастауыштың 

мəні  бар  екенін,  бірақ  ол  сөздердің  грамматикалық  жағынан 

бастауыш бола алмайтындығын дұрыс көрсетеді. Автордың мына 

мəселеге  де  назар  аударуы  орынды.  Бірінші  сөйлемдегі  оқығым 

тəуелдік  жалғаулы  сөз – грамматикалық  жағынан  бастауыштық 

тұлғадағы сөз. Бірақ ол сөзді бастауыш деп ұғатын болсақ, келіп 

тұрады  тіркесінде  тиянақтау  жағы  жетіспейтіндігін,  сонда  тек 

менің  сөзі  қосылғанда  ғана  тиянақты  баяндауыш  бола  алатын-

дығын  дұрыс  айқындайды [23].

Осыған  байланысты  ілік,  ба-



рыс  жалғаулы  сөздер  бастауыш  туралы  мағлұматты  ғана  бере 

алады  дейді.  Қазіргі  өзбек  əдеби  тілі  синтаксисінің  авторлары 

бастауыштың  тұлғалы  екенін  (нөлдік,  көптік,  тəуелдік)  айтып, 

бір бастауыштық тұлғада, тіпті, екі жалғаудың қабат келуін де өз 

тілі материалдары арқылы дəлелдейді. Кейде «Магазинге ажойиб 

узумлардан келди» деген сөйлемдегі узумлардан шығыс жалғаулы 

сөздер  де  бастауыштық  қызметте  жұмсалады  дейді [24]. Осы 

іспетті  ойды  Г.Д.  Санжеев  моңғол  тілінде  де  шығыс    жалғаулы 

сөздер  бастауыштық  қызметте  жұмсалады  деп  көрсетеді

 

[25]. 



Бірақ  осы  екі  тілді  зерттеуші    ғалымдар  мұндай  жалғаулы    сөз-

438

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

дердің  бастауыш  болуын  тек  логикалық  жағынан  ғана  болып 

тұратындығын айтпайды. 

Е.И.  Убрятова  якут  тілінде  негізінен  бастауыш  атау  тұлғада 

болу керек екенін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бас-

тауыш  қана  емес,  анықтауыш,  баяндауыш  сөйлем  мүшелері  де 

бола  береді  деп  жəне  якут  тілінде  бастауыш  болатын  сөздерді 

тек мағынасына қарай ажыратуды ұсынады

 

[26,92]. Осы берілген 



материалдарға  қарағанда,  қазақ  тілі  мен  жалпы  түркологияда 

бастауыштық  тұлғаның  берілуінде  əртүрлі  көзқарастар  бар. 

Қазақ  тіл  білімінде  негізінде  бастауыштық  тұлғалар  (көптік, 

тəуелдік, атау тұлғада) əртүрлі авторда əртүрлі айтылғаны бол-

маса, жалпы бастауыштың тұлғасы бір бағытта қарастырылады. 

Бірақ  тек  М.  Балақаев  қана  формаланбаған  ілік  септігі  де  бас-

тауыштық  тұлға  деген  ғана  ерекшелікті  айтты.  Ал  түркітану 

еңбектерінде  А.Н.  Баскаков  жалпы  бастауыштық  тұлғаны  еле-

месе [27,40], А.Н.  Кононов  ұйғыр,  қарақалпақ  тілдерінің  син-

таксистерінде  бастауыштық  тұлғаның  тек  атау  септігінде 

келуін  ғана  негізге  алады [28]. Якут  тілінде  бастауышты  ажы-

ратуда  тек  мағыналық  жағына  назар  аударса,  моңғол,  өзбек 

тілдерінде  шығыс,  т.б.  септіктерін  алуы  ол  тілдердің  ерекше-

ліктері  дейміз.  Кей  тілдерде,  сол  сияқты  қазақ  тіл  білімінде, 

бастауыштық  тұлға  ретінде  ілік,  барыс,  шығыс  септіктерін  де 

алу,  негізінен,  бастауыштың  логикалық  жағына  назар  аударудан 

туған пікір деп білеміз.

2. Логикалық бастауыш туралы

Тілде  ойдың  иесі  туралы  айтқанда  екі  жағдайға  баса  назар 

аударылады.  Осы  күні  де,  əсіресе  ертерек  зерттеулерде,  соның 

ішінде  роман-герман  тілдерінде,  орыс  тілінде  сөйлемнің  бас-

тауышы  деп  синтаксистік  (грамматикалық),  логикалық  баста-

уыштар айтылып жүр. Бұл екеуі тілімізде теңбе-тең қолданылып 

келеді.  Бірақ  қолданылу  орны,  мазмұны,  тұлғасы  жағынан  екеуі 

бір  емес.  Сөйлемде  грамматикалық  жəне  логикалық  бастауыш 

қолданылады.  Бірақ  осы  екі  бастауыш  бір  сөйлемде,  біріншіден, 

кездеспейді,  екіншіден,  олар  кездесетін  сөйлемдердің  арасында 

айырмашылық бар. Негізінде жақты, жақсыз сөйлемдерде бастау-


439

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

ыштар ашық та, жасырын да бола береді. Егер сөйлемдерде баста-

уыштар  жа сырын  тұрғанымен,  баяндауышы  арқылы  таба  алсақ, 

бəрібір сөйлемнің бастауышы бар деп білетін боламыз. Ал сөйлем 

жақсыз  болған  жағдайда  онда  сөйлемнің  ішінде  субъектінің 

қызметін дəл атқарғанымен, сол дəрежеде ойға қатысты сөздер де 

болатыны  айқын.  Енді  ондай  сөйлемдерде  бастауыш  жоқ,  бірақ 

басқа септіктегі сөздер сол сөйлемде ойға қатысты айтылуы тиіс 

болады.  Бірақ  ол  сөздер  əдеттегі  грамматикалық  бастауыштарға 

қарағанда  субъектілік  қызметі  бəсең,  мұндай  сөйлемдер  үнемі 

кездеседі.  Мазмұны  жағынан  келгенде  грамматикалық  бастау-

ыштар өзінің баяндауышымен жақ, сан жағынан қатысатын бол-

са, логикалық бастауыштарда ондай қасиет бола алмайды. Біздің 

жасөспірімдердің жазғы сынаққа ойдағыдай əзірлікпен кірісулері 

керек («Лениншіл  жас»).  Бұл  сөйлемнің  баяндауышы  кірісулері 

керек  күрделі  сөздер,  демек  осы  сөйлемдердің  грамматикалық 

бастауыштарын  іздеп  тауып  алуға  болмайды.  Сонда  ол  баян-

дауыштарды  маған,  саған,  оған  кірісулері  керек  сияқты  3  жақта 

бірдей  айыруға  болады.  Бұл  енді  осындай  бастауышы  жоқ 

сөйлемдердің  де  ішінде  бүкіл  сөйлемдегі  ойға  ие  болатындай 

сөздер болуы тиіс. Ондай сөздер грамматикалық жағынан баста-

уыш  бола  алмайды  да,  тек  логикалық,  яғни  ойлау  тұрғысынан 

ғана  бастауыш  қызметін  атқарады.  Жоғарыдағы  сөйлемдегі  не-

гізгі  логикалық  бастауыш  шығыс  жалғаулы  əзірлік  сөзі.  Бұл 

сөйлемдегі негізгі əңгіме болатын ой осы сөз төңірегінде болады 

да,  ол  сөз  сөйлемнің  бастауышы  ретінде  қалыптасқан.  Тұлғасы 

жағынан  қазақ  тіл  білімінде  де,  түркітануда  да  əртүрлі  айтыла-

ды. А. Жақыпов қырғыз тілінде логикалық бастауыш ретінде ілік, 

барыс,  шығыс  септікті  сөздерді  жатқызса,  С.  Аманжолов  барыс, 

ілік  жалғаулы  сөздерді  жатқызады.  Ал  М.  Балақаев  көбіне  ілік 

жалғаулы  сөздерді  қатысты  деп  біледі.  Грамматикалық  баста-

уыштардың  ашық  та,  жасырын  да  түрін  айқындау  онша  қиынға 

түспегенімен,  сөйлемдегі  логикалық  бастауышты  табудың  жо-

лын жақсыз сөйлем жүйесінен іздеу, сол арқылы бағдарлау орын-

ды демекпіз. 

Сонымен,  сөйлемдерімізде  грамматикалық  та,  логикалық  та 

бастауыштар  тиісті  орын  ала  келіп,  тілдің  белгілі  бір  элементі 

ретінде қажетті бөліктері болып табылады. 


440

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

3. Бастауыштың жасалу жолдары

Бастауыш, оның жасалу жолы туралы мектептер мен жоғары 

оқу орындарына арналған оқулықтардың барлығында да айтыла-

ды. Бірақ ол еңбектерде бастауыштардың жасалу жолдары нақты 

қаралды  дей  алмаймыз.  Өйткені  бұл  мəселе  көбіне  сөз  таптары 

тұрғысынан  сөз  етіледі  де,  олардың  басқа-басқа  топтары  туралы 

онша сөз бола бермейді. Біз бастауыштың жасалу жолын бірнеше 

топқа  бөліп  қарастырамыз.  Олар  мыналар: 1. Негізгі  сөз  тапта-

ры арқылы; 2. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің тіркесі арқылы; 

3.  Тұрақты  тіркестер  арқылы; 4. Сөйлемнің  сөйлем  мүшесі  бо-

луы арқылы; 5. Жеке дыбыстардың қатысы арқылы; 6. Сөз тіркесі 

арқылы. 


Əрине, бастауыштың осы көрсетілген жасалу жолдарының бə-

рінің  дəрежесі  бірдей  емес.  Сондықтан  да  осы  күнгі  еңбектерде 

бастауыштың  жасалу  жолында  сөз  таптары  басты  орынға 

қойылады да, одан басқа жасалу жолдары кейбір зерттеушілерде 

бір-екі  сөз    келтірумен  шектеледі.  Шынында,  бастауыштың  жа-

салу  жолында  осы  топтардың  ішінде  басты  орынды  сөз  таптары 

алатыны айқын. Дербес мағынасы бар сөз таптары – бастауыштың 

жасалуының  ең  негізгі  шарты.  Дегенмен  басқа  топтың  да 

сөйлемде  қолданылу  жағынан  белгілі  дəрежеде  қызметі  ерекше. 

Бастауыштың  жасалуындағы  осы  топтың  бəрінде  де  негізгі  бір 

принцип – олардың барлығы да бастауыш қызметінде жұмсалған 

кезде,  сол  дербес  мағынасы  бар  сөз  таптарының    бастауыштың 

мағынасын беруі. Осыдан барып бастауыштың тұлғасы, негізінен, 

нөлдік,  көптік  жəне  тəуелдік  жалғаулары  деп  білеміз.  Бұл  үш 

тұлға – бастауыштың  жасалуындағы  басты  тірек.  Осы  үш  тұлға 

арқылы дербес мағынасы бар сөз таптары мен көмекші сөздер, сөз 

тіркестері, сөйлем, тіпті тұрақты тіркестер де жұмсала алады. Бірақ 

бастауыштың  жасалуындағы  мұндай  тұлғалар  сөз  таптарының 

өзінде бірінде аз, бірінде бірнешеу болып келеді. Нөлдік, тəуелдік 

тұлғалы  бастауыш  қызметінде  көбіне  есімдер,  соның  ішінде  зат 

есім, есімдіктер мол қолданылса, басқа сөз таптары тіпті талғап ба-

рып қана жұмсалады. Үстеулер негізінде морфологиялық жағынан 

өзгермейтін сөз табы десек, қазіргі кезде септеліп те, көптеліп те 

келгенімен,  бəрібір  өзінің  пысықтауыштық  қызметінде  ғана  бо-



441

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

лып,  олардың  тек  тəуелдену  тұлғасы  ғана  бастауыш  қызметінде 

жұмсалатындығын  көруге  болады.  Негізгі  сөз  бен  көмекші 

сөздердің  түйдектелуі  арқылы  жасалған  бастауыштарда  көмекші 

сөздерінің тұлғасы ғана бастауыштық тұлғаны айқын дауда басты 

фактор болады. 

Сонымен, бастауыштың жасалу жолындағы осы топтарды же-

ке-жеке  беріп,  əрқайсысының  өзіндік  ерекшеліктерін  сөз  етеміз. 

Бірақ бастауыш болатын сөздер тек нөлдік, көптік жəне тəуелдік 

тұлғада  ғана  келіп  қоймайды.  Бас тауыш  боп  негізгі  сөздермен 

қатар шылаулар (септеулік) жəне са тұлғалы бол етістігі де жұм-

салады. Мысалы: Ағайын-ауқым, шеше-туысқан болса бұл ниетті 

білмейді  (М.Əуезов).  Бұл  жұмыстың  сырын  Балғабектің  бала-

шағасына  дейін  біледі («Жұлдыз»).  Бұл  сөйлемдердегі  асты  сы-

зылған  бастауыштар  біріншісі  атау  тұлғалы  сөздерге  болса 

етістігінің,  ал  екінші  сөйлемде  барыс  жалғаулы  сөзге  дейін  шы-

лауының  қатысы  арқылы  логикалық  бастауыштар  жасалған. 

Қазіргі  бұл  екі  тəсіл  де  тілімізде  мол  орын  алуда.  Осындай  тұл-

ғалы  сөздерді  бастауыштық  тұлға  деу  мəселесі  де  қазіргі  кезде 

қиындық келтіріп жүрген мəселе. 

Қорыта келгенде, бастауыш болатын сөздер – арнайы да жəне 

қосымша  тұлғалық  ерекшеліктерге  бай.  Оған  қоса  логикалық 

бастауыштар  деп  аталатын  бастауыштар  да – өзінше  бір  мəселе. 

Бастауыштарды  құрамына  қарай  дара  жəне  күрделі  деп  бөлу 

орынды.  Бірақ  оның  күрделі  топтарының  жасалуына  келгенде 

бірізділік жоқ. Сондықтан біз əрбір сөз табының дара жəне күр-

делі  түрлерінің  бастауыш  жасаудағы  құрылымын  негізге  алдық. 

Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

4. Сөз таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы

Сөз таптары бастауыштың жасалуында негізгі орынға ие. Бірақ 

сөз  таптарының  барлығының  бастауыш  болу  дəрежесі  бірдей 

емес.  Бастауыш  қызметінде  жұмсалуға  есімдер,  оның  ішінде  де 

зат  есім  мен  есімдік,  онан  кейінгі  орында  затталып  келетін  сын 

есім, сан есім, есімшелер қолданылады. Ал басқа сөз таптары да 

ретіне қарай бастауыш қызметінде жұмсала береді.

Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есімдер – 

бастауыш  қызметінде  ең  көп  қолданылатын  сөз  табы.  Оның  өзі 



442

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

оның  мағынасымен  де  тығыз  байланысты.  Бастауыш  сөйлемдегі 

ойдың  негізі  болады  дейтін  болсақ,  сол  негізгі  ой  көбіне  заттар 

арқылы  көрінсе  керек.  Сол  зат  есімдер  бастауыш  қызметінде 

жақ жағынан көбіне үшінші жақта айтылып барып жұмсалатыны 

айқын.  Зат  есімдер  бастауыш  қызметінде  дара,  күрделі  түрде 

жұмсалады. Зат есімді дара бастауыштар – нөлдік тұлғадағы бас-

тауыштар. Зат есімдер сондай-ақ жалқы есім, жалпы есім, деректі, 

дерексіз болып бөлінетіні белгілі. Сол зат есімнің барлық түрі де 

бастауыш  қызметінде  жұмсалады.  Мысалы:  Раушан  қалтырап 

тұр,  өкпесі  аузына  тығылып,  сөйлеуге  ерік  бермейтін  секілді 

(Б.  Майлин).  Бізге  Жігітек  емес,  қонақ  етіп  қуанысқан,  Бөкенші, 



Көтібақ, Көкше де аз болған жоқ (М. Əуезов). Бұл сөйлемдердегі 

Раушан,  Бөкенші,  Көтібақ,  Көкше  жалқы  есімдері  бастауыш 

қызметінде III жақта,  сол  сияқты  жалпы  есімдер  де  сондай  қыз-

метте жұмсала береді. 

Ал  абстракті  зат  есімдер  бұл  топтарға  қарағанда  сиректеу. 

Қалай  болғанда  да  зат  есімнің  бұл  топтағылары  жалқы  есімде 

болмағанымен, бастауыш қызметінде жұмсалуға тиіс сөздер. Мы-

салы:  Шырылдап  ұшқан  бозторғай  үй  үстіндегі  аспанға  ілініп, 

қадалып тұр (М. Əуезов). Əрі-беріден соң сөзді түйдек-түйдегімен 

тастады  би    (Ғ.  Мүсірепов).  Зат  есімдер  бастауыш  қызметінде 

қосарлы, біріккен түрлерінде де жұмсала береді. Мысалы: Істесең 



өзің  істей  бер.  Қатын-балаңыз  ашығып  қалады  (Ə.  Сəрсенбаев). 

Ревком  іске  кірісті  (С.  Мұқанов).  Олардың  қару-жарағы,  ат-

көлігі  мол  болды  (С.  Мəуленов).  Аманкелді  құрған  совдеп  туын 

құлатпайды, жауға беріспейді (С. Мұқанов). 

Зат  есімдер  түбір  күйінде  де,  кейде  жұрнақтарды  жалғап  ба-

рып  та  жұмсалады.  Мысалы:  Батырлық  майданда  сыналады, 



Ақылдылық  ашу  үстінде  сыналады  (Мақал).  Əншілік  те  қазақ 

халқының ежелден бергі өнері (I. Омаров). Көптік жалғауы арқылы 

зат есімдер жиі ұшырайды. Көптік жалғауы негізінде жалқы, жал-

пы есімдерге жəне нақтылы зат есімдерге мол жалғанады. Ондай 

кезде абстракті зат есімдер, санауға келмейтін дейтін зат есімдер 

ғана бұл тұлғада келе бермейді. Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аяз-

ды  күндер  мен  түндерді  елемей  жүріп  келеді  (С.  Бақбергенов). 

Штабтар маңына алғашқы снарядтар түсе бастады (Ғ. Мүсірепов). 

Сəнім де, əнім де, ендігі тірлік-тірегім де – бəрім сол адамның өзі 


443

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

болды  (М.  Əуезов).  Бірінші  сентябрьден  жалақыларың  кемиді 

(Ғ. Мүсірепов). Жақсының ісі менен аты, тарихта жазып кеткен 

хаты өшпейді (Мақал).

Зат  есімді  күрделі  бастауыштар.  Күрделі  бастауыштар 

кемінде  екі  немесе  одан  да  көп  сөздерден  құралады.  Күрделі 

бастауыштардың  жасалуында  мағынасы  бар  бірнеше  сөз,  негізгі 

сөз


 

бен  көмекші  сөздер,  тұрақты  тіркестер  мен  сөйлемдер  де 

қолданылады.  Осы  ерекшеліктеріне  сəйкес  күрделі  бастауыш-

тарды  түйдекті  тіркесті,  сөз  тіркесті,  тұрақты  тіркесті,  сөйлемді 

деп бөліп, əрқайсысын жеке-жеке көрсетуді жөн көрдік. Күрделі 

бастауыштың  дара  бастауыштарға  қарағанда  сөз  санынан  да, 

мағыналық жағынан да өзіндік айырмашылығы бар. Күрделі бас-

тауышта күрделену процесі əртүрлі. Бірақ күрделену процесінде 

негізгі  сөздер  зат  есім  де  немесе  негізгі  сыңары  зат  есім  болып, 

оған  күрделі  анықтауыштық  топтағы  сөздер  де  мағыналық  жа-

ғынан  бірлікте  жұмсалады.  Əсіресе  күрделі  бастауыштың  жаса-

луында  негізгі  мағыналы  сөздер  мен  оны  күрделендіруші  топ-

тардың  мағыналық  бірлігін  айқындау  мəселелері  бізге  қиынға 

түсетіні белгілі. 

Күрделі  бастауыштың  жасалуында  күрделі  есімдер  мен  күр-

делі  атаулардың  жұмсалуының  қиындық  келтірмейтіні  айқын. 

Мысалы:  Мүбарак  Тегісбаев  XXVII  съездің  делегаты  бо лып 

сайланды («Соц. Қазақстан»). Осындағы бастауыштың күрделену 

процесі  тек  жалқы  есімдік  қасиетке  ие  болудың  негізі.  Кейде: 

Шешелері  Ұлберген  жасы  қырық  бес  шамасындағы  кісі  (С.  Мұ-

қанов).  Йемен  Халық  Демократиялық  Республикасының  астана-

сы Аден деген қала осы екен ғой (А. Шамкенов) деген сөйлемдер-

дегі  Шешелері  Ұлберген,  Аден  деген  қала  бастауыштарының  жа-

салуында  мағыналық  бірлік  басты  фактор  болып  табылады.  Сөз 

табы  жағынан  алғанда  бірінші  сөйлемдегі  күрделі  бастауыштар 

əртүрлі тұлғадан келіп құралса, екінші сөйлемдегі бастауышта зат 

есімдермен бірге оларды байланыстырушы көмекші етістік те бар. 

Былай қарағанда Аден деген қала сөзін анықтауыш деп те айтуға 

болады, бірақ тек қала деген зат есім бастауыштық қасиетке бір 

өзі  ие  бола  алмай,  айқындауыштың  жаңа    формасын  қалыптас-

тыра  бастады.  Бізде  екі  сыңары  да  мағыналы  ата-ана,  жақсы-



жаман сияқты қос сөздер іспетті, Жамаш – əжей, Дариға – сұм 

444

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сияқты  формалар  да  тілге  енуде.  Олар  осы  құрамда  келіп  те 

сөйлемде  бастауыш  қызметінде  жұмсалады.  Мысалы:  Жамаш – 

əжей сиырын қорадан жетектеп шықты да, бақташының алдына 

салып берді (М. Мақатаев). Ал Дариға – сұм сыңғырлап күліпті де, 

əрі қарай жүре беріпті (М. Мақатаев).

Күрделі  бастауыштардың  жасалуында  күрделі  есімдердің 

бірінші сыңарының ашық не жасырын келіп мағыналық бірлікте 

жұмсалуы  жиі  кездеседі.  Бастауыштардың  бұл  жасалу  жолы 

барлық оқулықтарда арнайы сөз болды. Мұндай тұлғалы бастау-

ыштар жалқы есімдерде жəне жай тіркестерде мол кездеседі: Кітап 



процесі – жанды процесс (С. Шаймерденов). Сол дөңнің басында 

бір белорусс қызы тұр (С. Сейітов). Аталған жерлерге қонақ үйлер 

де, ас үйлер де тігілген екен (М. Əуезов). 

Сын  есім,  сан  есім,  кейбір  есім  мен  есімше  зат  есімдерге 

анықтауыштық  қатынаста  жұмсалуға  тиісті  сөздер.  Дегенмен 

сөйлем ішінде ол сөздер үнемі анықтауыш қызметінде ғана жұм-

салып  қоймай,  кейде  өзі  анықтайтын  сөзімен  мағыналық 

тұтастықта  жұмсала  береді.  Онда  екі  нəрсеге  назар  аударуымыз 

тиіс. Біріншіден, кейде нағыз бастауыш болатын зат есімдер өздері 

жеке тұрып, сол сөйлемнің толық иесі бола алмайды, екіншіден, 

сын  есім,  сан  есім,  есімдік,  есімшелер  өзі  қатысты  сөздердің 

нақты анықтауышы бола алмайды. Міне, екі жақты қатыста ғана 

əрі  зат  есіммен,  əрі  басқа  сөз  таптарымен  енді  бірлікте  болып, 

жалпы  сөйлемде  ойдың  иесі  дəрежесіне  ие  болу  бағыты  толық 

айқындалады.  Табиғи  бірлік  болмағанымен,  сол  сөйлемнің  өн 

бойына қатысты бірлік пайда болу арқылы бір күрделі бастауыш 

дəрежесіне  ауысады.  Бірақ  мағыналық  жағынан  келгенде  негізгі 

мағына  зат  есімдерде  болады.  Мысалы:  Сол  сөз,  менің  сөзім 

(М.  Əуезов).  Тап  осындай  мидай  даламен  келе    жатқанда,  барар 

жерімізде адам тұратын елді мекен бар шығар-ay (Ғ. Мүсірепов). 

Осы  сөйлемдердегі  сөз,  мекен  зат  есімдері  сол  қалпында  нақты 

бастауыш бола алмайды, олар бастауыш делінгенімен, мағыналық 

тиянақтылық  онша  айқын  емес.  Сондықтан  да  сын  есім,  есімдік 

жəне есімшелер зат есімдермен мағыналық бірлікте тұрғанда ғана 

бастауыш  қызметінде  жұмсалады.  Яғни  бірінші  сөйлемде  баста-

уыш – сол сөз де, екінші сөйлемдегі бастауыш – елді мекенСөз 

жəне мекен зат есімдеріне сол, елді есімдігі мен сын есім бірлікте 

келіп тұр.



445

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сын  есім  мен  зат  есімнің  тіркесі  арқылы:  Жаңа  күн  өзінің 

жаңа  тілегін  жас  көңілмен  айтады  (М.  Əуезов).  Жақсы  жол – 

елге жора (М. Əуезов). Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: 

Балғабайдың  Асқар  көрген  бір  ерлігі  осы  (С.  Мұқанов).  Он  екі 

қанат үйдің əр керегесін төрт жігіт қолдасып, əрең жайды (Ғ. Мү-

сірепов). Есімдік пен зат есімнің тіркесі арқылы: Риганы бұрын-

ғысынан  да  сəулетті,  көрікті  қалаға  айналдыруға  бүкіл  еліміз 

атсалысуда («Жұлдыз»).  Осы  ауыл  саған  ұнай  ма? – деді  Тұрар-

бек тосыннан. Қай жағынан? Бұл тапқаны – Абдулақан мұғалім 

(Б.  Майлин).  Есімше  мен  зат  есімнің  тіркесі  арқылы:  Əйтеуір 

жазған  нəрсең  өзімнен  кетті,  енді  оқырман  қолына  барып  жетті 

деп  тоқмейілсу  қаламгерге  қол  емес  (С.  Шаймерденов).  Күрделі 

бастауыштардың  жасалуында  бір  сөздің  қайталанып  жұмсалуы 

да үлкен рөл атқарады. Сөздің қайталанып қолданылуына себеп, 

дəнекер  болатын  қосымшаның  бірі – екеш.  Мұндай    кезде  кө-

біне  жалпы  есімдер  көп  қолданылады.  Зат  есімдердің  бірінші 

сыңары  көбіне  нөлдік  тұлғада  жұмсалса,  екінші  сыңары  көбіне 

нөлдік те, кейде тəуелдік жалғауларында да келе береді: Жан ра-

хатын құс екеш құс та біледі, – деп Жарас   Аманқұлға   рюмка-

сын  тосты  (Ш.  Мұртазаев).  Тырысқан  маңдайының  əжім  екеш 



əжімі де білем-білем (Ə. Кекілбаев). Бізге өсек екеш өсек те өзек 

талдырып əзер жетеді (Ө. Қанахин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет