Мұғалім - баланың тұңғыш ұстазы – оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытатын, жазуға үйрететін, қоғамдық тәжірибенің ең құндыларын жас ұрпаққа беретін тұлға.
Мұғалім - баланың тұңғыш ұстазы – оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытатын, жазуға үйрететін, қоғамдық тәжірибенің ең құндыларын жас ұрпаққа беретін тұлға.
Үш ұғым бар: мұғалім, тәрбиеші, педагог
Үш ұғым бар: мұғалім, тәрбиеші, педагог
Мұғалім (оқытушы) деп оқу орындарында қандай да бір пәнді жүргізетін адамды айтады. Тәрбиеші — баланы тәрбиелеуші, жеке тұлғаны қалыптастырушы. Тәрбиеші әдетте жалпы білім беретін мектептерде, балабақшаларда бала тәрбиесімен айналысатын адам. Орта және жоғары оқу орындарында тәрбиешіні куратор деп атайды. Педагог — оқыту және тәрбие беру ісімен айналысатын адам.
Тәрбиеші(сынып жетекшісі) Сынып жетекші – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.
Жұмысының негізгі бағыттары:
Сыныптағы балалардың жеке тұлғасының жалпы мәдениетін олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу.