«Несеп шығару физиологиясы. Несеп түзілуінің механизмі»
Мақсаты:
Дәрістің соңында студенттер несеп түзу механизмі және нефронда өтетін негізгі үрдістер: шумақтық сүзілу, түтікшелердегі қайта сорылу және түтікшелердегі секреция мәселесінде құзіретті болуы тиіс
Сыртқа шығару (экскреция)
– бұл ағзаның зат алмасу барысында түзілген, қолданысқа қажет емес соңғы өнімдердің, сонымен қатар ағзадан артық суды, тұздарды, органикалық заттарды, бөгде және уытты заттарды сыртқа шығару үрдісі
Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы
Сыртқа шығару үрдістері ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап тұрады.
Негізгі қоректік заттардың – ақуыз, май және көмірсудің ыдырау нәтижесінде ағзада несепнәр, несеп қышқылы, креатинин, аммиак, карбонат, сульфат, фосфат, индикан, уробилин және т.б. заттар түзіліп, зат алмасуға белгілі бір мөлшерде қатысады.
Алайда, аталған заттардың мөлшерінің шамадан тыс артуы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін метаболизм үрдісі үшін қауіпті болуы мүмкін.
Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы
Ағзаның қалыпты тіршілігі аталған заттардың ағзадан шығарылған соң ғана жүзеге асады. Метаболизм үшін қауіпті қажетсіз өнімдерді ағзадан шығару – сыртқа шығару ҚЖ қызметі.
Сыртқа шығару ҚЖ өзара бір-бірімен байланысты бірнеше жүйелерден тұрады.
Олардың барлығы ортақ соңғы нәтижеге – тіршілік әрекетінің зиянды өнімдерінің метаболизм үшін тиімді деңгейін ұстауға негізделеді.
Сыртқа шығару қызметтік жүйесі
Сыртқа шығару қызметтік жүйесіне кіреді:
Тіршілік әрекетінің өнімдерін тер бездері, өкпе арқылы және асқазан-ішек жолдары арқылы сыртқа бөліп шығару ҚЖ
Ағзадан улы заттарды сыртқа шығару бірнеше жол арқылы іске асады: термен, ас қорыту жолдарының сөлдерімен, дем шығаратын ауамен, несеппен және нәжіспен.