Тенденциялары



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
МАЗМҰНЫ: 
 
      1. Алғы сҿз                                                         4 б 
 
 
2.
 
1960-80 
жылдардағы  қазақ  ҽдебиетінің  даму 
тенденциялары.                                          5-36 б  
                 
3.
 
Ҽбдіжҽміл Нұрпейісовтің ҿмірі мен 
шығармашылығы.                                      37- 66 б 
 
 
4.
 
Жұбан Молдағалиевтің  ҿмірі мен 
 шығармашылығы                                      67- 87 б 
 
5.
 
    Ілияс Есенберлиннің    ҿмірі мен 
 
шығармашылығы  
                                                                     88- 105 б 
 
 
6.
 
Т.Ахтановтың ҿмірі мен 
 шығармашылығы                                      106- 154 б 
 
7.
 
Қадыр Мырзалиевтің ҿмірі мен  
шығармашылығы                                     155-179 б 
 
8.
 
Мұқағали Мақатаев   ҿмірі мен  
 
шығармашылығы                                      180- 206 б 
                                                                        
 
 

  4 
 
 
 
Алғы  сӛз 
 
«Қазіргі заман ҽдебиеті» пҽнін оқыту барысында қазақ 
тілі    ҚР  мемлекеттік  тілі  екендігін,  ҽдебиеттің  қоғамдық- 
ҽлеуметтік  маңызына  болашақ  мұғалімнің  азаматтық 
сенімін 
қалыптастыру, 
ҽдебиеттің 
 
идеялық 
мүмкіншіліктерін  кеңінен  пайдалана  отырып,  ҿмір 
құбылыстарын  терең  түсіне  білу,  кҿркем  шығарманың 
идеялық  мазмұнын  ұғыну,  қазіргі  заман  ҽдебиеті  ҿкілдері 
шығармаларымен  таныс  болу,  кҿркем  шығармаға  талдау 
жасау  барысында  ҿздігінен  жұмыс  жасай  біліп,  балалар 
психологиясын жете түсіне білу, балалардың сҿйлеу, жазу 
мҽдениетін  арттыру,  шығарманың  кҿркемдік  ерекшелігі 
мен тіл байлығын ұғыну ескеріледі.  
Материалды меңгеру барысында қазіргі заман ҽдебиеті 
пҽнінен  терең,  толық  жан-  жақты  білім  алып,  бүгінгі  күн 
талабына  сай  студентті  білікті  маман  етіп  даярлау 
қарастырылады.  Осы  дҽрістер  жинағында  мынындай 
бҿлімдер қарастырылады: 
1.  1960-80  жылдардағы  қазақ  ҽдебиетінің  даму 
тенденциялары.    
2. 
Ҽбдіжҽміл 
Нұрпейісовтің 
ҿмірі 
мен 
шығармашылығы 
3. Жұбан Молдағалиевтің  ҿмірі меншығармашылығы                                      
 4.  Ілияс  Есенберлиннің        ҿмірі  мен  шығармашылығы             
5.    Т.Ахтановтың  ҿмірі  мен    шығармашылығы                                         
6.  Қадыр Мырзалиевтің ҿмірі мен шығармашылығы                                      
7.
 
Мұқағали Мақатаев   ҿмірі мен  шығармашылығы                                       
 

  5 
 
 
 
Лекция  1.  1960-80  жылдардағы  қазақ  әдебиетінің 
даму тенденциялары.  
 
Жоспары: 
1.1960-80-жылдардағы  қазақ  әдебиетінің  дамуы. 
Қоғам мен әдебиеттің даму сипаты. Тоталитаризм және 
кӛркем әдебиет. 
Әдебиет  жанрларының  дамуы  (ізденістер  мен 
іркілістер): 
а) проза; 
б) поэзия 
в) драматургия. 
2.
 
Х.Ерғалиевтің (1916-1997) шығармашылығы. 
 
1.  1960-80-жылдардағы  қазақ  әдебиетінің  дамуы. 
1960-жылдардағы  ҽдебиет  жайын  айтқанда,  ең  алдымен 
кҿңіл  қоятын  нҽрсе  –  бұл  кезеңнің  ҿзіндік  заманалық 
ерекшеліктері  бар  екендігі.  1956-жылдың  басында  КОКП-
ның  ХХ  съезі  ҿтіп,  онда  Сталиннің  жеке  басына 
табынушылықтың  қоғамға  орасан  зор  зиян  келтіргені 
анықталған  соң,  рухани  ҿмірде  біраз  ҿзгерістер  болды. 
Ҽсіресе,  1957  жылы  жеке  адамның  басына  табыну 
қалдықтарын  жою  туралы  Орталық  партия  комитетінің 
қаулысынан соң жұрт қоғамда біраз жаңалықтар болар деп 
күткен  еді.  Идеологиялық  шылбыр  едҽуір  босаңсып, 
еркіндік  белгілері  нышан  берді.  Бұл  ҽдебиет  пен  ҿнерге 
біраз оң ықпалын тигізді. Ғылымда да солай болды. 
60-жылдардағы  ҽдебиетте  ҿткен  дҽуірдегі  халық 
ҿмірін,  оның  бостандықты  аңсаған  үміт-арманын  кҿрсету 
үлкен  орын  алды.  Бұл  жылдары  М.Ҽуезовтің  «Ҿскен 
ҿркен»  (1961)    романы,  Х.Есенжановтың  «Ақ  Жайық» 
(1963)  романы,  Ғ.Мұстафиннің  «Кҿз  кҿрген»,  «Дауылдан 
кейін» романдары жарияланды. 

  6 
 
 
Поэзия.    1960-жылдары  қазақ  поэзиясы  жаңа  сапада 
дамыды.  Бұл  ең  алдымен  жеке  басқа  табыну  деген  ілгері 
дҽуірдің  нҽубетінен  арыла  бастаған  кезең  еді  де, 
шығармашылықта  біраз  еркіндік  орын  ала  бастаған. 
Кҿрнекті  қазақ  ақындары  С.Мұқанов,  А.Тоқмағамбетов, 
Ҽ.Тҽжібаев,  Т.Жароков,  Ғ.Орманов,  Қ.Бекхожин,  Ж.Саин, 
Ҽ.Сҽрсенбаев, Қайнекей Жармағамбетов, Д.Ҽбілевтің ҿлең 
жолдарында  жаңа  нышан  кҿріне  бастады.  Х.Ерғалиев, 
С.Мҽуленов,  Ж.Молдағалиев,  М.Ҽлімбаев,  С.Сейітов, 
кейін Ғ.Қайырбеков, Ізтай Мҽмбетов, Аманжол Шҽмкенов, 
Тоқаш Бердияров, Берқайыр Аманшин, Зейнолла Шүкіров 
сияқты жас талаптар шығып, алғашқы ҿлең жинақтарымен 
жұртшылық назарына ілікті, кҿпшілікке кеңінен таныла да 
бастады.  Кейде  қатарлас,  кейде  ҿкшелей  басып,  поэзия 
ҽлеміне  енген  ақындар  қатарында  Сабырхан  Асанов 
(«Тұңғыш»,1963), 
Ҽділбек 
Абайділданов 
(«Ақ 
қайың»,1961),  Марфуға  Айтхожина  («Шыңдағы  жазу», 
1967),  Сҽбит  Баймолдин  («Жер  мекен»,  1966),  Сҽкен 
Иманасов  («Туған  ауыл»,  1966),  Ҿтеген  Күмісбаев 
(«Тұңғыш», 
1964), 
Ҿтежан 
Нұрғалиев 
(«Менің 
махаббатым»,  1962),  Ф.Оңғарсынова  («Сандуғаш»,  1966) 
т.б.  болды.  Бұл  есімдер  ҽрқайсысы  ҿзіне  лайық  жүгімен, 
ҿзіне  лайық  табиғи  болмысымен  ҿнер  дүниесіне  келіп 
қосылды. 
«Түрі  –  ұлттық,  мазмұны  -  социалистік»  деген  құрсау 
принциптің ыдырауының басы жеке адамға табыну індетін 
ҽшкерелеу  кезеңінен  бел  алады.  Алайда,  ҿкінішке  қарай, 
бұл  принцип  шартты  ұғым  ретінде  1990-жылдарға  дейін 
ҿмір  сүрді.  Саясат  ауқымында  қалып,  ҿз  дарынын  ҿзіне 
лайық  қуат-күшпен,  табиғи  талантымен  кҿрсете  алмай, 
уақыт  жетегінде  кеткен  ақындар  кҿп  болды.  Майданнан 
оралған 
Х.Ерғалиев, 
Д.Ҽбілев, 
С.Мҽуленов, 
Ж.Молдағалиев,  С.Сейітов  т.б.  ақындар  соғыстың  не 
екенін  кҿзімен  кҿріп,  жанымен  ұғынып,  куҽ  болған 

  7 
 
 
жандарды.  Ҿздері  кҿрген,  кҿңілдеріне  түйген  жайларды 
ақындық  сезім  елегінен  ҿткізіп,  жаңа  жырлармен 
жаңғыртты. Соғыс туралы жазу, бейбітшілік туралы жазу – 
соғысқа  қарсылық.  Бұл  кезеңдегі  майдан    жырларынан 
ақындардың  жүректеріндегі  жаралары,  жетім-жесірлердің 
кҿз  жасы,  боздақтардың  елге  оралмауы  сияқты  халықтық 
трагедия кҿрінеді. 
Ҿлеңдерінде  баланың  жетім,  ананың  жесір  қалуын, 
майданнан  оралмаған  ҽкені  күткен  бала  сағынышын,  жар 
сағынышын  жырлаған  буын  60-жылдары  ҽдебиетке  жаңа 
біл  леп  ҽкелді.  Олардың  қатарында  Ж.Нҽжімеденов, 
М.Мақатаев,  Т.Молдағалиев,  Қ.Мырзалиев,  С.Жиенбаев, 
Ҿтежан Нұрғалиев т.б. ақындар бар. Бұл ҿкілдердің соғыс 
тауқыметін,  қасіретін  кҿруі,  оларды  жырлауы  ҽр  түрлі. 
Тақырыптары  бір  болғанмен,  лирика  түрінде  сҿйлету 
тҽсілдері ҽр алуан. 
Мысалы, Қ.Мырзалиев: 
Бармақтай боп сол күнде,  
Жатпаушы едік дем алып.  
Ҽр маяның түбінде 
Қалды біздің балалық. 
1960-67 жылдар аралығында ҽдебиетке жаңа талантты   
толқын 
легі 
келді. 
Т.Айбергенов, 
М.Айтхожина, 
А.Бақтыгереева,  Т.Бердияров,  Қ.Бұғыбаева,  Е.Ибраһим, 
С.Жиенбаев,  С.Иманасов,  М.Мақатаев,  Т.Молдағалиев, 
Ж.Нҽжімеденов, 
Ш.Смаханұлы, 
Ф.Оңғарсынова, 
О.Сүлейменов, Б.Тҽжібаев, М.Шаханов т.б. 
Бұл  кезеңдегі  поэзияға  ортақ  кемшілік  –  ақындар 
партиялық  принцип  деген  позицияны  қатты  ұстанды. 
Кҿркемдіктен  гҿрі  коммунистік  партияны,  социализм 
принциптерін  тақырып  еткендер  бағаланды.  Соларға  жол 
ашылды.  Сондықтан  ҽрбір  дарын  иесі  бұл  дерттен  құр 
алақан  қалған  жоқ.  Халықтық  мақсат-мұратты  да, 

  8 
 
 
ҽдебиеттің  эстетикалық  мұраты  мен  даму  заңдылығын  да 
ақындар партиялық принцип негізіне ҽкеп тіреді. 
Мысалы, Д.Ҽбілев: 
Айырмақышы ақын жанын ажалдан, 
Ақыл сұрай Крайкомға жүгірді  
(«Шолпан» поэмасынан). 
Десек те, 60-жылдар лирикасы кҿңіл-күй арқылы бүкіл 
бір  кезеңнің  шындығын,  бүкіл  бір  ұрпақтың  тағдырын, 
ҿмірі мен тыныс-тіршілігін кҿрсетуге ұмтылды. Лирикалық 
бейне  сыршыл  ҿлең-жырларындағы  ақынның  ҿз  бейнесі 
немесе ақынның нҽзік, бірақ тегеурінді толғаныс сезімінен 
туған, сол арқылы ҿріліп жасалған кҿрініс. 
Проза.  60-жылдары  прозаның  роман,  повесть,  ҽңгіме 
жанрлары  кҿркем  сҿз  ҿнерінің  ҿзге  жанрларымен 
шығармалық бҽсекеге түсіп, қоғам мен адам ҿмірінің қилы-
қилы  құбылыстарын  ҽрі  кҿкейкесті  мҽселелерін  кең 
ауқымда  қамтып,  ҽдебиеттің  жетекші  саласына  айналды. 
Прозаны алғы шепке шығарған М.Ҽуезовтің «Абай жолы» 
эпопеясы,  С.Мұқановтың  «Ҿмір  мектебі»  т.б.  60-жылдары 
Х.Есенжанов, 
З.Шашкин, 
Ғ.Сланов, 
Т.Ахтанов, 
Ҽ.Нұрпейісов  т.б.  жазушылар  үлкен  прозаға  ҿз  үлестерін 
қосты.  Тоталитарлық  құрсау  қос  ҿкпесінен  қысып,  емін-
еркін  дем  алдырмай,  шығарманы  ҿнердің  дҽстүрлі  үрдісі 
тұрғысында  емес,  тек  социалистік  реализмнің  ҽбден 
саясаттандырылған,  қатып  қалған  ережелеріне  лайықтап 
жазу талабы ҽлі де болса үстемдік, ҿктемдік құрып тұрған. 
Дегенмен,  сын  кҿзімен  қарап,  ойлай  білетін  қаламгерлер 
қазақтардың  ҿткен  тарихи  кҿркем  шежіресін  жасауға 
ұмтылғанды.  Ҽ.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер»  (1961-1969) 
романы, 
І.Есенберлиннің 
«Қатерлі 
ҿткел» 
(1967), 
А.Нұрмановтың  «Құланның  ажалы»  (1969)  романдары, 
С.Шҽймерденовтің 
«Мезгіл» 
(1964) 
повесі, 
С.Бақбергеновтің  «Қарға  тамған  қан»  (1967),  «Алтын 
күрек» (1968), Ж.Тілековтің «От кешу» (1969) романдары, 

  9 
 
 
Ҽ.Шҽріповтің  «Партизан  қызы»  (1960),  «Тон»  (1966) 
повестері, Н.Ғабдуллиннің «Кестелі орамал» (1966) повесі, 
Ҽ.Ҽлімжановтың 
«Дихан 
туралы 
аңыз» 
(1967), 
Ҽ.Кекілбаевтың  «Бір  шҿкім  бұлт»  (1966)  повестері, 
С.Жүнісовтің  «Жапандағы  жалғыз  үй»  (1966)  романы, 
З.Шашкиннің 
«Сенім» 
романы 
(1966) 
романы, 
Ш.Мұртазаевтың  «Табылған  теңіз»  (1964),  «Белгісіз 
солдаттың  баласы»  (1966)  повестері,    Ғ.Мүсіреповтің 
«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) повесі, Т.Ахтановтың 
«Дала сыры» (1963) повесі жарық кҿрді. 
Драматургия.  Қазақ  драматургиясы  да  коммунистік 
бағытынан  айныған  жоқ.  Белгілі  идеологиялық  қалыптар 
сол  күйінде  жалғасып  жатты.  Шахмет  Құсайыновтың 
«Ертіс  жағасында»,  «Кеше  мен  бүгін»,  «Рабиға», 
І.Есенберлиннің 
«Таудағы 
тартыс» 
пьесасы, 
Ҽ.Тҽжібаевтың  «Майра»  пьесасы  жазылды.  Алайда, 
жалпылай 
алғанда, 
демократиялық 
элементтер 
драматургияда  кҿріне  бастағанымен,  оның  негізгі  тізгіні 
партия комитеттерінің  қолында болды. Пьесаны жариялау, 
оны 
театрда 
қою 
саясаттың 
қолында 
еді.Бұл 
драматургтердің  қолын  байлады.  Осы  себептен  де  драма 
саласының еркін дамуына мүмкіндік болмады. 
ХХ  ғасырдың  соңғы  жылдарындағы  қазақ  ҽдебиеті 
ҿзгеше  қарқынмен дамыды. Кеңестік  жүйедегі  ҽдебиеттің 
дамуын айқындағанда оның кҿркемдік, ұлттық сипаттарын 
ашудан 
гҿрі, 
кҿбінесе 
тақырып 
ҿзектілігіне, 
шығармалардың  идеологиялық  бағыт-бағдарына  мҽн 
берілді.Ұлттық ҽдебиетіміз бен  мҽдениетіміз М.Жұмабаев, 
М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов, 
Ш.Құдайбердиев, 
Ж.Аймауытов  сынды  ақын-жазушылардың  суреткерлік 
шеберлік  мектебінен,  дҽстүрінен  қол  үзіп  қалғандықтан, 
кҿркем туындылар саяси-идеологиялық арнаға бағытталған 
тақырыптық  сапасымен  ҿлшенді.  Бүкіл  ҽдеби  процесс, 
жекелеген  шығармалар  осы  ҿлшеммен  бағаланды.Қазақ 

  10 
 
 
тарихының  трагедиялы  тұстары  кҿркем  ҽдебиетте  ҿзінің  
объективті кҿрінісін таба алмады. Социалистік реализмнің 
принциптерімен  жазылған  туындыларда  қазақ  тарихының 
қаралы  беттері,  халық  басынан  кешкен  азаптың 
зардаптары,  күштеу,  ашаршылық,  саяси  науқан,  геноцид 
зұлматтары  тасада  қалды.  Сҿйтіп  ұлтымыздың  кҿркем 
тарихына қиянат жасалды. 
Ҿмір,  қоғам,  тарих  шындығын  суреттеу  кҿпшілік 
жағдайда 
саясаттың 
шылауында 
болды. 
Ҿмір 
шындығының  күнгей  мен  теріскейі  қатар  суреттелмей, 
оның  орнына  «жетістіктерді  жылтырата  суреттеген» 
сыңаржақтылық басым болды. 
Бүгінгі  ҽдебиет  адамға  бет  бұрған  қоғам  мен  адам 
санасының  ҿзгеруіне  орай  жаңаша  бағытта  даму  үстінде. 
Кҿркем  сҿз  шеберлері  тақырып  қазығына  байланбай, 
мүмкіндігінше  қоғам,  ҿмір,  адам,  уақыт  шындығын  бар 
болмысымен  танытуда.  Ҽсіресе  кҿркем  ҽдебиетке  деген 
талап  деңгейі  жоғары.  Тоталитарлық  жүйеде  аяқ  асты 
етілген  адам  факторы  бүгінгі  қоғамда  басты  рухани 
құндылыққа  айналды.  Қаламгерлердің  жалпыадамзаттық  
мҽселелерге  ұлттық  тұлғалар,  ұлттық  характер,  сана, 
психология  арқылы,  тарихи  кезеңдердің  шындығына  жеке 
тұлға  проблемасы  арқылы  үңілуі  –  бүгінгі  кҿркемдік 
танымның басты мұраты. Ҽдебиетке сҿз ҿнері ретінде баға 
берілуде. 
Осы 
ретте 
ҽдебиеттегі 
психологизмге, 
адам 
концепциясының  кҿркемдік  шешіміне,  яғни  адамның 
рухани  болмысы  арқылы  уақыт,  заман,  қоғам  табиғатын 
кҿркем  тануға  ерекше  мҽн  берілуде.  Шығарманың  
кҿркемдік  сипаты  суреткердің  адамды  рухани  құндылық 
ретінде тануымен ҿлшенеді. 
Бұл  кезеңде  тарихи  проза  дамыды.  Суреткерлердің 
тарихтың  ҽр  кезеңіне  арнап  жазған  шығармаларының 
ұлтымыздың  тарихи  санасының  дамуында  ҿзіндік  үлесі 

  11 
 
 
болды. Бұрын бұрмаланған тарих негізінде танылып келген 
тарихи  тұлғаларға    жаңаша  ұлттық  пайыммен  үңілуге 
мүмкіншілік 
туды. 
Ҽ.Кекілбаевтың, 
М.Мағауиннің, 
Ш.Мұртазаның,  С.Жүнісовтің,  Ҽ.Ҽлімжановтың  тарихи 
романдары жарық кҿрді. 
Адамның  ішкі  жан  диалектикасын,  жан  арпалысын, 
қайшылығын,  сезім  иірімдерін,  драматизмін,  ішкі 
тартысын  айшықтаған  ҽңгіме-повестер  дүниеге  келді. 
О.Бҿкей, 
Ҽ.Кекілбаев, 
Д.Исабеков, 
М.Мағауин 
шығармаларында  адамның  ішкі  драматизміне  құрылған 
ҿмір  шындығы,  адам  рухының  жанышталуы,  рухсыздану 
проблемалары  кҿтерілді.  Қоғамның,  адамның  ҽділетсіз 
қыспағына  түскен  адамдар  тағдырына  үңілуде  сҽтті 
кҿркемдік  ізденістер  байқалды.  Адамның  жан  тазалығын, 
сұлулығын,  сезім  мҿлдірлігін  суреттеген  лирикалық  проза 
бой 
кҿтерді. 
С.Мұратбеков, 
Т.Нұрмағамбетов 
шығармаларындағы лиризм ұлттық болмыстан ҿрбиді. 
Қазақ  лирикасы  адамды  тану,  оның  ой-сезімін, 
рухани  тіршілігін  бейнелеуде  кҿркемдік  ізденістерге  қол 
жеткізді.  Туған  жер,  табиғат  пен  адам,  махаббат    мҽселесі 
лирикалық шығармалардың арқауына айналды. Лириканың 
ішкі  жанрлары  (махаббат,  кҿңіл-күй,  табиғат  т.б)  дамып, 
тұтас  күйінде  адамның  кҿңіл-күйін,  сезімінің  алуан 
түрлілігін  ашты.  Адам  мен  табиғаттың  тұтастығын, 
адамдық  құштарлық,  сүю  сезімдерінің  шындығын 
жырлады.  Саяси  науқаншылдықтың  ауруынан  арылды. 
Лирика адам толғанысына аяқ тіреді. Сезім мен ой, сҿз бен 
ой  қатар  ҿріліп,  поэзияның  философиялық  мҽн-мағынасы 
тереңдеді.  Ф.Оңғарсынова,  М.Шаханов,  Т.Айбергенов, 
Қ.Мырзалиев  т.б.  ақындардың  шығармаларында  адамның 
болмысы, жан иірімдері жырланды. 
Драматургия 
да 
кҿркемдік 
даму 
жағынан 
айтарлықтай  жетістіктерге  ие.    Ҿмір  шындығын  терең 
тартыс  арқылы  бейнелеуде,  сол  арқылы  адам    бойындағы 

  12 
 
 
сыр мен мінезді ашуда табыстарға жетті. Қ.Мұхаметжанов 
пен  Ш.Айтматовтың  «Кҿктҿбедегі  кездесу»  пьесасы, 
Т.Ахтановтың  «Боран»,  «Ант»,  С.Жүнісовтің  «Ҿліара», 
«Ажар  мен  ажал»,  Ш.Мұртазаның  «Бесеудің  хаты», 
Ҽ.Таразидің  «Індет»  пьесалары  шынайы  тартысқа  құрылу 
арқылы, характерлер психологиялық жағынан шыңдалған. 
1960-жылдар    тарих,  қоғам,  адам  шындығын  ашуда 
жаңа  поэтикалық  түрлер  мен  бейнелеу  құралдарын 
әкелді.Жазушылар  гуманизмді    кӛркем  характер 
жасаудың 
негізгі 
ӛлшеміне 
айналдырды. 
Сыңаржақты  авторлық  баяндаудан  бас  тартып, 
кейіпкердің 
«ӛзін-ӛзі 
тануына», 
«ӛзін-ӛзі 
әшкерелеуіне», ӛзінің рухани болмысына бойлап,  ақ-
қарасын  ажыратуына  жол  ашты.  Осыған  орай  
кӛркем  характерге    рухани-эстетикалық  категория 
ретінде  ерекше  мән  беріліп,  ұлттық  характер 
концепциясын 
қалыптастыруға 
басты 
назар 
аударылды.      
60-жылдардағы 
роман 
жанрындағы 
кҿркемдік 
ізденістер 
қазақ 
ҽдебиеті 
дамуының 
негізгі 
тенденцияларын  айқындайды.  Бұл  ретте    М.Әуезовтің  
«Ӛскен  ӛркен»  (1962),  Т.Ахтановтың  «Боран»  (1963),  
Т.Әлімқұловтың    «Ақ    боз    ат»    (1962)    романдарынан  
ҿзгеше  ізденіс,  ҿзгеше  кҿркемдік  сипат  танылады.   
 Т. 
Ахтановтың 
«Қаһарлы 
күндер», 
«Боран»  
романдары  бар.  Повестері:  «Махаббат  мұңы»,  «Дала 
сыры».  «Сҽуле»,  «Боран»,  «Ант»,  «Махаббат  мұңы» 
драмалары жазылды. 
Алғашқы    шығармашылығын  ҿлең  жазудан  бастаған 
Т.Ахтанов кейіннен ҽдебисын жанрында да қалам тербейді. 
1942  жылы  майданға  ҿзі  сұранып  аттанады.  1948  жылы 
майданнан  елге  оралып,  «Күй  аңызы»  атты  тырнақалды 
ҽңгімесімен  елге  танылған.  Осыдан  соң  1956  жылы 
«Қаһарлы  күндер»  романның,  бұдан  сҽл  кейінірек  «Дала 

  13 
 
 
сыры»  повесін  жазады.  1962  жылы  бұл  повесін  қайтадан 
ҿңдеп  «Боран»  романына  айналдырған.  Авторға  осы 
романы  үшін  1966  жылы  Қазақ  ССР-ның  Абай  атындағы 
Мемлекеттік  сыйлығы  берілген.  1980  жылы  «Шырағың 
сҿнбесін»  романы  дүниеге  келді.  Кейін  драматургия 
саласында  да  жемісті  еңбек  етіп,  «Сҽуле»,  «Ант»  т.б. 
драмаларын  жазған.  Соңғы  жылдары  А.Толстойдың, 
М.Горкийдің  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударып, 
таныстыруымен де ҿнімді еңбек етіп келеді. 
«Боран» романында еңбек адамы – шопан Қоспанның 
бейнесі психологиялық талдау арқылы астарласа 
ашылады. Қоспанның ішкі дүниесіндегі алай - түлей 
сезім мен табиғат құбылысы параллельді түрде 
суреттеле келе, тұтастықта танылады. Романның ҿне 
бойында адамдар ҿмірі мен осы құбылыс қатар ҿріліп 
отырады. Жетімдіктің тауқыметін тартқан жас қыз 
Жаңылдың трагедияға толы ҿмірі оның еске түсіруі 
арқылы кҿрінеді. Ҿң мен түстің арасында ҿз ойымен ҿзі 
арпалысқа түскен Жаңылдың күйін бейнелеуде автор 
«айқайлаған еміс-еміс дауыс», «түнде шырылдаған 
бозторғайдың ащы үні» сияқты кҿркем детальдарды 
пайдаланады. Оның бойын билеген суық қорқыныш 
аласапыран боранда отар қойымен адасқан Қоспанның 
(Жаңылдың күйеуі) жай-күйін сездіргендей. Осы 
қорқыныш сезім оның кҿз алдына ҿткен ҿмір жолдарын 
ҽкеледі. Ҽке-шешесінен ерте айырылып, ағайынның 
үйінде жүргенде Ұштап пен оның қызы Ибаштан кҿрген 
тепкісі, «буыны бекіп, бұғанасы қатпаған» сҽби сезімін 
жаралаған жетімдіктің тауқыметі, күйеуі Қоспан  
соғысқа  кеткенде  еркегі  жоқ  үйге  басына  келген,  
ауылдың  шолақ  белсендісі  Жаппасбайдың  арам  
пиғылынан  тартқан  жан  азабы,  жалғыз  ұлы  
Мараттың  ҿлімі,  одан  кейін  бала  кҿтермеуі – Жаңыл  
тағдырының  тҽлкекті  тұстары». 

  14 
 
 
Автор  Қоспан  бейнесін  жасауда  кҿбінесе,  оның  ішкі 
жан  дүниесін,  күш-қайратын  үнемі  жанама  мінездеу 
арқылы беруге тырысады. 
Романда  Қоспан  алғаш  кҿрінгеннен-ақ,  адам  жүрегіне 
жылылық ұялататын, зор адамгершілігімен, ақкҿңілдігімен 
айқындалып отырады. Автор, соғыс жылдарында Қоспанға 
командир  болған  «Қосболаттың»  оны  ҿзімсініп  «Үлкен 
қара»    деп    атайтындығын,    ҽйелі    Жаңылдың    соғыста  
жүрген  Қоспанның  үйдегі  ҽрекетін  еске  түсіріп,  оның  
жүрген  жүрісін,  қолы  тиген  мүлкін  ыстық  сағынышпен  
еске    алатындығы  –  бҽрі-бҽрі    Қоспанның    адами    жақсы  
қасиеттерін  таныту  үшін  пайдаланған. 
Роман  соғыстан  соңғы  жылдардағы  Қоспанның  үш-
тҿрт  күннің  ішінде  тап  болған  опатына  қарсы  тұруын,  
үлкен    тҿзім,    зор    қайрат    иесі    екендігін    танытуға  
негізделгендіктен,  тікелей  боранды  оқиғадан  басталады  
да,    Қоспанның    бүкіл    ҿмірін    дүлей    табиғаттың  
арпалысымен    қатар    алып,    сюжеттік    шегініс    арқылы  
баяндап    отырады.    Автор    дүлей    табиғаттың    тосын  
мінезіне  сырмінез  Қоспанның  талай  жылдан  бері   қой  
соңында    жүріп,    ауданда    бетке    ұстар    шопан  
атанғандығын,  ҿмірден  жинақтаған  мол  тҽжірибесі  бар  
екендігін  де  алдын  ала  хабардар  етеді. 
«Осы  ҿңірде  шарламаған  ой  мен  қыры  қалған  жоқ,  
қай  жердің  аты  қандай,  суы  қандай,  бҽрін  жатқа  біледі.  
Қыс    баласының    да    мінезі    мен    дағдысын    кҿңіліне  
мықтап    түйген.    Қазақы    қой    желге    тҿзімсіз.    Қоспан  
жел-құздың    аңысын    бағып,    ылғи    ықтасын    беткейді  
сағалайды.  Азғана  пішенін  сары  майдай  сақтап,  қойдың  
басын  жайылымнан  алмайды.  Қысқы  жайылымның  ҿзі  
жаздағыдай    кҿңілмен    мҿлшерлеп    ҿлшеп-пішіп    қойған.  
Жақын  жердің  тебіндігін қорасындағы  шҿбіндей  қориды.  
Бірақ  сонда  да  ҽр  бір  қыс  Қоспанға  тҿтенше  қиындық  
ҽкеледі.  Міне,  биыл  бір  күн  ашылып,  бір  күн  жауып,  

  15 
 
 
алысқа  аттатпай  қора  маңын  тақырлатып  кетті.  Содан  
ақыры  тҽуекелге  бел  буып  Қоспан  ҿріске  шықты». 
Осылайша    Қоспанның    қолға    алған    қай    іске  
болмасын    асқан    ыждағаттылықпен    кірісетін,    ҿз  
шаруасын    игеруге    келгенде,    дҿңгелетіп    ҽкететін  
шеберлігін    танытады.    Сонымен    қатар,    Қоспан  
бейнесінің  шынайылығын  аша  түсу  үшін  сҽтті  деталь  
да  қолданады. 
Қоспанның    да    ҿмірдегі    жүріп    ҿткен    жолы,  
қанқұйлы    соғысқа    қатысуы,    тұтқында    болуы,    еліне  
оралғаннан    кейінгі    кҿрген    теперіштері,    тұтқында  
болғаны  үшін  кҿрген  қудалауы – бір  адамның  тағдыры  
үшін    аз    нҽрселер    емес.    Бұл    оқиғалар    алғашқыда  
Боранның    бойына    жасқаншақтықты,    жігерсіздікті  
ұялатады.  Жаңылдың  да,  Қоспанның  да  ішкі  ҽлемінде  
ұқсастық    бар.    Ол  –  біреудің    ала    жібін    аттамас  
адалдығы,  тҿзімділігі,  ҿмір  сүйгіштігі. 
Романда  танымы  мен  табиғаты  жағынан  Қоспанның  
адамдық    ҽлеміне    мүлде    кереғар    Жаппасбайдың  
характері    іс-ҽрекет    үстінде    ашылады.    Қоспан    мен  
Жаппасбайдың    ішкі    дүниесі    ешқашан    бітіспейді.  
Ҿйткені,    Жаппасбайдың    ұғымына    ар    алдындағы  
жауапкершілік  сезімі  жат. 
«Біреудің    тұнығын    лайлап,    содан    ляззат    алуды  
ҿзінің  ҿмір  сүру  машығына  айналдырған  Жаппасбайда  
жазықсыз    адамның    обалынан,    киесінен    қорқу    деген  
жоқ.    Автор    бұл    жерде    кейіпкердің    іс-ҽрекетін    оның  
психологиясынан    туындатумен    бірге    жақсыларын  
жасытып,    Жаппасбайларды    тайраңдатып    қойған  
қоғамның    да    кҿлеңкелі    тұстарына    бойлатады.  
Жаппасбай    характерінің    астында    ұлт    трагедиясының  
шындығы  жатыр.   
Қоспанның    ішкі    жан    иірімдерін,    терең  
толғаныстарын    аралауда    автор    пейзажды    ұтымды  

  16 
 
 
қолданған.    Суреткердің    поэтикалық    сҿз    ҿрнектері  
даланың    ақ    түтек    боранын    суреттеуде    ҽйгіленеді.  
Табиғат    кҿрінісі    боранды    «Ақ    дүлей»  (Қоспан    берген  
атау)  –  тылсым    күштің    бейнесінде    береді.    «Ақ  
дүлейдің»    жанды    бейнесін    танытатын    детальдар    бар.  
«Шарбы  бұлттың  арасынан  нұры  қашып,  жүдеу  тартқан  
ай  сығалайды.  Тҿрт  күн  соққан  боран  оның  да  ажарын  
алып  кеткен  сияқты»,- дей  келе,  бұл  құбылысты   «кең  
атырапты    жүндей    түткен»,    адамға    тізе    бүктірген  
жойқын  күш  түрінде  бедерлейді». 
Осы    тұста    жазушы    шеберлігі    ретінде    мына    бір  
мҽселені  айта  кеткеннің  артықтығы  жоқ.  Ол – кез-келген  
оқиғаның  үнемі  майдан  суретімен  қоса  қабат  ашылып  
отыратындығы.    Бұл    соғыс    кҿрген    Қоспан  
психологиясын    танытудағы    ұтымды    тҽсіл.    Мҽселен,  
қасқыр    салған    қырғыннан    соңғы    мына    бір    суретке  
назар  аударып  кҿрейікші. 
«Аспандағы    шарбы    бұлт    ҽр    жерге    бір    шудасын  
үзіп    тастап    жоғалып    кеткен.    Ай    сүттей    жарық.    Құм  
арасындағы  табақ  шұқырға  бұлдыраған  кҿбік  сҽулесін  
толтырған.  Ҽр  жерде  сұлап-сұлап  жатқан  қойлар.  Анау  
ат    жалдың    ернеуінде    де    бір    екеуінің    денесі  
қарауытады.    Аяғының    астында    бір    нҽрсе    былқ    етті,  
сүрініп  кете  жаздады.  Қасқырдың  ҿлігі  екен.  Ҽрегіректе  
қылаң    беріп    бозарып    жатқан    Майлыаяқтың    денесі.  
Онымен    қабаттаса    тағы    бір    қасқыр    құлаған.  Бас-аяғы  
үш  қасқыр  соғылыпты.  Ҿзгесінің  қанша  екенін,  қайда  
кеткенін  Қоспан  білмейді.  Бірақ  қойдың  шығыны  кҿп.  
Аттаған    сайын    ҿлік.    Бейне    қанды    қырғын    соғыстан  
кейінгі  ұрыс  даласы  сияқты.  Тірі  қалған  жалғыз  солдат  
тҽлтіректеп  аралап  жүр». 
Сҿз  жоқ  майдан  суреті.  Демек,  бейбіт  ҿмірдің  ҿзі – 
күнде    күрес,    күнде    майдан.    Адам    оған    ҿзі    ізденіп  
бармайды,    оны    соған    итермелейтін,    мҽжбүр    ететін  

  17 
 
 
факторлар    болады.    Ендеше,    Қоспанның    да    мұндай  
жағдайға  душар  болғандығына  кінҽлі  жандар  бар.  Ол – 
совхоз    басшылары,    мүмкін    ҿзінің    досы    аудан  
ҽкімшілігіндегі  Қасболаттың  ҿзі  де  болуы. 
Шаруаға  немқұрайдылық  қай  қоғамда,  қай  заманда  
болмасын    ҿзінің    залал,    зардабын    тигізбей    қоймайды.  
Қоспан  тағдыры соны  дҽлелдеді.  
Роман    соңында   Қоспан    ҿзінің    ҿткен    жолына    сын  
кезбен    қарап,    бойындағы    кемшіліктерін    ой    елегінен  
ҿткізеді.    Бұл    ойға    итермелеген  -  ҿмірі    үшін    күрес,  
боранды  күнгі  арпалыстан  кейін  бойында  пайда  болған  
рухани  күш,  серпіліс.   
«Шырағың сҿнбесін» романы Ұлы Отан соғысы 
тақырыбына арналған. Оқиға – Украина жерінде ҿтеді. 
Негізгі кейіпкер – Нҽзира. Романдағы бүкіл сюжеттік 
оқиға Нҽзираның атынан суреттелген. Романда Отан 
соғысының от жалынын бастан кешірген Нҽзираның 
тағдырында екі желі бар. Біреуі – оның ҿз ауылындағы 
ҿмірі де, екіншісі – Қасымбекке күйеуге шыққан соң 
басталған жат жер – Украинадағы ҽскери ҿмірі мен 
соғыс кезі. Романда осы екі желі қатар ҿріліп отырады. 
Автордың негізгі идеясы – соғыс тауқыметін тартқан 
совет адамының ҿршіл рухын таныту. Соғыс зардабын 
нақтылы тұлға ҿмірі арқылы ашуды мақсат еткен. 
Автордың идеялық – эстетикалық концепциясы - осы. 
Нҽзираның  соғыс  басталған  соң  Украина  орманының 
ішінде  бастан  кешкен  қиыншылығы,  адам  ҿлімі, 
фашистердің жауыздығы, сонымен бірге аяғы ауыр кезінде 
Дуня апайдың үйінде тығылып жатуы, Қасымбекпен соғыс 
кезінде қайта  табысуы,  Дулаттың    дүниеге  келуі  –  бҽрі  де 
шығарманың  сюжеттік-композициялық  арқауын  құраған. 
Нҽзираның  бала  кезінде  ашаршылықты  бастан  ҿткізуі, 
шешесінің  ҿліп,  ҽжесі  Қамқаның  қолында  ҿсуі  –  негізгі 
оқиға – соғыс кезімен  параллельді суреттелген.  

  18 
 
 
Автор ҿз идеясына лайықты оқиғаларды іріктей білген. 
Кейіпкердің жан-сыры, психологиялық тебіреністері 
арқылы қазақ қызының соғыс жылдарындағы кҿрген 
азабын танытады. Жазушы ҿзінің осы идеясын жүзеге 
асыру үшін партизандар ҽрекетіне, достық, ҿзара кҿмек 
тҽрізді маңызды мҽселелерге кҿңіл бҿлген. Николай мен 
Света тағдыры, ұрысқақ Мусяның ҿлімі – бҽрі де 
нанымды суреттелген. Жау қоршауында қалған, ҿмір 
мен ҿлім ортасында қалған жаумен табан тіресе 
айқасқан нағыз патриоттардың қажырлы келбеті, қилы 
тағдыры ҿтіп жатады. Мҽселен, Нҽзираның ҿмір жолы 
арқылы, сол кездегі кез-келген адамның трагедиясына 
ортақтастырады. Соғыста адамның моральдық-
психологиялық, рухани-этикалық қадір-қасиеті үлкен 
сынға түседі. Света образы арқылы ҽйел тағдырының 
ауыр сҽтін берген. Қиянатпен зорлық еткен неміс 
фашисінен аяғы ауыр болып, бала тууы, күйеуі 
Николайдың оны естіген соң Светаны жек кҿріп кетуі – 
соғыстың адам тағдырын трагедияға ҽкелгенінінің бір 
кҿрінісі.Романның тақырыптық-идеялық желісін кҿтеріп 
тұрған образ – Нҽзира образы. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет