Теориялық ЖӘне тарихи педагогикалық зерттеу әдістері өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет1/5
Дата04.03.2023
өлшемі22,38 Kb.
#71519
түріОқулық
  1   2   3   4   5

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Логикалық-теориялық зерттеу әдістерінің ерекшелігін «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы орындаңыз. Әдістер Пікір Дәлел Мысал Қорытынды талдау, синтездеу индукция, дедукция абстрактілі, әдіс, аналогті әдіс жалпылау әдісі, жүйелі келу, үлгілеу салыстырмалы тарихи талдау Өзіндік ой-тұжырым
2. Таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер: оқу құралы, оқулықтар, монографиядан теориялық аспектісіне байланысты материалдар жинақтау, талдау жасау, сілтеме, аннотация үлгілеріне шолу жасау, талдау.

Пікір: Менің ойымша индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері деп білемін.
Дәлел: Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Мысал: Индуктив тұжырым ақиқат болуы да мүмкін, өйткені ол ықтималдық категориясында туындайды.Ал Дедукция арқылы ақиқат дүниелерден жаңа тұжырым пайым жасалады.
Қорытынды: Қорытындылай айтқанда индукция мен дедукцияның айырмашылығы аргумент, ақиқат ұғымдарында ғана. Бұл екі пайымды бір-біріне қатысы жоқ екі бөлек нәрсе деуге де келмейді. Себебі индукция – болашақ дедукцияның формасы. Бүгін көзіңіз жеткен ақиқат, ертең дедукцияға негіз болады.
Пікір: Менің ойымша Үлгілеу (моделирование) әдісі – зерттелетін үдеріс және құбылыс сурет, сызба, қысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі-бейнелі сипатта болады. 
Дәлел: Үлгіні дайындау үдерісін сипаттайтын негізгі ұғым үлгілеу болып табылады. 
Мысал:Мысал келтіретін болсам зерттелетін құбылысты толық бейнелеп көрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңтайланған түрі болады
Қорытынды: Қорытындылай келе Үлгі үнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет