Теориялық конференция материалдары


Ғылыми жетекші – Б.Н. Ақшалова



жүктеу 2.24 Mb.
Pdf просмотр
бет24/27
Дата28.12.2016
өлшемі2.24 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

 
Ғылыми жетекші – Б.Н. Ақшалова,  
филология ғылымдарының кандидаты, доцент  
 
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ІЗГІЛІКТІ БАСҚАРУДАҒЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ 
ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ТƏЛІМ-ТƏРБИЕНІҢ НЕГІЗІ
 
БИЛЕР ИНСТИТУТЫМЕН 
БАЙЛАНЫСЫ 
 
Жүсіп  Баласағұнның  ізгілікті  басқаруға  байланысты  педагогикалық  көзқарастарының 
қалыптасуының  бастау  алар  қайнар  бұлағы – туған  халқының  əдет-ғұрпындағы,  салт-
санасындағы педагогикалық пікірлер. Тəлім-тəрбиелік көзқарасының қайнар көзі – халықтық 
педагогика.  Асан  қайғы,  Бұқар  Жырау  толғаулары  негізделген  ізгілікті  басқару  идеялары 
Құтты  білік  дастанының  өміріндегі  дүниежүзі  философтарының  ел  басқару  туралы 
толғамдары  мен  үндестік  табуы  осыған  дəлел.  Дəстүрлі  мəдениетіміздегі  дала 
ойшылдарының ішінде адамгершілік, философиялық-психологиялық ой-пікірлерімен ерекше 
толғандыратын  көшпелі  елдің  ойшылы  Асан  қайғы.  Ол  елі  қайғысыз,  мұңсыз,  жері  де 
жайсаң,  жауласу  мен  араздасуды  білмейтін  жерді  іздеп  тапқысы  келді.  Осы  мақсатпен 
желмаясына  мініп,  қазақтың  кең  даласын  шарлаумен  болды.  Өркениетті,  прогрессивті 
идеялардың  өкілі  Асан  Қайғыдан  бастау  алатын  жыраулар  поэзиясының  да  қоғамдағы 
басқару мəселесінде, парасаттылықта орны зор.  
Қазақ  халқы  əрқашан  «Тура  биде  туған  жоқ,  тyғaнды  биде  иман  жоқ»  деп  тyғaнынa 
тартпай,  параға  сатылмай  əдiл  билiк  айтушы  билердi  дəрiптеген.  Дастанда:  Құлда  бектің 
хақысы  болады  екен,  Құлдың  бекте  ақысы  болмай  ма  екен?!  Бек – құлдың  қызметіне 
құмарлансын, Тек, естен құл хақысын шығармасын! [1]. 
Бектің құға, құлды бекке хақысы бар екенін көтеруі ақынның озық көзқарасын 
білдіреді. 
Айтар сөзді сайлап алғын ақылмен, 
Жауабың дөп, қатар түссін нақылмен. 
Көп тыңдай біл, аз сөйлеп тез түсіндір, 
Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл. 
Немесе: 
Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл 
Ізгі ойларды əр жүрекке жалғай біл [2]. 
Бұл  бəйітте  адамды  қатерлікке  ұрындыратын  көпсөзділік  пен  ұшқалақтықтан 
сақтандырып, ізгі ой мен ізгі сезімді айтады. Ізгі кісінің қалыптасуына керек нəрсе – білім. 
Халық ауыз əдебиетінен ізгіліктің жалғасы дала ойшылдары жыраулар поэзиясынан тапты. 
Мұсылман  өркениетінен  кейінгі  прогрессивті  идеялардың  өкілі–  Асан  Қайғыдан  бастау 
алатын жыраулар поэзиясында да қоғамның дамуын тежейін көкейкесті мəселе қозғалады.  
Асан қайғының арман еткен «Жерұйығы» - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағашы 
толған  жеміс-жидек,  жұрт  қайғы-қасіретті  білмейтін  құтты  қоныс.  Оған  жеткен  елді  жау 
алмайды,  онда  ел  аласы,  ру  таласы  жоқ,  үркіп-қорқу,жаугершілік  деген  болмайды, «қой 
үстінде  бозторғай  жұмырқалайды». «Жерұйықты  мекендеген  жұрттың  бай-кедейі  жоқ,  бəрі 
тең, барлығы шат-шадыман, бақытты өмір өткізбек. 
Асан қайғы өзі іздеген құтты мекенді «Жұпар қорығы», «кеңтүбек», «Тартүбек» деген 
жерлерде деп есептейді.Сол жерді табу үшін желмаясына мініп, төңіректің төрт бьұрышын 
кезеді.  Бірақ  таба  алмайды,  табу  да  мүмкін  емес  еді.Арманына  жете  алмаған  асан  қайғы 
өксумен дүниеден көшеді. 
Асан  қайғының  «Жерұйықты»  іздеуі  жөніндегі  аңыз  қазақ  халқының  таңғажайып 
жарқын,  бақытты  болашақты  аңсаған  арманының  туындысы  еді. «Баланы  туады  екенсің, 
мінезді тумайды екенсің». «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа ұрпаққа үлгі». 

205 
 
«Өзге  елде  сұлтан  болып,  өз  елiңде  ұлтан  болуды»  армандаған  Бейбарыстың  ұлы  істері  де 
бүгінгі ұрпаққа өнеге. 
ХVІІІ ғасырдағы қазақ əдебиетінің ең көрнекті өкілі – Бұқар жырау (1668-1781) туралы 
зерттеуші ғалымдар еңбектерінде: «Арқалы жырау, қабырғалы би Бұқар өз тұсындағы қазақ 
хандығының бас идеологы болады. Ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше 
қолдайды.  Хандықтың  нығаюы,  хан  үкіметінің  берік  болуы  жолында  күреседі.  Өз 
шығармаларында  Абылайды  сырт  жауларға  қарсы  күресте  айрықша  қайрат  көрсеткен 
қайтпас  батыр,  ел  қамын  жеген  көреген  көсем  ретінде  бейнелейді.  Алайда,  ханға  орынсыз 
бас  ұрудан  ада  жырау  қажетті  жерінде  ащы  шындықты  айтудан  тайынбайды,  оны  сынау, 
шенеуге  дейін  барады» [3]. Бұқар  жай  ғана  арқалы  жырау,  ақылшы  аға  емес,  мемлекет 
істеріне  елеулі  ықпал  етіп  отырған  қабырғалы  биге,  өз  заманының  ұраншысына  айналады. 
Тəрбие бағытында жазылған жыраудың мынадай мұрасы бүгінгі ұрпаққа өсиет болып келеді. 
Ел бастау қиын емес, 
Қонатын жерден көл табылады. 
Қол бастау қиын емес,  
Шабатын жерден ел табылады. 
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. 
Осы  жолдарда  Бұхар  жырау  сөз  құдіретін,  оны  сыйлау  құрметтеу  керек  деген  ойды 
насихаттайды.  Өйткені  əділетті  ақылды  сөз  кез  келгн  іс-əрекеттеде  басшыға  да  қарапайым 
адамада өте қажетті болып келеді.  
Бұқар жыраудың бұл толғауы Жүсіп Баласағұнның дəулеттің өтпелілігі туралы айтқан 
ойымен  үндесіп  тұр. «Құтты  білік»  дастанының  бас  кейіпкері  Айтолды  Елік  Күнтудымен 
сұхбатында дəулеттің құбылмалылығын айтады. Осы тұрғыдағы түйінді ой мынындай бəйіт 
арқылы берілген: 
Бір орында Су; сөз , дəулет тұрмайды. 
Жиһагерлік жəне бермей тынбайды [1]. 
«Құтты  білік»  дастанында  құт,  дəулеттің  өзгермелі  қасиеттері  Айтолды  сөзінен  басқа 
қанағаттың  символы  бас  кейіпкер  Одғұрмыш  бейнесі  арқылы  ашылады.  Дастанда  бұл 
мəселеге  бірнеше  тақырып  арналды: «Құттың  құбылмалығы  мен  дəулеттің  баянсыздығы», 
«Жігіттікке  ашынып,  өкініп,  қарттық,  егделік  хақында  айтқандары» [4] «Заманның 
бұзылғаны,  достардың  жəбір-жапасы  туралы» «Кітап  иесі  Жүсіп  ұлы  Хажыб  өзіне  ақыл-
кеңес береді» деген бөлімдері ерекше көңіл аударады.  
«Құтты біліктің» төрт кейіпкері де ұлықтық пен кішіктік ізетін сақтай отырып, сұрақ-
жауап  жолымен  тілдеседі.  Өйткені,  Күнтуды-əмірші,  Айтолды-уəзір,  Олар  Əділетті, 
Бақытты,  Ақыл  мен  Қанағатты  көрсетеді.  Құдіретті  əмірші  Күнтуды  Айтолды  уəзірлік 
қызметке шақырады. Ақ, адал қызмет еткен Айтолды өлген соң əкесінің орнына Өгдүлмішті 
қызметке алады. Əмірші одан ағасы Одғұрмышты да өкімет ісін араластыруды бірнеше рет 
өтінеді, бірақ Оғдүрмыш үш мəрте бас тартады. 
 Күнтуды  мен  Оғдүрмыш  арасындағы  күрделі  басталған  қатынастың  соңы,  өзара 
түсініктік  пен  сенімге  ұласады.  Бұл  өмірдің  мəнін  пайымдау  жайлы  ойлары  дастаннан 
көрініс табады.  
Ниеттеріндегі  тазалық,  сұлулық,  олардың  еркіндігі  мен  адалдығы,  қайырымдылық – 
бұл адам бойындағы ізгі туа біткен қасиеттер.  
Бірақ олар əділет, бақыт, ақыл жəне қанағат ретінде аталды жəне «Құтты біліктің» төрт 
кейіпкерінің  бойына  жинақталды.  Егер  бүгінде  экология  мəселесінде  табиғат,  қоғам  жəне 
адам  қарастырылса,  ойшылдың  Ғалам,  Қоғам  жəне  Адам  мəселелерін  зерделеуі  адам  өмірі 
мен  табиғат  заңдарының  ортақтығы  жайлы,  олардың  қатар  өмір  сүруге  мүдделілігі  жайлы 
еріксіз ой туғызады.  
Кісі мəңгі болмас, мəңгі ат ары, 
Мəңгі қалар оның жақсы атағы. 
Өзің мəңгі емес, атың мəңгілік, 
Атың мəңгі болса, затың мəңгілік. 

206 
 
Ұлы  педагог  білікті,  парасатты  адамдарды  қоғам  өз  дəрежесінде  бағаламайтын,  бұл 
дүниеде  ашкөз  надандардың  ұтатынын,  олар  пайда  күнемдік  пен  парасатқа,  білімге,  адам 
тағдырына, адамзаттық мұраттарға көз жұма қарайтынын айтады. Өз дəуірінде бұл жағдайды 
түзеу үшін өмірдің бар салаларына білім нұрын сеуіп, қараңғы халықтың көзін ашып, оларды 
бұл  дүниелік  күйкі  əрекеттерден  серпілту  керек.  Дана  педагог  білім – өмір  нəрі,  парасат-
ғаламат сарайы екендігін, оған ұмтылғандар мақұрым қалмайтынын адамдар білмейді деді. 
Əлеуметтік  сатының  əрбір  деңгейінде  адамдар  білімдар  болуы  керек.  Танымның  шегі  жоқ, 
парасат ғылым мен адамзаттың терең болмысына бойлай алады. Ойшылға парасаттың орасан 
зор қуатына терең сену тəн болды. 
Ізгілік  ұғымына  қажетті  категория  білім  жөнінде  айтса,  ізгілік  ілімінің  маңызды 
компоненті  ретінде  білімнің  адамның  жетілу  жолындағы  рөлін  ары  дамытқан  Жүсіп 
Баласағұн еді: 
Бұл-ізгілік шын асыл 
Асылға үйір шын асылдар туасы! 
Асыл дара, кім жасырар таласар:! 
Қолға тисе, барша адамға жарасар [1]. 
Ақын  ізгілікті  асылға  теңейді.  Яғни,  ізгілік  ұмытылмайды,  тозбайды,  жоқ  та  болып 
кетпейді. Ізгіліктің мəңгілік құбылыс екендігін айтады.  
Адамның ізгілігі оның адамға деген адами қарым-қатынасымен анықталуында. 
Адамды ізгілікке тəрбиелеудің ешқашан кеш болмайтындығын айтады. 
Ізгілік  халқымыздың  дамуының  барлық  кезеңінде  мəдениет  пен  адам  тағдырын 
біріктірген аса бай құндылық. Тəуелсіздік рухы ата-бабаларымыздың құнды туындыларын өз 
ұрпақтарымен қайта табыстырды. 
Айтар сөзді сайлап алғын ақылмен, 
Жауабың дөп, қатар түссін нақылмен. 
Көп тыңдай біл, аз сөйлеп тез түсіндір, 
Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл. 
Немесе: 
Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл 
Ізгі ойларды əр жүрекке жалғай біл [1] – деген бəйітте адамды қатерлікке ұрындыратын 
көпсөзділік пен ұшқалақтықтан сақтандырып, ізгі ой мен ізгі сезімді айтады. 
Билер  институтынң  дамуына  үлес  қосқан  қазақтың  үш  жүзінен  шыққан  билер  болды. 
Көптеген  билер  қатарында  қазақ  тарихында  ерекше  орынға  ие  болған,  аса  құрметпен 
халқына  танылған  Жарылғап  би  болды.  Сөз  атасы  Майқы  би, «қолыңдағы  құсты  қусаң, 
орманға кетеді, маңындағы досты қусаң, дұшпанға кетеді», «Жақсы би жаудың шетін ел етіп 
сөйлейді, жаман би елдің шетін жау етіп сөйлейді», – деген екен. Мен маңайымнан дұшпан 
іздеп,  жаусырап  отырғам  жоқ.  Ұлтыңның  басына  мынандай  сұрқылтай,  қара  күн  туған  бұл 
заманда досты көбейте алмай отырмын. Ішімдегім түрімде, түрімдегім тілімде, деп шынайы 
дос бола аласыңдар ма? – деді. Жарылғап би қазақтың «ар дауы», «құн дауы», «жер дауы», 
«жесір  дауы», «жетім  дауы» «көз  құны»  тəрізді  дауларға  бел  шеше  кірісетін  шешен  би 
ретінде сомдалып көрінген. Ұлы бабамыз Майқы би:  
Хан қасында би ақылды болса, 
Қара  жерден  кеме  жүргізеді  –демекші,  қазақ  хандары  əрқашанда  билерге  құрметпен 
қарап, олардан өз ісін бастарда кеңес алатын. Сондай ханның біреуі Тəуке хан. Осы тұрғыда 
профессор  Сəрсенбі  Дəуітұлы  айтқандай:  «Төле  бидің  мықтылығы  оның  өмір  сүрген 
ортасының,  бірге  қызметтес  болған  адамдардың  абзалдығынан  ба  деп  қаласыз.  Тура  бидің 
қасында өзінің қара басының қамын ойлайтын, ісі жайдақ, сөзі суық жандар емес, кілең өресі 
биік  жақсы  мен  жайсаңдар,  атап  айтсақ,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Əйтеке  би  жəне  Əз  Тəуке 
хандар болған. Осыларды ақын төгілте жырлайды: 
Ілгерірек заманда, 
Бұрынғы өткен адамда, 
Үш би, бір хан атанып, 

207 
 
Қазақ қазақ болғанда [5]. 
Тəуке  хан  атақты  үш  бидің  араласуымен  Жеті  жарғы  жобасын  жасады. «Тəуке  хан 
тұсында  қабылданған  қазақ  халқының  дəстүрлі  əдет-ғұрып  заңдарының  жинағы  Жеті 
Жарғыны жасауға: Төле би, Қазбек би, Əйтеке билер қатысқан. Онда кісі өлімі, ұрлық, ата-
анаға  тіл  тигізу,  жер,  жесір  дауы,  т.б.  мəселелері  қамтылып,  құн  төлеу,  айыбын  өтеу 
нормалары белгіленген. Қазақ тарихында тек хан мен билер елбасында болған емес. Басқару 
ісіне белсенді қатысқандар батырлар да болды.  
Қасиетті  қазақ  жерінде  «Ізгілік  пен  зұлымдылық – адамның  іс-əрекетіне,  сондай-ақ 
қоғамдық  құбылыстарға  белгілі  бір  таптық  адамгершілік  тұрғысынан  бағасы  берілетін 
моральдік-этикалық категориялар. «Ізгілік» деп қоғам адамгершілікке сай, үлгі алуға лайық 
деп есптелетін түсініктер ұғынылады. Оразбаева Алтайы Иранбекқызы «Қазақ қоғамындағы 
билер  институты:  тарихи  бастаулары,  орны  жəне  рөлі  (XVIII)»  атты  диссертациясында 
«Өзінің (XVIII ғ. Қазақ қоғамында қазіргі Қазақстан территориясында қалыптасқан көшпелі 
жəне  жартылай  көшпелі  қоғамдардың  ерте  кезеңіндегі  ақсақалдар  кеңесі,  ру  тайпалық 
құрылымның өзін өзі басқару тəрізді қоғамдық тетігі ретінде бек, би институттарының пайда 
болуының  негізгі  алғы  шарты  болып  табылады.  Ерте  орта  ғасырларда  бек,  яки  билер 
институты ру тайпалардың бетке ұстар игі  жақсыларынан құралып, аристократиялық қаған 
билігі жүйесінде халық тарапыан өкілдік етуші əлеуметтік тетік рөлін атқарады» . 
ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  түркі  халқының  ұлы  ғұламасы  Жүсіп  Баласағұнның  ізгілікті 
қоғамды  қалыптастырудағы  идеясының  билер  институтының  құрылуындағы  мəні,  билік 
жүйесін ізгілікті басқару мəселелерімен сабақтасып отыруы жəне оның маңыздылығы дəлел. 
Əрбір  адамның  өз  пікірін,  еркін  білдіретін  мүмкіндігі  болуы  керек.  Қазіргі  таңдағы  мəселе 
біздің  еліміздің  ерекшелігі  де  əлемдік  тəжірибені  еске  ала  отырып,  қоғамды 
демократияландырудың моделін қалыптастыру. Ол Президент  
Н.Ə.  Назарбаевтың  халыққа  жолдауларында  айқын  ашып  көрсетілген.  Қазақстан 
Республикасындағы  əділетті  билік  жүйесін  демократияландырудың  негізгі  өзегі  жəне  оны 
жүзеге  асырудың  нақты  жолдары  жоғарыда  қарастырылған  билер  мен  жыраулар  өсиетіне 
негізделуі  тиіс  деп  ойлаймыз.  Қайырымдылық  сүйіспеншіліктен  басталады.  Ол  тек,  өмірде 
бар заңдылықтың негізінде жүзеге асады. Ең бастысы, Баласағұн тарихи тағылымы – білім, 
оқу-тəрбиенің педагогиканың негізі жəне философиялық мұра болады. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Құтты білік // Көне түрік тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубай. – 
Алматы: Өлке, 2006. – 640 б. 
2.  Малов  С.Е.  Памятники  древнетюркской  письменности.  Тексты  и  исследования. – М.-Л., 
1957. – 282 с. 
3. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – Алматы: Білім, 2003. – 112 б. 
4. Əл-Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 445 б. 
5. Төле би. Құрастырып, алғы сөзін жазған Сəрсенбі Дəуітұлы. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008. 
– 360 б. 
 
Н. Жұмабайұлы, М. Рүстем  
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары  
 
Ғылыми жетекші – З.М. Жанадилова, 
аға оқытушы 
 
«МƏҢГIЛIК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ БIРЕГЕЙЛIК МƏСЕЛЕСI 
 
Əлемде  өзгерiссiз  қалған  дүниелердiң  бiрi – халық.  Қaзiргi  күнде  де,  өткен  ғaсырдың 
ширегiнде  де  мемлекеттiң  өмiр  сүруiн  хaлық,  қoғaм  қaмтaмaсыз  еткен,  хaлық  қaншaлықты 

208 
 
бiрлiкте,  бiр  идея  төңiрегiнде  шoғырлaнсa, oл  сoншaлықты  мемлекеттiң  мықтылығын 
қaмтaмaсыз етедi екенiн тaрихтaн-aқ aңғaруғa бoлaды.  
Кeз-кeлгeн  мeмлeкeттiң  бaсты  құрayшысы  oл  хaлықтың  бoлyы  шaртты  дүние,  хaлық- 
мемлекеттiң  негiзi, oның  бaсты  құрaушысы.  Хaлықтың  бoлyы  oл  бaсым  ұлттың  бoлyын 
мeңзeйдi. Қaзiр жaһaндaнyдың кең етек алған дəyiрi дeп қaншaлықты aйтпaсaқ тa, хaлықтaр 
өз-өздeрiн  тaнyдaн  бaс  тaртқaн  eмeс.  Кeрiсiншe  жaһaндaнyғa  қaрсты  тұрып  қaнa eмeс, 
жaһaндaнyдa  жұтылып  кeтпeс  үшiн  хaлықтaр  өзiн-өзi  тaнyғa,  бiрeгeйлiгiн  сaқтayғa  жүгiнiп 
жaтыр, əринe бұл тaбиғи құбылыс. Себебi, кез-келген хaлықты сoлaқaй сaясaттың жетегiнде 
бiр ұлтқa тaңу мүмкiн емес, oндай саясаттың бoлшaқтa сыр беретiнi сөзсiз. Oл тaбиғи үрдiс 
ретнiде  қoғaмдa oрын  aлу  керек,  қoғaм  oғaн  дaйындығын  көрсеткен  кезде  мемлекет,  яғни 
билiк  oғaн  aрaлaсып,  жөн  сiлтеуi  керек,  кез-  келген  қoғaмыды  уaқытылы  бaғыттaмaсa, oл 
кoнфликтiлi жaғдaйғa немесе бaсқa aрнaғa бұрылып кетуi əбден мүмкiн.  
Қaзiргi  күнде  көрiп  oтырғaнымыздaй,  кeз-кeлгeн  ұлт  өзiнiң  eрeкшeлiгiн  көрсeтyгe, 
бiрлiккe жұмылyғa, ұлт eкeнiн пaш eтyгe мүдделi бoлып oтыр, əрине oғaн тoлықтaй құқылы 
дa. Осы зaмaнындa ұлтты тaнy, ұлттын eрeкшeлiктeрiнe мəн бeрy, ұлтты бaғaлay, бiр ұлтқa 
тиeсiлi бoлy өтe мaңызды дүниe бoлып oтыр.  
Мeмлeкeттiң  дaмyы  тeк  oның  сaяси-экoнoмикaлық  дүниeсiнe,  жaғдaйынa  бaйлaнысты 
eмeс, oл сoнымeн қaтaр сoл мeмлeкeттi құрayшы ұлттың бoлмысынa, тaбиғaтынa, бiрлiгi мeн 
oртaқ мəдeниeтi мeн мeнтaлитeтiнe дe бaйлaнысты бoлып кeлeдi. Мeмлeкeт нғeғұрлым тaтy, 
бiрлiгi  нығaйғaн  бoлсa,  сoншaлықты  oның  өмiршeңдiлiгi  мeн  гүлдeнyi  сoғaн  бaйлaнысты 
бoлып кeлeдi. 
ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХI  ғасырдың  басында  орын  алған  жағдайлар  мен  өзгерiстер 
мемлекеттердегi  ұлттық  бiрегейлiк  мəселесiн  ушықтырды [1]. Олай  дейтiн  де  жөн  бар, 
алысқа бармай-ақ өткен ғасырда КСРО басынан өткерген мысалға жүгiнсек те болады. Кеңес 
үкiметiнiң  құрамында  болған  мемлекететтер  ыдырағаннан  кейiн,  олардың  бiрегейлiк 
мəселесi ушыққан болатын. 
Əлем елдерiнiң ұлттық саясатын зерделеу барысында көптеген дамығанмемлекеттердiң 
ұлттық  бiрегейлiк  мəселесiне  баса  назар  аударыпотырғандығы  байқалады.  Ол,  бiрiншi 
кезекте,  тiл  саясатынан  көрiнiс  беруде.  Бұл – жаһандану  тудырып  отырған  қауiп-қатердiң 
алдын алу үшiн орын алыпотырған шаралардың бiрi. 
Негiзiнде,  жаһандық  өркениеттердiң,  нақтылап  айтқанда,  мемлекеттердiң  бiрiн-бiрi 
ақпараттық,  мəдени,  технологиялық  саясатарқылы  жаулап  алушылығы  күшейген  тұста 
ұлттық  бiрегейлiктi  сақтау – өтемаңызды  мiндет  болып  отыр. Iрi  мемлекеттер  мысалында 
алар  болсақ,  бəсекелестiк  саясат  аясында,  олардың  басты  ұлттық  мақсат-мүддесi-  əлемдiк 
деңгейде өз тiлдерiнiң үстемдiгi мен деңгейiн сақтап қалу.  
Ұлттың 
тiлi 
мен 
жазуының 
бəсекеге 
қабiлеттi 
болуы 
оның 
қазiргi 
заманғыақпараттандыру 
мен 
коммуникациялық 
технологиялармен 
үйлесiмдi 
болуынабайланысты болып отыр. 
Мəскеу  мемлекеттiк  университетiнiң  профессорыА.Н.  Кочергин: «Əлемнiң  жаңа 
құрылымдық  жiктелу  процесi  ретiнде  жаһандану  өркениеттердiң  өзара  əрекетiн  емес, 
экономикалық,  қаржылық,  нарықтық,  əскери  механизмдер,  технотрондық  құралдар  мен 
бұқаралықмəдениеттi  отарлау  көмегiмен  атқарылатын  бiрiнiң  екiншiсiне  ықпалынбiлдiредi. 
Қоғамның  шынайы  бiрлiгi  мен  уақыт  пен  кеңiстiктегi  ұрпақтарсабақтастығын  қамтамасыз 
ететiн  өркениеттiк  бiрегейлiк  мəдени  дəстүрлерге  демеуболды.  Оны  сақтап  қалу  тиiстi 
құқықтық  жүйенi  жасауды  қамтамасыз  ететiндамыған  азаматтық  қоғам  жағдайында  ғана 
мүмкiн.  Кез  келген  елдiң  мəдениiргетасын  бұзу  оның  өзiнiң  ұлттық  сəйкестiлiгiнен 
айырылуын  бiлдiредi.  Бұлдəстүр – елдiң  бiрегейлiгiн  жоғалту  жолындағы  соңғы  қадамы. 
Егер демемлекет өзiнiң дербестiгiн сақтағысы келсе, онда оның қызметi дəл осынысақтауға 
бағытталуы тиiс» [2], – деп түйiндейдi. 
Кеңестiк республиканың құлауымен орын алған Қазақстандағы ұлттық қатынастардағы 
түбiрлi  өзгерiстер,  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  ұлттық,  əлеуметтiк-саяси 

209 
 
бiрегейлiк  сана-сезiмдерiнде  дағдарыс  нышандарын  тереңдете  түскенi  белгiлi.  Бұл 
қалыптасқан  жағдайда  объективтi  жəне  субъективтi  себептерге  байланысты  туындаған 
ұлттық қатынастағы қайшылықтардың алдын алу, сол мақсатта мемлекет өз шеңберiнде өмiр 
сүретiн  əр  түрлi  этникалық  жəне  əр  тiлде  сөйлейтiн  қауымдастықтардың  өзара  ұлтаралық 
келiсiм  негiзiнде  еркiн  дамуына  алғышарттар  жасауды,  интеграциялану  үрдiсi  арқылы 
бiрегейлiк  сана-сезiмiн  қалыптастыруды,  бiртұтас  шоғырланған  Қазақстан  Республикасы 
халқын, азаматын қалыптастыру мəселесiн күн тəртiбiне қойды. 
Бұл  аталған  мiндеттердiң  идеялық  негiзi  Н.Ə.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  дамуы – 
қоғамның идеялық бiрлiгiнде», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында» жəне кейiннен 
шыққан «Ел бiрлiгi» ұлттық доктринасының жобасында көрсетiлген. Онда бүгiнгi Қазақстан 
қоғамында қазақ этносының ұлттық сана-сезiмiнiң өскенi баяндалып, ұлттық бiрегейленудiң 
қазақстандық  үлгiсiн  iздестiру  мен  қалыптастыру  қажеттiлiгi  атап  көрсетiледi.  Бiздiң 
елiмiздiң  ерекшелiгiн  (тарихи,  географиялық  жəне  көпұлттылық  құрамын)  атай  келе, 
Н.Ə.Назарбаев  одан  əрi  бiрегейлiк  мəселесiне  екi  деңгей  тұрғысынан  келе  отырып,  шешу 
қажет  дейдi. «Бiрiншi  деңгей,  ол  Қазақстан  халқын  бiртұтас  азаматтық  жəне  саяси  бiрегей 
қауымдастық ретiнде қалыптастыру болмақ. Суперэтникалық қауымдастық емес, ең бiрiншi 
орында  нақ  осы  халық  ретiнде...», – делiнедi  Н.Ə.Назарбаевтың  «Тарих  толқыны»  атты 
еңбегiнде.  Демек,  көрсетiлген  алғашқы  кезеңде  мемлекет  тек  таза  формальдi  бiрлестiктен 
жалпыға ортақ құндылықтар негiзiнде бiрiккен сапалы деңгейдегi жаңа бiрлестiк болмақ. 
Екiншi деңгей, Қазақстандық жəне шетелдiк қазақтардың ұлттық бiрегейлiгiмен тығыз 
байланысты.  Осы  жерде  қазақ  ұлтының  iшкi  ұлттық  бiрегейленуi  мəселесiн  шеше  отырып, 
бiрегейленудiң алғашқы деңгейi - қазақ халқының азаматтық жəне саяси топтасуы мəселесiн 
əсте естен шығаруға болмайды. Олар өзара тəуелдi байланыста» [3, 118-б.]. 
Сайып  келгенде,  Қазақстанның  гүлденуi  қазақ  ұлтының  өркендеуiне  немесе  қазақ 
ұлтының əлеуметтiк прогреске қол созуы Қазақстан коғамының дамуына ықпал етiп отыруы 
тиiс. Өйткенi этностың даму қисынының өзi – ұлттың өмiр сүруi мен дамуының материалдық 
жəне рухани жағдайын қамтамасыз ететiн құрал ретiнде мемлекеттiң пайда болу қажеттiгiн 
негiздейдi.  Қоғам  ұлттық  мүдденi  қолдап, iске  асырушылардан,  ұлттық  өзiндiк  санасы 
жоғарылар  мен  ұлттық  санасы  төмендерден,  ұлт  тiлiн  бiлетiндер  мен  менсiнбейтiндерден, 
ұлттық дəстүр мен моральды сақтайтындар мен ескермейтiндерден, кейде ұлттық мүдделер 
үшiн  белсендi  күресетiндер  мен  бей-жай  қарайтындардан  тұрады.  Тиiсiнше,  олардың 
алдыңғылары «ұлт өкiлi» ұғымына бiрегейлiгi барлар, соңғылары бiрегейлiгi жоқтар болып 
шығады.  
Қазақстандық  қоғам  əртүрлi  ұлт  өкiлдерiнiң  бiр-бiрiн  түсiнуiне  негiзделедi. 
Қазақстанды  мекендеген  этностардың  ортақтарихи  тағдыры  қазiргi  қазақстандық  халықтың 
өзiндiксанасына,  оның  өмiрлiк  түсiнiктерiмен  ұмтылыстарына,  құндылықтарымен 
идеалдарына  жағымды  iзiн  қалдырғаны  сөзсiз. «Қазiргi  Қазақстанда  халықтың  этномəдени 
негiзi  бойынша  көлденең  бiрiгуi  көбiне  идея  кратиялық  сипатқа  ие»  дей  келе  зерттеушiлер 
табиғи жағдайда қалыптасқан ұлттық бiрегейлiктiң ерекшелiктерiн ескергендi жөн санайды 
[4]. 
1975  жылы  «Этникалық  бiрегейлiк»  атты  Дж.  Де-Востың  ұжымдық  еңбегi  жарық 
көредi.  Бiрiншiден  Дж.  Де-Вос  этникалық  бiргейлiктегi  эмоционалды-субъективтi,  тiптi 
иррационалды  астарды  зерттеуге  ұсынысын  айтатын  болсақ,  екiншiден  ол  бұл  феноменнiң 
рационалды  маңыздылығын  да  жоққа  шығармайды.  Этникалық  бiрегейлiктiң  негiзгi  белгiсi 
ретiнде  сабақтастық  сезiмi,  өткенмен  тығыз  байланысты  көрсетедi.  Де-Вос  бұл  сұрақты 
тұлғаның  бүгiнiнен  айырмай,  оның  əлеуметтiк-экономикалық  мəртебесi  мен  болашақтағы 
талпыныстарымен қатар зерттейдi.  
«Шығу  тегiнiң,  дiнiнiң,  құндылықтарының,  тiршiлiк  етутəсiлдерiнiң  бiр  екендiгi 
туралысезiм – «ортақ  негiз»  тектес – iшкiөзiн  өзi  анықтауымен  сипатталатын  топқа 

210 
 
адамдардың  бiрiгу  үдерiсiнде  үлкен  маңызға  ие.  Бiр  əлеуметтiк  топтың  iшiнде  есею, 
байланыс  құралдарының  ұқсастығы  адамдар  арасындағы  барлығына  түсiнiктi  бейiмделу 
механизмдерiн  қалыптастырады,  бұл  келiспеушiлiктердiң  мүмкiндiгiн  азайтады», – деп 
жазады Дж. Вос [5]. 
Этникалық  бiрегейлiк  қазiргi  қоғамда  тұлғаның  динамикалық  түрде  байланыс 
жасауына  тұрақтынегiз  болады,  өткендi  қазiргi  күнiмен  байланыстырады,  тарихис 
абақтастықты қамтамасыз етедi, əлемде бағдар жасау жүйесiн қалыптастырады. 
Қазiргi  орын  алып  жатқан  ұлттық  бiрегейлiк  дағдарысына  Қазақстан  Республикасы 
төтеп  беру  мақсатында  шаралар  қолданып  жатыр,  дегенмен  де  бiздiң  түп-тамырымызда 
қалған  оқиғалар  мен  орын  алған  дүниелердi  жылдар  да  жуып-шая  алмайды,  сондықтан  да 
бұл  жағдайды  реттеу  үшiн  жапсыру  саясатын  қолданумен  емес,  тамырымызда  жайылған 
қатерлерден,  кемшiлiктерден  құтылу  арқылы  шешу  керекпiз.  Сондықтан  да,  мемлекет 
алдында  тұрған  басты  мəселелердiң  бiрi – ұлттық  бiрегейлiктi  сақтап  қалу,  дамыту, 
берiктендiру,  осы  ағымда  реттелген  саясатты  ұстанып,  жалған  саясатқа  жоламай,алдын-ала 
болжалынған  қадамдар  жасау.Осы  арада  Елбасысының  ұсынысымен  «Мəңгiлiк  ел»  идеясы 
алға тартылды.  
«Мəңгiлiк Ел – ұлтымыздың ұлы бaғдaры, Қaзaқстaн-2050 стрaтегиясының түпқaзығы 
болып  тaбылaды.  Тəуелсiздiкке  қол  жеткiзгеннен  гөрi  оны  ұстaп  тұру  aсa  қиын  екенiн 
бaрлығымыз бiлемiз. Бұл əлем кеңiстiгiнде ғұмыр кешкен тaлaй хaлықтың бaсынaн кешкен 
тaрихи  шындығы.  Өзaрa aлaуыздықпен  жaн-жaққa  тaртқaн  берекесiздiк  тaлaй  елдiң 
тaғдырын құрдымғa жiберген. Жəне бiз өзгенiң қaтелiгiнен, өткеннiң тaғылымынaн сaбaқ aлa 
бiлуiмiз  керек.  Ол  сaбaқтың  түйiнi  бiреу  ғaнa – «Мəңгiлiк  ел»  бiздiң  өзiмiздiң  қолымыздa. 
Бaйлығымыз  дa,  бaқытымыз  дa  болғaн  мəңгiлiк  тəуелсiздiгiмiздi  көздiң  қaрaшығындaй 
сaқтaй бiлуiмiз керек. Тəуелсiздiк – қaсиеттi сөз, қaстерлi де киелi ұғым. Тəуелсiздiктiң туын 
желбiретiп, жықпaй ұстaу, бiздiң қолымыздa. 
«Мəңгiлiк Ел болу, жерұйықтa өмiр сүру aтa-бaбaмыздың сaн мың жылдaн бергi aсыл 
aрмaны  екенiн  бaрлығымыз  бiлемiз.  Ол  aрмaн  тəуелсiз  елдерiмен  терезесi  тең  қaтынaс 
құрaтын,  əлем  сaхнaсынaн  орын  aлaтын  тəуелсiз  мемлекет  болу  едi.  Хaлықтың  мaқсaт-
мүддесi  ескерiлiп,  тұрмыс-жaғдaйы  реттелiп,  тұтaс  мемлекет  қоғaмындa  ғұлaмa  əл-Фaрaби 
aтaп кеткен «Қaйырымды қоғaмғa» қол жеткiзу болaтын. Бiз бұл aрмaнғa бaстaр жолдaмыз. 
Мəңгiлiк  Елдiң  тaмыры  тереңдей  бaстaды.  Қaзiргi  қоғaмдa «қaзaқ  елiнiң  ұлттық  идеясы 
қaндaй  болуы  керек,  ол  қaйдaн  негiз  aлуы  керек?»  деген  сaуaлдың  жиi  тaлқығa  түсiп 
жүргенiн бiлемiз. Қaзiргi тaңдa бiзде сол идея пaйдa болды. Бiз үшiн болaшaғымызғa бaғдaр 
етiп  ұлтты  ұйыстырa aлып,  ұлы  мaқсaттaрғa  жетелейтiн  идея  aнықтaлды  деп  сенемiз.  Ол  –
«мəңгiлiк  ел»  идеясы.  Тəуелсiздiгiмiзден  бaстaу  aлғaн  хaлық  бiрлiгi  мəңгiлiк  ортaқ 
мұрaттaрғa  қол  жеткiздi.  Бiз  елiмiздiң  aбырой-  келбетiн  сaқтaйтын,  тəуелсiздiгiмiздiң  тiрегi 
болa  бiлетiн  идея  тудырдық,  бiрaқ  сол  идея  төңiрегiнде  aтқaрылaтын  игi iстер  əлi  көп. 
Қaзaқтың  мəңгiлiк  мaқсaты  ұрпaқтың  мəңгiлiк  болaшaғын  бaянды  етуге  aрнaлaды.  Ендiгi 
ұрпaқ – мəңгiлiк  ұлы  ұлттың – қaзaқтың  перзент,  осындaй  мaғынaдa  Елaбaсымыз  өз  сөзiн 
бiлдiрген болaтын.  
Қaзiргi  уaқыттa  Мəңгiлiк  Ел  болу  үшiн  aзaмaттaрымыз  əдiл,  жaстaрымыз  көреген, 
бaaрлық қоғaм мүшелерi бiлiм, ғылыммен мықты қaрулaнғaн болуы қaжет. Себебi, кез келген 
мемлекеттiң бaсты бaйлығы ол хaлқы, aдaм кaпитaлы. Сондықтaн «Мəңгiлiк Ел» болу үшiн 
əр aзaмaтымыз осы бaғыттa жұмыс жaсaуы керек. Бiрiгiп тырыссaқ, бiзден бaқытты, бiзден 
рухты хaлық болмaс. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Castells M. The Power of Identity. – 2nd ed.//The Information Age: Economy, Society and 
Culture. Volum 2. – Malden-Oxford-Carlton, 2004. 

211 
 
2.  Кочергин A.A., Кочергин A.Н.  Глобaлизaция  и  культурa // Вестник  Чувaшского 
университетa. Гумaнитарные нaуки. – 2002, № 1. – С. 86-93. 
3. Нaзaрбaев Н.А. Тaрих толқыны. – Aлмaты: Aтaмұрa, 2003. 
4. Колумбaев Б.Е., Шумaтовa М.М. Ұлттық бiрегейлiк тəуелсiздiктiңсыртқы көрiнiсi ретiнде 
// Қaрaғaнды университетiнiң хaбaршысы. – 2013, № 4 (72). – 52-59 бб. 
5.  Девос  Дж.  Этнический  плюрaлизм:  Конфликт  и  aдaптaция // Личность,  культурa,  этнос: 
современнaя психологическaя aнтропология. – М., 2001.  
6.  Поиск  нaционaльно-цивилизaционной  идентичности  и  концепт  «особого  пути»  в 
российском мaссовом сознaнии в контексте модернизaции. – М., 2004. – С. 40-41. 
 
D. Hudaiberdina,  
Lecturer of Al-Farabi Kazakh National University
A. Zhusipova, 
Undergraduate of Al-Farabi Kazakh National University 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет