Тәрбие сағатының тақырыбы: «1 мамыр – Халық бірлігі күні»



бет1/2
Дата24.05.2023
өлшемі21,07 Kb.
#96391
  1   2
Байланысты:
1-МАЯ


Тәрбие сағатының тақырыбы: «1 мамыр – Халық бірлігі күні»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға, Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі яғни Қазақстан Республикасы сырттан келген өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алған пейілі ашық, етек жеңіі кең Елдердің бірі екенін, солсебепті сырттан келген босқындар үшін Қазақ елі оларға «алтын бесік» болғандығын ұғындыру. Қазақстан жастарын патриотизмге, елін, жерін сүюге және Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға шақыру.

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.

Сабақтың барысы:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар және аяулы шәкірттер! 

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «1 мамыр – Халық бірлігі күні» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – Мағыжандай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

І жүргізуші: Еске ап бүгін татулықтың бұл күнін, 
Ынтымақтың көрсетіп біз бір қырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін-дей келе бүгінгі бірлік күніне арналған тәрбие сағатымызға қонаққа келген ұлттармен таныс болайық:

  1. 4 «А» сынып «Корей» ұлты

  2. 4 «Ә» сынып «Орыс» ұлты

  3. 4 «Б» сынып «Қытай» ұлты

4 «В» сынып «Өзбек» ұлты

  1. 4 «Г» сынып «Түрік» ұлты

  2. 4 «Ғ» сынып «Қазақ» ұлты



ІІ жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Керегеміз бірлік болып тіреп тұр.

І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел іргесі тыныш, жұрт аман. Осы берекеміздің қаймағы бұзылмағай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы достықпен татулықтың арасын кір шалмасын.

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Ендеше сайысымыздың келесі кезеңімен таныс болыңыздар:
1 кезең: Таныстыру. Ұлттар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді.
2 кезең: Құттықтау кезеңі. Арамызда отырға өзге ұлт өкілдері өз тілдерінде Қазақ халқына болға құрметін жеткізеді.
3 кезең: Өнерлі ұлт. Бұл кезеңде ұлттардың өнерін тамашалаймыз. Әр ұлттық өнері ән, би, өлең т.б.
4 кезең: Сән үлгісі. Әр ұлт өздерінің ұлттық киімдерін таныстырады.
5 кезең: Мақал-мәтел сайысы. Ұлттар достық, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел айтады.
6 кезең: Ас – адамның арқауы. Бұл кезеңде әр ұлтттың ұлттық тағамдарын әзірлейді.
Қазылар алқасымен таныстырып, солардың әділ бағаларының арқасында жеңімпаздар анықталады.
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 32 жыл толып отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің ордалы жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет