Терминологиясы


-ист жұрнағы, коммунизм, социализм, ленинизм деген тер- мин сөздердегі -изм



Pdf көрінісі
бет80/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124
-ист жұрнағы, коммунизм, социализм, ленинизм деген тер-
мин сөздердегі -изм қосымшалары қазір қазақ тілінің ак-
тив жалғауларының қатарына жатады. Шынында, бір кез-
де бұл жұрнақтар марксизм-ленинизм ілімінің көптеген 
қағидаларын түсіндіруге жəне идеология мəселелерін оқып 
үйренуде қажет болды. Ол кездегі ұстанған бағыт осылай 
болатын. Сол себепті де осы тұста Энгельстің аударуға 
көнбейтін терминдерді сол күйінде алу қағидасын
103
тағы да 
еске сала кеткіміз келеді.
103
Энгельс Ф. Развитие социализма от утопии к науке. М., 1974. С.4.


241
Дəл осы сөз болып отырған жағдай қазақ тілінің даму, 
қалыптасу тарихында да болды. Қисыны келсін, келмесін 
халықаралық терминдерді қалайда қазақшалауға («ортақ-
шыл», «жан жүйесі», «пішендеме», «ортақшылдық», 
«низам», «алпауыт», «дүл-дүл қара», «қара айғыр» т.т.) 
тырысқан кездер болды. Сонымен бірге дүниежүзінің көп-
теген тілдеріне тараған халықаралық терминдерді сол 
қалпын сақтап қабылдаудың қажеттігін үлгі тұтқан көзқа-
растар да болды. Мысалы, С.Сейфуллиннің мына бір сөзіне 
көңіл қоялық: 
«Қазақ тілі, қазақтың əдебиет тілі əлі қанша дегенмен 
кедей. Біз білетін, қолданып жүрген сөздің аздығынан кей-
де біз ойымыздағыны толық айта алмаймыз, кейбір нəрсені 
ойдағыдай, қиялдағыдай толық суреттей алмаймыз... Міне, 
сондықтан біз тілімізді байытуымыз керек. Байыту үшін сөзді 
көрші елдерден де алудан қорықпауымыз керек. Онан соң 
өз еліміздің ішінде əрбір аймақта айтылып жүрген сөздерді 
қопарып алып, əдебиет жүзіне шығаруымыз керек. Сонан 
соң солай барымыз əдебиетімізге, елге сіңген үйреншікті 
болып алынып кетеді, керексіз сөз жалпы тіл шеңберінен 
шығып қалып отырады»
104
.
Тіліміздің даму барысын тексеріп қарасақ, шынында да 
мұндай тəжірибелер болып жатқан. Өмір заңдылығы тер-
мин жасаудың екі ыңғайдағы принципін алға тартады. Жəне 
бұл бірден-бір дұрыс бағыт болып шықты. Бұл принципті 
ұстанғандар қоғамның даму заңдылығын дұрыс түсінген, 
сондықтан да ілгері қарайтын зиялылар еді. Өмірде, тұрмыста 
күнделікті туындап, қажеттілікті өтеуге қызмет ете бастаған 
нəрсені тоқтату, тежеу тіпті де мүмкін емес қой. 
Бірақ тіл дамуында орын алған бұл ыңғайдағы ізденістер-
дің біріне-бірін қарсы қойып, бітіспес жау көзқарастар 
есебінде түсіндіру дұрыс емес. Осындай əрекеттер орынал-
ғаны мəлім. Бұл жерде идеологияның басын ауыртудың 
104
Сейфуллин С. Шығ. 5-т. 447-448-бб.


242
қажеті жоқ. Сөзжасам процесінде кезеңіне орай орын теп-
кен əр алуан əрекеттер, ізденістер бола береді. Бұлардың 
қай-қайсысы да тіл дамуында септігі тиген құбылыстар. 
Міндет – сол заңды жүйені дұрыс танып, бағалай білуде, əрі 
мұның терминжасам процесіне тигізер пайдасын аңғарып, 
соны саралай түсуде. Өйткені мұның бəрі – ұлт мəдение-
тінің негізгі тірегі болып есептелетін ана тіліміздің жазу, 
сызуын, терминологиялық жүйесін қалыптастырар қам-
қаракеттер.
Көрші туыс республикалар мəдениет тарихынанда біз 
осы тектес жайларды байқаймыз. 
Жасыратыны жоқ, қазақ тілінің негізгі сөздік қоры 
түгілі, сөздік құрам қатарынан біз бүгінгі таңда сан сала боп 
қанаттана дамып, тамыр жайып кеткен ғылым тармақта-
рына байланысты жасалған, енген, қалыптасқан термин 
сөздерді бұрын кездестіре бермейтінбіз. Тек бірен-саран 
сөздерді ғана төңкеріске дейінгі мерзімді баспасөз беттерінен, 
азын-аулақ басылымдардан кездестіріп қалатынбыз»
105
.
Зерде салсақ, ғылыми атаулардың бəрі қазақ тілінің 
кейінгі 70 жылдық кезеңнің табысы екен. Мұның сала-
саласына қатысты қазір тілімізге əбден сіңісіп, қалыптасып 
кеткен терминдерді де,өзге халық ұғымының ауанымен 
қазақ тіліне аударылып, калькаланып, баламаланып жасал-
ған сөздерді де молынан кездестіреміз. Бұл – тіл проце-
сінде орын алған ақиқат. Мұны есепке алмай болмайды. 
Мысалы, бір ғана филология ғылымының өзіндегі термин 
сөздерге зер салалықшы. Біз бұл күндері осы ғылым сала-
сына байланысты ойларымызды, зерттеулерімізді, дəріс-
терімізді академик, доцент, профессор, университет, ла-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет