Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси тұрғыдан жаңа белеске



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6129
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сапарың оң болсын, Университет түлегі!

УНИВЕРСИТЕТ

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ

№3-4 /48-49/, 7 маусым, жұма, 2013 жыл

ГАЗЕТ 2000 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНАН ШЫҒАДЫ

... Заманымыз - мәдениет заманы, мәдениетке білім жеткізеді

Халел Досмұхамедов

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси тұрғыдан жаңа белеске 

көтерілуі кезеңінде үлкен өмірге жолдама алған Сіздердің болашақтарыңыздың жарқын болуын қалаймын. 

Өркениетті  қоғамда  студент  –  жастар  алдыңғы  қатарлы,  ерік  –  жігері  мықты,  интеллектуалдық  даму 

деңгейі жоғары, салмақты күш болып табылады.  

Бүгінгі жастар – біздің ертеңгі болашағымыз. Ал, болашақты қалыптастыруда Ел Президенті Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатымен елімізде барлық жағдай жасалған. Елбасының «Қазақстанның 

кемел болашағы–бүгінгі жастарымыздың қолында» деп атап көрсеткеніндей, өздеріңізге, еліміздің жастары-

на, тәуелсіздік ұрпақтарына зор сеніммен қараймыз. 

Жыл  сайын  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінен  мыңға  жуық  жас  маман 

үлкен өмірге жолдама алып, ел болашағы үшін қызмет етуге аттанады. Биылғы жылы университетті 798 

студент бітіреді, оның 583–і аударма ісі, юриспруденция, ауыл шаруашылығы, экономикалық, техникалық, 

гуманитарлық  бағыттарда  және    стандартизация,  метрология,  сертификация,  туризм,  журналистика, 

актерлық өнер, дизайн, психология мамандықтары бойынша бітіріп шығады. Ал, 215 түлек педагогикалық 

мамандықтар бойынша білім алып, ұстаз деген ұлағатты есімге лайық болғалы отыр. 

Университет бітіруші 95 түлек үздік диплом иелері.

Қымбатты түлектер!

Сіздерді университетімізді ойдағыдай бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Осы жерде өсіп, 

ержеткеннен кейін, оқып, білім алып, адал қызмет ету әрқайсыңыздың азаматтық парызыңыз. Университет 

бітіргеннен бастап Сіздер – тәуелсіз Қазақстанның ересек азаматы, ел сенім артып отырған болашақ білікті 

мамандарсыздар. Баршаңыздың мақсат – мүдделеріңіз Отанымызды, туған жерімізді көркейтуге жұмылсын 

дегім келеді. 

Сапарларыңыз  сәтті  болсын,  университет  түлектері!  Әрқашан  үздіктер  қатарынан  орын  алып,  алған 

мамандықтарыңыздың хас шебері атануларыңызға тілектеспін. 

                                                 Ізгі тілекпен,

ректор, профессор                                        Б.Мамраев

Жүрегіңде арман, қиял булығып,

Болашақты бетке ұстадың ту қылып

Білімді орда студенті атандың

Өн бойыңда өзге мақсат,туды үміт.

Есер мінез қалды алыстап мектепте

Өзгерді әлем, өзгерді ауаң, жер-көкте.

Жар салумен ұран тұрды алдыңда

«Оқуды ойла, маман атан тер төк те»

Өсті,ер жетті кешегі ауыл баласы

Үлкендердей жетті ойлауға санасы.

Оқу орны, одан қалса барар жол 

Кітапхана, жатақхана арасы.

Осылайша өтті төрт жыл зымырап

Студенттік өмір қызық,сыры-бақ.

Маман болып қоштасады енді олар

Сағыныш кеп жанарларға жығылад.

Қимастықтан соғар білем жүректер

Алыстайды қайран сәттер жыр еткен.

Сәттіліктер тоссын алдан әрдайым

Халелімнен түлеп ұшқан түлектер! 

     


Ұлмекен Шаукенова,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 

II курс студенті

Біз, қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының І курс студенттері, 

Ақтау қаласындағы Ш.Есенов 

атындағы Каспий мемлекеттік 

технологиялар және инжиниринг 

университетінде фольклорлық 

практикадан өттік. 

Бұл  біз  үшін  үлкен  тәжірибе  болды. 

Шығармашылық, рухани, тұрғыдан бай-

ып,  Маңғыстау  өлкесінің  табиғатымен, 

қарттарымен  таныстық.  Ел  аузын-

да  жүрген  көне  жырлардың  кейбір 

нұсқаларын  жинақтап,  мұражайларды 

аралап,  тарихи  орындармен  танысуға 

мүмкіндік  алдық.  Ш.Есенов  атындағы 

университетінің 

өнерлі 

жастары-


мен  достық  пейілмен  араласып,  ай-

тыс 


ұйымдастырдық. 

Түпқараған 

ауданы  Форт  –  Шевченко  қаласына 

барып  ақсақалдарымен  кездесіп,  та-

рихи  өлкетану  мұражайы  жәдігерлерін 

көрдік.  Осы  практикадан  бізге  үлкен 

әсер  қалдырған  Қытайдың  Шыңнақ 

университетінен  келген  профессор 

Комуна  Жанбоздың  дәрісі  болды. 

Тұрмыс  –  салт  жырларының  бізге 

таңсық  түрлерін  атап  өтіп,  Қытайдағы 

қандастарымыздың өмірімен таныстыр-

ды. Бұл тәжірибе бізді үлкен өрлеу жолы-

на бастады деуге болады. 

  Түпқараған  ауданының  әкімшілік 

орталығы  Каспий  теңізінің  шығыс 

жағасында орналасқан Форт – Шевченко 

қаласы. Қалаға 1932 жылы Украинаның 

ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың аты берілді. 

2006 жылы қаланың 160 жылдық мерей-

тойы атап өтілді. 

  Форт  –  Шевченко  қаласында  XIX 

ғасырының  аяғы  мен  ХХ  ғасырының 

басындағы 

азаматтық 

сәулет 


ескерткіштері  орналасқан.  Қалада 

Маңғыстау  өлкесі  тарихында  елеулі 

іс  қалдырған  белгілі  тас  өңдеу  шебері 

І.Серікбаев,  бай  кәсіпкер  меценат 

З.Дубский,  түркімен  ақыны  Хатам  Шай-

ыр, жырау Мұрын Сеңгірбайұлы сияқты 

тұлғалар тұрған. 

  Қалада өндірістік кәсіпорын, автокөлік 

кәсіпорны,  баспахана,  аудандық  бай-

ланыс  бөлімі,  2  мектеп,  4  балабақша, 

2  кітапхана,  3  мұражай,  қонақүй,  ауру-

хана,  емхана,  дәріхана  жұмыс  істейді. 

Бұл  жерде  тарихи  ғимараттар  көп 

екен.  Атап  айтқанда,  Ново–Петровск 

бекінісінің 

қалдықтары, 

Шевченко 

мемориалдық  мұражайы,  Төменгі  және 

Жоғары  Түпқараған  шамшырақтары, 

халық 


үйі, 

Қорғантас 

түбіндегі 

ғибадатхана, 

қалалық 

байланыс 

торабының  ғимараты,  І.Серікбаевтың, 

М.Сеңгірбайұлының тұрған үйлері бар.



Бөбек Қабдырашева, 

қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының І курс студенті  

2

УНИВЕРСИТЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Ұлтаралық байланыс 

аясында  

«Новруз» ұлттық орталығының өкілі Эл-

дар Мамедоғлы Ахметов және Азербай-

жан Республикасының бас консулы Рашад 

Эйнаддинұлы Маммадов университеттің бір 

топ оқу озатына Азербайжан Республикасының 

бұрынғы Президенті, мемлекет және қоғам 

қайраткері Гейдар Алиевтің туғанына 90 жыл 

толуына орай Гейдар Алиев атындағы шәкіртақы 

сертификатын тапсырды. Кездесу барысын-

да елші Р.Маммадов университет ректоры 

Б.Мамраевқа алғыс хат табыс етті. 



Желаяқтар жарысы

Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінің Жастар саясаты орталығы 

және дене шынықтыру кафедрасының 

ұйымдастыруымен Жеңіс саябағынан бастап 

Жайық жағасы бойымен 4 шақырымға созылған 

жеңіл атлетикадан жаяу жарыс болып өтті. 

Жеңімпаздар ректордың Алғыс хатымен ма-

рапатталып, соғыс және еңбек ардагерлеріне 

ақшалай сыйлық табыс етілді. Университет 

ректоры Б.Мамраев ардагерлерді мерекемен 

құттықтады.

   


Жас маман – 2013

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінде «Жас маман – 2013» атауымен биылғы 

түлектерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті. Бітіруші 

түлектер жәрмеңкесіне қаламыздағы қырықтан астам меке-

меден жұмыс берушілер келіп түлектермен кездесті. 



Білім орталығы ашылады

 

2013 жылдың 13 мамыр күні Қытай Халық 



Республикасы Конфуция білім орталығының 

директоры Ли Джунхю және өкілі Ли Ши Пинь 

университет ректоры Б.Мамраевпен кездесті. 

Кездесу барысында білім орталығын ашу туралы 

келісімге қол қойылды. 

Қазақстан Филологтарының съезі 

16 – 17 мамыр күндері Астана қаласында 

Филологтар съезі болып өтті. Съезге әр тарап-

тан 550 – ден астам делегат қатысты. Үлкен 

деңгейде өткен филологтар съезіне ф.ғ.д., про-

фессор, университет ректоры Б.Мамраев және 

орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі

ф.ғ.к., С.Дүтбаева қатысты. 



Астана экономикалық формуы 

Ел Ордамыз Астанада өткен ҮІ Астана 

– экономикалық форумына 130–дан астам 

мемлекеттік өкілдер қатысқан екен. Міне, осындай 

географиялық жағынан кең ауқымды форумға 

университет ректоры, профессор Б.Мамраев 

бастаған  біздің бір топ ғалымдарымыз қатысып 

келді.


Жастар форумы 

Шекаралас мемлекеттердің аймақтық жастар 

форумына университетіміздің Жастар саясаты 

орталығы мен оқу – телерадио орталығының 

мамандары қатысып, өзара пікір алмасты. 

Түлектердің кездесуі

1993 жылы осы оқу орнын «Қазақ тілі мен 

әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген 

түлектер 17 мамыр күні Атырау педагогикалық 

институтын бітіргендеріне 20 жыл толуына 

орай университетіміздің мәжіліс залында 

ұстаздарымен және осы мамандықтың І – ІІ курс 

студенттерімен кездесті. 



Материалды дайындаған

Азамат Даулетқалиев, 

«Университет» газетінің тілшісі 

Академик Салық Зимановтың өмір жолын, азаматтық және адами бол-

мысын насихаттау мақсатында Экономика және құқық факультеті, 

жастар саясаты орталығы және заң клиникасының ұйымдастыруымен 

ұстаз-ғалымдар, студенттер, әділет, құқық қорғау органдары, арна-

улы орта оқу орындары (колледж) басшылары мен қызметкерлерінің 

қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты Салық Зимановтың 

өмір жолын, азаматтық және адами болмысын насихаттау, оның 

Қазақстанның заң ғылымын қалыптастырудағы еңбегі мен мемлекет 

және қоғам қайраткері ретіндегі қызметімен жас ұрпақты таныстыру 

болатын. Кездесудің құрметті қонақтары ретінде академик Кенжеғали 

Сағадиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов

заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ғылымы мен 

өмірі халықаралық журналының бас редакторы Есберген Алауханов, 

Евразия Гуманитарлық институтының профессоры Қабдеш Ыдыры-

сов, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын, «Қазығұрт» баспасы ЖШС 

Президенті Темірғали Көпбаев  қатысты.

Салық  Зимановтың  өмір  жолы  көпке 

өнеге.  Қатардағы  жауынгер  болып,  Ұлы 

Отан  соғысына  аттанып,  полк  командирі 

ретінде  жеңіспен  елге  оралды.  Бейбіт 

еңбекке араласты. Қазақстан тарихында 

заң  ғылымдарының  алғашқы  академигі 

болды.


Қиын  да  қызықты  өмір  жолында  биік 

парасат – пайымымен, адамгершілік асыл 

қасиеттерімен  ерекшелене  білген  абы-

ройлы  азаматтың  ғибратқа  толы  жолы 

кейінгілерге, жас ұрпаққа үлгі – өнеге бо-

лып, мәңгі  есте қалатындығы айтпаса да 

түсінікті. 

Салық  Зиманов  1990  –  1995  жылы 

Қазақстан 

Республикасы 

Жоғарғы 

Кеңесіне  халық  депутаты  болып  сай-

ланып,  Жоғарғы  Кеңес  Төралқасының, 

Сыртқы  қарым  –  қатынастар  мен 

парламентаралық 

байланыстар 

комитетінің  мүшесі,  ардагерлер  мен 

мүгедектер  жөніндегі  комитет  төрағасы 

болды.  Білікті  заңгер  маман  ретінде 

егемендік,  тәуелсіздік  жолын  таңдаған 

Қазақстанның 

халықаралық 

қарым 

–  қатынастарын  заңдастырып,  қазақ 



тіліне  мемлекеттік  мәртебе  беру, 

президенттік  басқару  институтын  енгізу, 

құқықтық  –  демократиялық  реформа-

ларды  жүргізу  ісіне  белсене  араласты. 

Ол  1992  –  1993  жылы  Қазақстан  Ре-

спубликасы 

Президенті 

жанындағы 

Консультативтік  кеңестің,  мемлекеттік 

саясат  жөніндегі  ұлттық  кеңестің  мүшесі 

болды. Оның ғылыми – зерттеу еңбектері, 

негізінен,  мемлекет  және  құқық  тарихы 

мен  теориясы,  Қазақстан  мен  Орталық 

Азияның басқа да аймақтарында ұлттық 

мемлекеттердің  қалыптасуы  мен  дамуы, 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

тәуелсіздігі  сияқты  өзекті  мәселелерге 

арналған.  Сондай–ақ  академиктің  құқық 

теориясына, қазақтың дәстүрлі құқықтық 

мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты 

бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді.

1986  жылы  Желтоқсан  оқиғасы 

кезінде  де  ол  азаматтық  ерлік  көрсетті. 

Империялық орталықтың үлкен лауазым-

ды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан 

астамшылық пікірлеріне тайсалмай қарсы 

шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты 

да  кесімді  дәлелдермен  қорғап  қалды. 

Қазақстан  Республикасы  құрылғаннан 

кейін оның ғылыми және қоғами – саяси 

қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды.

Қазақстан  мемлекеті  мен  құқығының 

тарихын, ұлттық мемлекет құрылымының 

теориялық  мәселелерін  зерттеуде  жаңа 

ғылыми  бағыт  қалыптастырып,  әділ 

сотты  қамтамасыз  ету  үшін  республи-

ка  сот  мүшелерінің  қатысуымен  «билер 

алқасын» енгізуге басшылық жасады.

Салық Зиманұлы 10 томдық «Қазақтың 

ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми 

жетекшілік  жасаған.  Ол-Қазақстан  Ре-

спубликасы  Президентінің  Бейбітшілік 

пен  рухани  келісім  сыйлығы,  Қазақстан 

мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты, 

«Парасат»,  «Отан»,  «Қызыл  жұлдыз» 

ордендерімен 

және 

медальдармен 



марапатталған. 

Салық 


Зимановтың 

еліміздің 

еңселі, 

тәуелсіздігіміздің 

тұғырлы, келешегіміздің кемелді болуына 

сіңірген еңбегі өлшеусіз. 

Кездесуді  университет  ректоры  Бейбіт  

Мамраев  кіріспе  сөзбен  ашып,  Салық 

Зимановтың еңбек жолына, Қазақстанның 

заң  ғылымына  қосқан  өлшеусіз  үлесіне 

тоқтала  отырып,  мәжіліске  арнайы  келіп 

қатысып  отырған  қонақтармен  таны-

стырды.  Бұл  кездесудің  абзал  азамат, 

парасатты  ғалым,  академик  Салық 

Зиманұлының  еңбектерін  ұлықтаудың 

айқын бір көрінісі болып табылатындығын 

айтты.  Кездесуге  шақырылған  қонақтар 

Салық  Зимановтың  өмір  жолынан, 

еңбектерінен  естеліктер  айтты.  Сонымен 

қатар кездесуде Есберген Алаухановтың 

құрастыруымен  басылған  «Ғылымдағы 

ғасыр  абызы.  Академик  С.Зиманов» 

кітабының  тұсаукесері  өткізіліп,  акаде-

мик  Кенжеғали  Сағадиев  университет 

кітапханасына құқықтану мамандығының 

оқытушылары  мен  студенттері  үшін 

таптырмас  оқу  құралына  айналатын 

«Ғылымдағы  ғасыр  абызы.  Академик 

С.Зиманов»,  С.З.Зимановтың  «Қазақтың 

билер  соты  –  бірегей  сот  жүйесі»  және 

ғалым  өзінің  «Реформы:  аналитический 

взгляд» атты 5 томдық кітаптарын табыс 

ете  отырып,  Салық  Зиманов  атындағы 

стипендияға  құқықтану  мамандығынан 

бір  студентін  және  Кенжеғали  Сағадиев 

атындағы 

стипендияға 

экономика 

мамандығының  бір  студентін  ұсынуға 

өтініш  білдірді.  Бұл  оқу  үлгерімі  жоғары, 

ғылыми  жұмыстармен  белсене  айналы-

сып жүрген студенттер үшін үлкен қолдау 

екені айтпаса да түсінікті. 

Осы  шара  аясында  Экономика  және 

құқық факультетінде академик Салық Зи-

манов  атындағы  Конституциялық  құқық 

дәрісханасы  ашылды.  Конституциялық 

құқық  дәрісханасында  академик  Салық 

Зимановтың 

өмірбаяны, 

академик 

Сұлтан  Сартаев  пен  Қайрат  Мәмидің 

естеліктері, азамат пен адам құқығының, 

бостандығының 

және 

міндеттернің 



конституциялық  негіздері,  Қазақстан  Ре-

спубликасы Конституциясының құрылымы 

жасақталып, 

Салық 


Зимановтың 

шығармалар  жинағының  толық  10 

томдығы,    көптеген  бағдарламалық 

құжаттар,  деректтер  және  зерттеулерден 

құралған қазақтың ата заңдары кітаптары 

қойылған.



Самал Альдешова,

экономика факультетінің меншікті 

тілшісі 

Биылғы жылы география мамандығының  ІV 

курс студенттерінің кезекті кешенді практи-

касы Маңғыстау облысында өткізілді. 

Студенттер  практикада  теориялық  білімдерін 

тәжірибемен  ұштастыра  отырып,  Маңғыстау 

облысының 

жалпы 

географиясымен, 



жер 

бедерімен, өсімдіктері және жануарлар дүниесімен 

танысты. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік 

технологиялар  және  инжинеринг  университетінің 

оқу-зертханалық 

аудиторияларын 

аралап, 

студенттерімен тәжірибе алмасты. Кешенді практи-

ка кезеңінде Каспий теңізіне, Маңғыстау облыстық 

тарихи-өлкетану мұражайына, Батыс және Шығыс 

Қаратау  жотасына,  Ыссыбұлақ  шипалы  жерасты 

суына, Қарақия ойысына, Жаңаөзен қаласына се-

руендер жасап, Маңғыстау өңірі туралы білімдерін 

тереңдетті.  Студенттер  кешенді  практикадан  уни-

верситетке үлкен таныммен оралды. 

Роза Альжанова, 

география кафедрасының меңгерушісі, доцент.

ЗАҢҒАР  ЗАҢГЕРГЕ  АРНАЛДЫ

КИЕЛІ  МАҢҒЫСТАУ  ЖЕРІНДЕ

Ақпараттар 

күнделігі


3

МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ

Егеменді ел атанып, алтын күн астында қалықтаған қыраны бар 

көк байрағымызды, күллі тарихымызды бедеріне сыйғызған 

Елтаңбамызды бекітіп, арғы – бергімізді түгендеп, Алтай мен 

Атырау арасын тұтастырған шекарамызды шегендеп, Сарыарқа 

төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтердік. Елбасы 

Н.Назарбаевтың сабдарлы саясаты, алыстан болжайтын 

кемеңгерлігі нәтижесінде дербес мемлекет болып еңсемізді тік 

көтердік.

 

1992  жылдың  4  маусымы  –  тари-

хи  күн.  Сол  күні  Парламент  отыры-

сында  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік 

 

рәміздері: 



Туы, 

Елтаңбасы, Әнұраны бекітіліп, мемле-

кет басшысының  Жарлығымен 4 ма-

усым – «Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  Рәміздері  күні»  болып 

жарияланды.  

Бүкіл ел бұл күнді жылма – жыл атап 

өтеді.  Бұл  –  Қазақ  елінің  тұғырының 

мықтылығын,  мәртебесінің  биіктігін, 

еліміздің ерекшелігін айқын көрсетеді. 

Ежелгі заманнан бері барлық елдің 

өздерінің  туы,  елтаңбасы,  ұраны 

болған.  Ол  әр  елдің  басқа  елдерден 

ерекшеленетін басты белгілері еді.

Ел туын биік ұстау дәстүрі мыңдаған 

жылдар  бойына  ұрпақтан  ұрпаққа 

жалғасын тауып келеді. Егемен  елдің 

Мемлекеттік  туына,  елтаңбасына, 

әнұранға конкурс жарияланды. Барлық 

авторлардың  ішінде  халқымыздың 

талантты  ұлдарының  бірі  Шәкен 

Оңдасынұлы  Ниязбеков  ұсынған 

жоба  негізінде  жасалған  қасиетті  көк 

байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің 

қыран қанатты көкшулан туы жеңіске 

ие  болса,  танымал  сәулетшілеріміз 

Жандарбек Мәлібеков пен Шот–Аман 

Уәлихановтың  жасаған  жобалары 

бәрінен  үздік  болды.  Әнұран  болып 

Мұқан  Төлебаев,  Евгений  Брусилов-

ский,  Латиф  Хамиди  жазған  әуен 

қабылданды  да,  ән  тексіне  конкурс 

жарияланды.  Мұзафар  Әлімбаев, 

Қадыр 


Мырзалиев, 

Тұманбай 

Молдағалиев,  Жадыра  Дәрібаева 

жазған  мәтін  қабылданды.  Бірақ  осы 

рәміздердің  ішінде  әнұранды  өзгерту 

мәселесі  кейіннен  алға  қойылды. 

2005  жылдың  6  қаңтарында  ҚР 

Парламенті  Сенаты  мен  Мәжілісінің 

бірлескен  отырысында  «Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  ны-

шандары  туралы»  Қазақстан  Респу-

бликасы  Президентінің  Заң  күші  бар 

Жарлығына  өзгерістер  енгізу  тура-

лы»  Қазақстан  Республикасының 

Конститутциясының  Заңының  жоба-

сы қаралды. Онда үкіметтің ұсынысы 

бойынша  Мемлекеттік  әнұранның 

әуені мен мәтінін жаңарту көзделді. 

Сонымен,  Шәмші  Қалдаяқов  пен 

Жұмекен  Нәжімеденовтің  «Менің 

Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран 

болып қабылданды. 

Әннің  мәтініне  Президент  өз 

қолымен 


өзгертулер 

енгізді. 

Әнұранның  жаңа  мәтінінде  ғасырлар 

бойы  тәуелсіздік  үшін  күрескен  баба-

лар ерлігі көрсетілді, екіншіден, сол ата 

–  бабалардан  қалған  асыл  мұрамыз 

–  жеріміздің  кең  байтақтығы  орын 

алды; үшіншіден, еліміз бен жеріміздің 

байлығы  біздің  ұрпақтарымыздың 

болашағына  жарқын  жол  ашатыны 

айқын көрініс тапты. 

Президенттің    өз  қолымен  енгізген 

өзгерістері  өте  сәтті  шыққандығын 

Парламент  Мәжілісінде  Мұхтар  Ша-

ханов, Әбіш Кекілбаев және басқалар 

ерекше атап өтті. 

Нұрсұлтан 

Назарбаев 

Әнұран 

авторларының  бірі  болып  аталды. 



Жаңа Әнұран ресми түрде 2006 жылы 

11 қаңтарында Қазақстан Президентін 

ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

Қазақстан 

Республикасының 

Әнұраны 


бірлікке, 

ынтымаққа, 

достыққа,  жастарды  қайсарлыққа, 

еліміздің 

тәуелсіздігін 

қорғауға 

шақырады.  Әнұранды  орындағанда 

бойыңды  ерекше  бір  күш,  мақтаныш 

сезімі  кернейді.  Өйткені  Әнұран 

тәуелсіз  жас  мемлекетімізді  бүкіл 

дүниежүзіне паш ететін алтын да асыл 

сөздермен жазылған.   

Ел 

рәміздері 



туралы 

әңгіме 


республикамыздың 

барлық 


аймақтарында, 

кішігірім 

елді 

мекендерінде,  әр  мекемеде  жылма 



–  жыл  ерекше  аталып  өтеді.  Мұның 

негізінде  әрбір  ел  азаматының  өзінің 

туған  еліне  деген  сүйіспеншілігі, 

елжандылығы жатыр.    

Мемлекеттік  рәміздер  –  еліміздің 

егемендігі  мен  тәуелсіздігін  паш 

ететін  нышандар.  Бұл  рәміздер 

біздің 


мемлекетіміздің 

өткені, 


бүгінгі  және  болашағы  арасындағы 

сабақтастықтың жарқын бейнесі. 

Мемлекеттік 

рәміздер 

– 

халқымыздың рухын, ұлттық салт – са-



насын, қаһармандығы мен даналығын, 

болашаққа  үмітін,  арман  –  тілегін 

жеткізетін ерекше құнды белгілер. 

Желбіреген 

аспан 

түстес 


байрағымыз  халқымыздың  арманын 

асқақтатып,  қыран бүркіттей елімізді 

аспан әлемінде қалықтатып тұр. 

Біздің  бүгінгі  елтаңбамыз  ел 

тарихының  тереңінен  тамыр  тар-

тып,  ұлттық  рухымызды  асқақтатып, 

қанатты  тұлпардай  ұшқырлығын 

айғақтап  келеді.    Бабаларымыздың 

ғасырлар  бойғы  арманын  «Менің 

Қазақстаным»  деген  құдіретті  әуен 

ұлы  болашаққа  асқақтата  көтеріп 

бара жатады. 

«Менің Қазақстаным» әнінің Әнұран 

болғаны  бүкіл  қазақстандықтарды 

қуанышқа  бөледі,  себебі  бұл  әнді 

кішкене баладан бастап бүкіл ел жатқа 

білетін еді. 

Бұл  жаңалыққа  ерекше  қуанған 

адамдардың 

бірі 


мен 

едім. 


Себебі 

Жұмекен 


Нәжімеденов 

шығармашылығы 

менің 

зерттеу 


тақырыбым  болатын.  Ақын  по-

эзиясына 

елдің 

құштарлығы, 



Президенттің  өзінің  таңдауы  –  ақын 

шығармашылығына  берілген  биік 

баға еді. Оның үстіне 2010 жылы ком-

позитор  Шәмші  Қалдаяқовтың  да, 

ақын  Жұмекен  Нәжімеденовтің  де 

шығармалары  мемлекеттік  сыйлыққа 

ие болды. 

Бұл – ұлы туындылардың ешқашан 

өшпейтіндігінің  тағы  бір  дәлелі. 

«Биік  мансап,  биік  жартас  –  ерінбей 

еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп 

ұшып  қыран  да  шығады»  деп  ұлы 

Абайдың  айтқаны    Шәмші  мен 

Жұмекенге  айтылғандай.  Биік  ман-

сап, биік даңққа олардың жалындаған 

шығармалары  қыранша  екпіндеп 

шықты десе болады. 

Көк Байрағымызды, Ел таңбамызды, 

Әнұранымызды    әрқашан  құрметтеп, 

қастерлеу  -  біздің  азаматтық  па-

рызымыз.  Олар  бізге  нұр  береді, 

сарқылмас  қуат  береді,  Елге  деген 

сүйіспеншілігімізді арттырады. 

Мен  сөзімді  сегіз  жасар  талантты 

Жамбыл ақынның сөзімен аяқтаймын. 

Мен, мен едім, мен едім,

Тәуелсіз елдің таңы едім. 

Кіршіксіз көңіл ақ қардай 

Халқымның аппақ ары едім.

Көмейден шығып, көкке өрлеп,

Даламды кезіп жырлаған.

Аталар  салған,  аналар  салған  ән 

едім.

Көк туым шалқып төрімде 



Елімнің бағы таймасын! 

Жас болып ару Астанам 

Құлпырып күндей жайнасын! 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет