«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015 тіл және қОҒам №3 (41) / 2015 альманах



жүктеу 2.58 Mb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата15.03.2017
өлшемі2.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
№3 (41) / 2015
альманах

2
«Тіл жəне қоғам» №3 (41) / 2015
Бас редактор
Қонысбай ӘБІЛ
Редакциялық кеңес:
Құрылтайшы: 
Қазақстан Республикасы
 Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси 
жұмыс комитеті
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Қазақстан Республикасының 
Ақпарат министрлігінде тіркелген
№ 516-ж куәлігін берілген 
(14.06.2004)
альманах
Ербол Нұрғалиев
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс 
комитеті төрағасының орынбасары
Қойшығара Салғараұлы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  жазушы
Кеңес Юсуп 
Жазушы, аудармашы
Ғарифолла Есім 
 ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың 
лауреаты
Алдан Смайыл
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сауытбек Абдрахманов
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» 
акционерлік қоғамының президенті, филология 
ғылымдарының докторы
Дихан Қамзабекұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің проректоры, ҚР ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Дархан Қыдырәлі
ҚР  Білім және ғылым министрлігі 
Халықаралық түркі академиясының 
президенті, тарих ғылымдарының докторы
Айдос Сарым
Саясаттанушы

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
3
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Қ
азақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген, жайдары да жалпақ 
тіл.  Оған  қысылып-қымтырылу,  асығып-аптығу,  ерін  ұшынан 
шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толты- 
рып  айтады.  Қазақ  сөзі  қашанда  даланың  қоңыр  желіндей  аңқыл- 
дап,  еркін  есіп  тұрады.  Қазақ  тілінің  биязы  мақамы  –  домбыраның 
күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі – шырқап салар әніндей.
Қазақтың жер байлығы, кен байлығы, мал байлығы жөнінде қазір 
жұртқа  түсінік  беріп,  дәлел  келтіріп  жатудың  қажеті  шамалы.  Бұл 
жағы онсыз да айдай әлемге кеңінен мәлім. Тіпті, біздің материалдық 
байлығымызды  өзімізден  гөрі  жат  жұрттықтар  жақсы  біле  ме  дей- 
мін.  Бұл  күндері  шетел  капиталының  Қазақстан  десе  балға  қонған 
арадай үймелеуі өзіміздің, не көзіміздің әдемілігінен болмас. Оларды 
маңайына  магниттей  тартып  тұрған,  бәлкім,  сол  қазақ  жерінің 
қазынасы шығар.
Әйткенмен,  шет  жұрттықтар  қолымыздағы  күлшені  ғана  танып 
қоймай,  өзімізді  танып  білуі  керек.  Егер,  көрсете  алсақ,  қазақтың 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  рухани  қазынасы  өз  жеріндегі  табиғат 
кенішінен  бір  де  кем  емес.  Бірақ  біз  сол  асылдарымызды  бүгінге 
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ
Халық жазушысы, Мемлекеттік 
сыйлықтың лауреаты
Ұлттың жаны – тілде

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
4
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
дейін  дүниеге  таныта  алдық  па?  Әсіресе,  қазақтың  әлемдегі  ең  бай, 
ең оралымды, ең сұлу тілде сөйлейтінін қазір бізбен араласып жүрген 
халықтар біле ме? Өзгені былай қойып, ата-бабадан мұра боп қалған 
ана тіліміздің қадір-қасиетін бүгінгі ұрпақ – өзіміз жете танып жүрміз 
бе?
Тіл теңізінде емін-еркін жүзбеген, рухын бойына сіңірмеген жандар 
қайдан білсін. Ал тереңіне бойлап, дәмін тұшынған адамға қазақ тілі 
–  халық  қазынасының  тұтас  бір  қоймасы  іспетті.  Өйткені  бертінге 
дейін  жазу-сызуы  жалпыласпаған  көшпенділер  өз  бойындағы  бар 
асылын тілмен өрнектеп, өзінің дақ түспеген таза зердесіне сақтаған 
ғой. Ал адам зердесі жансыз қағаз емес – жоқтан өзгенің бәрін жинай 
беретін. Ол тек ақыл-ойдың інжу-маржанын ғана іріктеп алды.
Қазақ даласы – бүкіл түрік әлемінің қара шаңырағы десек, сол туыс 
тілдер ішіндегі ең байырғысы да, көп өзгеріске ұшырамаған тазасы да 
– қазақ тілі екендігін бұл күнде сонау Анадолы түріктерінен бастап, 
бүкіл қандас бауырларымыз түгел мойындайды. Олай болатыны, «тіл 
тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп түсінген бабаларымыз бұл 
өнерге айрықша мән берген. Оққа тоқтамаған жерде сөзге тоқтаған. 
Қара қылды қақ жарған кемеңгер билеріміз кезінде ердің құнын екі 
ауыз сөзбен шешкен екен. Ақындар мен шешендер дау-талас, айтыс 
үстінде аталы сөзді аттап өтпей, жолдан жығылып, сөзден сүрінгенін 
ерлерше мойындап, «ой, тіліңе шоқ түссін!» деп отыра кеткен деседі. 
Ана тілінің құдіретіне данышпан Абайдың өзі қайран қалған. Ұлы 
ақынның  «қазақтың  өзгелерден  тілі  ұзын»  дейтіні  немесе  «өткірдің 
жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп таңдай қағатыны сол 
сүйініштен туған. Абай нені айтса да біліп айтқан ғой. Бәлкім жаңағы 
сөздер  Пушкин  мен  Лермонтовты,  Крыловты  қазақшалағанда,  өз 
аудармасының түпнұсқадан асып түскеніне көзі жеткен соң, ақынның 
сөз өнерін тамашалаудан тууы да ғажап емес. 
Шешендердің аузынан шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз 
келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс 
өзара  ұйқасып,  жымдасып  жатады.  Тыңдаушысын  бірден  ұйытып 
әкететін  осы  үндестік  пен  әсем  ырғақ  құлақ  түбінде  хрустальдай 
сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді.
Ана  тіліміздің  осы  қасиетін  өткен  ғасырларда  қазақ  даласын 
аралаған  саяхатшы  ғалымдардың  бәрі-ақ  таңырқай  атап  өткен.  Ақ 
патшаның  қаһарына  ұшырап,  жер  ауып  келген  поляк  оқымыстысы 
Адольф  Янушкеевич  Арқадағы  елді  аралап  жүріп,  1846  жылы  өз 
күнделігіне былай деп жазған екен: «Мен осыдан бірнеше күн бұрын 
өзара дауласқан екі ру билерінің сөз сайысына куә болдым. Цицерон 
мен Демосфенің кім екенін өмірі естіп көрмеген шешендердің ғажайып 
өнеріне  қол  соғуыма  тура  келді...».  Әрине,  Янушкеевич  бұл  сөздерді 
қазақтың әлі қаймағы бұзылмай тұрған кезде, Ақтайлақ, Барақ (бергі 
Сұлтанбайдың  Барағы),  Құнанбай,  Алшынбай  билердің  дәуірінде 
жазып  отыр.  Одан  бері  қанша  ықылым  заман  өтті.  Әсіресе,  соңғы 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
5
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
жетпіс  жылдың  «қыл  көпірінен»  аттап  өту  қазақ  үшін  бәрінен  де 
ауыр  болды.  Сүйегі  шашылып  жатқанда,  сөзді  түгендеген  кім  бар? 
Отаршылдар  басымыздағы  бағымызды,  алдымыздағы  малымызды 
тартып  алумен  тынбай,  тілімізге  тиек,  аузымызға  қақпақ  қойды. 
Нәтижесінде,  ана  тіліміз  айдалада  қалып,  бір-бірімізге  орысша  шүл- 
дірлейтін  күн  туды.  Сөйтіп,  арада  ондаған  жылдар  өткенде,  кешегі 
«мұрттары  көкке  шаншылып»,  күмбір-күмбір  сөйлейтін  асау-арда 
дала қазағының орнын өз тілін ұмыта бастаған қаланың «шала қазағы» 
басты. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  жағдайын  ойлағанда,  менің  көз  алдыма  көп 
жылдар  кім  көрінген  жайдақ  мініп,  құйрық-жалынан  айырылған, 
арқасы  ошақтай  жауыр,  әбден  қанжілік  боп,  төрт  аяғынан  бірдей 
тұралап  қалған  тұлпар  елестейді.  Сол  жүдеп-жадаған  жүйрікті 
көргенде,  «сені  тұлпардың  басы  деп  кім  айтар,  мені  Толыбай 
сыншының баласы деп кім айтар?» дегендей, егіліп жылағың келеді. 
Шіркін,  шын  жүйрікке  ем-дом  жасап,  жаратып  баптасақ,  жілігіне 
қайтадан  май  жүгіріп,  сүйегі  ағарып,  ежелгі  қалпына  келер  ме  екен 
деп, соны армандайсың.
Бұрын империяның итпесінде жүрген бодан кезімізде бізді ешкім 
сөкпейтін-ді.  Қайта  ноқталы  басқа  ноқай  мінез,  шолақ  сана,  шүлдір 
тіл жарасып тұратын... Енді бәрі басқаша. Қанша айтқанмен, тәуелсіз 
мемлекет  деген  атымыз  бар.  Тәуелсіз  елдің  өз  әскері,  өз  елтаңбасы 
болғаны сияқты, өзінің мемлекеттік тілі де болуы заңды. Бұдан былай 
біздің  дипломаттарымыз  шет  жұртқа  барғанда,  өз  мемлекетінің 
атынан қазақша сөйлемей, басқа бір тілде сөйлеп тұрса, сүйекке таңба, 
мойнымызға  мін  болады.  Шетелдіктер:  «Байғұстар-ай,  мыналардың 
өз тілі де жоқ екен-ау» деп мүсіркеуі мүмкін ғой... Ал парламентіміз 
өз  мәжілістерін  бұдан  кейін  де  баяғы  үрдіспен  орысша  жүргізсе, 
ол мемлекет тілін аяқ асты ету ғана емес, қазақ халқын күнде көзге 
шұқып, қорлаумен бірдей. 
Ал бізде мемлекет басқару ісінде қазір тіл мәселесі қалай шешіліп 
отыр? Жасыратын не бар, әйтеуір түрі, аты-жөні қазақ деп сырттай 
мәз  болғанымызбен  министрлер  мен  облыс,  аудан  әкімдерінің 
бірталайы  қазақша  шала  біледі.  Өз  ұлтымыздан  шыққан  кейбір 
халық депутаттарының да қазақы әріптерге тілі келмей тұрады. Оған 
өздері  қымсынбайды  да.  Несіне  қысылсын:  жаңа  Конституциядағы 
«мемлекет тілін білмеу ешкімге  кедергі жасамайды» деген қыстырма 
сөйлем солар үшін қосылған жоқ па?! Ал өз қандастарымыздың жайы 
осылай  болып  тұрғанда,  өзге  ұлт  өкілдеріне  «сен  қазақ  тілін  білуің 
керек» деп қалай талап қоярсың?!
Сонымен  қазір  мынадай  кереғар  жағдай  қалыптасып  отыр. 
Мемлекеттік  мәртебесі  бар  қазақ  тілі  –  жәй  қара  халықтың  тілі  де, 
үкімет  басында  отырған  атқамінерлер  басқа  ресми  тілде  сөйлеуі 
керек.  Тіпті  ана  тілін  жап-жақсы  білетіндер  де  қазақша  сөйлеуге 
ерініп,  әлі  де  баяғыдай  орысша  сырғытады.  Қазір  дүние  жүзінде 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
6
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
парламент  мәжілісі  өз  мемлекетінің  тілінде  өтпейтін  бір  ел  болса,  
әй,  сол  біздің  Қазақстан-ақ  шығар.  Өзімізді  құр  алдарқатып  керегі 
не,  егер  республика  парламенті  мен  президент  аппараты  қазақша 
сөйлемесе,  оның  «мемлекет  тілі»  деген  мәртебесі  жәй  ұран  күйінде 
қала бермек.
Айта  берсе,  ана  тіліміздің  мұң-мұқтажы  көп-ақ.  Жалпы  стиль 
мәселесі,  тіл  қолданысы,  сөздік  қорымыздың  бұралқы  сөздермен 
былғануы  т.б.  мәселелер  жеке-жеке  әңгіме  етуді  тілейді.  Қазір 
баспасөзде  тілді  талғамсыз,  қалай  болса  солай  қолданатыны  сонша, 
кішкентай  ғана  газет  хабарын  аяғына  дейін  оқып  шығудың  өзі  бір 
азап. Бұған күнде құлағыңның етін жейтін радио мен теледидардағы 
қойыртпақ  сөздерді  қосыңыз!  Әйтсе  де,  біз  баспа  бетіндегі 
кінәраттарды  басқа  бір  кезекке  қалдырып,  бұл  жолы  тек  «біз  қазір 
қазақша қалай  сөйлеп жүрміз?» деген мәселе төңірегінде ой өрбітсек 
дейміз.
Иә, айтты-айтпады, біз қазір қалай сөйлеп жүрміз? Бұған дейін тілші-
ғалымдарымыз бар назарын грамматиканы зерттеуге, қатесіз, дұрыс 
жазу жағына аударды да, ал қазақша қалай сөйлеп жүрміз деген сауал 
ешкімнің  ойына  келген  емес.  Бұрын  орысша  оқыған  жастарымыз, 
әйтеуір ана тілін ілдебайлап ұққанына, өз тілінде шала-шарпы болса 
да сөйлегеніне мәз болдық. Ал ілуде бір өзге ұлт өкілдері қазақша бес-
алты ауыз сөздің басын құрып, бірер қайырым ән салып берсе, оны 
керемет ерлікке балап, ат мінгізіп, шапан жаптық. Бірақ, оның есесіне, 
ана  тіліміздің  күн  өткен  сайын  әрінен  айрылып,  жорғасынан  танып, 
дөкпек  желісті  «қой  торыға»  айналып  бара  жатқанын  ескергеніміз 
жоқ. Ұзақ жылдар мемлекет мінбесінен орын тимей, отбасынан ұзамай 
қалған тіл де қанатынан қайрылып, мешел баладай мешеу тарта береді 
екен  ғой.  Бір  кезде  ұлы  билердің  көкірегінде  дамылдап,  көрігінде 
шыңдалған  қазақ  тілінде  бұл  күнде  бірен-саран  болмаса,  суырылып 
сөйлейтін  шешен  қалмады  деген  не  сұмдық?  Былайша  сөйлегіштер 
бар ғой, ол жағы жетіп артылады. Бірақ солардың бәрі дерлік қызмет 
бабында  орысша сөйлеп жаттыққандар.  Небір аузымен құс  тістеген 
азаматтар орысша мүдіріссіз заулай жөнеледі де, қазақшаға келгенде 
аяғына  жем  түскен  аттай  кібіртіктеп  қалады.  Ойлап  қарасаң,  тіпті 
қазақы шешендік өнеріне  баулитын орта қалмаған екен-ау! Әрқашан 
қисынға,  сөзге  жүгінетін  кісіні  шешендікке  тәрбиелейтін  бір    орын 
– баяғы билер кеңесінің мұрагері – сот мәжілістері болса керек еді. 
Бірақ  ақтаушы  мен  айыптаушыға  кезек  сөз  беріп,  пікір  жарыстыру 
арқылы ақиқатқа  жету үрдісі кеңес соттарында мүлде болмады ғой. 
Сотта тірі адам емес, үнсіз, тілсіз баптар үстемдік етті. Оның үстіне, 
бертінге  дейін  бізде  сот  мәжілістері  тек  орыс  тілінде  жүргізілді. 
Бәлкім, жетпіс жыл ішінде «шіркін, бәленшекеңнің қисынды сөзі-ай! 
Бәленбайды  құрдымға  кеткен  жерінен  суырып  алды-ау!»  дегізетін, 
қазақтан  жөні  түзу  бірде-бір  адвокаттың  шықпауы  соның  салдары 
шығар.

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
7
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Біз  манадан  бері  қазақтан  шыққан  көсемдер  мен  шешендерді 
іздеп шарқ ұрып отырмыз. Онымыз – шынын айтсақ, астамшылық. 
Біз әуелі қазақша қалыпты сөйлей аламыз ба, соған келейікші. Қазір 
жиналыстарда,  не  радио  мен  теледидарда  сөйлеп  жатқан  жұртты 
тыңдап отырып, «япыр-ау, біздің халықтың қақ жартысы, шынымен-
ақ, шәлдірік пен быдыққа айналып кеткені ме» деп қайран қаласың. 
Шаласы  емес,  қазақша  тәп-тәуір  білетіндердің  өзі  солай.  Тегінде, 
қалыпты  дұрыс  сөйлей  алмайтындарға  қазақтың  өзі  қойған  неше 
түрлі  айдары  бар:  сақау,  шолжың,  тұтықпа,  кекеш,  шәлдірік,  быдық 
дегендей.  Сенсеңіз,  міне,  осылар  күн  өткен  сайын  көбейіп  барады. 
Егер тілді де бас мүшелердің бірі деп санасақ, бұларды да жарымжан, 
мүгедек демеске амалың жоқ.
Ал осы «быдықтар» қайдан пайда болды? Көктен түсті ме, жерден 
шықты  ма?  Жоқ,  олар  да  –  осы  жердің  перзенті.  Ұзаққа  созылған 
«халықтар достығы лабораториясының» бізге қалдырған жемістерінің 
бірі. Енді қалай? Ана тілі жас ұрпаққа ана сүтімен бірге сіңбесе, жас 
нәресте  тілі  шығар  кезде  қай  тілде  былдырлауды  білмей,  екі  жақты 
қысым  көрсе,  өскеннен  кейін  де  қазақша  көсіліп  сөйлейтін  тілдік 
орта болмаса, ондай ұрпақтан кілең быдық пен шәлдірік шықпағанда 
қайтеді? Былайша от басында немесе басқа бір шағын ортада кім қалай 
сөйлесе де ерікті ғой. Сорымызға қарай, ондай быдықтар соңғы кезде 
радио  мен  теледидардан  түспейтін  болды.  Шетінен  тілші,  шолушы 
боп, орналасып алған. Әлгі азаматтар жолсыз жермен арба айдағандай 
салдырлата жөнелгенде, біразға дейін қай тілде сөйлеп тұрғанын біле 
алмай, аңырып қаласың. Кейде бір быдық тілші мен кекеш кейіпкердің 
«сұхбаты»  жүріп  жатады-ау.  Қашан  аяқталғанша  шашың  ағарып 
бітеді.
Бұл  күлкі  емес,  ағайындар,  халық  басындағы  үлкен  трагедия.  Бір 
халықтың жас буыны түгел дерлік өзінің сөйлеу мәнерінен жаңылып 
қалуы  –  аз  қасірет  пе?  Мұның  әзірше  жанға  батпай,  көпшіліктің 
елемей жүрген себебі, қазақтың байырғы сөйлеу үлгісін қазір екінің 
бірі біле бермейді. Оны айыру үшін де құлақ керек!
Ал енді осы ауыр халді түзетуге бола ма? Болады, әрине. Тек біраз 
тер төгуді, бүкіл халық боп жұмылуды қажет етеді. Халқымыз өзінің 
күмбір  қаққан  сөйлеу  мәнерін  қайта  табуы  үшін  жас  ұрпақты  жай 
қазақша оқытып қана қою аз, одан басқа да толып жатқан шаралар 
керек. Бұдан былай тіл тәрбиесі ана сүтімен бірге бесіктен басталуға 
тиіс.  Бүлдіршіндердің  тәтті  тілі  отбасында,  сонан  соң  балабақшада 
шығатыны белгілі. Ал қазіргі балабақшаны быдықтар мен кекештерді 
шығаратын  «фабрика»  десе  де  болады.  Алдымен  осыны  жөнге  салу 
керек.  Сондай-ақ,  мектептегі,  әсіресе,  бастауыш  сыныптардағы 
тәрбиенің  негізгі  нысанасы  да  балаларды  тек  қатесіз,  дұрыс  жазуға 
ғана емес, дұрыс сөйлеуге баулу екенін естен шығармаған жөн.
Балабақша тәрбиешілерін ғана емес, бастауыш сынып мұғалімдері 
мен  жалпы  ұстаздар  қауымын  да  іріктеуге  тура  келеді.  Шәлдірік 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
8
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
шәкіртті  быдық  мұғалім  оқытқаннан  тіліміз  ешқашан  түзелмейді. 
Бұдан  кейін  педагогтік  оқу  орындарында  студент  қабылдағанда 
қазақша  сөйлеу  мәнерін  бір  шарт  етіп  неге  қоймасқа?  Әр  маусым 
сайын мектептің өз ішінде, кейде мектепаралық көркемсөз жарысын 
неге өткізіп тұрмасқа? Осының қай-қайсысы да көп шығын, қосымша 
қаржы талап етпейтін, өте қарапайым шаралар.
Әзірше,  қазақтың  айшықты  сөзін  сақтап  отырған  бір  топ  орын  
–  театрлар.  Жас  ұрпақты  театрға  немесе  театрды  жас  ұрпаққа 
жақындату  керек.  Кейбір  қойылымдарды  түгел  болмағанмен, 
ішіндегі маңызды монологтарын күйтабаққа, не таспаға жазып, неге 
таратуға болмайды? Қазақтың қыран үнді дикторы, марқұм Әнуарбек 
Байжанбаев  т.б.  талантты  артистер  оқыған  көркем  сөзді  таспаға 
жазып, көп данамен таратса, ол мектептегі ана тілі мұғалімдеріне де, 
қазақшаға шорқақ кейбір жас ата-аналарға да үлкен көмек болар еді. 
Әдетте, аса бір қимас жақының қатты ауырып өлім аузында жатса, 
алдымен соның беті бері қарап, жаны қалуын тілейсің ғой. Біз басында 
ана тілімізге де солай қарадық. Әйтеуір, құрдымға кетпей аман қалса 
екен  дедік.  Шүкір,  тіліміз  бір  апаттан  аман  қалғаны  анық.  Енді  сол 
тұлпар тілді дертінен айықтыру, құйрық-жалын сүзіп, бабына келтіру 
міндеті тұр алдымызда.
Дүниеде ана тілінің адамға беретін рахат-ләззатының орнын басқа 
ешнәрсе  толтыра  алмайды.  Кейде  қазақ  болып  туғаның  үшін  және 
әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің. 
Қазақ тілі – іргесі осыдан мыңдаған жыл бұрын қаланған, жас мөлшері 
Мысыр  пирамидасымен  тұрғылас,  бір  ғажайып  сәнді  сарай  секілді. 
Әттең, дүние! Біз оның әбден сыры көшіп, сыны кеткен, жел қағып, 
жауын шайып, мұқалған кезін көріп отырмыз ғой... Сол сарайдың төрт 
тағанын  тік  көтеру,  күн  сүйген  күмбезін  құлатпай,  тозған,  тоналған 
сән-салтанатын қалпына келтіру – бәріміздің қасиетті борышымыз.     

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
9
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Т
ілдің  пайда  болуы  адамзат  өркениетіндегі  ілгерілеудің 
маңдайалдысы болып табылады. Тіл сөйлеудің ғана құралы емес, 
ол әркімнің және барша қауымның кемелденуіне, озық тәжірибе мен 
жетістіктерді  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғастыруға,  сөйтіп  адамға  ғана 
тән жасампаздық әлеуетті үстемелей түсуге жол ашатын ұлы байлық 
әрі  әмбебап  құдірет.  Халықтың  мәнді  белгісі  ретінде  тілді  ауызға 
алатынымыз осыдан.
Тіл  қоғамдағы  немесе  нақты  мемлекеттегі  саяси-идеологиялық, 
экономикалық,  демографиялық  тағы  басқа  ахуалмен  тығыз 
байланыста  өседі  немесе  өшеді.  Жалпы,  адам  баласының  ұзына 
тарихына көз жіберетін болсақ, әлеуметтік дамудың екі-ақ моделі бар 
екенін байқаймыз. Бірі – әр халықтың табиғи-ырғақты заңдылықтар 
аясы  мен  ортасында  өмір  кешіп, өзінің  мемлекеттігін, шаруашылық-
мәдени типін, идеологиясын, болмыс-бітімін диалектикалық байланыс 
және  қатынастар  желісінде  айқындауы,  екіншісі  –  өзінен  күштінің 
қармағына  ілініп,  тәуелді,  отар  халық  ретінде  бөтеннің  айтқанына 
көніп, айдағанына жүруге мәжбүрленуі. Қазақ халқы осы баламаның 
екеуін де басынан өткерді. 
Табиғи-ырғақты  даму  халқымыздың  тарихында  ұзаққа  созыла 
қойған  жоқ.  Ол  ХV  ғасыр  ортасында  Қазақ  хандығы  шаңырақ 
көтергеннен  ХVІІІ  ғасыр  ортасына  қарай  Ресей  бодандығын 
Хангелді ӘБЖАНОВ
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы 
тарих және этнология
институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор
Ұлт тірегі – тіл

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
10
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
қабылдағанға  дейін  созылды.  Әрине,  Қазақ  хандығы  құрылғанға 
дейінгі дәуірді есептен шығарып тастайық деп отырған жоқпыз. Әрісі 
сақ,  үйсін,  қаңлылардан,  берісі  байырғы  түркілерден  тартып  қазақ 
этногенезіне, тілі мен мәдениетіне іргетас қаланғаны бүгінде күмәнсіз 
ақиқат.  Соңғы  үш-төрт  мыңжылдықтардағы  Қазақстан  аумағында 
генетикалық сабақтастық бұзылмағанын антрополог О.Ысмағұловтың 
зерттеулері  айғақтап  отыр.  Сақтардың  шаруашылығы,  әдет-ғұрпы, 
өмір салты жайлы көне тарихи деректерді оқығанда салтатты көшпелі 
өткеніміз,  киіз  үйіміз  бен  қымызымыз  еске  түсетіні  құпия  емес.  Ал 
Орхон  мұраларындағы  тілдік,  дүниетанымдық,  сенім-нанымдық 
тамырларымыз  еңбектеген  баладан  еңкейген  қартқа  да  ыстық 
көрінетіні басы ашық құндылық. 
Дегенмен  тарих  сахнасына  «қазақ»,  «Қазақ  хандығы»  атауымен 
көтерілгенге  дейінгі  кезеңнің  жөні  бір  басқа  да,  ХV-ХVІІІ  ғасырлар 
аясындағы  кезеңнің  жөні  бір  басқа.  Дербес  мемлекеттігін  құрған 
халқымыз  өткеннің  рухани-тілдік  мұрасын  кемеңгірлікпен  кәдеге 
жарата  отырып,  өзіне  ғана  тән  тілін,  мәдениетін,  салт-дәстүрін 
қалыптастыра алды. Бірнеше мыңжылдықтың қазынасына сүйенген 
үш  ғасыр  табиғи-ырғақты  даму  арқасында  тілдік  қоры  мейлінше 
бай  қазақ  халқына  әлемдік  өркениеттің  бел  ортасынан  орын  тебуге 
қол  жеткізді.  Бұған  айғақ-дәлел  жеткілікті.  Қазақ  хандығы  тұсында 
дүниеге  келген  өлең-жырларды,  толғауларды,  шешендік  сөздерді 
былай қойғанда, XIX ғасырда отар өлкеге келген басқа жұрт өкілдері 
тіліміздің  әсемдігін,  байлығын,  әсерлілігін  қалтқысыз  мойындап, 
қағазға жазып кетті. Левшин, Янушкевич сынды прогрессивті көңіл-
күйдегі тұлғалардың қазақ тілі жайлы айтқандары көпшілікке жақсы 
мәлім.  Ал  патша  заманында  өлкеде  лауазымды  қызмет  атқарып, 
қазақтарға  теріс  көзқарасын  жасыра  алмаған  С.  Броневскийдің  өзі 
біздің  тіл  байлығымыз  бен  шешендік  өнерімізді  мойындауы  біраз 
жайды аңғартса керек. 
Ресейлік  отарлаумен  қазақ  тілін  ығыстырудың,  оның  атқаратын 
функцияларын  шектеудің  бірінші  кезеңі  басталды.  Ол  бірнеше 
бағытпен  жүзеге  асырылды.  Ең  алдымен  өлкені  басқаруға  құрылған 
әкімшілік  мекемелерде  қазақ  тілі  қолданыс  таппады.  Іс  қағаздары 
орыс тілінде жүргізілді. Қоғамдық-саяси терминдер мен ұғымдардың 
Абай  өлеңдерінде,  қара  сөздерінде,  тіпті  XX  ғасыр  басындағы  Алаш 
зиялыларының  еңбектерінде  орысша  мол  кездесетіні  осыдан. 
«Военный  қызмет  іздеме,  оқалы  киім  киюге»,  «...  Губернатордың 
назначениясымен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді», 
«Оған  дознание-тергеу  шығарады»,  «Балам  закон  білді  деп,  қуанар 
ата-анасы», «Кәтелешке көбейді, сөгіс естіп тозды ажар», «Бұзықтық 
шығарған  адамдар  өз  болысының  приговорымен  немесе  осы 
положения  бойынша  билердің  билігімен  ақшаға  яки  тиісті  абақтыға 
жазаланады», деген жолдар Абай заманындағы кеңселік қазақ тілінің 
мүшкіл халін суреттеп отырған жоқ па?

Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет