Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата28.11.2023
өлшемі1,89 Mb.
#130576
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Макронаполненный 
композит химического отверждения Evicrol


Минитолтырылған (минифильді) 
композициялық пломбалық материалдар.
Түйіршіктер көлемі – 1-5 мкм. Қасиеттері бойынша 
микро- және макротолтырылған композиттердің 
ортасында орналасады. Қасиеттері бойынша 
минитолтырылған композиттер макротолтырылғандарға 
жақын болып келеді, бірақ толтырғыштың түйіршіктерінің 
кішіреюіне байланысты олар жақсы тегістеледі және 
қаттылығы төмен болады. 
Қолдану көрсеткіштері: 
шайнау (кішкентай 
қуыстары бар) және алдыңғы топ тістерін 
реставрациялау.
Материалдың түстік тұрақтылығы мен беріктілігі 
жеткіліксіз болғандықтан, олар қазіргі кезде көп 
қолданылмайды.
Өкілдері:
Призмафил (Стомадент) және т.б.


Мининаполненный композит Призмафил


Микротолтырылған (микрофильді) 
композициялық пломбалық материалдар.
Микротолтырылған композиттер 1977 ж. шығарылған. 
Бейорганикалық толтырғыштың мөлшері көлемі бойынша -
37%, түйіршіктер көлемі -0,04-0,4 мкм.
Толтырғыштың ұсақ түйіршіктерінің беткейлері жалпы 
үлкен алаңын алып отырғандықтан, олар органикалық 
матрицаның көп мөлшерін талап етеді, сондықтан 
матералдың беріктігі төмендейді. Басқа жағынан, бұл 
материалдар оңай, айнадай жылтыратуға келеді. 
Микротолтырылған композиттердің маңызды 
эстетикалық мінездемесі - материалдың көп түстің болуы. 
Түстері дентинге (опакты), кіреукеге, кесу қырына, 
ағартылған тістеріне сай болып шығарылады.
Материал түстерінің кең диапазоны тіс тіндерінің түсінен 
айырылмайтын пломбаларды қоюға мүмкіндік береді.


Микротолтырылған композиттердің оң қасиеттері:
-
жылтыратуға жақсы келеді;
-
жылтыр беткейдің тұрақтылығы;
-
жоғары түс тұрақтылығы;
-
жақсы эстетикалық қасиеттері;
-
төмен абразивті тозуы.
Микротолтырылған композиттердің теріс 
қасиеттері:
-
рентгенконтрасттіліктің төмен болуы;
-
жеткіліксіз механикалық беріктігі;
-
жоғары температуралық кеңею коэффициенті.
Микротолтырылған композиттердің қолдану 
көрсеткіштері:
• III, V класстық қуыстарды пломбалау үшін;
• тістің тісжегі емес ақауларын пломбалау үшін (кіреуке 
эрозиясы, гипоплазия, сынатәрізді ақау және т.б.);
• IV класстық қуыстарды эстетикалық пломбалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет