Темір 1336жылы 9 сәуірде Кеш қаласына жақын жердегі Хожа-Илгар ауылында дүниеге келген. Балалық шағы сонда өтті. Жастық шағынан садақ атуды, ат үстінде шабуды, аң аулауды ұнататын.Оның саяси қызметінің басталуы Моңғол ханы Шыңғысханның өмірбаянымен ұқсас іспетті. Темір ғалымдардың шығармаларын оқуды, олармен әңгімелесуді ұнататын. Ол өзінен кейін ондаған монументальді архитектуралық құрылыстар қалдырды,кейбіреулері әлемдік мәдениеттің қазынасы делінді. Ол көбіне өзіне жақын Мауаранахрды көркейтуге көп күш жұмсады,Самарқандтың гүлденуіне барын салды.
Темір барлық жаулап алған жерлерінен сәулетшілерді,шеберлерді,зергерлерді өзінің империясының қалалары: астанасы- Самарқандты, әкесінің елі- Шахрисабызды, Бұқараны, Түркестанды салуға айдап әкеп отырды.
Темір барлық жаулап алған жерлерінен сәулетшілерді,шеберлерді,зергерлерді өзінің империясының қалалары: астанасы- Самарқандты, әкесінің елі- Шахрисабызды, Бұқараны, Түркестанды салуға айдап әкеп отырды.
Көреген әмірші және дарынды қолбасшы. Жаулаушылық барысында қатал басшы болды, бағынбағандарды аяусыз жазалады.
Оның әкесі Тарағай барлас тайпасының көсемі болды. Ол екі рет үйленген: бірінші әйелі Темірдің анасы Текин-қатын,екінші әйелі- Қадақ қатын болды.
Темірдің үш ағасы және екі әпкесі болды. Әпкелері Темір тірісінде қайтыс болды, олар Самарқандтағы Шахи-Зинда кесенесінде жерленген.
Темірдің бірінші рухани ұстазы – сопы шейх Шамс Кулял ад- Дин болды. Негізгі рухани ұстазы – шейх Мир Сейд Береке болды.Ол 1370жылы Темір билікке келген кезінде оған биліктің символы- дауылпаз бен белгіні табыстайды.Онымен бірге жорықтарға қатысады. 1391жылы Темірге Тоқтамыспен болған шайқасы алдында оған өз батасын береді.
Әмір Темір Самарқандта тойда
Самарқандтағы Темір әпкелеріне арналған Шахи-Зинда кесенесі
Самарқандтағы Темірдің ұстаздарына арналған Рухабад кесенесі
Әмір Темір 1391жылы Тоқтамысқа қарсы соғысы кезінде Алтын Шоқы тауына 8қатар ұйғыр әріптерімен шағатай тілінде және 3қатар араб тілінде Қоран үзінділерін жазғызады. Қазір бұл тас Санкт- Петербургта Эрмитажда сақталады.
Темір мемлекетінің заңды құжаттары екі тілде жүргізілді: парсы және түркі тілінде.
Әмір Темірдің 18 әйелі болды, ең сүйікті әйелі Әмір Хусейн Улджай Турханның әпкесі болды. Басқа деректер бойынша ең сүйікті әйелі Сарай Мульк ь болған дейіледі. Оның өз балалары болмаған, бірақ Темірдің балаларын оған тәрбиелеуге берген. Әйелінің бұйрығымен Самарқандтта үлкен медресе және оның анасына арнап кесене салынады.
Әмір Темір және оның туыстары жерленген Гур-Эмир кесенесі
1347жылы Шағатай ұлысы екіге бөлініп кетті: Мауаранахр және Моғолстан
Әмір Темір 1370жылы Мауаранахрды басып алды. Солан 35жыл бойы- 1405жылға дейін жеке дара билік жүргізді. Алтын Орданы басып алудан бұрын оның өзіне жақын бөлігі Ақ Орданы әлсіретуді көздейді.
Ақ Орданың ханы Ұрыс Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын басып алуға көмектескені үшін Жошы ұрпағы Түйқожаны жазалайды. Ал оның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барады. Тоқтамыс уақыт өте келе Темірдің тапсырмасын жүзеге асырған соң, өзін Ақ Орда билеушісі деп жариялап, Темірге тәуелділіктен бас тартады.Оны жазалау үшін Әмір Темір 1391 жылы оған қарсы жорыққа шығады,Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерін қуып жетіп,қирата жеңеді.Тоқтамыс қашып құтылады. Әмір Темір 1395жылы Тоқтамысқа қарсы тағы да жорыққа шығады.Соғыс Терек деген жерде өтеді.Әмір Темір жеңіске жетеді.
Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары.
1371-1372жылдары Моңғолстанға әскер аттандырады. Бұл жорық Моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтарының бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390жылға дейін он шақты рет жорық жасаған.
1384-1391 жылдардың аралығында Алтын Ордаға және Моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған.
Моғолстанды біржола қаратып алу үшін оның түкпір түкпіріне 120 мың әскер аттандырады.
1390жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке өтеді.
Темірдің 1391жылғы Алтын Ордаға қарсы жорығы
Темірдің 1395жылғы Алтын Ордаға қарсы жорығы
Әмір Темір жорықтарының зардаптары.
Халық қырғынға ұшырады,шаруашылық күйреді.
Елдер арасындағы байланыс үзілді, қалалар қирады. Мәдениеттің дамуына зардабын тигізді
Ауа көшу, қоныс аудару күшейді,халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.
Шахрисабыздағы Темірдің ұлдары Джахангир мен Умар шейхтің кесенесі