«Толеранттылық бейбітшілікке апаратын жол» тақырыбындағы тәрбие сағаты Мақсаты: Оқушыларға «толеранттылық»



Дата02.05.2022
өлшемі16,13 Kb.
#33049
түріПрезентация
Байланысты:
«Толеранттылық - бейбітшілікке апаратын жол» тақырыбындағы тәрбие сағаты


«Толеранттылық - бейбітшілікке апаратын жол»

тақырыбындағы тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларға «толеранттылық» ұғымымен, оның шығу тегімен, мағынасымен және адамның адамгершілік қасиеті ретінде қалыптасуының өзектілігімен таныстыру.

Міндеттері:

  • Толеранттық мінез-құлықтың дұрыс идеясын қалыптастыру;

  • Оқушыларға олардың төзімділік дәрежесін бағалауға мүмкіндік беру;

  • Оқушылардың зейіні мен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;

  • Әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын дамыту;

  • Ұжымдастырушылық, ұйымшылдық сезімдерін тәрбиелеу;

  • Оқушылардың арасындағы сыйластық қарым-қатынасты дамыту.

Жабдық: компьютер, экран, проектор, мультимедиялық презентация.

Сабақтың барысы:

1. Балаларға сұрақтар қою:

  • Толеранттылық сөзін қалай түсінесіз?

  • Өзіңізді «толеранттымын» деп айта аласыз ба?

2. Презентация бойынша, толеранттылық ұғымын түсіндеру;

3. Қысқаша бейнеролик көрсету (Толеранттылық жайында).
Балалардан, осы видеодан не ұққандарын сұрау.

(https://www.youtube.com/watch?v=SJhsLEZs4Q0)

Толеранттылық – бұл төзімділік.

Толеранттылық – бұл ықыластық.

Толеранттылық – бұл даналық.

Толеранттылық – бұл адамгершілік.

Толеранттылық – бұл аяушылық.

Толеранттылық – бұл қайырымдылық

Толеранттылық – бұл әділеттілік

Толеранттылық – бұл кең пейілділік.

Толеранттылық – бұл өзара түсіністік

Толеранттылық – бұл тілектестік.

4. «Сиқырлы қол» ойыны (толеранттылық позициясын іздеуді қабылдау).
(Оқушылар параққа қолдарын түсіреді. Олардың толеранттылық қасиеттерін саусақтарына, ал алақандарына - өздерінде нені өзгерткілері келетіндерін жазу ұсынылады. Содан соң, қағаздан қолдың пішінін қиып алады. Сосын саусақтарын жұдырық қылып жабады. Мақсаты, жаңағы толеранттылық қасиеттерімен жаман қасиеттерін жеңеді).

Қорытынды:

Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз.



Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта Толеранттылық - бірлік, татулық, бір шаңырақ, тыныштық, тұрақтылық, бейбітшілік, тағдыр, ынтымақтастық, патриотизм, үйлесімділік, шыдамдылық, сенімділік, қамқорлық, достық екенін білдіңіздер. Толеранттылық - Қазақстан елінің басты мұраттарының бірі екенін түсіндіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет