Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме



бет13/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Ботулизм

Ботулиникалық микробтардан туындайтын ауыр түрдегі азық-түлікпен улану формаларының бірі.


Оның қоздырғышы – азық-түліктің (шұжық, балық, түрлі консервалар) ішінде жақсы көбеетін таяқша. Оның таяқшалары 1-6 сағат бойына қайнатқан жағдайда да сақталып қалады, формалиннің 20% ерітіндісі; фенолдің 5% ерітіндісі таяқшаларды 24 сағаттан соң ғана жоя алады.
Инкубациялық кезең - 2-24 сағат, 2-3 тәулікке дейін созылады. Ауру жұқтырған соң адам әлсізденіп, тамаққа тәбетін жоғалтады, құсып, ішек ауруы байқалады. Көру қабілеті әлсізденеді (көз алды тұманданып, жарыққа ракциясы нашарлайды, көз алмалары қозғалыссыз болады). Одан соң сөйлеу қабілеті бұзылады, бұлшық еттері әлсірейді, тыныс алу мүшелерінің мешелдігінен адам ақыл- есін біле тұра өледі. Өлім жағдайы 60-85%.


Туляремия

Лимфатикалық түйіннің зақымдануына тән жалпы инфекциялық ауру. Қоздырушысы – ұсақ коккобактерия, ол ұзақ уақыт бойына (90 және одан да артық тәуліктер бойына) суда сақталады, құрғақ топырақта (25ºС температурада 2,5 ай бойына дейін сақталады. Салқын жыл мезгілдеріндегі төмен температураларға төзімді болады. Азық-түлік өнімдерінде он күнге дейін сақталады, ал мұздатылған тағамдарда 6 ай және одан да ұзақ уақытқа сақталады. Жоғары температуралар мен дизенфекциялаушы заттар әсерімен тулиремия қоздырғышы тез өледі.


Инкубациялық кезең -3-6 тәулік, бірақ ол екі немес одан да көп сағаттарға дейін созылуы мүмкін.
Тез басталып, дене қызуы 38-39º дейін көтеріледі; бас аурып, түнде тершеңденеді, көз бен беті қызарады, қабақ үсті ісініп, қызарады.


Риккетсия

Риккетсилдермен (клеткаішілік паразиттермен) туындайтын инфекциялық ауру. Ерекшелік белгілері – табиғи жағдайларда аурулардан қан сорғыш паразиттердің (бүрге, кене, тістеуіктердің) тасымалдауымен сау адамдарға таралады.


Эпидемиялық бөрітпе сүзек

Жедел инфекциялық ауру, қан тамырлары жүйесінің зақымдалуы салдарынан (дене қызуы, бас аурулары, бөрітпе, жүрек-қан ауытқулары, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы) туындайды.


Провачек риккетсиясы адам терісінде 24 сағаттан 4 тәулікке дейін сақталады. - 20 - 60º С температурада бұл таяқшалар тіршілік қабілеті 8 айға дейін сақталады. Құрғақ мұз температурасында - 76 ºС – жыл бойына; су құбырларындағы суда тәуліктен артық сақталады. Спирт пен эфирде 30 минуттан соң өледі, 3-5% фенол мен формалинде бірнеше минуттан соң өледі, 56º С температурада 30 минут бойына төзімділігін жоғалтпайды.
Инкубациялық кезең бит арқылы жұқтырған жағдайда орташа есеппен 10-14 тәулікке дейін сақталады, кейде 23 күнге дейін, кей жағдайда 5 тәулікке дейін созылады. Ауа арқылы жұқтырған жағдайда инкубациялық кезең қысқарады.
Антибиотиктермен: биомицинмен, левомицитинмен, синтомицинмен емделеді.
Қазіргі кезде әлемдегі ешбір ел террорлық әрекеттер қаупінен қорғалмаған. Сондықтан биологиялық терроризм проблемасы бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы көкейкесті проблемалардың қатарына еніп отыр. БҰҰ Бас ассамблеясының 26 сессиясында (1972ж.) «Бактериологиялық, токсиндік қарудың қорын дайындау, өндіру және жинауға тыйым салу тұжырымдамасын» қабылдап, бұл тұжырымдама 1975 жылы күшіне енді. Өкінішке орай конвенцияның негізгі ережелерінің сақталуына бақылау жүргізудің қолданыстағы механизмі әлі күнге дейін жоқ. Сол себепті қазіргі кезде әлемнің көпшілік елдерінде ӘҚ елеулі қорымен қатар террорлық ұйымдары да бар. Биологиялық террорлық әрекеттері жүзеге асыру кезеңіндегі негізгі тәсілдердің бірі диверсиялық тәсіл, яғни қоршаған ортаны, шектеулі ауа көлемдерін, суды, азық-түлік өнімдерін қасақаны бүлдіру, сонымен қатар, биотехнологиялық өнеркәсіп пен микробиологиялық зертханаларда қасақана жарылыс, авариялар ұйымдастыру болып саналады.
Аз көлемді диверсиялық қарудың (аэрозолдардың портативтік генераторларының, шаң-тозаң тарату пеналдарының және т.б.) көмегімен адамдар көп жиналған орындарда ауаны, қала халқының ауыз су құбырларында суды ластайды. Мұндай кенеттен туындау себептері түсініксіз эпидемиялық аурулар, халықтың үрей-қорқынышын, шиеленіске жағдайлар туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет