У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру



бет1/36
Дата23.11.2022
өлшемі1 Mb.
#51934
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Қ. М. Кертаева
У. А. Ажіғалиева
Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру

Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы


Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қ. М. Кертаева


У. А. Ажіғалиева
Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру

Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы


Павлодар
Кереку
2010
ӘОЖ 371. 13 : 39 (075.8)
КБК 74. 58я73
Б73


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:
М. С. Малибекова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
А. С. Мағауова – экономика ғылымдарының докторы, профессор;
Б. Х. Ғалиева – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.


Кертаева Қ. М., Ажіғалиева У. А.
Б73 Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру : педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы / Қ. М. Кертаева., У. А. Ажіғалиева – Павлодар : Кереку, 2010. – 130 б.

Оқу құралында болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың теориялық алғышарттары, халық педагогикасы құралдарының мүмкіндіктері, құрылымдық моделі сипатталып, болашақ мамандардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісін мазмұндық тұрғыда қамтамасыздандыру, ұйымдастыру формалары сөз болады.


Оқу құралы педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 371. 13 : 39(075.8)
КБК 74. 58я73
© Кертаева Қ. М., Ажіғалиева У. А., 2010
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Материалдың дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Алғысөз

Еліміздің егемендігінің алғашқы сатылары – нарықтық қатынастар кезеңінен бастап, болашақта саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық ділінің болмысына, әсіресе жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.


Дегенмен, бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға, өркениетті ел болуымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға мұғалімдердің алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір-қасиеттері, тағылымды рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті жоғары еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын педагог-маманды қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа жолдауында: «...жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атап көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге тәрбиелеу» деген жолдар бар.
Елбасымыздың халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың бағытын анықтайтын құжат десек, білім беру салаларының міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау, деп түсінсек, онда, осы міндетті іске асыратын жалпы білім беретін қазақ мектебі үшін, деонтологиялық даярлығы жоғары жетілген маман дайындау - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Қазақ мектептеріне ұлттық тәрбиеден рухани нәр алып, кәсіби парыздылық сана-сезімі жоғары дамыған ұстаз қажеттілігі күмән тудырмайды.
Соңғы жылдарда көкейкестілігі арта түскен адамгершілік тәрбие үдерісі жағдайында адамгершілік категориясы – деонтологияны педагогика саласында қарастыру қажеттігінің өткірлігі артып отыр. Осыған байланысты біз педагогикалық деонтологияны мұғалімнің жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеудің бір бағыты ретінде қарастырамыз.
Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік мұрасы – халықтық педагогикалық ой-пікірлерді жинақтап зерттеу, жүйелеу, оның алдыңғы қатарлы үлгілерін болашақ мұғалім-мамандарға ұсыну – қазіргі өмір талабынан туындаған өзекті мәселелердің бірі.
Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда ғасырлар бойы жинақталып, бүгінгі күнге жеткен халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі ізгілікті амал-тәсілдері яғни халық педагогика құралдары ерекше мәнге ие болады.
Халық педагогикасы құралдарының тәрбиедегі маңызы мен мүмкіндіктеріне классикалық педагогиканың өкілдері мен ағартушылары баса назар аударған. Ол туралы Я. А. Коменский, А. С. Макаренко, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, С. Т. Щацкий, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов т.б. келелі ой-пікір білдірген [3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13].
Бірқатар ғалымдар (Қ. М. Кертаева, К. М. Левитан), педагогикалық деонтологияны ғылым екенін және кәсіптік білім, тәрбие беру саласында қажеттігін теориялық тұрғыда және практика жүзінде дәлелдеп, оның тәрбиедегі мәні мен мазмұнын жан-жақты ашып көрсетті [14; 15].
Бүгінгі күні Қазақстанда жас ұрпақты жоғары ізгілікке, адамгершілікке халықтың мәдени мұрасын, халықтық педагогика құралдарын пайдалану арқылы тәрбиелеу мәселесін көрнекті ғалымдар С. Қ. Әбілдина, А. Е. Дайрабаева, А. А. Данилов, А. Қ. Қисымова, З. М. Магомедова, Г. А. Мұратбаева, Ж. Б. Сәдірмекова, Р. Ә. Сқақова, Р. К. Төлеубекова, Ұ. Т. Төленова, А. Л. Шаалы және т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырып тың нәтижелер алғандығы белгілі [16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24; 25; 26].
Этнопедагогиканың әдіснамалақ-теориялық негіздерін айқындау бойынша Р. М. Айтжанова, М. Х. Балтабаев, Қ. Б. Бөлеев, Г. Н. Волков, Қ. Б. Жарықбаев, Е. Жұматаева, С. Қ. Қалиев, К. Ж. Қожахметова, Ш. Б. Құлманова, Ж. Ж. Наурызбай, Л. С. Сырымбетова, Ш. Т. Таубаева, С. А. Ұзақбаева, Қ. Меңлібаев, Қ. Қ.Шалғынбаева т.б. зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, халықтық педагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі атқаратын ролін, мүмкіндіктерін қарастырғанымен, аталған еңбектерде деонтологиялық мәнде ашылмаған [27; 28; 29; 30; 31; 32; 33; 34; 35; 36; 37; 38; 39; 40; 41].
О. С. Богданова, И. А. Каиров, И. С. Марьенко, И. Ф. Харламов, Н. Д. Хмель т.б. өз еңбектерінде адамгершілікті әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде оқып-үйренуге болады деген болжамды дәлелдейді [42; 43; 44; 45; 46].
Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру, болашақ мамандарға тәлім-тәрбие беру мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Қ. М. Арынғазин, Қ. Ж. Аганина, Ш. А. Әбдраман, Б. Әбдікәрімұлы, С. Ә. Әбдіманапов, Ғ. З. Әділғазинов, Е. З. Батталханов, В. В. Егоров, З. А. Исаева, С. Т. Каргин, А. А. Қалыбекова, М. С. Мәлібекова, Г. Ж. Меңлібекова, Б. К. Момынбаев, Н. Ә. Мыңжанов, М. Н. Сарыбеков, А. П. Сейтешев, Г. М. Храпченков, Л. А. Шкутина т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады [47; 48; 49; 50; 51; 52; 53; 54; 55; 56; 57; 58; 59; 60; 61; 62; 63; 64; 65].
Әр кездегі ғалым-педагогтардың қалыптастырған идеяларын, пікірлерін, тұжырымдарын салыстыра қарастырып, халқымыздың ұлттық сипат, ерекшелігіне сай келетінін, тұрмыс-тіршілігіне жақынын, мәдениетіне сәйкес, салт-дәстүрмен қабысып жатқандарын алуға тырыстық. Адамзаттың рухани байлығы боп саналатын білім-ілім мен мәдениеттің жаңа парадигмаға сәйкес білім – ғылым – менталитет – сана – сезім –парыз – міндет – борыш арасындағы заңды байланыстылықтарды қарастыра отырып, ұлттық мәдениет дәстүрі мен қазақи мінез–құлықты дамыту негізі, халықтық бай тәжірибеге сүйене отырып болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру проблемасы қарастырылады..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет