Ubt garant 140 «Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы


Е. Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігін дәлелдеп жазыңыз



бет39/63
Дата17.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#24051
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
27. Е. Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігін дәлелдеп жазыңыз.

Автор осы шығармасының жазылу тарихы туралы былай дейді: «Студент  кезімде барахолкадағы (Алматыдағы киім-кешек базары ред.) бір достарымның  жалдамалы пәтеріне бардым. Іші – ит байласа, тұрғысыз. Ішке еніп, тақтайдан  құрастырып жасаған, төсексымаққа отыра бергенімде қожайын әйел (өзге ұлт  өкілі) кіріп, менің келгеніме бола реніш білдірді. Аналар жүз теңге беріп еді,  жайына кетті. Дәл сол кез ойыма әлгі әңгіменің сюжеті келді.…Екі-үш күннен  соң, өзім тұратын ҚазҰУ-дың 17-жатақханасындағы бөлмемде тыныштықты  пайдаланып, екі сағатта қағазға түсірдім. Екі жігіттің орнын жас  ұбайларға алмастырдым да, бірінші жақпен баяндадым. Елдер «Өз басыңнан өткенбе?» – деп сұрай берген соң, кейінгілерді үшінші жақпен жазуға тырыстым».Осындай баспана деп атауға ауыз бармайтын «пәтерсымақта» жас отбасы нешетүрлі ит қорлықты көреді, кейіпкер жігіт қайнағасының алдында масқараболады.«Ел ауылдан туысым келетін болды деп қуанса, мен бұл күндері туысым  келетін болды депқорқатын болдым. Әуел десеңіз, дәл мынандай кезде әкем  мен шешенің келуін де қалам айттың едім. Бұл – менің жалғыз қорқынышым.Қайнағам келсе – қайттім, ойбай, ұят болды-ау! Қайсы төсекке жатқызам деп  сарыуайымға салындым. Телефонмен сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім  тауып барамын» деген еді. Бір күні кеште ойламаған жерден жаңбырлатып  жетіп келмесі бар ма, лашығымызды көріп, шошып кетті. Есіктен төрге дейін  көзі шарасынан шыға жаздап, үрейлене көз жүгіртті».Жазушы жас жұбайлардың әлеуметтік мәселені шеше алмай, шаңырақтары  күйреп жататын себептерінің бірі баспана қиындығы екенін де аңғартады. «Мен  қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, өмірімде тап болмаған тылсым бір бақытсыздық күй кешудемін. Қайнағам тұнжырап, келіншегім жылап отыр, оған  жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп ауызға салардай аппақ сұлу  келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен оны жылату үшін алып па едім?! Оның көз жасы менің жүрегіме, жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай».Осы жайтқа байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүргенӘсия Бағдәулетқызы осы мәселенің ауруы тым тереңде жатқанын айтады: «Пәтер іздеп жүр едік…» бір қарағанда, көп қазақтың басындағы жағдай ғой. Таңғалатын, таңсық ештеңесі жоқ. Бірақ Ерболаттың жазуында сіз тұрмысының  қиюы қашқан қазақты ғана көрмейсіз. Сіз сол тұрпайы тұрмыстың азаматтың  азамат басын қалай итше тепкілеп, қорлайтынын көресіз».Шығарма көлемі шағын болғанымен, айтатын ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сөздерді, сөйлемдерді қолданады: «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алып», сол сәт дастарқанның екі шетінен екі тарақан пайда  болды да, қарама-қарсы жорғалай жөнелді. Келіншегім шөгіп барады. Тарақан  құдды соғыс майданына жекпе-жекке шыққан қас батырдай екпіндеп келді де,  бір-біріне тұмсық түйістірді. Бір-біріне айбар шекті. …Қайнағам теріс қарады.  Әйелім бетін басты. Мен күйіп-жанып бара жаттым. Тамағым кеберси берді,  құрт малтап отыр едім, сол құрт өңешіме тығылып қалғандай, сөйлесем, дыбысым шықпайтындай сезілді».Жазушының тілі – әдебиетке Хемингуэй енгізген «телеграфтық стиль»: айтайын деген ойын қысқа да нұсқа, нақты, шебер жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет