Учебных программ и учебных материалов по обновленному содержанию начального образования методическое пособие



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата18.01.2017
өлшемі2,61 Mb.
#2138
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУ 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ 
МОНИТОРИНГІСІ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМДЕРІ  
 
 
Әдістемелік құрал  
 
МОНИТОРИНГ И МЕХАНИЗМЫ ПРОВЕДЕНИЯ АПРОБАЦИИ 
УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ И УЧЕБНЫХ МАТЕРИАЛОВ ПО 
ОБНОВЛЕННОМУ СОДЕРЖАНИЮ НАЧАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Методическое пособие  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2015  

2
 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)  
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года)  
 
 
 
Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен 
оқу  материалдарын  апробациялау  мониторингісі  және  механизмдері. 
Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясы, 2015. – 109 б.  
Мониторинг  и  механизмы  проведения  апробации  учебных  программ  и 
учебных  материалов  по  обновленному  содержанию  начального  образования 
Методическое пособие. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 130 с.  
 
 
 
 
Әдістемелік  құралда  жаңартылған  мазмұндағы  бастауыш  білімнің  оқу 
бағдарламалары  мен  оқу  материалдарын  апробациялау  мониторингісінің 
механизмдері,  кезеңдері  және  тәртіптері  ұсынылған.  «Назарбаев  Зияткерлік 
мектептер» ДБҰҰ тәжірибесі қолданылды және мониторингтің технологиялық 
тәртіптері сипаттамасы келтірілген.  
Әдістемелік  құрал  облыстық  (аудандық)  әдістемелік  кабинеттердің 
басшылары  мен  әдіскерлеріне,  білім  беру  ұйымдарының  басшыларына, 
бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған.  
 
В  настоящем  методическом  пособии  разработаны  и  представлены 
механизмы,  этапы  и  процедуры  мониторинга  проведения  апробации  учебных 
программ  и  учебных  материалов  по  обновленному  содержанию  начального 
образования. 
Использован 
уникальный 
опыт 
АОО 
«Назарбаев 
Интеллектуальные  школы»,  дано  описание  технологических  процедур 
мониторинга.  
Методическое  пособие  адресовано  руководителям  и  методистам 
областных  (районных)  методических  кабинетов,  руководителям  организаций 
системы образования, учителям начальной школы.  
 
 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2015  
© Национальная академия образования 
им. И. Алтынсарина, 2015  

3
 
Белгілер, анықтамалар, қысқартулар  
 
Мониторинг  –  білім  беру  процестерін  жүзеге  асырудың  жай-күйін  және 
нәтижелері  мен  шарттары  өзгеруінің  серпінін,  білім  алушылар  контингентін, 
білім  беру  ұйымдары  желісін,  сондай-ақ  олардың  қызметі  жетістіктерінің 
рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау.  
Апробация  –  тексеру,  сынау  негізінде  қабылданған  шешімді  ресми 
қабылдау,  бекіту;  бір  нәрсенің  сапасын,  қасиеттерін  бағалау  мақсатында 
тексеру, сынау.  
Эксперименттік  алаң  –  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен  білім 
беретін  оқу  бағдарламаларын  сынақтан  өткізуге  арналған  эксперимент 
режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.  
БДҰҰ – «Назарбаев зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы.  
МЖМ  ББС  –  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш  білім  беру 
стандарты.  
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.  
ҰБА – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.  
ҚалББ – Қалалық білім басқармасы.  
ОблББ – Облыстық білім басқармасы.  
БМӨ – бастапқы мәліметтерді өңдеу.  
ҚР – Қазақстан Республикасы.  
БМЖ – бастапқы мәліметтерді жинақтау.  
БАҚ – бұқаралықақпарат құралдары.  
ТК – технологиялық карталар.  
ОӘК – оқу-әдістемелік кешендер.  
ОМ – оқыту мақсаттары.  
 
 
 
 
 

4
 
Кіріспе  
 
Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  Қазақстан  Республикасы 
отандық  білім  берудің  озық  дәстүрлері  мен  стандарттарын  сақтай  отырып 
әлемдік  білім  беру  тәжірибесіне  бағытталған  стратегиялық  курсын  таңдады. 
Осыған  байланысты,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 
орта  білім  мазмұнын  жаңартуға  бағытталған  іс-шаралар  кешенін  жүзеге 
асыруды бастады.  
Білім  мазмұнын  жаңарту  –  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  мен 
мазмұнын,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әдістері  мен  тәсілдерін  қайта  қарастыру 
болып  табылады.  Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  бойына 
сіңірген,  кез  келген  өмірлік  жағдайда  функционалдық  сауаттылығы  мен 
бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және 
зияткерлік  дамуына  қолайлы  білім  беру  ортасын  тудыру  –  жаңартылған  білім 
мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.  
2015-2016 оқу жылынан бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде 
жаңартылған білім мазмұнын апробациялау, ал 2016-2017 оқу жылынан бастап 
елдің жалпы білім беретін мектептеріне енгізілу басталады.  
Жаңартылған 
білім 
мазмұнын 
апробациялау 
аталмыш 
үдерісті 
мониторингтеумен қоса жүруі керек, себебі бұдан кейінгі жалпы білім беретін 
мектептерге енгізілу жаңалықтың тиімділігін көрсететін анықтамалар негізінде 
жүзеге асырылуы қажет. Алғашқы бір жылда жасалған мониторинг барысында 
жиналған  ақпараттар  дереу  қажетті  шара  қолдануды  талап  ететін  мәселелерді 
табу және оларға талдау жасауға қолданылады. Мониторинг мәліметтері білім 
беру  үдерісін  ұйымдастыруды,  оқу  бағдарламалары  мен  оқу  жоспарларының 
құрылымы  және  мазмұнын,  бағалау  жүйесін,  оқу-әдістемелік  кешендерді, 
мектеп  мұғалімдері  мен  басшыларының  біліктілігін  арттыру  курстарының 
мазмұнын жетілдіруде пайдаланылады.  
Апробацияны  мониторингілеу  сонымен  бірге,  жаңартылған  білім 
мазмұнын  енгізудің  тиімділігіне  әсер  етуі  мүмкін  қауіп-қатерлерді  анықтауға 
мүмкіндік береді. Оларға:  
-
 
заманауи  педагогикалық  әдістерді  қолдануды  талап  ететін  жаңа  білім 
беру 
бағдарламасымен 
жұмыс 
істеуге 
педагогикалық 
кадрлардың 
дайындығының жеткіліксіз болуы;  
-
 
жаңа білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес келетін білім беру 
ресурстарының жеткіліксіз болуы;  
-
 
БАҚ-тың  апробация  қорытындыларының  кем  тұстарын  жариялауына 
байланысты жаңа білім беру бағдарламасын қоғамның қабылдамауы.  
Бұл  құжат  мониторингтің  мақсаттары  мен  міндеттерін,  технологиялық 
тәртіптерін  сипаттап,  сонымен  қатар  оны  өткізудің  мерзімдері  мен  кезеңдері 
бойынша ақпараттарды қамтиды.  
Мақсаты:  30  пилоттық  мектептердегі  нақты  оқыту  үдерісі  шарттарында 
жаңартылған  мазмұн  бойынша  әзірленген  оқу  бағдарламалары  мен  оқу 
жоспарлары,  бағалау  жүйесі  мен  ОӘК  енгізу  тиімділігі  мен  сапасын  бағалау 
және  білім  беру  бағдарламасының  барлық  элементтерін  барлық  білім  беру 

5
 
ұйымдарына енгізу үшін жетілдіру болады.  
Мониторинг міндеттері:  
1)
 
әзірленген  оқу  бағдарламаларын,  ОӘК  және  критериалды  бағалау 
жүйесін енгізу тиімділігін тәжірибеде тексеру:  
-
 
оқу  бағдарламалары  мен  жоспарлардың  мұғалімдерге  қолжетімділігі 
(тиімділігі, оңайлығы, қолайлылығы, түсініктілігі және т.б.);  
-
 
оқу  мақсаттарының  сапасы  (оқу  мақсаттарының  анықтығы,  бір 
тоқсандағы оқу мақсаттарының мөлшерінің оңтайлылығы, оқу мақсаттарының 
өлшемділігі);  
-
 
оқу бағдарламалары компоненттерінің сабақтастығы (ойға қонымдылық, 
өзара байланыс және т.б.);  
-
 
ОӘК  сапасы  (әзірленген  ОӘК  мазмұнының  оқу  бағдарламаларына 
сәйкестігі, ОӘК оқу мақсаттарына жетуге бағытталуы, дизайн);  
-
 
критериалды  бағалау  жүйесінің  оңтайлылығы  (оқу  мақсаттарына 
сәйкестігі, қалыптастырушы бағалаудың қолданылуы, жетістік критерийлерінің 
тиімділігі);  
-
 
оқушылардың  білім  беру  үдерісіне  эмоционалдық  қарым-қатынасы 
(қабылдауы, қызығушылығы, уәждеме, белсенділігі);  
-
 
мұғалімдердің,  мектеп  әкімшілігінің  және  ата-аналардың  білім  беру 
үдерісіне қанағаттануы (табыстылық, бейімделушілік, тұрақты қажеттілік);  
2)
 
«Мәңгілік 
ел» 
жалпыұлттық 
идеясы 
құндылықтарына 
оқу 
материалдарының мазмұнының сәйкестік дәрежесін анықтау:  
-
 
«Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  құндылықтарын  оқушылардың, 
мұғалімдердің, ата-аналардың түсінуі;  
-
 
«Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  құндылықтарын  сабақ,  жобалық-
зерттеушілік  және  сабақтан  тыс  іс-әрекет  арқылы  жүзеге  асырудың  әдістері, 
тәсілдері, түрлері;  
3)
 
апробацияланған  оқу  бағдарламаларының  және  ОӘК  МЖББС-ның 
негізгі ережелеріне сәйкестік дәрежесінің анықтамасы;  
4)
 
оқу  бағдарламалары  ұсынатын  оқу  әдістері  мен  бағалауды  қолдану 
дәрежесін анықтау (мұғалімдердің түсінуі және қолдануы);  
5)
 
жаңа  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқушылардың  оқу  нәтижелерін 
талдау (оқушылардың білім сапасы, оқу мақсаттарына жету, оқу бағдарламасы 
бойынша оқыту үдерісінің оқушының жалпы денсаулық жағдайына әсері);  
6)
 
жаңартылған білім мазмұны бойынша әзірленген оқу бағдарламарына, 
ОӘК-ге  түзетулер  мен  толықтырулар  енгізу  бойынша  ұсынымдар  әзірлеу 
(қажет болған жағдайда);  
7)
 
30 пилоттық пектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету;  
8)
 
жаңа оқу бағдарламаларын мемлекет мектептеріндегі оқыту үдерісінде 
қолданудың келешегі, мүмкін болатын қауіп-қатерлерді анықтау.  
 
 
 
 
 

6
 
1 Мониторингті басқару  
 
1.1 Мониторинг құрылымын ұйымдастыру  
 
Мониторинг  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  мен 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қатысуымен жүргізіледі (1-сурет).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет – Мониторингті ұйымдастырудың құрылымы  
 
 
1.2 
Мониторингке 
қатысушылардың 
өзара 
қарым-қатынасының 
иерархиясы  
 
Пилоттық мектептерден монитерингіге қатысушылар:  
1)
 
эксперименттік және бақылау сыныптарының мұғалімдері;  
2)
 
жаңа  оқу  бағдарламасын  апробациялауға  жетекшілік  ететін  пилоттық 
мектеп директорының орынбасары (30 адам);  
3)
 
пилоттық мектептің директоры (30 адам).  
Эксперименттік және бақылау сыныптары мұғалімдерінің функциялары:  
-
 
«Бірінші сынып оқушыларының когнитивті даму деңгейіне диагностика 
жүргізу  бойынша  нұсқаулыққа»  сәйкес  тестілеуді  жүргізуге  жағымды  жағдай 
тудыруды қамтамасыз етеді (1-қосымша);  
-
 
«Мектептерді аралау бойынша нұсқаулыққа» сәйкес мектептерді аралау 
кезінде жұмыс топтарының оқушылар мен олардың ата-аналарымен әңгімелесу 
және  сауалнама  жүргізу  үшін  қажетті  жағдаймен  қамтамасыз  етеді  (2-
Пилот. мектептер 
 
ҚР
 Б
ҒМ 
ба
за
сы
нда
 о
нл
айн
-пл
ат
ф
ор
ма
 
ҰБА және ДББҰ 
 
ҚР БҒМ, Үйлестіру 
кеңесі 
БМЖ 
БМӨ 
 
Диагностикалық тестілеу, мектептерді 
аралау, сауалнама жүргізу, бақылау, 
сұхбаттасу, әңгімелесу 
 
Шешім қабылдау және үйлестіру
 
РВР, 
СВР, 
ПУР 
Нәтижелерді талдау, нәтижелерді
 
жалпылау негізінде қорытындыларды 
дайындау, келесі әрекеттерді топшылау 
негізінде ұсынымдарды әзірлеу
 
 
ОблББ және ҚалББ 
(128 
специалистов) 
БМЖ 
БМӨ 
Диагностикалық тестілеу, мектептерді 
аралау, сауалнама жүргізу, бақылау, 
сұхбаттасу, әңгімелесу
 
Бастапқы деректерді әзірлеу және жүйелеу 
 

7
 
қосымша);  
-
 
ТК толтырады (3-қосымша);  
-
 
сауалнама, сұхбат, әңгімелесу жүргізуге қатысады (4-қосымша);  
-
 
мониторинг  бойынша  бастапқы  мәліметтердің  шынайылығына  жауап 
береді;  
-
 
директордың  орынбасарына  қажетті  ақпараттардың  сапасы  мен  оның 
уақытында берілуіне жауап береді.  
Жаңа  оқу  бағдарламасын  апробациялауға  жетекшілік  ететін  пилоттық 
мектеп  директоры  орынбасарының  функциялары  (бұдан  әры  –  директор 
орынбасары):  
-
 
мектеп бойынша мониторингті үйлестіреді;  
-
 
мұғалімдерді,  оқушыларды  және  олардың  ата-аналарынан  сауалнама 
алуды ұйымдастырады;  
-
 
мониторинг  бойынша  жұмыс  топтарының  мектептерді  аралауға 
даярлауды  жүзеге  асырады  («Мектептерді  аралау  бойынша  нұсқаулыққа» 
сәйкес кездесулер кестесін жасайды, фокус-топтар құрады, бақылауға арналған 
сабақ кестесін әзірлейді және т.б.);  
-
 
«Бірінші сынып оқушыларының когнитивті даму деңгейіне диагностика 
жүргізу бойынша нұсқаулыққа» сәйкес мектепті тестілеуге даярлайды;  
-
 
жаңа  оқу  бағдарламаларын  апробациялауға  байланысты  туындаған 
сұрақтарды  анықтау  мақсатында  мұғалімдермен  үнемі  (тоқсан  аяғында  1  рет) 
талқылаулар  жүргізеді,  талқылау  қорытындысын  ҚР  БҒМ  онлайн-
платформасына салады;  
-
 
ТК толтырады;  
-
 
мектеп  бойынша  жиналған  бастапқы  мәліметтердің  шынайылығына 
жауап береді;  
-
 
ҚалББ  (аудандық)  әдіскеріне  қажетті  ақпараттың  уақытында 
тапсырылуына және сапасы жауап береді;  
-
 
ҰБА  мен  ДББҰ-дан  келіп  түскен  сұраныс  бойынша  қажетті 
ақпараттарды жинау, өңдеу және тапсыруды жүзеге асырады;  
-
 
сауалнама, сұхбат, әңгімелесу жүргізуге қатысады;  
-
 
апробация  қорытындысы  бойынша  ҰБА  тапсыру  үшін  есеп  жасайды 
(аралық және қорытынды).  
Пилоттық мектеп директорының функциясы:  
-
 
мектеп  бойынша  тапсырылатын  ақпараттардың  шынайылығына  және 
толықтығына жауап береді;  
-
 
мектепте өткізілетін мониторингтің сапасына жауап береді;  
-
 
мониторинг  бойынша  ақпаратты  уақытында  жинау  және  тапсыруды 
жүзеге асырылуына жауапты;  
-
 
жаңа  оқу  бағдарламасын  апробациялау  мониторингі  бойынша 
сұрақтарды педагогикалық кеңесте және ата-аналар жиналысында талқылануын 
ұйымдастырады;  
-
 
сауалнама, сұхбат, әңгімелесу жүргізуге қатысады;  
-
 
мониторинг қорытындысы бойынша есеп жасауға қатысады.  
ОблББ және ҚалББ мониторингіге қатысушылар:  

8
 
-
 
Аудандық (қалалық) білім бөлімі әдіскерлері (32 адам);  
-
 
Облыстық,  Алматы,  Астана  ққ.  Білім  басқармаларының  әдіскерлері 
(16 адам).  
Аудандық (қалалық) білім бөлімі әдіскерлерінің функциялары:  
-
 
аудан (қала) бойынша мониторингті үйлестіруді жүзеге асырады;  
-
 
мониторинг  бойынша  жұмыс  тобының  аралауына  аудандық  (қалалық) 
пилоттық мектептерді даярлауды жүзеге асыру («Мектептерді аралау бойынша 
нұсқаулыққа» сәйкес кездесулер кестесін жасау, фокус-топтар құру, бақылауға 
арналған сабақ кестесін әзірлеу және т.б.);  
-
 
«Бірінші  сынып  оқушыларының  когнитивті  даму  деңгейіне 
диагностика  жүргізу  бойынша  нұсқаулыққа»  сәйкес  аудандық  (қалалық) 
пилоттық мектептерді тестілеуге даярлайды;  
-
 
жаңа  оқу  бағдарламаларын  апробациялауға  байланысты  туындаған 
сұрақтарды  анықтау  мақсатында  үнемі  (тоқсан  аяғында  1  рет)  жүргізіліп 
отыратын талқылауларға қатысып отырады;  
-
 
ТК толтырады;  
-
 
аудан  (қала)  бойынша  тапсырылатын  ақпараттардың  шынайылығына 
жауап береді;  
-
 
мониторинг бойынша қажетті ақпараттың сапасы мен оның Облыстық, 
Алматы,  Астана  қалалары  білім  басқармаларына  уақытында  тапсырудың 
жүзеге асырылуына жауап береді;  
-
 
ҰБА және ДББҰ-нан түскен сұраныстарға сәйкес қажетті ақпараттарды 
жинау, өңдеу және тапсыруды жүзеге асырады.  
Облыстық,  Алматы,  Астана  қалалары  Білім  басқармаларының 
әдіскерлерінің функциясы:  
-
 
облыс бойынша мониторингіні үйлестіруді жүзеге асыру;  
-
 
жұмыс  топтарының  аралауына  облыстық  пилоттық  мектептерді 
даярлау үдерісін қадағалау;  
-
 
облыстық пилоттық мектептерді тестілеуге даярлау үдерісін қадағалау;  
-
 
мәселелі  сұрақтарды  анықтау  мақсатында  метеп  әкімшілігімен 
апробация барысы жайында талқылаулар жүргізеді;  
-
 
ТК толтыру;  
-
 
облыс  бойынша  тапсырылатын  ақпараттардың  шынайылығына  жауап 
береді;  
-
 
қажетті  ақпараттың  сапасы  мен  оның  ҰБА  мен  ДББҰ-на  тапсырудың 
уақытылы жүзеге асырылуына жауап береді;  
-
 
ҰБА және ДББҰ-нан түскен сұраныстарға сәйкес қажетті ақпараттарды 
жинау, өңдеу және тапсыруды жүзеге асырады.  
ҰБА және ДББҰ-ның функциялары:  
-
 
мониторингке жалпы басшылық етеді;  
-
 
мониторингтің барлық кезеңдерінің міндеттерін анықтайды;  
-
 
мониторингтің құрылымы мен технологиялық карталарын әзірлейді;  
-
 
ДББҰ-мен бірлесе отырып «Мектептерді аралау бойынша нұсқаулық», 
«Бірінші  сынып  оқушыларының  когнитивті  даму  деңгейіне  диагностика 
жүргізу бойынша нұсқаулықтарын» әзірлейді;  

9
 
-
 
 ДББҰ-мен  бірлесе  отырып  сауалнамалар,  сұхбат  сұрақтарын, 
сабақтарды бақылау парақшаларын әзірлейді (4-қосымша);  
-
 
ДББҰ салыстыру үшін оқу жылының басында бақылау және пилоттық 
мектеп оқушыларынан мәлімет жинау үшін тестілер әзірлейді;  
-
 
пилоттық мектептерді аралау кестесін жасайды (5-қосымша);  
-
 
ДББҰ-мен  бірлесіп  пилоттық  мектептерді  аралау  логистикасын 
әзірлейді;  
-
 
мониторинг аясында тестілеу, аралауды жүргізу, қажетті ақпараттарды 
тапсыру мерзімдері туралы ақпараттық хаттар дайындайды;  
-
 
ДББҰ-мен бірлесіп жұмыс топтарының құрамын жасайды;  
-
 
мониторингтің жұмыс топтарының мүшелерімен нұсқаулық жүргізеді;  
-
 
ДББҰ-мен бірлесіп мониторинг тренерлерін оқытуды жүргізеді;  
-
 
бастапқы  деректерді  жинауды,  ақпараттар  ағынын  өңдеуді  жүзеге 
асырады;  
-
 
алынған деректерге талдау жүргізеді;  
-
 
оқу  жоспарлары,  бағдарламалары,  ОӘК,  бағалау  жүйелерін 
апробациялау үдерісіне байланысты мәселелерді анықтайды;  
-
 
ҚР 
БҒМ-ның 
онлайн-платформасында 
апробация 
сұрақтарын 
талқылауға бастамалық етеді;  
-
 
 онлайн-платформа 
арқылы 
мұғалімдер 
мен 
ДББҰ-ның 
әзірлеушілерімен үнемі байланыста болады;  
-
 
мониторинг 
нәтижелерін 
жалпылайды, 
қорытындыларды 
тұжырымдайды;  
-
 
мәселелерді  шешу  нұсқаларын  әзірлейді  (оқу  бағдарламаларына, 
бағалау  бойынша  басшылыққа,  ОӘК  және  т.б.  өзгерістер  енгізу  бойынша 
ұсынымдар);  
-
 
ДББҰ, ҚР БҒМ мәселелерді шешу нұсқаларын үйлестіреді;  
-
 
мониторинг бойынша аралық және қорытынды есептерді жасайды.  
ҚР БҒМ Үйлестіру кеңесінің фуекциялары (6-қосымша):  
-
 
мониторинг  және  оған  қатысушылардың  барлығының  әрекеттерін 
үйлестіру және келістірілуін жалпы басшылыққа алу;  
-
 
ҚР БҒМ ОББ және ҚББ-ға моинторинг жүргізуге жәрдемдесу жөнінде 
хаттар жібереді және ОББ мен ҚББ-ның мамандарын жұмыс топтарына қосады;  
-
 
құжаттар  нұсқаларын  бақылайды  (оқу  бағдарламалары  мен 
жоспарлары, басшылықтар, ОӘК);  
-
 
құжаттарды  мақұлдау  және  бекіту  (оқу  бағдарламалары  мен 
жоспарлары, басшылықтар, ОӘК);  
-
 
апробацияның  қорытынды  нәтижелерін  шығару  және  бекіту  (оқу 
бағдарламалары және оқу жоспарлары, бағалау бойынша басшылық, ОӘК және 
т.б.);  
-
 
мектептер  мен  басқа  да  ведомстваларға  өзгерістер  туралы  ақпарат 
таратады.  
 

10
 
2 Мониторингтің тәртіптері мен кезеңдері  
 
Бастапқы  кезең:  статистикалық  көрсеткіштерді  жинақтау  және 
талдау,  оқушыларды  диагностикалық  тестілеу  (қыркүйектің  2-3 
апталары)  
Директор орынбасалары 1.1А және 1.1Б-ТК толтырып ҰБА-ға жібереді. 30 
пилоттық  және  15  байқау  мектептерінің  статистикалық  көрсеткіштерін  ҰБА 
өңдейді,  сонымен  қатар  БДҰҰ-мен  бірлесіп  пилоттық  және  байқау 
мектептерінің мектеп алды білім беру бағдарламасының күтілетін нәтижелеріне 
сәйкес 1-сынып оқушыларының мектепке дайындық деңгейлерін анықтау үшін 
диагностикалық тестілеуді ұйымдастырады.  
Тестілеуді  бастауыш  мектеп  мұғалімдері  «Бірінші  сынып  оқушыларының 
когнитивті даму деңгейіне диагностика жүргізу бойынша нұсқаулыққа» сәйкес 
өткізеді.  
128 мамандар тест қорытындысын және атқарылған жұмыс туралы есепті 
өңдеу мен талдау үшін ҰБА-на жібереді.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет