Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54

 

Әдебиттер

1 Ысқақҧлы Д. Ҽдебиет алыптары. – Астана: «Фолиант», 2004. – 304 б. 

2 Тҧрысбек Р. Ҧлттық проза жҽне «Ақбілек» ҽлемі. // Ақиқат. – 2010. – № 12. – 58-69 бб. 

 3 Мҧратбеков С. Қазақ романы жҽне «Ақбілек» // Қазақ ҽдебиеті. – 2004. – 28-мамыр.  

4 Қирабаев С. Кҿп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығҧрт» баспасы, – 2007. Т. 4. 

– 424 б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



VI Халықаралық конференция

 

296 



 

ТҤБІРЛІ МОТИВ ЖӘНЕ ТУЫНДЫ МОТИВ 

(қазақ ғашықтық эпостарының негізінде) 

Хҧаң Жоңшяң 



Доктор,  профессор, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Аз ҧлттар әдебиеті 

институты, Еmail: zhongxiangh@sohu.com 

Бҧл  ғылыми  мақаламда  структурлық  лингвистикалық  анализдік  методты  мотив 

типологиялық  классификациясымен  тығыз  ҧштастыра  отырып,  қазақтың  ғашықтық 

эпостарындағы  мотивтерінің  логикалық  мазмҧны  мен  кҿлемі,  қҧрылымы  мен  функциясы 

қатарлы  жақтарына  талдау  жасап,  оның  мотивтерін  тҥбірлі  мотив  жҽне  туынды  мотив  деп 

екі типке жіктедім. 



Кітл сөдер: Әдебиет, мотив, зерттеу 

Мотив  латин  тілінен    келіп, кесте  яки форма  деген мағынада.  Алғашында  сҥрет сызу 

мен музыка салаларында қолданылып, мазмҧндағы элемент яки ең кіші мелодиялық бірлігін 

білдіреді.  Кейін  келе  осы  мотив  деген  термін  ҽдебиет    саласына  еніп,  ҽдеби  туындыларға 

талдау  жасауда  қолданылып,  зерттеу  кҿз  аяларын  кеңетті.  Айталық,  Жакоб  Лудвиг  Карл 

Гримм,  Вилхелм  Карл  Гримм  жҽне  Жоханн  Лудвиг  Ухланд  қатарды  немец  оқымыстылар 

ҧқсамаған  ҧлттар  мен  кезеңдердегі  миф,  аңыз  жҽне  ертегі  сынды  ҽдеби  туындылардан 

мотивтердің  ҧқсастығын  мен  ортақтылығын  жинақтап,  мотив  ҧқсамаған  ҧлттардың  ішкі 

байланыстары  мен  рухани  қатынастарындағы  ҧқысайтын  санасының  ҥздіксіз  туылуы  деп 

қараған еді. Бҧл кезеңдегі мотив негізінен авторсыз халықтық ҽдеби туындыларға шектеліп,  

мотивтың  ҧқысамаған ҽдебиет жанрларында бейнеленген морфологиясын мен  ҧқысамаған 

мотивтердің  білдірген  ҧқысамаған  ҧлттардың  ҧқысас  саналарын  дҽріптейді.  19-Ғасырдан 

бері,  мотив  халықтық  ҽдеби  туындылардың  категориясынан  асып,  туындылардың 

қалыптасқан  барыстарын,  таралу  жолдарын  мен  жазушылық  ҽдебиет  секілді  жақтарына 

назар  аудара  бастайды.  20-Ғасырға  кіргеннен  кейін,  Сигмунд  Фреуд  песихологияның 

анализдік  теориясының  ықпалында,  мотивтерге  талдау  жасауы  тек  туындыларға  шектеп 

қалмастан, қайта туындағандарға мҽн беру бастады.  

Кіріспе 

Мотив  деген  ҧғым  ҽдеби  туындыларын  жинақтауға  бір  тҥрлі  анализдік  метод  қамдап 

берді,  ҽсіресе  халықтық  ертегілерін  таптастыруда  кҿп  қолданады,  бҧның  ішінде  біршама 

ықпалы бар 20-ғасыр 20-жылдардың соңында қалыптасқан « AT таптастыру методы». 1910 -

Жылы Финляндиялық фольклорст Антти Аарне ҿз елдегі ғалым Жулиус Крохн мен Каарле 

Крохннның  «Тарих-географиялық  методтың»  негізінде  Финляндияны  ҿз  ішіне  алған 

солтҥстік  Европа  мен  Европаның  басқа  елдердегі  халықтық  ертегілерінің  ҧқысамаған 

мҽтендегі  ҧқысас  сюжеттерді  бір  топқа  жинақтап,  тҥрлер  бойынша  таптастырып,  бір  тҧтас 

реттік  нҿмір  қойып,  «Ертегілердің  таптастыру  индексі»  дейтін  кітапты  баспадан  шығарды. 

1928–Жылы  Америка  Индиана  университетінің  профессоры  Ститх  Тхомпсон  онан  да  кең 

кҿлемдегі ертегілердің сюжеттеріне талдау жҽне оларды жинақтау арқылы, Антти Аарнедің 

таптастыру жҥйесін толықтырды жҽне оған тҥзету еңгізіп, «Ертегілердің таптастыру индексі 

— халықтық ертегілер, ҽндер, мифтер, мысалдар, аңыздар, ҽңгімелер, қиссалар, ҽзілдер мен 

жергілікті    аңыздардағы  баяндау  элементтер»  дейтін  кітапты  баспадан  шығарды.  Бҧл  екі 



VI Халықаралық конференция

 

297 



 

кісінің таптастыру жҥйесін бірлесіп «Арне–Томпсон жҥйесі» деп атап, оны қысқартып « AT 

таптастыру методы» деп атап келеді. [1] 

«  AT  таптастыру  методы»  халықтық  ертегілердің  негізінде  орнатылып,  бір  талай 

тиянақты  типологиялық  талдау  жасау  формасы  қалыптастырылды.  У.Хеиссиг,  С.  Ю. 

Неклюдов  қатарлы  ғалымдар  Европалағы  эпостардың  мотивтерін  "ғашықтық  білдіру"  мен 

"айырылғандарды қайтарып алу" сынды екі ірі тҥрге жинақтап, ҽрі осыған сай Алтай тілдер 

жҥйесіндегі эпостардың  мотивтерін таптастырды. В. М. Жирмунский сияқты ғалымдар тағы 

да  осы  таптастыру  методы  бойынша  тҥркі  тілдес  ҧлттардың  эпостарының    мотивтерін  де 

жалпылама таптастырды. Ҽрине бҧл бір ҿте кең мағынадағы жинақтау болып саналады. Біз 

бір  ҧлттың  ҽдеби  туындыларындағы  мотивтерді  нақты  таптастырғанда  обстракттықпен 

жасауға  болмайды,  жҥйелі  тҥрте  конкрет  талдау  жасауымыз  керек.  Олардың 

ортақтылықтарын жинақтап шығуымен бірге, олардың даралықтарын да қортындылауымыз 

қажет.  Ҿте–мҿте,  қазақ  ғашықтық  эпостарының  мотивтерін  таптастыруда  қыйыншылықтар 

біршама  кҿп,  ҥйіткені  олардың  қалыптастырылған  марихы  мен  келіп  шығу  қайнары 

батырлық эпостардан тым кҥрделі.  

Мотивтердің тҥрлері ҿте кҿп, ҧқысамаған тҧрғынан ҧқысамаған тҥрлерге таптастыруға 

болады.  Алдымен  қазақ  ғашықтық  эпостарының  шығу  қайнарына  қарай,  тҥрки  тілдес 

ҧлттарға  ортақ,  қазақ  ҧлтына  тҽн  жҽне  сырттан  қабылданған  сынды  ҥш  тҥрге  жіктеледі. 

Шығу  қайнары  мен  қалыптастырылған  кезең  бҿлек  болғандықтан,  осы  ҥш  тҥр  эпостардың 

мотивтерінің  парқы  ҿте  зор.  мысалы,  қазақтың  ғашықтық  эпосы  «Қозы  Кҿрпеш-Баян 

Сҧлудың» мотивтері: уақыт, орын, екі бай, аңға шығу, қапелімде кездесу, атастыру, маралды 

ҿлтіру, ҽйелдерінің туы, шҥйінші сҧрау, жолда ҿліп қалу, кҿшіп кету, ер жету, хабар жеткізу, 

қалыңдығының  хабары,  шешесінің  шынын  айтуы,  ат  таңдау,  жарын  іздеу,  кемпірдің 

кҿмектесуі,  тазша  қойшы  болу,  тоқтының  сыйрағын  сындыру,    тартысу  ойнын  ойнау, 

қыз−ҧлдың  танысуы,  жауға  сездіру,  ҧл  қашып  кетуі,  қҧстың  хабар  жеткізуі,  қҧлдың  

қастықтан ҿлуі, қыздың кек алуы, жоқтау айту, ҧлдың  тірілуі, жарын алып еліне  оралу, ҿз 

қҧлдарын жазадау, ажал жету,   қыз−ҧл бірге ҿліп қалу.[2:139-336] Ал ғашықтық эпос «лҽйлҽ 

−  мҽжнҥннің»  мотивтері:  уақыт,  орын,  екі  бай,  кҽрттегенде  бала  табу,  бала  жылау, 

беттескеннен  соң  жыламау,  кемпір  ҧл  балады  бағып  алу,  ер  жету,  қызбен  бірге  оқу, 

махабаттасу, қыз оқудан қалу, қҧда тҥсу, қыз жақта қосылмау, жігіт есалаң болу, мҽкке бару, 

қайуанатты  қҧтқару,  қыз−жігіт  бас  қосу,  батырдың  кҿмегін  сҧрау,  батыр  қыз  ҽкесін 

мҽжбҥрлеу,  жігіт  оған  қосылмау,  батыр  кетіп  қалу,  тағы  бір  жігіт  қҧда  тҥсуге  келу,  қыз 

некеленуге мҽжбҥр болу, ҽулие бҿгет салу, некеленсе де бірге жатпау, кҥйеуі есалаңнан ҿліп 

қалу,  тілемшек  жігітті  қҧтқару,  жігіт  қыздың  белін  қошақтау,  ҿрт  кету,  қыз  ҽке−шешесіне 

ҿсиет  айту,  қыз  ғашықтық  жолында  ҿліп  қалу,  жігіт  кҿріс  айту,  қыздың  беиті  ашылу  жҽне 

жігіт  бейітіне  кіріп  ғашықтық  жолында  ҿліп  қалу.  Бҧл  екі  тратегиялық  туынды  қазақтар 

тҿтенше сҥйенетін, халық арасында кең таралып келе жатқан ғашықтық эпос, бірақ осы екі 

эпостың  мотивтерінің  парқы  тым  алшақ.  Ғашықтық  эпосы  «Қозы  Кҿрпеш-Баян  Сҧлудың» 

дала  тҧрмысында  қалыптастырылған  балып,  онда  аңға  шығу,  маралды  ҿлтіру,  шҥйінші 

сҧрау,  кҿшіп  кету,  ат  таңдау,  тазша  қойшы  болу,  тоқтының  сыйрағын  сындыру  сияқты 

сахара  шҿптердің  хош  ійістері  аңқып  тҧрған  мотивтер  пайда  болады;  ал  ғашықтық  эпос 

«Лҽйлҽ  −  Мҽжнҥннің»  қала  тҧрмысында  қалыптастырылған  балып,  онда  саудагер,  мектеп, 

сарай, бақша сияқты қала кҿрнестері бейнеленіп тҧрған мотивтер пайда болады.  

Бҧл екі типік ғашықтық эпостан бір туындыны таптастыру қиын емес, ең қиыны бҥкіл 

қазақтың  ғашықтық  эпостарындағы  мотивтерін  таптастыруда.  Сондықтан  бҧл  мақаламда 



VI Халықаралық конференция

 

298 



 

мотивтердің логикалық мазмҧны мен кҿлемі, қҧрылымы мен функциясы қатарлы жақтарына 

талдау  жҥргізіп,  алдымен  қазақ  ғашықтық  эпостарының  мотивтерін  тҥбірлі  мотив  жҽне 

туынды мотив деп екі ірі типке жіктеуге болады.  



Тҥбірлі мотив 

Тҥбірлі  мотив  дегеніміз  ҽдеби  туындылардағы  ең  негізгі  баяндау  бірлігі,  оның  кҿлемі 

біршама  кең  болып,  эпос  атаулының  барлығында  қҿрінеді.  Бҧл  орайда  айтылған  тҥбірлі 

мотив  Американың  маманы  Алан  Дундес  ортаға  қойған  «мотифемемен»  бір  ҧғымда  емес. 

Мотифеме  дегеніміз  мотивті  туындайтын  елемент,  лингвистикалық

 

  ғылымындағы  фоне 



жҽне фонеменың ықпалымен ойына келген, ол ҿз алдына дербес қолданатын баяндау бірлігі 

емес[3:68]. Ал бҧл арада айтқан тҥбірлі мотивіміз баяндау функциясына ие, ҿз алдына дербес 

қолдана беретін баяндау бірлігі .  

Тҥбірлі мотивтің дҽріптенетіні ең кіші, ендігарі бҿлуге болмайтын баяндау бірлігі емес, 

қайта  эпостардағы  мотивтердің  ортақ  қасиеттерін  бейнелене  алатындығын  алдыңғы  шарт 

етеді. Осы принципқа сай, қазақтың ғашықтық эпостарындағы тҥбірлі мотивтерін туылу, ер 

жету,  махабаттасу,  бҿгет  салу,  қосылу,  қастықтан  ҿлуі  жҽне  ғашықтық  жолында  ҿлу  деп 

жинақтауға  болады.  Ал  қазақтың  батырлық  эпостарындағы  тҥбірлі  мотивтерін  туылу,  ер 

жету,  жау  келу,  жорыққа  шығу,  қиыншылықтарды  жеңу,  кҿресу  жҽне  жеңіспен  оралу  деп 

жинақтауға болады.  

Тҥбірлі мотив біршама қарапайым, бірақ оның қамтитен кҿлемі недҽуір кең болып, эпос 

мотивтерінің  кҿбін  ішіне  алады.  Бҧл  бір  ҿте  кең  мағынадағы  жинақтау,  тым  дара,  негізгі 

тҧлға  болып  табылады.  Алайда  туындылардың  барлығы  осы  тҥбірлі  тҧлғасын  тҿңіректеп 

ҥздіксіз  молайады,  біртендеп  қан  мен  етіне  толған  қуатты    тҧлғасына  айналады.  Сырттан 

туындыларды қабылдағанда тек солардың туындыларының тҥбірлі мотивтерін қабылдайды. 

қабылданнан соң ҿз ҧлттың жырлаушыларының қайта-қайта жасампаздығында жҥйелі жаңа 

мотивтер туындалады.  

Туынды мотив 

Туынды  мотив  дегеніміз  тҥбірлі  мотивтердің  негізінде  туындалған  жаңа  мотив,  дара 

қасиетке  ие. Оның кҿздейтін тҥйіні ҽрбір баяндау бірлігінде, мотивтің даралық қасиеттерін 

кҿрнектендіріп,  туындылардың  оқиғалық  сюжеттерін  онан  ары  молайтады.  туынды 

мотивтердің  пайда  болуы  бір  ҧзақ  тарыхи  барысты  басып,  ҧрпақтан  ҧрпаққа  жалғасқан 

жырлаушылардың қайта туындаған нҽтижесі.  

Туынды мотив бір эпостың ҧқсамаған нҧсқаларында пайда болуымен бірге, бір эпостың 

ҧқсамаған  ҧлттарының  мҽтендерінде  де  пайда  болады.  мысалы,  ғашықтық  эпос  «лҽйлҽ  − 

мҽжнҥннің»  ең  алғашқы  мҽтенін  12  −ғасырдағы  Парыс  ақыны  Незами  халық  арасында 

таралып  отырған  аңызға  қарай  туындаған,  кеиін  тҥрки  тілдес  ҧлттар  арасына  таралған  еді. 

Оның  ең  алғашқы  тҥбірлі  мотивтері  тек  туылу,  ер  жету,  махабаттасу,  бҿгет  салу,  қосылу, 

қастықтан  ҿлуі  жҽне  ғашықтық  жолында  ҿлу  болатын.  Кейін  келе  осы  алғашқы  тҥбірлі 

мотивтерінің негізінде уақыт, орын, туылу, ер жету, бірге оқу, махабаттасу, қыз оқудан қалу, 

қҧда  тҥсу,  қыз  жақта  қосылмау,  жігіт  есалаң  болу,  мҽкке  бару,  қайуанатты  қҧтқару, 

қыз−жігіт  бас  қосу,  батырдың  кҿмегін  сҧрау,  батыр  қыз  ҽкесін  мҽжбҥрлеу,  жігіт  оған 

қосылмау,  тағы  бір  жігіт  қҧда  тҥсуге  келу,  қыз  некеленуге  мҽжбҥр  болу,  ҽулие  бҿгет  салу, 

некеленсе  де  бірге  жатпау,  кҥйеуі  есалаңнан  ҿліп  қалу,  тілемшек  жігітті  қҧтқару,  жігіт 


VI Халықаралық конференция

 

299 



 

қыздың  белін  қошақтау,  ҿрт  кету,  қыз  ҽке−шешесіне  ҿсиет  айту,  қыз  ғашықтық  жолында 

ҿліп қалу, жігіт кҿріс айту, қыздың беиті ашылу жҽне жігіт беитіне кіріп ғашықтық жолында 

ҿліп қалу қатарлы туынды мотивтер жырлаушылардың арқасында туындалды.  

Қазақ жырлаушылары осы «Лҽйлҽ − Мҽжнҥнді» жырлағанда оған оқиғалық сюжеттерін 

қосып,  жаңа  мотивтерін  туындаған  еді.  Айталық,    онда  екі  нҽресте  туылғаннан  тартып 

тоқмай жылайды, амалсыздан оларды кҿшеге кҿтеріп шығарып ойнатады. Ойламаған жерден 

бҧл екі нҽресте беттескенде жылауды қойып кҥле бастайды. Осыдан бастап, бҧл екі нҽресте 

кҥнде бірге ойнайды. Бҧл жҽйтті бір жетім кҽмпір кҿріп қалады. Ол ҧл баланы бағып алуға, 

ҽрі  ҿз  мҧрасыныің  мҧрагері  болуға  талап  етеді.  Бҧл  мотив  басқа  ҧлттың  мҽтендерінде  аз 

кезігеді, қазақ жырлаушысы осы эпосты жырлағанда қосқан. Бҧның ең қызығы жері кҽмпір 

баланы қолына алғанда ҿзінің тарытылып қалған емшегі дереу толынып сҥт келеді. Бҧл қазақ 

батырлық  эпосында  ҥнемі  кезігетін  мотивтердің  бірі.  Мысалы,  қазақ  батырлық  эпосы 

«Алпамыстың» бас кейіпкері Алпамыс пен оның қарындасы  Қарылғаш  туылғанда кҽртеген 

шешесі Аналықтың ертеде−ақ тарытылып қалған емшегі де дереу толынып, екі  егіз емгенде 

сҥт келеді.[4:52-73] 



Қортынды 

Табиғат  ортасы  ҿндіріс  формасын  белгілейді,  ҿндіріс  формасы  тҧрмыс  формасын 

белгілейді,  ал  белгілі  ҿндіріс  формасы  ҿзіне  тҽн  гуманитарлық  ортаны  қалыптастырады. 

Халықтық ҽдебиет туындыларының мотивтеріне тоқталғанда, алдымен соларды жырлайтын 

жырлаушыларға талдау жасауымыз керек. Кҿшпендердің қоюы тҥсіне толған гуманитарлық 

ортада ҿмір сҥріп отырған жырлаушылар дҽстҥрлі ҽдебиет туындыларымен таныс,  ғажайып 

оқиға−  сюжеттер  ойларында  ҧдайы  елестеп  тҧрады.  Қандай  гуманитарлық  орта  болса, 

сондай жырлаушылар жетіліп шығады, ҽрбір туындыда да соны жырлап шыққандардың ҿмір 

кешірмесі  мен  дҥниеге  болған  кҿзқарастары  кҿрнектілендіріліп  отырады.  Егер 

жырлаушының ҿмір сҥріп отырған гуманитарлық ортасы ҿзгерсе, созжоқ сол жырлаушының 

ой  жҥгірту  формасы  мен  дҥниеге  болған  кҿзқарасы  да  ҿзгереді,  аяғында  бір  бҿлім  мотив 

жоғалады  немесе  туылады.  Ал  мынадай  жоғалып  немесе  туылып  отырған  мотивтер  тек 

туынды мотив ғана болады, тҥбірлі мотив мҿлде болмайды. [5:23-28] 

   Әдебиеттер 



1.  Stith  Thompson.  Motif-Index  of  Folk-Literature:  A  Classification  of  Narrative  Elements  in 

Folktales, Ballads, Myths, Fables, Medieval, Romances, Exempla, Fabliaus, Jest-books, and Local 

Legends, Vol.1-6, Helsinki, 1932. 

2. Хҧаң Жоңшяң. Қазақтың «Қозы Кҿрпеш  - Баян Сҧлу» нҧсқаларын салыстырып зерттеуі, 

Бэйжің: Ҧлттар баспасы, 2012.-139—336-бб. 

3. Alan Dundes: ―From Etic to Emic Units in the Structural Study of Folktales‖, in Analytic Essays 

in Folklore, Mouton Publishers· The Hague· Paris· New York., 1975: 68. 

4.  Хҧаң  Жоңшяң.  Қазақтың  батырлық  эпостары  жҽне  оның  дала  мҽдениеті.  Кҧйтҧн:  Іле 

баспасы, 2011.-52-73-бб, 

5.  Хҧаң  Жоңшяң.Таралу  формалары  жҽне  жырлау  дҽстҥрі  ----  Қазақтың  жырлаушыларын 

тексеріп зерттеуі.Бэйжің: Ҧлттар баспасы, 2009. -23-28-бб. 


VI Халықаралық конференция

 

300 



 

МҦХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ «ТАРИХ-И РАШИДИІ» ЖӘНЕ 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 

Бисенғали  Зинол –Ғабден  Қабиҧлы 



филология ғылымдарының докторы, профессор 

 

«Тарих-и  Рашидидің»  ҽдебиетіміз  бен  ҽдебиеттануға  қатысы  кҥні  бҥгінге  дейін 



кҿрнекті  ғалым  И.Жеменейдің  еңбектерінен  басқа  зерттеулерде    арнайы  қарастырылған 

емес.(*1  )  Алайда,  ҽлемге  ҽйгілі    шығарманың    тілінің  кҿркемдігі,  бейнелеу  қҧралдарының 

молдығы, шығыс-батыс ҽдебиетімен байланысы   туралы  айтушылар аз емес.       «Тарих-и 

Рашидидің» ҽдеби сипаты туралы еңбектерде   шығарманың кҿркем ҽдебиетпен байланысы – 

кҿркемдік  сипаты,  поэтикалық  ерекшеліктері    туралы  кейде  ҥстіртіндеу    ғана  пікірлер 

айтылады.  Ҿйткен  бҧл  шығарманы  жан-жақты  талдау  ҥшін  оны  арнайы  зерттейтін    жне 

парсы, кҿне тҥркіні  жақсы білетін мамандар қажет.  

 

Жарық  кҿрген  кҥннен  бастап  бҥгінге  дейін  ғалымдар  мен  зиялы  қауымның  



назарынан тҥспей келе жатқан белгілі туынды ғалымдар ықыласын аударып келеді.  Мҧның  

басты  сыры    -  ескерткіштің    ҿз  заманының  ғана  емес,  орта  ғасырлардан  бастап  17  ғасырға 

дейін сауатты  қауымды  қызықтырған  тарихи уақиғалар мен тҧлғалар туралы деректер мен 

ҿзекті мҽселелерге  сҽулесін тҥсіргендігінде.  

 

Мҧхаммед  Хайдар  Дулати  талай  тарихи  уақиғалардың  куҽгері  болған  жҽне  ҿз 



заманына дейінгі  уақиғалар мен  жазылған шежіре, кітаптарды   жақсы білген қаламгер. Бҧл 

шығарманы    қай  тілде  болса  да  оқыған  адам  оның    мҽтініндегі    образды  бейнелерді,  тҥрлі 

деңгейдегі  пернелеулерді  бірден  аңғарады.    «Тарих-и  Рашидиде»    тарихи  тҧлғалардың  

портреттері  мен  мінез-қҧлықтарын,  іс-ҽрекеттерін,  ойлары  мен  сезімдерін,    суреттейтін  

тараулар    аз  емес.  Оның  ҥстіне  жер  –су  атаулары  мен  елді  мекендер,  мемлекеттер  туралы 

асқан шеберліктен   жазылған баяндар, суреттемелер, тарихи  сипаттаулар қаншама. Оларды 

қоғамдық санаға қатысы бар жандардың   қызыға оқитыны  айдан анық. 

 

«Тарих-и  Рашидиді»    аударушылар  оның  тек  қана  тарихи  шығарма  емес,  ҽдеби 



туынды  екенін    бірден  байқаған.  Аудармада      шығарма  стилін,  авторының  бейнелі 

сҿйлемдерін,  мҽтінін  сақтауға  тырысқан.  Ондағы  Мҧхаммед  Хайдар  Дулатидің    сақталған 

ҿлеңдері,  ҿмір,  тіршілік  туралы    философиядық  толғамдары,  қаламгердің  замандастары  

туралы трактаттары бҧған дҽлел бола алады. 



 

«Тарих-и  Рашиди»    кҿшірмелерінде  басты  мазмҧннан    ҿзгелігі  бірден  байқалатын 

мҽтіндердің  ҧшырасуы  кездеседі.  Ҽрине  ҽлденеше  ғасырлар  бҧрын  жазылған 

шығармалардың  кейінгі    кҿшірушілер  тарапынан  аз-кем  болса  да  редакциялануы,  сҽл 

ҿзгерген тҧстарының болуы кездесетін  жай.  Бҧл ҽрине ҿкінішті,  бірақ адамзат қоғамының  

болмысы  солай.  Алайда,  автор  мақсатынан  бҿтен  кҿрінетін  кейінгі  қоспалардан,  ҽсіресе, 

идеологиялық жапсырмалардан  аршып оқуға да болады. 

 

«Тарих-и    Рашиди»дің  стилі  біртекті  емес.  Автор  бір  уақиғаны  қҧбылысты 



суреттеуден  екіншісіне  кҿшкенде  кейде      мҽтін    ҿрнегі    де  ҿзгеріп  отырады  Мҽселен, 

баяндаудан суреттеуге ауысқанда. Кейде, бҧрынырақ айтылған алғашқы  уақиғаны баяндауға 

қайта  оралады.  Сол  сияқты  ауысулар  ҽлденеше  қайталануы  да  мҥмкін.    Осы  ауық-ауық   

ҧшырасып  отыратын  қайталаулар  Мҧхамед  Хайдар  Дулати  жазу  ҿрнегіне  тҽн  тҽрізді. 



VI Халықаралық конференция

 

301 



 

Қаламгер шығармасын қайталап оқымай-ақ бірден жазып шыққандай ҽсер қалдырады. Бҧл - 

ескертулер қолжазба туралы айтылып жҥрген, зерттеушілерге мҽлім деректер. 

 

Зерттеушілер  М.Хайдар  Дулати  шығармасын    қазақ,  тҥркі  ҽдебиеттеріндігі  



ғҧмырнамалық  (мемуарлық)    шығармалардың  бастауы  ретінде  қарастырады.  (  2  )  Оның 

ҽдебиетіміз  бен  ҿнерімізде  ғана  емес  ҽлемдік  ҽдебиет  контесіндегі  ҿзіндік  орны  туралы 

ғылыми  негізді  пікірлер  де  айтылды.  Ш.Уалиханов,  В.В.Вельяминов-Зернов,    В.Бартольд, 

А.Н.Бернштам,  Ҽ,Марғҧлан,  В.П.Юдин,  К.А.Пищулина,  М.К.Қозыбаев,  М.Мырзахметҧлы, 

И.Жеменей  т.б.  Ҿйткені    шығарма    кҿптеген    халықтардың  орта  ғасырлық  ҽдебиеті  мен 

мҽдениетіне  белгілі деңгейде  ықпал жасаған туынды.  Сондықтан да бҧл шығарманы  парсы 

тілінен  ҿзге  тілдерге  аудару,  ондағы  тарихи  деректер  мен  адам  ҿмірі,  заман  жайлы 

толғамдарды  пайдалану    ҥдей  тҥсуде.  Ағылшын,  тҥрік,  орыс,  қазақ  ҿзбек  т.б.  елдер 

ғалымдарының осы бағыттардағы аса маңызды жҧмыстарында тереңдеуді қажетсініп тҧрған 

талай  қҧнды  пікірлері бар.  

 

Мырза Мҧхамед Хайдар Дулатидің даңқты шығармасында  шығыс ҿркениетінің  аса 



кҿрнекті  ҿкілдері  Қ.Ясауи,    Н.Кобра,  Нҽкшбанд,  Атай,  Жҽми,  Фердоуси,  Сағди,  Науаи  т.б 

туралы да  тың  ойлар кездеседі.   

 

Шығармада    ҿлең,  жырлардың  қоланылуы  да  аз  емес.  Бҧл  да  дҽстҥрлі  шығыс 



ҽдебиетінде  кҿп  қолданылатын  тҽсілдердің    бірі.    Ақын  ҿз  ойларын  кҿркем  жеткізу  ҧшін 

бірде ҿз ҿлеңдерін пайдаланса, бірде елге белгілі ақындардың ҿлеңдерін  келтіреді.  

 

«Тарих-и  Рашидиде»  кездесетін  ҿлеңдер  орта  ғасырлардың  поэзиясынан  мол  



мҽліметтер  береді.    Біздің    орта  ғасырлардағы  ҽдебиетіміздің  тарихы  мен  кҿркемдігі, 

жанрлары    туралы    айтып,  жазып  жҧрген  материалдарымызда    жҥйесіздік  мол,  ҥстіртін 

дерексіз  пікірлер  аз  емес.  Оның  кҿркемдік  болмысын,  бейнелеу  қҧралдары  мен  жанрлық 

жҥйесін талдау  барысында  осы тҧстағы араб, парсы, тҥркі халықтарының туындыларымен   

салыстыра  тексеру жаңа нҽтижелерге жеткізері сҿзсіз.  

 

Тарихи Рашидидің қай қай бҿлімдерін алып қарасаңыз да, ҽсіресе екінші бҿлімінде,  



қазақ,  тҥркі  халықтарының  тарихына  қатысты  мҽдени,  ҽдеби  деректер  жеткілікті.    Рухани 

қҧбылыстардың  сан  алуан    ҥлгі,  тҥрлері,  бейтаныстау  жанрда  берілетін  қыстырма 

шығармалар аз емес.  Ҽдебиет пен  ҿнер  шеберлерінің ҿмірі мен шығармашылығы туралы 

сирек кездесетін мҽліметтер мен   пікірлерге  негізделетін  байымдаулар да бар. 

 

Мҧхаммед  Хайдар  Дулати    моғол    хандарының  билік,  хан  тағы  ҥшін  тартыстары 



баяндауда, тек қана тарихи деректерге, ел аузындағы ҽңгіме, аңыздарға ғана сҥйеніп қойған 

жоқ. Қаламгер ой-пікірлерімен қатар,  бҧл уақиғалардың  ҿз психологиясына,  сезіміне ҽсерін 

де жазып отырған. Жҽне жҽй хабарлаумен  ғана шектелген емес, суреттей бейнелей жазды.  

Кҥрделі  уақиға,  қҧбылыстар  туралы  ой-сезімдерін  бейнеге  кҿшіру  арқылы  ҿз  пікірлеріне 

ҽмбебаптық, кҿлемдік сипат береді. Ал, дархандық пен жамандық, жомарттық пен сараңдық, 

сауаттылық пен надандық  т.б. этикалық ҧғым, салт, дҽстҥрлер туралы  ойларында  қаламгер 

пікірлері  анық, айқын жазылады. 

 

Осындай ой-пікірлерін  ақиқат шындыққа  жақындату ҥшін  қоғамдық орта жоғары 



бағалаған  ойшылдардың    сҿздері  мен  мақал-мҽтелдерді,  аңыздардан  алынған  ҥзінділерді 

пайдаланады.       



VI Халықаралық конференция

 

302 



 

 

Шығыс классиктері  ой-пікірлерін ҿтімді, қуатты ету ҥшін жҽне ҽсерлілігін арттыру 



ҥшін  қҧраннан  ҥзінділер, сҥрелер мен аяттарды,  елге танымал шешен, кҿсем ойшылдардың 

ҽйгілі  сҿздерін    қолданғаны  белгілі.    Бҧл  -  шығыс  ҽдебиетімен  қоян-қолтық    байланыста 

болған тҥркі  ҽдебиеті ҥшін  дҽстҥрлі ҽдіс.  Негізгі мақсат - ой, пікір ҥндестігін кҥшейту. 

 

Ескерткішті    зерттеуші  ғалымдардың  ғылыми  тҧжырымдары    бҧгінгі  таңда 



қойылатын барша жоғары талап деңгейінен табылмаса да  ҽлемге ҽйгілі шығарманың негізгі 

мазмҧны  мен  мақсатын,  қҧрылысы  мен  кейбір    ерекшеліктерін    кҿпшілік  оқырманға 

танытты. 

 

Мырза  Мҧхаммед  Хайдар  Дулатидің  тарихи  еңбегінің  мазмҧны  мен    тақырыбын, 



ҽдеби-кҿркемдік бҿліктерінің  баяндау, бейнелеу қҧралдарын  зерттеу  барысында ғалымдар  

қолданатын  теориялық  еңбектер  мен  ҽдіснама,  тҥрлі  ҽдіс-тҽсілдер  нақты  ҽдеби-тарихи 

деректерді  жан-жақты  талдаудың  қажеттілігін  кҿрсетеді.    «Тарих-и  Рашидиді»  тереңдей 

зерттеу ҥшін  заман талабына сай жаңа тҽсілдер мен технология қажет. Бҥгінге дейінгі қол 

жеткізген  табыстарымыз  бен  алдымызда  тҧрған  мҽселелер  болашақ  зерттеушілерге  аса 

пайдалы  болмақ.  Бҧлар  болашақ  зерттеулерге  мықты  іргетас  болуға  ҽбден  жарайды.  Бҧл  

нҽтижелер  мен    теориялық  тҧжырымдардың  қҧндылығын,  практикалаық  мҽнін  жоққа 

шығаруга, ескермеуге болмайды. 

 

Мырза  Мҧхаммад  Хайдардың  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегінің  қҧндылығын  қазақ 



тарихына,  ҽдебиетіне    қатысты    зерттеу  еңбектер  жазған    Ш.Уҽлиханов,  С.Аспандияров, 

Ҽ.Марғҧлан т.б. ғалымдар айтқан. Олардың  «Тарих-и Рашидиді» зертеудегі басты еңбектері  

кҿпшілікке  жақсы  таныс.  Сонымен  қатар,  кҿрнекті  шығыстанушы  ғалым    Ҽ.Дербісҽлінің 

М.Дулаттануда атқарған еңбегіне де тиісті баға беруге міндеттіміз. Сол тҽрізді осы еңбектің  

тҥркі  ҽдебиеті  мен  тарихына    қосқан  ҥлесі  туралы  жазған  ғалымдар:  С.Қасқабасов, 

Р.Бердібай,  Н.Келімбетов,  Б.Қожабекҧлы,  Т.Омарбеков,  Б.Кҿмеков,  И.Жеменей    т.б. 

еңбектерін де жоғары бағалауымыз керек. 

 

«Тарихи  Рашидидегі»  кҿркем  ҽдебиетке  тҽн  баяндау,  тҽсілдері  мен  стильді, 



поэтикалық  бейнелеу  қҧралдарын  кҿрсету,  талдау  барысында  қазақы  ҧлттық  танымға 

байланысты тҥсінік, ҧғымдарды айқындайтын сҿздерді  кездестіреміз. Бҧлардың кейде орта 

ғасырлық  терминдермен    ҥндестігін  де  атап  кҿрсетуге  болады.  Олардың  қолданылу 

ерекшелігіне    ретіне  орай  дҽйекті    салыстырулар  жасап,  тиянақты  байламдар  жасауға 

болатын тҽрізді. Мҧндай  пікірлер кейде зерттеушіге ғана мҽлім субъективті байлам болуы 

да мҥмкін. Бірақ, дерек пен дҽйекке қатысы байқалатын  болжамдардан ҥрейленудің қажеті 

жоқ емес пе? Бҧл нҽтижелердің шынайылық дҽрежесі зерттеу объектісіне сай таңдалған ҽдіс-

тҽсілдер  мен    ҽдеби-тарихи  дерекгерді    тҥрлі  бағыттарда  байқап  кҿруден  туындайтыны  

белгілі  ғой.  Осы  жолда  тек  қана,  орыс,  не  ҿзге  тілдегі  аудармаларға  ғана  сҥйенген  нағыз 

дҧрыс  нҽтижелерге жеткізеді деп ойламаймыз. 

 

М.Хайдар  Дулати  шығармасын  сол  дҽуірдегі  ҽдебиетті,  тарихты  жете  білетін 



ғалымдардың  еңбектерін  мейілінше  толық  қолданғанда  ғана  байсалды    нҽтижелерге 

жеткізеді.    Жҽне    зерттеулерді  жҥйелі  тҥрде  жҥргізіп  отыру  қажет.Атап  айтқанда,  Хҧсейін 

Рҽзмжу,  Ахмет  Татави,  Асевхан  Кҽзвини,  Ахмет  Рази,  Сирус  Шҽмиси,  Шарафеддин  Ҽли 

Иазди,  Хафиз  Таныс  ҽл-Бҧхари,  М.Хайруллаев,  Азамат  Зия,  Аюпжан  Илиюп,  Рахметтола 

Жары,  Р.Гроссе,  В.Ерскин,    В.Таксон,  А.Текин,  В.Бартольд,  В.  Вильяминов-Зернов, 

Т.Сҧлтанов, Ҽзиз Мирҽһмедов, М.Қ.Ҥндішах т.б. 



VI Халықаралық конференция

 

303 



 

 

Дҧрыс  таңдалған  теориялық,  ҽдіснамалық  ҽдеби-тарихы  талдауларға  сҥйенген 



зерттеулердің  тҧжырымдары  мен  қорытындыларында  болашақ  еңбектерге      тиянақты  негіз 

болатын  дерекнамалақ мҽліметтердің болатыны белгілі.    

 

Тарихи-ҽдеби  деректер    қолданылу  мақсатына  орай  тҥрі    ман  ҿрнектеріне 



байланысты  ҿзара  кірігіп    тартымды  жҽне  деректі    шығармаға  айналуы  мҥмкін.  Тҥптеп 

келгенде бҧл қҧбылыс қаламгердің талантына, ҿнерге қатысына тҽуелді болады.  

 

«Тарих-и  Рашиди»  авторы  Мырза  Мҧхамед  .Хайдар  Дулати  -  ақынжанды    ҿнерпаз 



жан.  Ол  туралы  мҽліметтер  жеткілікті.(*3  )    Оның  қаламынан  туындаған  тарихи-ҽдеби 

жазбаларда    шығарманы  жазу  кезіндегі    уақыт  пен  ортаның    автор    сезімдеріне  ҽсері  де  

бейнеленеді.  Қаламгер  ҿз  ойларын  ірікпей  жазып,  ҿлеңдерден  ҥзінділер  келтіріп  отырады. 

Кейде,  оған  ҿзінің  дҽйектемелері  мен  талдауларын  да  қосады.    Сондықтан  шығармадағы 

ҽдеби  тарихи  деректерді  бҿле,  даралай  талдау  тиісті  нҽтижеге  жеткізбейді.  Дҧрысы  

тҧтастықта қарастырған.  

 

Тарихи  деректі  кҿзімен  кҿрген    адам  қабылдауын  қоса  бейнелеу  талай  тарихи 



шындықты  ашуы  да  мҥмкін.  Сондықтан  да  болашақ  жҧмыстарда    жасалынған 

тҧжырымдардың      осындай    ерекшеліктерін  мҧқият  ескергені  жҿн.  Бҧл  бағытта  біраз 

жаңалықтардың да табылары  даусыз. 

 

«Тарих-и  Рашиди»  ғҧмырнамалық  шығарма  жҽне  осы  бағыттағы  туындылардың 



тҥркі,  қазақ  ҽдебиетіндегі  басы  болып  табылады.  Оны  Захриддин    Бабырдың 

«Бабырнамасымен» салыстыра талдау жҽне кҿркемдік  

дамудағы  сабақтастық  ретінде  кҿрсету  де  ҥлкен  жаңалық.  Бҧл  бағытта  біраз  пікірлер 

айтылып келеді. 

 

Сҿз  болатын  поэзия  жанрлары  туралы  байымдауларда  да  жаңалық  мол.    Рубай 



жанрын    незінде  қазақ,  тҥркі    ҽдебиетіне  кірме  ретінде  есептеп  келдік.  «Тараих-и 

Рашиди»дегі  кҿптеген  мысалдар  салыстыра  талдай  қарағанда  бҧл  туралы  мҥлде  жаңа 

пікірлер  айтуға негіз бола алады. Оны парсы ҽдебиетіне тҥріктерден келген ҿлең ҥлгісі деп 

кҿрсетуге  де  болатын  тҽрізді.  Шығарманы  қазақ  тіліне  парсы  тілінен  аударған,  жҽне  ҥлкен 

зерттеулер жҥргізген  И.Жеменей ҿз  еңбектерінде  осы  пікірлерді дҽлелдейді. 

 

М.Хайдар  шығармасының  кҿркемдік  қуаты    Шығыс  халықтарының  исламдық 



даналық қасиеттерінен бастау алатынын да дҽйекті тҥрде  дҽлелдеуде.   

 

М.Хайдар  шығармасы  -  кҥрделі  теңеулер  мен  метафораларға,  ҧтымды  сҿз 



тіркестеріне толы. Оларды тҥске, сапаға, қасиетке жҽне сын-сипаттық т.б мағынасына қарай 

топтастыруға  болады.  Нақты  ескеркіш  тіліндегі  поэтикалық  ҿрнектердің  пайда  болуы  мен  

танымдық қасиеттерін жіктей топтастыра талдау да  жаңа нҽтижелерге жеткізеді. 

 

М,Дулатидің  «Тарих-и  Рашидиін»  ҽдеби  жҽдігер  ретінде  кҿрсету,  талдау,  дҽйектеу 



біраздан бері сҿз болып келеді. Бірақ, шығарма  мҽтіндерін тҥбегейлі, тереңдей, жан-жақты 

зерттеуге  ҧмтылу  -    тек  қана    тарихи  жҽдігер  ретінде  қарастыруға  байланысты  болғаны  

болғаны  белгілі.  Соңғы  жылдарда  бҧл  тҥсінік    ҿзгере  бастады.  Жаңа    кҿзқарас  ғылыми 

тҧрғыда  жан-жақты дҽйекті пікірлер,  ҽдеби-тарихи деректермен  негізделуде.  



VI Халықаралық конференция

 

304 



 

 

Тарихи  деректер  мен  тҧрмыстық  жайлардың,    адамдар  арасындағы  тҥрлі  қарым-



қатынастардың    сабақтастығы  бірден  кҿзге  тҥседі.  Осы  кҥнделікті  жайлар  мен  адамдар 

тіршілігінің  бейнеленуі  шығармаға  кҿркемдік  сапа  дарытқан.  Мҽселен,  тараулар  мен 

бҿлімдердің  бірінде  басталып  мақсатты  тҥрде  қолданылатын  қыстырма  тҽрізді  мҽтіндер   

қаламгердің тиянақталған ойын ғана емес, сол уақиға мен тарихқа қатысты сезім сырларын 

да  жеткізеді.  Ал  осы  сырлар  мен  тҥрлі  сезімдердің  суреттелуі  тарихи  деректің    қозғаушы 

кҥші,  тҥрткісі  немесе    нақты  тҧлға    ҽрекетінің  басты  себебі  тҽрізді  кҿрініс  табады. 

Сондықтан кейде қыстырма, еске алу тҽрізді берілетін ҽдеби мҽтін  келесі  тарауда жалғасып

М.Дулати  ой-идеяларын  жаңа  сатыға,  кҿркемдік  сапаға  қҿтеріп  отырады.  Мҧны  тараулар 

ман тараушалар аттарына кҿз жҥгірту арқылы оңай кҿруге болады.  

 

«Тарих-и  Рашидиге»  қатысты  зерттеулердің  бҥгінгі  таңдағы  қол    жеткізген    басты 



нҽтижелері  қоғамдық  –  гуманитарлық  ғылымдар  алдында  тҧрған  басты  мҽселелерді: 

Қазақстан  тарихы  мен  ҽдебиеті,  ҿнері  мен  мҽдениеті,  философиясы  мен  ҽлеуметтануы  т.б. 

алдында тҧрған кҿптеген мҽселелерді ғылыми негізді шешуге  жҽрдемдеседі. Оқулықтар мен 

оқу  қҧралдарын,  монографиялар  мен  зерттеулер    жазуда  бҧл  деректердің  аса  қҧндылығы 

даусыз.      

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет