Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Еңбекті қорғау департаментінің қызметі



бет18/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
2.2. Еңбекті қорғау департаментінің қызметі

1993 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау департаменті құрылды.


Оның міндеттері мен құқықтары Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» Заңының баптарымен белгіленіп бекітілген. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасының механизмі шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейінде қызмет етіп, қажетті ұйымдық-құқықтық негіздерді қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, бұл саладағы әлеуметтік саясатты қамтамасыз етеді, еңбек ету және оны қорғау жөніндегі қажетті ғылыми негізделген заңдылықты қалыптастырады, кәсіпорындар мен кәсіпкер құрылымдардың экономикалық мүдделілігінің механизмін жасайды, бұл саладағы белгіленген нормалар мен қойылатын талаптардың орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады, түрлі жеңілдіктер мен төлемдердің дұрыс берілуін қадағалайды, қажет болған жағдайда түрлі санкциялар мен айып салуды іске асырады, қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеулерді үйлестіріп отырады. Кадр саясатын жасап жүзеге асыруға атсалысады. Еңбек ету жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі тәсілдемелік ұсыныстарды, ережелерді және басқа да құжаттарды жасайды. Еңбекті қорғаудың заңды базасын жетілдіру және одан әрі дамыту саласында да көптеген жұмыс атқаруы тиіс.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, еңбекті қорғау жөніндегі заңдылық көптеген елдерде жүйелі түрде қайта қаралып, жетілдіріліп, дамытылып отырады. Бұл ретте саяси, экономикалық, әлеуметтік, техникалық сипаты бар факторлар ұдайы еске алынады. Заңдылық түрлі нормалардың, стандарттардың, нормативтердің елеулі мөлшерін ескеріп отырады.
Олай болса, еңбекті қорғаудың практикалық мәселелерінің маңыздылығын ескере отырып, бұл саладағы жан-жақты құқықтық негіздерді жасаудың маңызы зор екенін ұмытуға болмайды. Атап айтқанда еңбекті қорғауға мемлекеттік қадағалау мен бақылау орнату, өндірісте адамның денсаулығына қатерлі және түрлі қайғылы оқиғаларға душар ететін жағдайлардың зерттелуін, есепке алынып отырылуын қамтамасыз ету, кәсіпорындарда еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыру, өнеркәсіпте болатын ірі апаттардың алдын алу, зиянды химиялық заттарды қолдану мен пайдалану, өндірістік медицина жәніндегі заң жобаларын жасау қажет. Бұл ретте жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қорғау мәселелері жөніндегі міндетті білім алуын жөне олардың аттестаттаудан өткізілуін қамтамасыз ету керек.
Бұл органның алдында тұрған міндеттің бірі әлеуметтік серіктестікті, оның үш жақты өкілділігін қамтамасыз ету. Еңбекті қорғаудың неғұрлым көкейтесті мәселелері бойынша мемлекеттің, кәсіпкерлік бірлестіктердің және кәсіподақтардың (трипартизм принципі) арасында өзара кеңесуді және келіссөздер жүргізілуін де қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорындардың мынадай шараларды жүзеге асыруы қажет: атап айтқанда, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды ресми түрде кеңінен тарату, еңбекті қорғау жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасауды барлық кәсіпорындар мен қызмет түрлерінде толық қамтамасыз ету. Оларда қызметкерлердің еңбек ету жағдайларын жақсарта түсу жөніндегі шаралар қарастырылуы, оларға заңда көрсетілген жеңілдіктер мен төлемдердің міндетті түрде жасалуының төртібі белгіленуі тиіс. Жұмысшылардың арнаулы киімдермен, аяқ киімдермен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етілуі назардан тыс қалмауы керек.
Қызметкерлермен жасалатын еңбек келісімдерінде (шарттарында) еңбек етуге қажетті жағдайлар туғызудың, қызметкерлерге жеңілдіктер жасау мен төлемдер төлеудің, арнаулы қорғану құралдары мен киімдерінің берілуі жөніндегі міндеттерді атап көрсету барлық кәсіпорындар үшін міндетті болуы тиіс.Еңбек корғауды қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік заң бойынша көсіпорынның басшысына ресми түрде жүктеледі. Кәсіпорынды тіркеуден өткізу ксзінде жұмыс беруші жақ еңбекті қорғау жөнінде емтихан тапсырудың міндетті жүйесін енгізу қажет. Мұны еңбекті қорғауды қадағалау мен бақылау жөніндегі тиісті органдар жүзеге асыруға міндетті. Осындай емтиханнан өткеннен кейін ғана әрбір жаңадан құрылған кәсіпорынның өз қызметін бастап, жұмыс
істеуіне рұқсат (лиңензия) беріледі. Әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі арнаулы қызмет ұйымдастырылуы тиіс.
Еңбек қорғауға байланысты нормаларды негізінеп төрт топқа бөлуге болады:
1. Өндірістік объектілерді жобалау сатысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар.
2. Өндіріс үдерісі кезінде қауіпсіздікті сақтауға бағытталған нормалар.
3. Емдеу-профилактикалық, тамақтандыру және жеке қорғану құралдарын пайдалану нормалары.
4. Еңбек заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау мен заңдылықты бұзушылардың
жауапкершілігінің нормалары.
Осы нормалардың орындалуына еңбек ұжымдары үнемі басшылық жасап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет