Зерттеу жұмысының өзектілігі


Ара – бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл нәрімен қоректенеді. Балды омартаға жинайды



бет14/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

Ара – бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл нәрімен қоректенеді. Балды омартаға жинайды.


Бағанның сол жағындағы сөйлемдердің әр түрлі екендігіне, ал оң жағындағы сөйлемдердің бір ғана ара туралы екендігіне, бұл сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайтындығына талдау арқылы көз жеткізеді. Соңынан мағыналық байланыстағы сөйлемдердің тобы мәтін екендігі туралы тұжырым шығарылады. Демек, оқу-таным үдерісі ізденімдік сипат алады. Индукция әдісі оқушының оқу-танымдық әрекетінің белсенділігіне, өз беттілігіне сүйенеді, ал мұғалімнен шығармашылықты талап етеді.

Дедукция – жалпылау әдісінде топтастырылған білім, ұғым, ереже мұғалімнің тарапынан жасалады. Мұғалім оны жекелеген нақты мысалдармен, оқиға, деректермен түсіндіреді. Бірақ бұл жерде ереже мұғалімнің тарапынан кітаптың тілімен айтылғанымен, оның саналылығы, шындығы тексерілмейді. Сондықтан да осылайша қабылданған білім мұғалім үшін де, оқушы үшін де догма түрінде көрініс табады. Ендеше, дамыта оқытуда бұл екі әдіс бірлікте, мұғалімнің шеберлігіне сай жұмсалуы қажет.

Кейінгі кездерде, 1998 жылдан бастап өндіріске енген бастауыш сынып оқушыларына арналған Қазақ тілі оқулықтарында синтаксис және оның заңдылықтары туралы оқушының топтастырылған ұғым жасауына, белгілі бір байымдаулар жасауына мүмкіндік беретін жаттығу – тапсырмалар берілген. Бұл бастауыш сынып оқушысында индукция мен дедукцияның тізгінін қатар ұстай алатын дағды қалыптасуына мүмкіндік берері сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет