Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

Әдебиеттер
1 Сулейменов О. Золотая латынь // Казахстанская правда. – 1996, март – 13.
116

2 Сулейменов О. Тюрки в доистории. – Алматы: Атамұра, 2002. – 320 с. 
3 Сулейменов О. Кочевники и Русь // Простор. – 1962. – № 10. – С. 107-109.; Босый волк и напевы
готских дев // Простор. – 1962. – № 11. – С. 108-112.; Тмутаракань. Мечи харалужные. Карна Жля // 
Простор. – 1963. – № 6. – С. 99-102.; Слово о полку Игореве // Литературная газета. – 1963,  декабрь –24.; 
Синяя мгла и синие молнии // Простор. – 1968. – № 9. – С. 80-93., «Невидимые слова», где река Каяла. 
Литератуная  Россия.  1968,  сентябрь  -  20.,  О  языке  некоторых  этрусских  надписей.  Лингвистичекие 
этюды // Простор. – 1968. – №5. – С. 69-75.; Серебренные писмена золотого воина: о древнетюркских 
письменах V-VIII вв // Техника молодежи. – 1971. – № 7. – С. 58-68.
4 Иордан. О происхождении и деяниях готов. Институт истории и Институт славяноведения АН СССР. 
– М.: Восточная литература, 1960. – 405с.
5 Қожакиева Ш.Т., Куздебаева А.Б., Русская литература. – Алматы: Мектеп, 2007. – 448 с. 
6 Сулейменов О. Склонен к предположению // Простор. – 1968. – № 5. – С. 69-75.
7 Югов А. Тайна стального клинка // Комсомолская правда. – 1968,  ноябрь – 23. 
8 Дьяконов И.М. «Ассиро-Вавилонские источники по истории Урарту» // Вестник древней истории. 
– М., 1951. – Вып. 3 (37). – С. 207-252.
9 Сулейменов О. От мифа к истине // Комсомолская правда. – 1975,  октябрь – 9.
10 Сулейменов О. Быть и казаться // Комсомольская правда. – 1974,  апрель – 3.
11 Тілегенов Б. Тұйық өмірдің құпиясы. – Алматы: Дәуір, 1992. – 279 б. 
12 Сулейменов О. Собр. соч. – Алматы: Атамұра, 2004. - Т. 6. – 472 с.
13 Сулейменов О. Собр. соч. - Алматы: Атамұра, 2004. – Т. 7. – 432 с.
14 Бобков Ф.Д. КГБ и власть. – М.: Ветеран. – 1995. – 382 с. 
15 За что исключен из партии Д.Бекежанов // Казахстанская правда. – 1987, февраль – 22.; Квятков-
ская Т.Г. «Отравления» вседозволенностью, как произошло перерождения коммуниста А. Аскарова // 
Казахстанская правда. – 1987, март – 5.
16 Сүлейменов О. Слово об отце // Казахстанская правда. – 1998, февраль – 28.
17 Толмачев Г. Повесть об Олжасе. – Алматы: Кітап, 1996. – 168 с.
18 Дильдяев Г., Есілбаев Т. Правде в глаза // Правда. – 1987, март – 16.
19 Рубрика «Общественное мнение» // Казахстанская правда. – 1987, март – 26.
20 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: Санат, 1999. – 512. б.
21 Быть! Доклад Председателя партии Народный конгресс Казахстана Олжаса Сулейменова на 
IX пленуме ЦКК 29 октября 1994года // Народный конгресс. – 1994. – № 13 (29). 
22 Москович А. Открытое письмо Олжасу Сулейменову. Те же ли результаты? // Казахстанская 
правда. –1995, март – 1. 
Резюме
Для казахстанской общественности, но и не только, имя Олжаса Сулейменова обрасло множеством, 
но в большинстве случаях необоснованных, легенд. Думается, что данная тематика вызывает особый 
интерес в первую очередь, в странах бывших советских республик. В годы советского идеологическо-
го  диктата  его  научное  творчество  с  официальных  трибун  оценивалось  как  «националистическое», 
«пантюркское», даже «сионистским». Ирония истории заключается в том, что в годы независимого 
Казахстана его общественная деятельность со стороны некоторых, теперь уже отечественных ура-па-
триотов упрекается в «космополитизме». В статье «Олжас – ученый и общественный деятель» – рас-
сматривается становление личности поэта, ученого и общественного деятеля. На основе ранее не 
известных широкому кругу общественности, архивных материалов, автор убедительно доказывает, 
что О. Сулейменов никогда не изменял своей научной и гражданской позиции. 
Summary
For the Kazakhstan public, but not limited to, the name of Olzhas Suleimenov is growing up with legends, 
but in most cases the legends are unfounded. It seems that this topic is of particular interest, especially in 
the countries of the former Soviet republics. In the years of the Soviet ideological dictate his scientific work 
with the official tribune rated as «nationalist», «panturkist». The history is that in the years of independent 
Kazakhstan his social activism on the part of some national patriots assessed as «cosmopolitan.» In article 
«Olzhas - scientist and public figure» - is considered the personality of the poet as a scientist and public figure. 
On the basis of earlier unknown  archival materials the author proves that O. Suleimenov  never changed his 
117

scientific and citizenship positions.
ТАРИХНАМА ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ
ИСТОРИОГРАФИЯ И ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ
HISTORIOGRAPHY AND SOURCE STUDIES
ӘӨЖ 94(574/575).084
А. ӘБІКЕЙ 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, PhD докторанты 
С. ҚОЖАНОВТЫҢ «ТҮРКІСТАН КЕҢЕСТІК АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ОН 
ЖЫЛДЫҒЫНА» АТТЫ КІТАПШАСЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ
Аннотация
А. Әбікей бұл мақалада С. Қожановтың «Түркістан Кеңестік Автономиясының он жылдығына» 
атты кітапшасын тарихи дерек ретінде қарастырып, саралап, талдау жасаған. С. Қожановтың аталмыш 
кітапшасын  тарихи  дерек  ретінде  қарастырудағы  себебі,  еңбек  авторының  өзі  сол  кезеңнің  куәгері 
болғандығымен қоса, саяси ахуалды қалыптастырушы күштердің басы-қасында жүріп белсенділік та-
нытқандықтан, баяндалатын кезеңге мейлінше обьективті баға беруге тырысқан. Ол өзінің еңбегінде 
патшалық Ресейдің ішкі және сыртқы саясаттағы даңғыл жолының тұйыққа тіреліп, құлар алдындағы 
Түркістан өлкесінің саяси партиялары мен топтарының жандануының алғышарттарын ұсынып, қай 
бағытта дамығандығын көрсете отырып, олардың арасындағы белді саяси күштердің бағыт-бағдарын 
қос төңкерістің көрінісінде тұжырымдайды. Сонымен қатар С. Қожанов Түркістан қоғамындағы саяси 
ортада билікке большевиктердің қол жеткізіп, кеңес өкіметінің орнығуынан былайғы кезеңде, билік ба-
сындағылардың ел басқару ісінде бұрынғы отаршылдық дәстүрден арыла алмағандығы секілді кереғар 
жәйттерді де мәлімдейді.
Түйін сөздер: Қазақстан, партия, Түркістан Кеңестік Автономиясы, патшалық Ресей, Ақпан төң-
керісі, Уақытша өкімет, Алаш Орда, Түркістан коғамы.
О. Жандосовтың 1925 жылы С. Қожановқа партиялық тұрғыда хат жазғандығы белгілі. Осы хатта 
ол С. Садуақасов екеуінің арасында әңгіме болғанын және әңгіме барысында оның «топшылдықтың 
тамыры мен партиялық басшылық» жөнінде ойын біліп, бірақ өзінің басқа пікірде екендігін айта келе
жалпы бұл пікірталас тудыруға лайық мәселелер деп, - «жақын арада (бір-екі ай көлемінде) сенің «Қа-
зақстан жағдайындағы партиялық құрылыстың тәжірибесі» - атты кітапша жазып шығарғаның дұрыс 
(саяси және практикалық тұрғыдан) болар еді [1, с. 92] – деп кеңес берген. Сұлтанбек бұл хатты оқы-
са О. Жандосовтың бұл кеңесі оның көкейінде жүрсе керек. Қайткенде де араға бірнеше жыл салып, 
ол Түркістан Кеңестік Автономиясының құрылғанына он жыл өткендігін тілге тиек етіп, «Түркістан 
Кеңестік  Автономиясының  он  жылдығына»  атты  кітапша  жазып,  ондағы  партиялық  басшылық  пен 
ұлттық мәселенің қалай іске асқандығын баяндайды. 
Кітаптың 1928 жылы жарық көргенін ескерсек яғни, қоғам конформистік дертке шалдыққан уақыт-
та шығып жатқан кітаптардың мазмұны алдын-ала белгілі болатыны түсінікті. Алайда, С. Қожанов бұл 
кітапшасында  Түркістанда  кеңес  өкіметі  орнауының  даму  эволюциясына  біршама  объективті  түрде 
баға береді. Кітапша осынысымен құнды болып табылады. 
Мұнда С. Қожанов Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі Түркістанның саяси ахуалын сипаттап 
өтеді. Ол патшалық Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан қоғамының саяси күштері белсен-
ділігінің күрт артқандығын және олардың - жергілікті буржуазиялық пен діни конфессиялық топтар, 
орыс  жұмысшылары  мен  солдаттарының  кеңестері  және  крестияндар  кеңестері  түріндегі  белсенді 
ағымдар туралы айта отырып, сол саяси топтардың әр қайсысын жеке-жеке жіктеп қарастырып, олар-
дың сол кезеңдегі саяси әрекеттерін түсіндіреді. 
Әсіресе, С. Қожанов мұнда Отандық тарихта кейінгі кездің өзінде де көп айтыла бермейтін орыс 
крестяндары мен олардың адуынды өкілдері –  жуан жұдырықтардың яғни, орыс кулактарының жер-
гілікті халықтарға деген жүргізген зобалаң саясатын әшкерелей түседі. Оның айтуынша, Түркістанның 
118

орыс шаруалары Қазан төңкерісінен кейін көп жерлерде бірден кеңес өкіметінің жағына жылыстайды. 
Ал сол орыс шаруаларының соңғы кеңестері 1918 жылдың көкек айына дейін өзіндік саясат ұстанып 
кеп,  олардың  жұмысшылар  мен  солдат  депутаттарының  кеңестерімен  формалды  түрдегі  қосылуы 
Түркістанның кеңестік автономиясы жарияланатын V-ші Өлкелік сиезінде өтеді [2, 241 б.]. 
Бұл жерден біздің көретініміз, сол кездерде патша өкіметінің шапағатын көп көрген ауқатты орыс 
шаруалары өздерінің үстем жағдайларын соңғы кезге дейін сақтап қалуға тырысқандығы. Қоғамда бо-
лып жатқан өзгерістер, ондағы биліктің ауысуы және сол билік ұсынған бағдарламаларының ауқат-
ты орыс шаруаларына ұнай қоюы екі талай болып, большевиктер кейпіндегі жаңа өкіметті олар қуа-
нышпен қарсы ала қоймай, сол өкіметке мойынсұнуды мүмкіндігінше соза түскендігін көреміз. 
Өз еңбегінде С. Қожанов орыс шаруаларының кейінгі іс-әрекеттерін де аша түседі. Большевик-
тер жағына шығып үлгерген Түркістанның орыс крестьяндары ауру қалса да, әдет қалмайды дегені 
сияқты,  ескі  уақыттардағыдай  жергілікті  халыққа  деген  теріс  пиғыл  саясатын  ұстанып  қала  берді. 
Мұндай құбылыстың сақталуын орыс шаруаларының басында отырған жуан жұдырық билігі арқылы 
іске асқан деп түсінсек, екінші жағынан өлкеде нақты пролетарлық интернационалдық биліктің жоқ 
болғандығынан деп түсінеміз. Жуан жұдырықтар кеңес өкіметінің ұрандарын жергілікті халықтарды 
қудалауды жалғастыра түсу үшін де және сонымен қатар орыс казактарынан жерді тартып алуы үшін 
де пайдалана алды [2, с. 242]. 
Қиырда жатып, қанап үйреніп қалған орыстың жуан жұдырықтары билік ауысқан кезде, бастары 
ауырмаған секілді. Шапанын теріс айналдырып киіп алып, бұрынғы әдетінен арылмай істегенін істей 
берді. Автордың жоғарыда келтіргеніндей жуан жұдырықтың мұндай жүгенсіздігі өлкеде мардымды 
большевиктердің жоқтығынан, ал аяқ астынан большевик бола қалғандардың бүйректері жергілікті ха-
лықтарға бұрмасы белгілі. Бұл өз кезегінде патшалық Ресейдің кезінде белең алған орыс шовинизмінің 
кеңестік жүйеде де тамыр тартуына және оның үдей түсуіне жағдай туғызды. Жыл сайын қатарлары 
толықтырылып отыратын большевиктер олардың идеялық тұрғыдан пісіп жетілетін Ресейдің еуропа-
лық бөлігінен емес, көбінесе өлкедегі жергілікті халықтарға деген теріс пиғылдағы, бұрынғы патша-
лық Ресейдің әкімшілік қызметкерлері қатарынан тартылып жатты. Ал, осының бәрі түптеп келгенде 
С. Қожановтың орыс шаруаларының қаймағы - жуан жұдырыққа саясаттағы рөліне берген бағасының 
объективтілігін көрсетеді. Ол сол кездерде орыстың ауқатты шаруалары «большевизмді»  жергілікті ха-
лықтарға қатысты жүгенсіз зобалаң саясатпен әдемі үйлестіріп жатты – деп орынды айтқан [2, 242-б].
Автор өз еңбегінде «Ақпан төңкерісінен кейін, саяси мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға алғашқы-
лардың бірі болып ұлттық буржуазия және онымен байланысты интеллигенция топтары шықты және 
бұл топ орыс буржуазиясымен байланысты болғандықтан, олар Уақытша өкіметке сенім білдірген» 
[2, 242-б.] - дейді. 
Бар мәселе осында, Түркістанның ұлттық буржуазиялық күштері алға қойған саяси талаптарын 
конструктивті жолмен шешуді мақұлдаған. Олар өздері талап етіп отырған Түркістан автономиясын 
федеративті түрдегі жаңарған патшалық Ресей құрамында көргісі келді. Сондықтанда жергілікті бур-
жуазиялық топ большевиктерге қарағанда Уақытша өкімет уәде еткен Құрылтай жиналысына көп үміт 
артып,  өздерінің  саяси  әрекеттерін  заң  аясында  жүргізуге  тырысып  бақты.  Себебі,  Уақытша  өкімет 
қандайда болмасын,  сол кездегі легетимді билік көзі болатын, ал өз тағдырын сол өкіметпен байланы-
стырған буржуазиялық топ Думада күтіліп отырған Құрылтай жиналысынан алға қойған бағдарлама-
ларына сәйкес өздерінің талаптары үшін тартысқа түсуге әзірленген. 
Осы орайда айта кететін бір жәйт, С. Қожанов осы өзі баяндап отырған уақытты он жыл бұрын 
«Бірлік туы» газетінде «Түркістанда орыс сиездері» - атты мақаласында да жазғандығын ескере ке-
туіміз қажет. Сол кездерде Сұлтанбек мақаланы буржуазиялық интеллигенцияның өкілі ретінде жазып, 
өз ойын тіпті әсірелеп білдіргені белгілі. Яғни, С. Қожанов сол тұста буржуазиялық интеллигенция-
ның сойылын соғып, аталған мақалада большевиктерге барынша шүйліккен. Бірақ заманның ағымы 
Қазақстан мен Түркістанда орнаған тәуелсіз өкіметтердің тізгінін көп ұзамай большевиктердің қолда-
рына ұстатты. 
Алаш-Орда  серкелері  мен  Түркістан  Мұхтариятының  төріндегі  қазақ  зиялыларының  мұң-
мұқтажы тасқа шағылып, саясат айдынынан аластатылды. Міне, осы шақта амбицияларының буы ба-
сылмаған, алаш идеясымен суарылған, жігерлі жас қайраткерлер большевиктер бағдарламаларының 
оңтайлы тұстарынан қармап қалуға тырысқан. Сондықтанда Сұлтанбектің 1920 жылы большевиктер 
партиясы қатарына өтуі сияқты іс-қимылдарының 189 градусқа шұғыл бұрылуын түсіну қиын емес. 
Сұлтанбектің бұл әрекетін оның тұрақсыздығына баламай, керісінше оның сол кезеңдегі қалыптасқан 
119

саяси ахуалды жете түсініп және де оған бейімделе алып, яғни сол қызыл түлкі заманының тазысы 
болуына  талпынып,  өзінің  әубастағы  күйттеген  ұлттық  мүддесін  кеңестік  кеңістікте  іске  асыруға 
тырысып баққанына балаған жөн. Себебі, Ленин ұсынған большевиктердің ұлттарға өз-өзін анықтап, 
оларға берілетін еркіндігі жөніндегі бағдарламалары кім-кімді болса да қызықтыратыны түсінікті.
Әлихан іспетті Алаштың нар ардагері кезінде, тәуелсіздік үшін күресті қолға қылыш алып күре-
судің заманы өтті, ендігі кезекте азаттық үшін күрес барысында өз мақсаттарына жетудің бірден-бір 
жолы - заманауй әдістерді қолдану болып табылады деген болатын. Тәуелсіздік үшін мұндай күрес 
концепциясын ұстанған Сұлтанбек бұл идеямен Алиханның үзеңгілесі, талай рет Түркістан қаласына 
ат басын тіреген Міржақыппен екеуінің арасында болған әңгімелер барысында сусындауы ғажап емес.
Жалпы келе жатқан  төңкерістерге дейін, жергілікті буржуазиялық топтың өкілдері интеллиген-
цияны  құрағаны  белгілі.  Буржуазиялық  интеллигенция  жергілікті  басқа  саяси  күштерге  қарағанда 
сол уақыттағы өз халықтарының қаншалықты мүшкіл күйде тұрғанын терең түсінген. Сондықтанда 
олар ағартушылыққа баса көңіл аударып, алғаш азаттықты аузына алған саяси күшке айнала бастайды. 
Олар  билікке  қарсы  жасырын  саяси  ұйымдарға  ұйытқы  болып,  болашаққа  бағыттап  бағдарламалар 
жасап, күрес жолдарын жобалады. Ақпан төңкерісінен кейін отар халықтардың мүддесін бірден-бір 
білдірушілері болды да, жергілікті халықтардың саяси қайраткерлеріне айналды. 
Азаттықты ту етіп көтергендегі ең басты мәселелердің бірі, азаттықтың жоқтаушысы ретінде осы 
саяси қайраткерлердің жергілікті халықтардың арасынан пісіп жетілуінде. Демек, азаттықты аңсағанда 
орыс партияларына(кадет, эсер, большевик) жалтақтаған құлдық психологиядан арыла бастаған буржу-
азиялық интеллигенция кейпіндегі саяси күш қалыптасқан болатын. Қазақ еліндегі буржуазиялық ин-
теллигенция өкілдері Алаш Орда өкіметін құрды. Осы Алаш идеясымен жарақтанған саяси қайраткер-
лер аймақтарда(шығыс, батыс, оңтүстік) тәуелсіздік тұғырын тұрғызуға жанталасып кіріскен болатын. 
Кітапшада келтіріліп отырған және кезінде Сұлтанбектің өзі белсенді мүшесі болған буржуазиялық ин-
теллигенция, большевиктер түпкілікті жеңіске жеткенге дейін олардың негізгі қарсыласынан саналған. 
Сондықтанда  қарбалас  сәтті  пайдаланып  өкіметті  басып  алып,  ұлттарға  бостандық  пен  теңдікті  біз 
әпереміз деген большевик атаулы жаңа және жат күшке ұлттық интеллигенция сенімсіздікпен қарады.
Бұл саяси күш С. Қожановтың айтуынша 1917 жылдың мамырында өткен 1- ші мұсылман сиезінде 
барлық буржуазиялық және реакциялық топтарды жұмылдырып, сиезде жетекші рөл атқарған. Бірақ 
өкінішке  орай,  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығаратын  уақытта  «Шураи  улемалықтар»  іргесін 
бөлек салды. Ұлттық буржуазия мен интеллигенцияның сүйеніші болып, оларды сол кезде түсінетін 
және қолдайтын халқы да болмай шықты. Оларға қарағанда діншілдердің уағызы жамағатқа түсінікті 
болып, әсіресе, «улемалықтардың» дербес саясат ұстануға тырысқандығы реакциялық біртұтас шептің 
бөлшектенуіне әкелді. Мұнда, С. Қожанов бұндай саяси ахуалдың  себебін де ашып көрсеткенді. 
Бірінші мұсылман сиезінде интеллигенция мен діншілдер арасында орнаған ауызбіршілік бұдан 
былайғы кезеңде сын көтермей олардың арақатынасының күрделене түсуіне әкелеп соқты. Автордың 
айтуынша, діншілдер өздерінің клерикалды талаптары қанағаттандырылмағандықтан, бөлек саяси то-
пқа ұйымдасып, буржуазиялық интеллигенциядан бөлек 2 – ші және 3 – ші мұсылман сиездерін шақы-
рған. Мұнда «улемалықтар» елді клерикалды бағдарлама бойынша басқаруды ұсынып, панисламистік 
бастамадағы федерацияны талап еткен болатын. Олар уақытша үкіметтің басшысы Керенскийге феде-
рация мен шариғаттық басқару жүйесін талап ету жөнінде делегацияны жіберіп, өздерінің 2 –ші сиезін-
де буржуазиялық ұлттық интеллигенцияны орысшылдығы және шариғатты қолдамағаны үшін оларды 
анафемаға  кесті [2, 244-б.]. Сөйтіп, шешуші кезеңде бірігіп алып, ұтымды қадамдар жасайтын сәтті 
жіберіп алған буржуазиялық интеллигенция мен діншілдер кезекті бітімсөзге Қазан төңкерісінен кейін 
ғана барды. Онда да оларды бұл бітімгершілікке мәжбүрлеген большевиктер болатын. 
Әрине бүгінгі күннің биігінен сол кездердегі Түркістан халықтарының мүддесін айқындаушы «шу-
раи  исламия»  мен  «шураи  улема»  секілді  белді  саяси  топтардың  ымыраға  келе  алмауына  сын  тағу 
оңай.  Әйтпесе,  толқыған  Түркістан  саясат  айдынының  алғы  шебіндегі  осы  бір  екі  саяси  ағымның 
билігі патшалық Ресей тұсында еуропалық жоғары білім алған қазақ зиялыларының қолында бола-
тын. Яғни, осындай саяси күштерді басқарғандардың қатарында – Мұстапа Шоқай, Мұқаметжан Ты-
нышбаев, Серғазы Лапин сынды көбіне дерлігі еуропаның юриспруденциясының жілік майын шаққан 
оқымыстыларынан тұрды. Дегенімен, бұл аталған екі саяси топтың басында өз заманының озық ойлы 
қоғам қайраткелері тұрғанымен арада орнау керек болған ымырашылдықтың орнына, олар қарама-қай-
шылықтарға бой алдырды. 
Ұстанған ұстанымдарына және атқарған істеріне сәйкес жәдидшілер яғни, жаңашылдар атанған 
120

«Шура-и исламиялықтар» тәуелсіз Түркістан қоғамын сайлауда заман ағымына, оның талабына сай 
сұраныстарға жауап беруге тырысқандықтан, олардың бағдарламалары прогрессивті тұрғыда болды. 
Олар  таңдаған  жолға  сәйкес  Түркістанда  заманауи,  зайырлы  қоғамды  орнату  керек  болатын.  Әри-
не, егерде патша өкіметінің орнын басуға тырысқан орыстың саяси партиялары мен оларды қолдап 
отырған Ресейдегі жаңа билік болмағанда, Түркістан мұхтариятының ғұмыры ұзағынан боларма еді. 
Оның үстіне заманына қарай Түркістан үшін, бұл сөзсіз бірден-бір дұрыс таңдау болатын. Өкінішке 
орай шураи исламиялықтардың діттегеніне жету барысында алдарынан кедергілер көлденеңінен шыға 
берді. Ондай кедергілердің бірі және ең бастысы олармен әубастан текетіреске түскен «большевиктер» 
партиясы болса, келесі бір кедергі оларға қолдау көрсететін халқының қамсыздығы болды. 
Ал жоғарыда С. Қожановтың еңбегінен келтірілген мұсылмандардың 1-ші сиезінен кейін «шураи 
исламиялықтардан»  бөлектеніп,  «улемалықтардың»    саясаттағы  дербес  жасаған  қадамдарын  қалай 
түсінуге болады? Жоқ әлде, бұл «улемалықтардың» саяси партияларға тән ойластырылған стратегиялық 
тактикасы болды ма? Егерде «шураи исламиялықтар» секілді саяси ағым іс-әрекеттеріне сәйкес «жә-
дидшілдер» атанса, «шураи улемалықтар», «ескішілдер» яғни, «кадимшылар» атанған. Жоғарыда атап 
өткеніміздей «шураи улема» сынды саяси ағымның басында Ресейдің Санкт-Петербургінде білім алған, 
адвокаттық мамандығы бар Серғазы Лапин деген қазақ зиялыларының бірі тұрған. Серғазы Лапиннің 
Ресейде білім алғанын ескерсек, әлбетте ол Ресейдің, одан қалды Еуропаның алдыңғы қатарлы саяси 
ойымен таныс болуы күмән туғызбайды. Сондықтанда ол Түркістанда орын алған қым-қиғаш саяси 
ойындарда шалыс қадам басты деп айтуымыз қиын. 
Серғазы Лапиннің іске асырған саяси акциялары, өзінің көңілге түйген белгілі бір  тұжырымда-
рына негізделуі әбден мүмкін. Себебі, Түркістан қоғамының алдыңғы қатарлы батыстың елдеріндегі-
дей саяси тартыстарға түсетін сыңай танытпайтынын заңгер маман ретінде түсінген ол, сол қоғамның 
белсенді бөлігі - мұсылман қауымына үміт артуы түсінікті. Оның үстіне «шураи исламиялықтардың» 
ұстанған саясаты Түркістан қоғамы үшін заманынан бұрын болып, сондықтанда түсініксіздеу көрініп, 
радикалды көрініс берген сыңайлы. 
Серғазы Лапиннің мұндай саясат түптеп келгенде орыс партияларымен қақтығысқа түсетіні жай-
ындағы болжам жасаған ойлары, оның 1918 ж. 17 қаңтарда «Орыс социалистеріне «улеманың» Таш-
кент ұйымы атынан» деп аталатын мәлімдемесінен көруге болады [3, 3-10-пп.]. 
Бұл құжатта Серғазы Лапин жергілікті саяси топтар мен орыс партиялары арасындағы қақтығыс-
тарға жол бермеуді алдын алып, белгілі бір балансты сақтау үшін, билік басындағы социалистердің 
ілімі  мен  жергілікті  халықтардың  ұстанатын  ислам  дінінің  арасындағы  үйлесімдіктерді  үндестіріп, 
Түркістан  қоғамындағы  қарама-қарсы  саяи  күштердің  арасындағы  толеранттықтың  орнауын  көзде-
генін көңілге түйуге болады. Ол ислам діні қағидаларының өзінен орыс социалистері ұсынып отырған 
іліміндегі тұрмыстық, экономикалық ұқсастықтарға жауап беретін тұстарына толығымен дәлелдер кел-
тіріп тәптіштейді. 
Осының бәрі «шураи улемалықтардың» Түркістан елдігінің сындарлы сәтінде, өлкеде орын алған 
өктем саясат қарбаласында, жергілікті және келімсек халықтардың қантөгіс жағдайға душар болмас 
үшін, жергіліктерден көшбасшы саналған саяси топ «шураи исламиялықтардан» ажырап, аңдап басып, 
салиқалы саясат ұстанғандығын көрсетеді. 
Бірақ, С. Қожанов еңбегінде келтіретініндей Қазан төңкерісінен кейін, «улемалық» мұсылмандар-
дың III сиезі атынан солдаттар мен жұмысшылар депутаттары кеңесіне делегация жіберіп, олардың 
Түркістандағы орыс жұртына қатысты билігін мойындай отырып, бірақ, өздеріне бүтін мұсылманды 
шариғат бойынша басқаруды сұрайды. «Улемалықтардың» бұл ұсынысы ескерусіз қалғандықтан олар-
дың ұлттық-буржуазиялық интеллигенциямен яғни, «шураи исламиялықтармен» қайта келісімге келіп, 
Қоқан автономиясын бірге жариялауға түрткі болады [2, 244-б.]. Тарихи өлшеммен алғанда Ресейдегі 
екі төңкерістің арасы қасқағым сәт болсада, Түркістандағы түркі халықтары үшін бұл уақыт олардың 
қатты ұйқысынан оянып, есін жиып, бой жазуына жеткілікті болды.
Кітапшада автор жергілікті халықтар арасындағы жоғарыда келтірілген белді екі саяси ағымнан 
басқа да кішігірім, саяси реңкі бар ұйымдар туралы да айта кетеді. Олар көбінесе ескі қалалар тұрғын-
дарының арасынан құралып, алғашында буржуазиялық және діни топтардың арттарынан сандалып, 
кейіннен  өздері «мұсылман жұмысшыларының одағына» және «мұсылман жұмысшылар депутатта-
рының кеңесіне» бірігіп белсенділік танытуға талпынғандығын айтады. Сондай ұйымдардың ішінен 
тек ескі Ташкент қаласының «құрылысшы жұмысшыларының одағы» Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы 
революциялық қозғалысына бір табан жақындай алғандығы туралы да хабардар боламыз. 
121

Кітапшадан көретініміздей, Түркістан халықтарының басым бөлігі қоғамда болып жатқан сілкініс-
терге селқостықпен қараған. Ал, солардың ішінен болар-болмас белсенділік білдірген бірқыдыру жұ-
мысшы қауымының орыс пролетариатының революциялық қозғалысына қолғабыс етіп, жақындай түсу 
ниеті кедергілерге тап болған көрінеді. Ондай кедергі басқа емес сол кездегі партия басшылығының 
өзінен туындаған. Мұнда автор сол кездегі большевиктер партиясы басшылығының өлкедегі ұлт-
тық қатынасты дұрыс жолға қоя алмағандығын немесе дұрыс жолға қойғысы келмегендігін айта-
ды. 1917 жылдың 19 қарашасында өткен Кеңестердің III сиезінде коммунистік фракция: «қазіргі таңда 
мұсылмандарды өлкенің жоғарғы революциялық билік мүшелігіне қабылдауымыз ағаттық болады. Се-
бебі, мұсылмандардың бізге деген көзқарасы анық емес, одан басқа, жергілікті халықтардың арасында 
біз құптайтын таптық пролетарлық ұйымдар да жоқ», – деп мәлімдеген [2, 45-б.]. 
С.  Қожанов  мұнда  Қазан  төңкерісіне  дейін  Ресейдегі  пролетариаттар  қозғалысымен  Түркістан-
дағы оларға оң пиғыл танытатын жергілікті қозғалыстың арасында дәнекерлік байланыстың болмаған-
дығы, сол жергілікті еңбекшілердің басым бөлігінің қазан күндері абдырап қалуын  және де жоғарыда 
келтірілген партия басшылығының жергілікті халықтарға деген сенімсіздікті білдіретін мәлімдемесін 
түсіндіретінін айтады. 
Жалпы алғанда С. Қожанов осындай  мысалдарды саралап Қазан төңкерісіне дейінгі және одан 
кейін кеңестік автономия орнағанға дейінгі Түркістанның саяси дамуындағы шешуші кезеңдерін басты 
екі фактормен негіздейді. Оның бірі, жергілікті халықтың арасында кеңестік және партиялық жұрт-
шылықтың  пайда  болуы  және  оның  өрістеуі  болса,  екіншісі,  өлкедегі  партия  мен  кеңестік  биліктің 
Орталық Комитеттен жіберіліп отырған директивалардың күшімен жергілікті халық еңбекшілерінің 
саяси өмірін ұйымдастырып, оларды басқарып әкетуге ұмтылу болған. 
Бірінші фактор бойынша яғни, жергілікті халықтың арасында партиялық жұртшылықтың пайда 
болуымен оның өрістеуіне С. Қожанов сол кездерде орын алған оқиғаларды тізбектеп дәлелдер кел-
тіреді. Мұнда ол партиялық жұртшылықтың өрістеуі стихиялы мазмұн алғандығын ескереді. Әсіре-
се, бұл құбылысқа стихиялы мазмұн берген қайта түлеген отаршылдық дәстүр қалдықтарының өмір-
шеңдігін айтады.
Мысалы,  Қоқанда  1918  жылы  көкек  айының  басында  бұрынғы  патша  ұлықтары  төтенше  сиез 
шақырып, онда олар кеңес өкіметін қолдайтынын жария етеді. Ал, кеңес өкіметі Қоқан автономиясын 
құлатқаннан кейін С. Қожановтың айтуынша, ондай патша ұлықтарының бірден кеңесшіл бола қалуы 
жаппай сипат алады [2, 247-б.]. Мұнда автор партия жұртшылығының арасында еуропалық және ұлттық 
деп бөлінулері сол кездің өзінде орын алғандығында айтады. Мұндай бөлінулер партия басшылығын-
да да жалғасын тапқандығына автор мынадай нақты мысал келтіреді: «партияның III-ші сиезінде сол 
кездегі халкомкеңесінің төрағасы Сорокин жолдас: «исполкомның отырысын өткізу барысында кейбір 
мәселелерді шешу үшін, біз  ескі қалалардың өкілдерін шығарып жіберетінбіз» – деген [2, 247-б.].
Сол  сияқты  өлкеде  партиялық  жұртшылықтың  өрістеуін,  кітапшадан  көретініміздей,  жергілікті 
рулар арасындағы күрестерде партиялықты қаруға айналдырғанынан байқасақ, дашнактардың озбы-
рлығына қарсы әрекет ету үшін жергілікті жастардың коммунистік ұйымдарға көптеп кіруі де орын 
алған. 
Большевиктер  ілімімен  танысып,  сол  ілім  ұсынған  идеяларды  қоғамға  енгізу  үшін  талаптанған 
азаматтардың партия қатарына әдеттегідей қабылдануын С. Қожанов жоққа шығармайды. Бірақ, сол 
қоғамдағы түрлі топтардың партиялықты бейберекет өз керектеріне жаратқанын көрсететін жоғарыда 
келтірілген мысалдар арқылы ол, өлкедегі партия басшылығының осалдығын әшкерелейді. 
С.  Қожановтың  Түркістан  саяси  дамуының  шешуші  кезеңдерін  түсіндіретін  екінші  факторы, 
Мәскеудегі Орталық Комитеттің үнемі жіберіп отыратын, өлкедегі саяси ахуалды ыңғайға қарай ретте-
гіш директиваларына негізделген. Мұнда автор өлкедегі партия басшылығының саясаты мен Орталық 
Комитет нұсқауларының көп жағдайда үйлесе бермегендігін аша түседі. Яғни, қаулының қауқары қиы-
рдағыға қиын жететінінің өзі болған. С. Қожанов бұл тұжырымының дәлеліне әдеттегідей көптеген 
мысалдар келтіреді. Әсіресе, Мәскеуден жіберілген В.И. Ленин мен И.В. Сталиннің өлкедегі автономия 
және ұлттық мәселе жайлы сандаған директивалары ондағы кеңестер сиезінде басшылыққа алынбаған-
дығы немесе ол директивалар сиездерде оқылса да кейінге ысырылып, кешеуілдегенін көреміз. 
Мұндай жағдайдың қалыптасуына бірден-бір себеп, жаңа өмірді уәде етіп, билік басына келген 
партияның  қатарында  кезінде  отаршылдық  дәстүрді  кәсіп  етіп,  одан  арыла  алмаған  шенеуніктердің 
көптеп кездесуінде болған. Осындай жағдайлар автордың пікірінше, жергілікті халықтарға олардың 
автономиялығы мен партия қатарына жергілікті ұлт өкілдерін тартуы туралы директивалардың іске 
122

асуына көлденең кедергілерді келтіре берді.  
Міне, біз С. Қожановтың кітапшасынан осындай мәліметтер арқылы Түркістандағы патша өкіметі 
құлағаннан кейін және кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі өлкенің саяси көкжиегін анығырақ елестете 
аламыз. Сол аралықта саясат айдынының қалай қалыптасып, ондағы түрлі-түсті саяси топтар мен пар-
тиялар арасындағы саяси ойынның қалайша қыза түскенін, олардың бір-бірімен қақтығысып немесе  
одақтасуына куә бола отырып, сондағы саяси акциялардың себептері мен салдарын тереңірек сарала-
уға мүмкіндік аламыз. Сол сияқты сандаған саяси топтар мен партияларды жалмаған  большевиктердің 
Түркістан төріне шығып алғанымен, партия  құрамына бұрынғы билік элементтері електен өтіп кетіп, 
жергілікті халыққа деген дәстүрлі саясатын жалғастыра бергенінен де хабардар боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет