Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу



бет59/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

14. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу
14.1 Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың азаматтық процессуалдық құқықтары мен міндеттері
14.2 Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша соттылық


14.1 Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың азаматтық процессуалдық құқықтары мен міндеттері

ҚР АПК 57 тарауы шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізуге арналған [1]. ҚР АПК 472 бабына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқығы бар.


Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шетелдік тұлғалар процестік құқықтарды пайдаланады және процестік міндеттерін Қазақстан Республикасының азаматтары мен және заңды тұлғаларымен бірдей орындайды.
Соттарда шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу осы Кодекске, өзге де заңдарға және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының процестік құқықтарын арнайы шектеулерге жол берілетін мемлекеттердің шетелдік тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы қарсы шектеулер (реторсиялар) белгілеуі мүмкін.
ҚР АПК 473 бабына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық процестік әрекетке қабілеттілігі олардың жеке заңы бойынша айқындалады.
Өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құқығы шетелдіктің жеке заңы болып табылады.
Азаматта бірнеше шет мемлекеттің азаматтығы болған жағдайда, ол неғұрлым тығыз байланыста болатын, оның ішінде азаматтың тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңы оның жеке заңы болып есептеледі.
Азаматтығы жоқ адамның жеке заңы – ол тұрғылықты тұратын жері бар мемлекеттің заңы, ал олай болмаған жағдайда оның әдетте тұрып жатқан мемлекетінің заңы сол адамның жеке заңы болып есептеледі.
Өзінің жеке заңы бойынша процестік әрекетке қабілетті болып табылмайтын адам, егер Қазақстан Республикасының заңына сәйкес процестік әрекет қабілетіне ие болса, ол Қазақстан Республикасының аумағында әрекетке қабілеті бар деп танылуы мүмкін.
ҚР АПК 474 бабына сәйкес шетелдік ұйымның процестік құқыққа қабілеттілігі осы ұйым соған сәйкес құрылған шет мемлекеттің заңы бойынша айқындалады. Бұл заң бойынша процестік құқыққа қабілеті жоқ шетелдік ұйым Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында құқыққа қабілеті бар деп танылуы мүмкін.
Халықаралық ұйымның процестік құқыққа қабілеттілігі осы ұйым соған сәйкес құрылған халықаралық шарттың немесе Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық шарттарының негізінде белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет