Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында.
Сократ (б.з.д. 469-399ж.) – философ-идеалист:
Тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек.
Платон (б.э.д. 427-347ж.) – философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыданакадемиядеп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан.
Платон (б.э.д. 427-347ж.) – философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыданакадемиядеп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан.
Педагогикалық көзқарастарын білдірген еңбектері: «Мемлекет», «Заңдар»
Негізгі қағидалары:
«Мемлекет» атты еңбегінде «Математикаға тәрбиеленген, оған жаттыққан балалардың өзі, тіпті олар бұдан ешбір пайда алмаса да, бұрынғыға қарағанда қабылдаушылық қасиеті арта түседі» деп тәрбиешінің түсіндіретін ұғымдарын берік ететін жаттығуға ерекше мән берген;
Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;
Тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес болуы қажет.