Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет725/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

СПОР

СПОР


504

найы  іріктеу  амалдарын  анықтау, 

сондай-ақ  жаттықтыру  салаларында 

одан  әрі  тереңдетіледі.  Спорт  пси- 

хологиясының  психикалық  реттелу, 

сөре  алдында  өзін-өзі  ұстау,  жарыс 

барысында және жарыс жағдаятынан 

кейінгі  ұстаным  секілді  бағыттары 

ерекше  проблемалар  болып  табыла-

ды. Соңғы жылдардағы зерттеулерде 

спортшының  өз  жеңістеріне  және 

жеңілістеріне  көзқарасы  мәселеле- 

ріне көп көңіл бөлінуде.

Командалар  құру,  олардағы  тұлға- 

лар аралық қарым-қатынастар, олар- 

дың  топтасқандығын  және  құнды- 

лық-бағдарлық бірлігін нығайту про-

блемалары,  жаттықтырушымен  не-

месе жаттықтырушылар ұжымымен, 

жанкүйерлермен  (бұлардың  ішін-

де  «спорт  фанаттарымен»)  қарым-

қатынас, командалар аралық қарым-

қатынастар  мәселелері  әлеуметтік-

психологиялық  зерттеулердің  өз  ал- 

дына  бір  бағыты  болып  саралануда. 

С.  п.-ның  қазіргі  уақыттағы  негізгі 

міндеттері спортшылардың спорттық 

жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай 

жасау  ғана  емес,  сонымен  қатар 

спортшы тұлғасын жан-жақты дамы-

ту, оның жалпы және психологиялық 

мәдениетін көтеру болып табылады.



СТАТУС (әлеуметтік психологияда), 

(лат. status – жағдай, күй) – субъекттің 

тұлғааралық  қарым-қатынастар  жү- 

йесіндегіі  оның  құқықтарын,  мін-

деттері  мен  пұрсаттылықтарын 

анықтайтын  жағдайы.  Сол  бір  ғана 

индивидтің  өзінің  әртүрлі  топтар-

да  әрқилы  статусы  болуы  мүмкін. 

Топтық даму деңгейі жөнінен іс-әре- 

кет пен қарым-қатынастың мазмұны 

жөнінен  ерекшеленетін  топтардағы 

индивид  иеленетін  статустардағы 

елеулі  алшақтық  екінін  бірінде 

фрустрацияның,  кикілжіңдердің 

және  т.б.  себептері  болуы  мүмкін. 

Эксперименттік тұрғыдан статус әр- 

түрлі әлеуметтік-психологиялық әдіс- 

терді  қолдану  арқылы  анықталады. 

Статустың  маңызды  сипаттамала-

ры  төңірегіндегілердің  индивидтің 

сіңірген еңбегін тануының өзіндік бір 

өлшемі ретіндегі мәртебе мен бедел 

болып табылады.

СТЕНИКАЛЫҚ (грек. sthenos – қаз. 

күш  деген  мағынада)  –  индивидтің 

жұмысқа  барынша  қабілеттілігінің 

әртүрлі бөгеттерге беріктігінің, тіпті 

бірнеше  тәулік  бойына  ұйықтама- 

ғанның  өзінде  ұзақ  уақыт  үздіксіз 

қызмет  атқаруға  қабілеттіліктің  си- 

паттамасы. С.-тың қарама-қарсы ұғы- 

мы – астеникалық.

СТИВЕНС зАҢЫ – америкалық ға- 

лым Стикенс ашқан формула, түйсік 

күшін  тітіркендіргіштің  физикалық 

қарқындылығының  белгілі  бір  дә- 

режесімен  байланыстырады.  С.  з.-н 

негіздеу  үшін  психологиялық-фи- 

зиологиялық  зерттеулердің  мәлімет- 

тері қатыстырылады. Алайда, әдетте, 

психофизикалық  өлшеулердің  нә- 

тижелері  индивидуумдық  тұрғыдан 

барынша  өзгермелі  болатындықтан, 

бұл  заңмен  анықталатын  дәрежелік 

тәуелділіктің  Фехнер  заңына  қатыс- 

ты артықшылығын бір мәнде дәлел- 

деуді қиындатады. (қ. Вебер – Фихнер 

заңы).  С.з.  негізгі  психофизикалық 

(Вебер-Фехнер ) заңының бір вариан-

ты, бұл заң стимул мен түйсік күші- 

нің  арасындағы  қатысты  логариф- 

микалық  емес  дәрежелік  функдио- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет