Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет727/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   877
СТИГ

СТРЕ


506

ты жағдайларды ауытқуға ұшырата- 

ды,  ол  бейберекет  қимыл-қозғалыс- 

тар  жасайды.  Адамның  психикалық 

үрдістері  –  қабылдау  мен  ес,  зейін 

әдеттен тыс қателіктер жібереді.

Адам  ашушаң,  қызба  болады.  Мұн- 

дай  жағымсыз  көріністер  дистресс 

деп  аталады.  Дистрестік  күй  адам- 

ның  күш-қуатын,  ақыл-ойын  қожы- 

ратып, оған теріс ықпал етеді. Стрес- 

тік күйді жеңу үшін адам өзінің бо- 

йындағы  ерік-жігерін  шыңдап,  та- 

бандылық  пен  ұстамдылығын,  өмір 

тәжірибесін  молайтуға  машықта- 

нуы қажет. С. (титықтау) (ағыл. stress 

күш) – кез келген күшті әсерден адам- 

да  пайда  болатын  психофизиоло- 

гиялық күй. С. ұғымын 1936 ж. кана- 

далық физиолог Г. Селье енгізді. Ол 

эустресс – қалыпты С. және дистресс – 

потологиялық  С.  деп  бөлді.  Пато- 

логиялық  С.  ауру  симптомдарында 

көрінеді.

Селье  стресті  тіршілік  әрекетінің 

ажырамайтын атрибуты деп санады. 

Адамның  сезім  мүшелеріне  тітір- 

кендіргіштердің жеткілікті саны әсер 

етпесе, ол функциясын толық атқара 

алмайды.  Егер  бала  кезден  бастап 

адамның миына сенсорлық, эмоция- 

лық және әлеуметтік тітіркендіргіш- 

тердің  белгілі  бір  саны  әсер  етпесе, 

психикалық  процестер  үйлесімді 

дами  алмайды  және  жеке  адамның 

әлеуметтенуі болмайды. Әсіресе, бұл 

толық  психикалық  депривация  мы- 

салында айқын көрінеді. Қарқынды- 

лығы  жоғары  немесе  шамадан  тыс 

мөлшерде  пайда  болатын  тітіркен- 

діргіштер дистресс туғызуы мүмкін. 

Бұдан  психика  өзгеріске  ұшырап, 

кейде  адам  өліп  кететін  жағдайлар 

болады.  Дистрестік  күй  адамның 

күш-қуатын,  ақыл-ойын  қалжыра- 

тып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік 

күйді жеңу үшін адам өзінің бойын- 

дағы ерік-жігерін шыңдап, табанды- 

лық пен ұстамдылығын, өмір тәжіри- 

бесін молайтуға машықтануы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет