Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет834/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   830   831   832   833   834   835   836   837   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ФУНК

ФУНК


576

ХАЛЫҚТЫҚ  ПСИХОЛОГИЯ  – 

адамның  күнделікті  өмірінің  оның 

басқа  адамдармен  алуан  түрлі  пси- 

хологиялық  байланыстары  мен  қа- 

тынастарын  зерттейтін  ғылымға  де- 

йінгі  психологияның  түрі.  Х.п.-ның 

иесі – нақты адамдар.

Адамдардың ішінде өмірлік даналы- 

ғы  мол,  психологиялық  көрегендігі 

жоғары  кісілерде  кездеседі.  Олар 

адамның бет-әлпеті, позасы мен кө- 

зінің  қарасынан  сол  адамның  көңіл 

күйін, ниеттерін біліп қояды. Х.п.-да- 

ғы  балалардың  өз  құрбы-құрдаста- 

рының,  ата-анасы  мен  мұғалімдері- 

нің  субъективтік  қасиеттерінде  бағ- 

дарлай  алады.  Х.п.-ның  негізін  бір-

лескен  іс-әрекет,  қарым-қатынас, 

адамдардың шынайы өзара қатынас- 

тары  құрайды.  Адамдардың  психо- 

логиялық  ерекшеліктерін,  мінез- 

құлқын  білдіретін  қарадүрсін  пси- 

хологиялық  ұғымдар  мен  ғылыми 

ұғымдардың  арасында  сәйкессіздік 

болады. Х.п.-ның мазмұны халықтың 

салт-дәстүрлерінде,  түрлі  нанымда-

рында,  ауыз  әдебиетінде,  ертегілер-

де,  мақал-мәтелдерде,  т.б.  көрініс 

табады. Адамдар күнделікті өмірден 

психологиялық тәжірибе жинап, бас- 

қа адамдарды түсінудің, оларға тиім- 

ді  әсер  етудің  тәсілдерін  меңгереді. 

Ондай қабілеттілікті психологиялық 

біліктілік деп те атайды. Бұл қасиет 

әсіресе педагогтарда қалыптасуы қа- 

жет.  Х.п.-ның  білімдер  қарапайым 

бақылау және өзін-өзі бақылау арқы- 

лы, интуиция арқылы көрініс табады.



ХАРИзМА (грек. сharisma – тарту) – 

жеке тұлғада оған бас игізгендей жә- 

не  оның  мүмкіндіктеріне  сөзсіз  се-

нетіндей қасиеттер бар деп білу. Бұл 

феномен  топтасу  процесінде  өз  мұ- 

раттарын  жеке  бір  адамға  түгелдей 

дарыған  деуге  бейім  шағын  және 

әсіресе үлкен топтарға тән. X. көбіне 

экстремальды  тарихи  жағдайларда 

пайда болады. Х.-лық лидерге оның 

жақтастарының  барлық  жетістіктері 

байланыстырылады, тіпті оның көрі- 

ну  кемшіліктері  дәріптелуге  дейін 

барады. Х.-лық лидердің діни немесе 

саяси аренадағы қабілеттері тылсым 

мәнде ұғынылып, құтқарушы деп та-

быну шығады.

X.  оған  сәйкес  әлеуметтік-психоло- 

гиялық  қажетсіну  болғанда  қалып- 

тасады.  Топтық  психологияның  фе-

номені ретінде X., әдетте, өзінің ай- 

налдырған  түрінде  қабылданады: 

барлық  назар  харизманы  жасаушы 

ізбасарларға  аумай,  лидерде  бола-

ды. Діни психологияда X. құдайдың 

рақымы  деп  бағамдалады.  Х.-ға  өт- 

пелі сипат берушілік, оның мұрагер- 

леріне тарату, иерархиялық тұрғыдан 

орнықтыру әрекеттері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   830   831   832   833   834   835   836   837   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет