579
шыныс пен ерік-жігердің жемісі.
А.С.Пушкиннің айтуынша, геомет-
рияда да, поэзияда да шабыт керек.
Ш. – адам назарының жинақы түрде
бір мәселені шешуге тұрақталуы, на-
зардың бұған ерекше түйілуі.
Ол іс-әрекеттің түрлі саласында әр-
қилы көрініс береді. Француз мате-
матигі А.Пуанкаренің айтуынша, ол
өзінің көп жылдар бойы шешімін та-
ба алмай жүрген бір формуласын дү-
кенге кіріп келгенде, сондағы бір
кітаптың бетінен елестетеді де, соны
дәптеріне жазып алады. Бұдан соң
да, сөйтіп ұзақ жылдар бойына ойдан
кетпей жүрген идея оп-оңай шеші-
мін табады. Қысқа уақыт ішінде ора-
сан зор табысқа қол жету, оның ал-
дындағы көп ізденіс, жан-жақты ой-
лаумен тынымсыз еңбектің нәтиже-
сі. П.И. Чайковский «Шабыт тек із-
денген адамға ғана кезігетін қонақ,
жалқау адамға шабыт жуымайды», –
десе, А.Богомолов «Шабыт – твор-
чествоның нақты құралы, іске де-
ген сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ
өмірдің арқауы», – дейді.
ШАҒЫН ТОП – ортақ мақсат-мін-
деттер арқылы бір-бірімен тікелей
байланысатын адамдар бірлестігі.
Ш. т.-тағы моральды-психологиялық
кейіп кіші топтың әлеуметтік психо-
логиялық күйін сипаттайтын түсінік.
Бұл түсінік негізінде топ мүшелері-
нің алдарына қойылған мәселелерді
ұйымдасып шешуіне және жұмыс
жасауына психологиялық дайынды-
ғы қарастырылады.
ШАҚШАЛАР – фоторецептордың
бір түрі. Көздің тор қабығының ішкі
бетінің орта бөлігінде 1 мм-де 1400000-
ға дейін қалың орналасқан. Ш. өте
жарық сәулелерді ғана қабылдайды.
Адамның көзінде 7 млн.-дей күндіз
жарықты көрудің аппараты шақша
клеткалары бар делінеді. Егер оның
қызметі бұзылса, адам жарыққа қарай
алмай, «түс соқыры» (ахромазия) ау-
руына ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: