Негізгі бөлім. Бал – жоғары тамақтық азық. Мерзімді басылымда
жарияланған бір мақалада мынадай дерек келтіріліпті. Қазақтардың 60 пайызы
мүлде бал жемейді. Жан басына шаққанда – 0,1-0,2 грамнан ғана. Жапонияда
соғыстан кейін бүкіл халық бал мен ара өнімдерін бірі қалмай пайдаланып отырған.
Араға бес-он жыл салып барып ел өзінің интеллектуалдық қуаты жағынан көп елден
әлдеқайда ұзап кеткен. Ол елде тіпті бал жемейтін адамды жұмысқа алмайтын тәртіп
бар екен.
Балдың 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен,
белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ
балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық
тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады.
Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5
0
С-тан 10
0
С-қа дейінгі температурада
сақтайды. Ғалымдардың айтуынша, Алтай балының адам денсаулығына берер
пайдасы мол. Атап айтқанда, бал ағзадағы қан құрамын жақсартып, ішкі қызметтерді
жандандырады. Иммунитетті арттыру, дененің физиологиялық күш-қуатын қалпына
келтіру, ми қызметін күшейтуге әсер етеді, тыныс алу жолдарын артық қақырықтар
мен қабынудан сақтайтын да – осы бал.
Әжеңіздің тымау немесе суық тигенде ыстық сүтке бал қосып беретіні есіңізде
шығар? Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан
жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде де пайдалануға болады. Халықтық медицинада
бал арқылы ем қабылдау 4 мың жыл бұрын пайда болған екен. Грек ойшылы
Пифагор: «Ұзақ өмір сүрудің себебі – балды жиі қабылдаудан», - десе, әйгілі
медицина ғұламасы Әбу Әли ибн Сина: «Жастық шағыңды сақтағың келсе, жиі бал
же!» - депті.
Көк шайдың пайдасы мол. Көк шай (green tea) – Camellia
sinensis
жапырақтарын тотықтыру арқылы өндірілетін шайдың бір түрі. Қара шайға
қарағанда көк шайдың дайындалу жолы, дәмі, құрамы, әсері басқаша болады.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
82
Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін
күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шай жан
мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай. Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан
тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа.
Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен
микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы
поливитаминді
бұл
жағдайда
ынталандырушы
құрал
ретінде
емдік,
профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында
алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар.
Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие. Американдық
зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін
анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК-ның өзгеруіне, рак
ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен
қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта
ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы.
Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды
екенін білесіз бе? Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды
таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-
қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке
жүйесін
тынықтырады. Ал
кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.
«Менің Сізге айтарым, егер сіз лабораториядағы тәжірбиеде болсаңыз, шайды
көп ішуіңіз керек, сөйтіп, сіз қатерлі ісік ауруының қаупін азайтасыз», – дейді АҚШ
Биологиялық университеттің ғалымы Джефрей Блумберг. Ол сондай-ақ,
лабораториялық зерттеулердегі көк шайдың ерекшелігі туралы былай дейді:
«Мұндағы лабораториялық зерттеулерде көк шайдың артрит, когнитивті
проблемалар, Альцгеймер, Паркинсон дерттері сияқты бірнеше ауруларға әсерлі ем
болатын жағдайы бар екенін көрсетті. Кейбір зерттеулер көк шайды сүйектің сыну
қаупін азайтып, остеопатияның алдын алатынын көрсетті. Және Британияның
бірқатар зерттеулері шай ішетін жастар мен жасөспірімдердің тіс ауруы азайғанын
танытты. Дегенмен, олардың ішіндегі ең күшті деректер шайдың жүрек ауруының
алдын алатыны болып отыр».
Сонымен бірге зерттеуші мамандар көк шай бірнеше көлеңкелі құбылыстарды
да түсіндіреді деген. Кейбір Азия елдерінде темекі шегу деңгейі жоғары, бірақ ол
аймақтарда жүрек аурулары және өкпе рагының құрбандары аз екенін айтылады.
Бауер Сампайо мұны Азиядағы «парадокс» деп атайды. Өткен айда осы тақырыпта
мақала жазған ол темекі көп шегетін азиялықтардың денсаулығын сақтауға көк
шайдың айтарлықтай емдік әсері бар екенін алға тартады. «Олар үстелдеріне отырып
алып, қай жерде жұмыс жасап жатса да, таңертеңнен бастап үлкен шыны кесеге көк
шай салып, ыстық су құйып ішіп отырады. Шай ішіп болған соң да оған ыстық су
қосып, күні бойы ішіп жүреді».
Сонымен көк шай адам денсаулығына пайдалы ма деген сауалға Иел
университетінің қан тамыры ауруларының маманы, хирург Сампайо оның
полифенол деп аталатынын айтады. Ол адам клеткасындағы залалды заттарды
жояды екен. «Мұның жүрек қан тамыры жүйелері мен қатерлі ісік талшықтарына
жақсы әсері бар. Және оған бірқатар дәлелдер бар, мәселен, лабораторияда рак
талшықтарына егер осындай полифенол қосатын болсаңыз, оның өсуіне тосқауыл
қоюға болады».
Дегенмен, көк шайды жұрттың бәрі бірдей жақсы көреді дей алмаймыз.
Ендеше көк шайды ұнатпайтындар үшін көк шайдың құрамында бар пайдалы
заттарды басқа тамақтардан да табуға болатынын айтамыз. Олар шоколад, қызыл
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
83
шарап, алма, шалқан мен капуста сияқты көкөністерде адам денсаулығына пайдалы
көк шайдағыдай полифенол бар екен.
Балық – бағалы құнарлы өнім. Өзенде, теңіз немесе жасанды жағдайда
өсірілгені болсын – кез келген балық – жүрек, қан тамырлары, иммунитетке жақсы
әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Теңіз балығы құрамындағы
маңызды антиоксидант – Омега-3 поли қанықпаған май қышқылы онкологиялық
аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Балық құрамындағы пайдалы заттар: ақуыз; липидтер; аминқышқылдар; йод;
фтор; кальций; марганец; цинк; селен; темір; магний; фосфор; бром; A дәрумені; D
дәрумені; F дәрумені; E дәрумені; С дәрумені; PP дәрумені; B тобының дәрумені; H
дәрумені; балық майы; Омега-3 қышқылы.
Балықтың емдік қасиеттері. Балық – ірі өзен, көл, теңіз бен мұхитты жағалай
орналасқан елдердің басты өнімі болып табылады. Және теңіз жағасында тұратын
адамдардың аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні дәлелденген. Өйткені теңіз бен мұхиттың
өсімдік және жануарлар әлемі – табиғат қорындағы ең пайдалы заттардың қайнар
көзі.
Балық және теңіз бен мұхит флорасы мен фаунасының басқа да өкілдерінде кез
келген тірі ағзаға қажетті барлық дәрумен, макро және микроэлементтер көп
мөлшерде ұсынылған. Әлбетте, өзен мен бөгет балықтары да адамға пайдалы, бірақ
онда дәрумендер мен пайдалы заттар азырақ.
Өзен мен тұщы су қоймаларының балықтарында йод, бром мен D дәрумені
біршама аз, бірақ онда ақуыз жеткілікті мөлшерде болады. Етке қарағанда балық
ақуызында метионин сынды маңызды аминқышқылы болады. Балық ақуызы ағзаға
тез сіңеді, сондықтан оны асқазан ауруларының алдын алу үшін пайдалануға
болады. Балық құрамындағы йод пен фтор эндокринді жүйе ауруларын емдеуге
ықпал етеді.
Көптеген диеталар балықтан тұрады. Етке қарағанда балықтың калориясы
азырақ болып келеді. Семіздік пен аз тамақ жеу диеталарында көбіне осы балықтан
жасалған тағамдар ұсынылады. Кез келген майлы емес ақ балық диеталық саналады,
бірақ диеталық өнімдерге бәрінен бұрын көксерке жарайды.
Балық сатып аларда жас балық немесе бертінде тоңазытылған түрін таңдаған
жөн. Оларда пайдалы микроэлементтер мен дәрумендер әлі де сақталған болады.
Балықты буда немесе қайнатып пісірген жөн. Балықты ашық отта қуырып немесе
қыздырып пісіру арқылы жүрек ұстамасы қаупі деңгейі төмендейді. Жалпы балықты
қалай дайындасаңыз да пайдасы мол. Балық жасаушысы саналатын балық майы да
пайдалы өнім.
Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – Омега-3 поли қанықпаған
май қышқылы ми мен көздің ішкі тор қабығының маңызды заттегі болып табылады.
Ол мидың тез жұмыс істеуіне ықпал етеді. Май қышқылдары ең мықты
антиоксидант болғандықтан, ісік пайда болуының алдын алады. Омега-3 күйзеліс
гормондарын тежеп, буындар мен мидың іс-әрекетін жақсартады. Олар қорғаныш
қасиеттерге ие және қан қысымын қалыпқа келтіріп, артық майларды кетіруге ықпал
етеді. Омега-3 май қышқылы ақсеркеде көп кездеседі. Алайда оны көп мөлшерде
тұтыну ұсынылмайды, өйткені бауырға теріс әсер етуі мүмкін.
Балықтың зиянды қасиеттері. Ғылыми-техникалық жетістіктер адам өмірін
барынша жайлы етті, алайда өндірістердің көптеп пайда болуынан өзен, көлдер мен
теңіздерге зиянды заттар түсетін болды. Ал бұлар кейде балықтардың қорегіне
айналып жатады. Мұның бәрі экологияға дұрыс мән бермеу салдарынан болып отыр.
Шортан, ақсерке мен алабұға бойында сынап сынды зиянды зат жиналуы
мүмкін. Сондықтан оның сапасына толықтай көзіңіз жетпей сатып алмағаныңыз
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
84
жөн. Сүрленген балық та зиянды болуы мүмкін. Ыстық сүрлеуден өткен терісі жұқа
балықта көптеген канцорегенді заттар болады. Сол себепті терісі қалың балық
таңдауға тырысыңыз және аптасына 1-2 рет қана тұтынғаныңыз жөн.
Грек жаңғағы. Грек жаңғағы (лат. Júglans régia) – жаңғақ
тұқымдасына
жатады. Ағаштың орташа биіктігі 25-30 метрге дейін жетеді. Максималды 50 метр
болуы мүмкін. Ұшар басының диаметрі 1,5-2 метрлік үлкен шар тәрізді
дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200-300 жылға дейін «өмір сүреді». Бұл
жаңғақтың отаны – кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде –
Иран. Осы жерден ол Грекия, Италия және Батыс Еуропа елдеріне таралған. Грек
жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған.
Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Күнгей Кавказда көп) бұрын осы жаңғақ
тұқымдары Грекиядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Грек жаңғағы 10
жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі – шар тәрізді. Түрі
мен диаметрі бір сағаттың өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына
байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни
сыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның
қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ
сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт
қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады,
содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек.
Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген грек жаңғағының піскен
жемістерін алма, қант қызылшасы және балдыр көкке қосып, түрлі салат жасайды.
Сондай-ақ оны өрік қосылған қышқылтым сорпаға, жұмыртқа қосылған әр түрлі
сұйық асқа және баклажан, жаңғақ тұздығы мен пудингке (ұн немесе күрішке
жұмыртқа, сүт, жүзім т.б. араластырып жасалған тағам) үстемелеп қосады.
Жайғақты шикі күйінде де жеуге болады. Қаймақ, тосап жасарда қолданылатын май
алынады. Конфет, торт, печенье, халва, начинка, кондитер өнімінің басқа түрлерін
даярлауда пайдаланылады. Кавказдықтар бал қосып, гозинаки, шабдалымен
араластырып, алманы жүзім шырыны сіңген жіпке тізіп, чурчхелы деген дәмді тағам
жасайды. Грек жаңғағы ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ
тұқымдастардан асып түседі. Бұл орайда ол бидай нанынан 3 есе, сиыр сүттен 10 есе
асып, сары майға жақындайды.
Халықтық медицинада грек жаңғағының діңінен, жапырағы мен тамыр
қабықтарынан
алынған
шырын
(сөл),
майы
емдік-диеталық
мақсатта
пайдаланылады. Мысалы, рахит, сары аурулармен ауырған балаларды оның
жапырақ, жаңғақтарының қайнатындысымен емдейді. Тұнбасына дәке батырып,
жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады.
Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып, медицинада
пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор. Жапырағы мен ядросы
хош иісті эфир майына, А, В, Р витаминдеріне
және каротин, белоктік заттарға бай,
ядро ұясы аскарбин қышқылын
(С витамин) бөледі.
Теңіз орамжапырағының пайдасы. Теңіз тағамдарының ішіндегі ең
пайдалысы әрі қол жетімдісі – теңіз орамжапырағы. Бұл көкөніс танымал
болғанымен, оны көпшілік аса ұната бермейді. Біркелкі дәмі бар, түрі өзгеше, иісі
жағымсыз көкөністің ламинария деген атауы да бар. Дүкен сөрелерінен
ламинарияның неше түрлі нұсқасын табуға болады. Ол құрғақ, ұнтақ, кептірілген,
мұздатылған күйінде сатылады. Қандай күйінде болмасын оның пайдалы құрамы өз
қасиетін жоғалтпайды. Теңіз орамжапырағын күнделікті өмірде қияр, сәбіз, болгар
бұрышы,
саңырауқұлақ,
баклажан, пияз, көк
шөп, кәді т.с.с.
көкөністермен
пайдалануға болады.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
85
Ламинария балдыр күйінде кез келген теңіз тұзды тереңінде өседі. Оның
жапырақтарының ұзындығы 20-30 метрге дейін жетеді. Иісі бір түрлі өсімдіктің
пайдасы ертеден-ақ белгілі болған. Ирландия мен Үндістан елдерінде ламинарияның
көмегімен туберкулез, пневмания т.с.с. өкпе ауруларын емдеген. Ежелгі Қытайда
ламинарияны буын ауруларына қарсы пайдаланған. Ламинарияны йод
жетіспеушілігі, артық салмақ, анемия т.б. аурулардың алдын алу мақсатында
қолданады.
Кептірілген ламинария
Теңіз орамжапырағының құрамында А, В, С, Д, Е тобындағы он бір дәрумен
бар. Ол тұзды суда өскендіктен ол натрий, хлор, магний, калий, кальций, йод т.с.с.
минералды элементтерге бай. Бұл көкөніс диеталық тамақ болып саналады. Ол
асқазанда тез қорытылып, ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Сондай-
ақ, ламинария ағзадағы қан айналымын жақсартып, жүрек көк тамырларының бір
қалыпты соғуына әсер етеді.
Амин қышқылдарына бай көкөніс ет жемейтін, кейбір тағамдарға аллергиясы
бар жандарға өте пайдалы. Бұл көкөніс ағзаға жетіспейтін дәрумендердің орнын
толтырады. Әсіресе, ламинария қарт кісілерге, аяғы ауыр келіншектерге, кішкентай
және мектеп жасындағы балаларға өте пайдалы.
Көкөністің құрамындағы стерин ағзадағы зиянды қалдықтармен қатар, артық
холестеринді шығарады. Сол себепті Жапония, Корей, Қытай т.с.с. теңізге жақын
орналасқан елдерде ламинарияны күнделікті ас мәзіріне қосады.
Теңіз орамжапырағын ас үйде ғана емес, косметология мен фармацевтикада
қолдануға болады. Ламинарияның ұнтағын иммунитетті күшейтетін дәрілерге,
жарақатқа қарсы төтеп беретін майларға, биологиялық белсенді қоспаларға қосады.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
86
Ал майын әжімге қарсы кремдерде, қайызғақ жоятын сусабындарда, тырнақ, шаш
өсімін тездететін бальзамдарда пайданылады.
Қорытынды. Денсаулық – зор байлық. Грек жаңғағы. Грек жаңғағының адам
миына ұқсастығының өзі көп нәрседен хабар берердей. Біріншіден, грек жаңғағы
миға өте пайдалы антиоксидант есебінде қажет. Және бұл жаңғақ түрі басқа жаңғақ
түрлерін көш ілестірмей кетеді. Мәселен, жақында ғана зерттеушілер осы бір
жаңғақтың құрамындағы заттар адам миының тез шешім қабылдауы мен
ақпарттарды жылдам қағып алуында елеулі орын алатынын дәлелдеп шықты. Ол аз
десеңіз, тағы бір ғалымдар грек жаңғағының ағзадағы екі пайызының өзі (қалыпты
табылып тұратын болса) мидың қартаюы мен жоғары бөлік қызметінің ұдайы
қызмет үстінде болуын, когнитивтік жүйені (тану қасиеті) реттеп отырады деп
сендіреді.
Қаражидек. Көптеген зерттеулердің қорытындысы қаражидектің асқазан үшін
ең қажетті зат екенін дәлелдеп берді. Антиоксиданттарға бай тағам сырттан келетін
қысымға қарсы тұрады. Ми терісіне жол тарту арқылы уақыт келе пайда болатын
бойкүйездіктің алдын алып, нейронның қызметін әлдеқайда жақсартып тастайды.
Сонымен қатар мидың дегенерацияға (ағзаның биологиялық және психикалық
белгілерінің тозуы) ұшырамауын қадағалап, есте сақтау жадын жақсартады. Бізге
беймәлім бір сынақтарда қаражидекті күнделікті жейтін адамдардағы мидың қартаю
процесі әдеттегіден екі жылға кешеуілдететін болып шықты.
Зәйтүн майы. Қоспасыз, сапалы зәйтүн майының асқазан үшін қаншалықты
маңызды екенін білесіз бе?! Қою майлар мидың ерте қартаюына алып келсе, зәйтүн
майының құрамындағы заттар процесті кері жүргізеді. Оған айқын куәлік ретінде
зәйтүн майын қолданатын әйелдердің миы биологиялық жасқа да қарамастан кеш
қартаятынын тілге тиек етуге болады.
Кофе. Миды қозғар күштің бірі кофеде десек, артта қалған мен алда келе жатқан
мыңжылдық еске түседі. Кез келген дүкеннен қоспасы мен қанты көп кофенің
табылып, сұранып тұратыны анық. Алайда, денсаулықты да ұмыт қалдырмаған жөн.
Әрине, табиғи кофе болып жатса, алаңдаудың еш реті жоқ. Тек ішетін уақытты
бекітсеңіз болғаны. Саналылық деңгейді арттырып, ойлау жүйеңізді бірізділікке
қояды; температураны көтеріп, сергектік сыйлайды.
Естеріңізге сала кетейік, кофеиннің адам ағзасына пайдалы жағы болмаса, зияны
жоқ.
Су. Ол – нағыз табиғи сусын. Жер бетіндегі бар тіршілік судан жасалды. Егер су
болмаса, адам миы тез қартайып, беймәлім қиындықтарға алып келетін еді. 2011
жылғы зерттеу қорытындысы бойынша, шөлдеудің нәтижесінде адам миының
кішірейетіні анықталды. Сондықтан саналы, дені сау адам тәулігіне ең кемі дегенде
3 литр су ішіп тұруы тиіс.
Әдебиеттер
1 Егемен Қазақстан. – 1 шілде. – 2013.
2 Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. – Алматы, 1990.
3 Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық. –
Алматы: Атамұра.
4 «Википидия» материалдары.
5 Интернеттен алынған ақпараттар бойынша.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
87
ЕСКЕНДІР Нұрсила Ескендірқызы,
№5 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің
8 «А» сынып оқушысы, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қазақстан Республикасы
АМИРЖАНОВА Жұлдыз Мырзалықызы,
Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы,
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
БАСТАР Ақнұр,
№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебінің 7 «Ә» сынып оқушысы,
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ҚАҚАРБАЕВА Жадыра Қақарбайқызы,
«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ
«Қосымша білім беру» педагогы, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе. Сабақ оқитын сыныбымызда, үйімізде, ауламызда гүлдер мен сәндік
ағаштарды егеміз. Оның себебін сұрасаңыз, толық біле бермейміз. Сондықтан біз
осы тақырып бойынша зерттеулер жүргіздік.
Әрбір отбасы өзінің алтын шаңырағы – пәтерін, жеке үйін сәндегенді,
көріктендіргенді қалайды. Содан біреулер үй ішіне қылқалам шеберлерінің
туындыларын, қолөнер бұйымдарын ілсе, өзгелер бөлмелерді қымбат жиһаздарға
толтырады. Басқа отбасылар бөлмелерінде темір тор ішінде тотықұстарды ұстауды
немесе аквариумдарда алтын түстес, өзге де түр, тұлғадағы балықтарды өсіріп,
көбейткенді ұнатады. Тіпті, біздер бөлмелерінің қабырғаларына қару-жарақтарды
іліп қойған отбасылардың да үйінде болған едік. Әйтеуір, әркім өз талғамы, таным-
түсінігіне сәйкес пәтерін, үйін әрқилы әдемілеуге әуес. Тек, солардың қай-қайсы да
үй өсімдіктерін өсіруге, онымен бөлмелерді көркейтуге қарсы емес. Бұл қай халықта
да қазір үй өсімдіктерін өсірудің тұрмыстық салт-дәстүрге айналғанының жарқын
көрінісі болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |