№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

ОРМАНОВА Гүлсайран Ғыйзатқызы, 
ҚАЛЖАНОВА Айсүлу Садыққызы, 
№6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері, 
Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
Кіріспе.  Экология  –  тірі  ағзалардың  айналадағы  ортамен  қарым-қатынасы 
туралы  ілім.  Адам  қоршаған  дүниенің  жағдайына  белсенді  түрде  ықпал  жасайды. 
Кейде  онысы  оңды  болмай  жатады.  Адамның  шаруашылық  әрекеті  табиғаттың 
өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор болып саналады. 
Адамдардың  қолымен  жасалған  іс-әрекеттер  қоршаған  ортамызды  ластауда. 
Адам  еңбек  пен  ақыл-ойдың  арқасында  қоршаған  ортаға  бейімделумен  қатар,  оны 
өзгертеді де. Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және  оның 
құлдырауының  қалпына  келмейтіндей  тұрақты  процесі,  тіршілік  жағдайының 
нашарлауы,  аурудың  көбеюі  экологиялық  қолайсыз  аудандарда  тұратын  халықты 
әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап 
ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызады. 
Табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі де экологиялық ахуалды 
күшейтуде.  Бұл  жалпы  тіршілікке,  соның  ішінде  адамның  қалыпты  өмір  сүруіне 
қауіп төндіруде. Адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза 
болуы адамға байланысты екені даусыз. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, 
ертең құлауы мүмкін. 
Міне,  осындай  жағдай  біздің  ауданымыз  Шалқарда  да  орын  алып  отыр. 
Экологиямыздың  нашарлығы  адам  денсаулығына  да  әсерін  тигізуде.  Ауаның  лас 
болуы,  қоршаған  ортамыздың  құрам  бөліктеріндегі  тепе-теңдіктің  сақталмауы 
адамның  аз  ғұмыр  кешуіне  апарып  соғуда.  Сонымен  қатар,  экологиямыздың 
нашарлығынан айдынды көліміз – Шалқар көлі де бүгінде тартылып, сорға айналды. 
Міне,  сол  себепті  аталған  аймағымыздағы  экологиялық  қиындықтарымызды 
шешуіміз керек. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «2030  жылы  Қазақстан  ауасы  таза,  мөлдір  сулы, 
жасыл  желекті  елге  айналуға  тиіс»,  -  деген  болатын.  Біз  де  ауданымыздың 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
64 
экологиясын  жақсартып,  Елбасы  айтқандай  деңгейге  жетуіміз  қажет.  Табиғатты 
тиімді пайдалану, көркейту және қорғау керек. Бұл – алдағы міндет. 
Тақырыпты  таңдаудағы  негізгі  мақсатымыз:  Шалқар  ауданындағы 
экологиялық  жағдайды  жақсартуға  Шалқар  жастарының  атынан  үлес  қосу  болып 
табылады. 
Шалқар  –  экологиялық  апатты  аймақ.  XX  ғасырдың  70-90  жылдары  түрлі 
себептер мен табиғи құбылыстарға байланысты Арал теңізінің тартылуы сол аймақта 
тұратын халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатты әсерін тигізді. Үкімет 
қабылдаған  қаулыларға  қарамастан  жағдай  жақсылық  жағына  баяу  өзгерді.  Бұл 
аймақтағы экологиялық апат тереңдей түсіп, шын мәнінде бақылау аясынан шығып 
кетті және ол бұрын болып көрмеген салдарға әкеп соқты. Халық арасында жүрек-
қан  тамырлары  ауруы,  тыныс  демікпесі,  сусақ  аурулары,  т.б.  созылмалы  дерттер 
жиілеп кетті. Халықтың денсаулығы күрт нашарлады. 
Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  осы  жағдайды  ескере  келіп,  1990  жылғы  22 
мамырда  «Арал  өңірі  аймағындағы  экологиялық  және  әлеуметтік-экономикалық 
проблемаларды  шешу  жөніндегі  шұғыл  шаралар  туралы»  қаулы  қабылдады.  Бұдан 
кейін  Үкімет  аймақтағы  жағдайға  жиі  оралып,  көптеген  маңызды  шараларды 
белгіледі. Ал Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VIII сессиясы 1992 жылғы 
30  маусымда  «Арал  өңіріндегі  экологиялық  апат  салдарынан  зардап  шеккен 
азаматтарды  әлеуметтік  қорғау  туралы»  Заң  қабылдады.  Бұл  заң  бойынша 
Қызылорда  облысының  Қазалы,  Арал  аудандары  және  Ақтөбе  облысының  Шалқар 
ауданы экологиялық апатты аймаққа жатқызылды. 
Үкімет  қабылдаған  қаулы  Арал  өңірінің  экологиялық  жағдайын  жақсартуға 
бағытталды. 
Шалқар  ауданының  экологиялық  апатты  аймаққа  жатқызылуының  бірнеше 
себебі  бар.  Өңірдегі  бірқатар  аудандар  экологиялық  дағдарыс  және  экологиялық 
дағдарыс алдындағы жағдай аймағы болып белгіленді. 
Шалқардың  экологиялық  зардап  шегуі  тек  Аралға  ғана  қатысты  емес. 
Ауданның  солтүстік-батысындағы,  яғни  Байғанин  ауданымен  шекаралас  448526 
гектар  аумақ  зымырандырды  сынақтан  өткізу  үшін  пайдаланылды.  «Сарышаған» 
және «Ембі – 5» сынақ айлақтары осында сынақтар жасады. Сынақ жасалған 40 жыл 
ішінде  Қазақстан  үкіметі  бес  жарым  миллиард  теңге  шығынға  ұшырапты.  Бұл 
дегеніміз,  экологияның  бұзылуы,  ауаның,  судың,  жайлаудың  ластануы  және  басқа 
зиянды қалдықтар болып табылады [1, 323-324 б.]. 
Экологияның  нашарлығы  қарапайым  халықтың  денсаулығын  нашарлатты. 
Себебі,  зиянды  газдардың  шығарындылары  біз  тыныс  алатын  ауаны  ластап, 
экологиялық  ахуалды  одан  әрі  күшейтті.  Экологиялық  жағдайдың  дұрыс  болмауы 
Шалқар көліне әсерін тигізбей қоймады. 
Шалқар  көлі  айрықша  экологиялық,  ғылыми,  мәдени,  рекреациялық  және 
эстетикалық құндылығы бар көл. 
Міне,  осынау  тарихы  бар  Шалқар  көлі  тартылып,  экологиямызға  қауіп 
төндірді.  Бұрын  аудан  тұрғындарының  қажеттіліктерін  өтеп  келген  айдынды 
көліміздің қазіргі жағдайы күрт нашарлап кетті. 
Шалқар  ауданының  экологиялық  қиындықтарын  шешу  жолдары. 
Шалқардың  экологиялық  апатты  аймақ  екені  даусыз.  Ауданымызда  орталық  су 
құбырлары болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырады. 
Тұрғын халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс 
қалдықтарымен,  әр  түрлі  тыңайтқыш,  пестицидтермен  ластанған  өзен  суын 
пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, 
сары ауру сияқты дертке шалдықтырады. Сонымен қатар, ауаның таза болмауынан 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
65 
тыныс жолдары аурулары кең тарады. Экологиямыздың бұзылуынан бала өлімі және 
гипертония,  жүрек-қан  тамыр  аурулары,  аллергия  көбейді.  Халықтың  денсаулығы 
қоршаған  ортамыздың  жағдайынан  нашарлады.  Міне,  бұл  –  экологиялық  ахуалдың 
адамның денсаулығына кері әсері. 
Қоршаған ортамыздың құрам бөліктеріндегі тепе-теңдік сақталмады. Осы тепе-
теңдіктің  сақталмауынан  адамдардың  өмір  сүру  ұзақтығы  кеміді  және  олардың 
жұмыс қабілетіне кедергі келтірді. 
Ауданымыздың  құмды  өңірде  орналасуы  Шалқар  көліне  кері  әсерін  тигізді. 
Суы  азайды.  Бұрын  көлдің  суы  қаланың  техникалық-өндірістік  қажетін  өтеп  келді. 
Қала  тұрғындары  бау-бақша  суаруға  да  пайдаланды.  Қазір  олай  емес.  Көлдің  суы 
азайғаны өз алдына, оның табаны ластанды. Балық азайды. Сонымен қатар көлімізде 
шаян  да  жойылды.  Шаянның  болғаны  жақсы  болар  еді.  Себебі,  шаяндар  көлдегі 
балдырларды жеп, түбегейлі құртады. 
Қазір  көлімізде  балдырлар  көбейіп  кетті.  Бұрынғы  заманда  таудай  толқыны 
жағасына ұрған теңіз Шалқардың құрып кетуіне не себеп болды? Бұл жағдай табиғат 
теңдігін  бұзғаны  рас.  Сол  теңсіздіктің  ақыретінен  Арал  суалып,  қаңсыған  кемелері 
құм  астында  қалып,  екі  жүз  шақырымға  көтерілген  тұзды  құмы  Шалқарды  сорға 
айналдырып жатқан жоқ па?! 
Жерасты  сулары  әрі  қашып,  қоршаған  ортамызға  өз  зиянын  тигізді.  Бұрын 
экологиялық  жағдайы  демалушылардың  сауығуына  септігін  тигізіп,  көптеген  теңіз 
суларынан артық болған дариядай көліміздің қазіргі жағдайы қандай? 
Адамдардың  іс-әрекетінен  жағдай  түбегейлі  өзгерді.  Экологиямыз  қатты 
нашарлады.  Сол  себепті,  ауданымызда  орын  алған  экологиялық  қиындықтардың 
алдын алуымыз керек. Біз оған көз жұмып қарай алмаймыз. 
Шалқар 
ауданының 
экологиясының 
нашарлауынан 
туындаған 
қиындықтар:  бала  өлімінің  көбеюі;  ауаның  лас  болуы;  гипертония,  жүрек-қан 
тамыр,  аллергия,  тыныс  жолдары  ауруларының  етек  алуы;  қоршаған  ортамыздың 
құрам  бөліктеріндегі  тепе-теңдіктің  сақталмауы;  Шалқар  көлінде  балықтардың 
азаюы, сорға айналуы. 
Шешу  жолдары:  аудан  тұрғындарының  денсаулығын  жақсарту  үшін 
дәрігерлік  қызметті  күшейту;  Шалқар  көлін  тазартып,  оның  тереңдігін  бұрынғы 
табиғи  қалпына  жеткізу;  балық  санын  көбейтіп,  оларды  қорғау  торларын  жасау; 
талдарды  көбейту,  ауданымызды  жасыл  желекпен        көгалдандыру;  «Мәскеу  – 
Ташкент» темір жолы бойындағы ұзындығы 4-6 шақырым бөгетті күшейту. 
Қорытынды. Табиғат пен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, 
қоршаған  орта  мен  адамның  жеке-дара  тіршілік  етуі  мүмкін  емес.  Сонымен, 
ауданымыздың  экологиялық  жағдайы  адамдардың  қалыпты  тіршілік  етуіне  кедергі 
келтірді. Қарапайым халықты сан түрлі дертке шалдықтырды. Бұған, әрине, ауаның 
таза болмауы себепші. 
Ауданымызда  экологиялық  жағдай  өршіді.  Оның  ішінде  Шалқар  көлінің 
экологиялық  жағдайы  басты  орын  алады.  Бұрынғы  заманда  таудай  толқыны 
жағасына  ұрған  теңіз  Шалқардың  құрып  кетуіне  жоғарыда  аталған  факторлардың 
бәрі  кері  әсер  етті.  Бұл  жағдай  табиғат  теңдігін  бұзды.  Сол  теңсіздіктің  кесірінен 
Арал суалып, қаңсыған кемелері құм астында қалып, екі жүз шақырымға көтерілген 
тұзды  құмы  Шалқарды  сорға  айналдырып  жатқаны  баршамызға  аян.  Жерасты 
сулары әрі қашып, қоршаған ортамызға өз зиянын тигізді. 
Экологиялық  апат  қайтымсыз  құбылыс  болып  саналады.  Сол  себепті, 
ауданымыздың  экологиялық  жағдайын  жақсарту  –  біздің  борышымыз.  Сондықтан 
табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеру қажет. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
66 
Кез  келген  экологиялық  мәселелерді  шешу  үшін,  адамдардың  әрекетімен 
болып  жатқан  ғылыми  жетістіктердің  барлығын  болашақ  ұрпақтың  сақталуына, 
денсаулығына, болашағына тұжырымдама беруіміз керек. 
Қоршаған  ортамыздың  қолайлы  болуы  адамдардың  дұрыс  білім  алып,  еңбек 
етуіне,  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етілуіне  ықпал  етеді.  Сондықтан  әрбір 
адам  табиғатты  аялап,  сақтауға  өз  үлесін  қосуы  тиіс.  Әрбір  отырғызылған  ағаш, 
тазаланған  бұлақ  сол  табиғаттың  бір  бөлшегі  екенін  ұмытпаған  жөн.  Табиғатты 
тиімді  пайдалану,  көркейту  және  қорғау  –  біздің  борышымыз  екенін  ұмытпайық, 
ағайын! 
Біздің ұсынысымыз: 
-  Аудан  тұрғындарының  денсаулығын  жақсарту  үшін  дәрігерлік  қызметті 
күшейту; 
- Талдарды көбейту, ауданымызды жасыл желекпен көгалдандандыру; 
- Сонымен қатар ауданымызға қарағайды көп егу керек. Себебі, қарағай өскен 
жер ылғалды, адамдарға қолайлы болады; 
- Шалқар көлін тазартып, оның тереңдігін бұрынғы табиғи қалпына жеткізу
- Балық санын көбейтіп, оларды қорғау торларын жасау; 
- «Мәскеу – Ташкент» темір жолы бойындағы ұзындығы 4-6 шақырым бөгетті 
күшейту; 
- 3 стационарлық насос стансасын қайта жөндеу; 
- Мұғалжар тауындағы Қауылжыр өзенінің көзін зерттеу. 
 
Әдебиеттер 
1 «Шалқар энциклопедиясы» кітабы, 323-324 б. 
2 Ғаламтор парағы. 
3 Ақпараттық портал www.kk.wikpedia.kz. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
67 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҮЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
АҚЫНБЕКОВА Гульзада Бақашовна, 
«Ақдидар» балалар бақшасының меңгерушісі, 
Қапшағай қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖЫЛЫН АТАП ӨТУ АЯСЫНДА 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМГЕ БАУЛУ 
 
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы – 
өз  халқын  жақсылық  пен  жетістікке  жетелеген  елдің  тағатсыздана  күтетін 
жаңалыққа  толы  бастамасы.  Елбасы:  «Қазіргі  заман  талабына  сай,  жан-жақты 
жетілген,  бойында  ұлттық  сана  мен  психология  қалыптасқан,  имандылық  әдебі, 
парасаты  бар  ұрпақ  тәрбиелеу,  өсіру,  білім  беру  –  бүгінгі  таңда  отбасының, 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
68 
балабақшаның,  барша  елдің,  халықтың  міндеті»,  -  деп  өз  жолдауында  ерекше  атап 
көрсеткен. 
Елбасының  2010-2020  жылдарға  арналған  «Балапан»  бағдарламасы  негізінде 
2013  жылы  Қапшағай  қаласында  «Ақдидар»  балабақшасы  жаңадан  бой  көтерді. 
Бүгінгі таңда балабақшадағы 16 топта 370 бала білім мен тәрбие алуда. 
Халқымызда: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал 
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», - деген даналық сөз бекер айтылмаған. 
Сол себепті, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни 
адамгершілік  қасиеттерді  сіңіріп,  тәрбиелеуде  балабақша  педагог-тәрбиешілерінің 
атқарар  міндеті  зор.  Еліміздің  болашағы  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  бірінші  бесік  – 
отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – ол балабақша. 
Бүгінгі  таңда  балабақшада  заман  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруді 
ұйымдастыруда  жаңа  технологияларды  қолдана  отырып,  шығармашылық  және 
инновациялық бағытта жүйелі жұмыс жүзеге асырылып келеді. 
Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, 
нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген 
жағдайда ғана қалыптасады. 
Қазақстанның патриоты дегеніміз: 
1.  Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлт  өкілдері  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға 
дайын болуы; 
3. Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның салт-
дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы т.т. 
«Патриотизм»  сөзі  (грек  тілінде  –  patrіots  –  отандас,  paths  –  отан,  атамекен) 
Отанға  деген  сүйіспеншілікті,  оған  адалдықты,  өз  іс-әрекеттерімен  оның 
мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне 
бауыр  басушылықты  білдіреді.  Яғни  Отанын,  ұлтын  сүю  және  оны  жаудан  қорғау 
болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Білім  беру  жүйесінің 
басты  мақсаты  –  ұлттық  және  адамзаттық  мәдени  құндылықтар  негізінде  жеке 
тұлғаның  қалыптасуына  қажетті  жағдай  жасау»,  -  деп  көрсетілген.  Қазіргі  таңда 
тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру 
– қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі. 
«Отан – от басынан басталады», - дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі 
– Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының 
төл  мәдениеті,  тілі  мен  салт-дәстүрін  әр  баланың  бойына  сіңіре  отырып, 
патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі. 
Ендеше, балабақшада балаларға берілетін тәрбиенің ең алғашқысы патриоттық 
тәрбие болып табылады. Қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі 
аңыз  болып  өлең-жырға  қосылған  Қобыланды,  Алпамыс,  Ер  Тарғын,  Қабанбай  т.б. 
батырлар  –  жастайынан  халық  тәрбиесінің  бесігінде  тербеліп  өскен,  елін,  жерін 
сүйген батырлар. 
Олай  болса,  мұндай  батырларға  арналған  батырлар  жырын  ерте  жастан 
балабақша  қабырғасында  айтылып,  бала  құлағына  сіңірсе,  ол  бала  ертең  өз  елін, 
жерін, Отанын сүюінің негізі болып табылады. 
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. 
Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада 
тәрбиешінің  шұғылалы  шуағына  бөленеді.  Бала  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
69 
мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша 
ошағының маңызы зор екені белгілі. 
 
 
 
Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын, патриоттық пен 
адамгершілікті  жүрегіне  ұялататын  тәрбие  ошағының  қазіргі  таңда  бәсекеге 
қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі қомақты. Оны Қазыбек би өз 
сөзінде былай келтіреді: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, 
жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт  береке  қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін  жау 
баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан 
сөзді  асырмаған  елміз.  Досымызды  сақтай  білген  елміз,  дәм-тұзын  ақтай  білген 
елміз;  асқақтаған  хан  болса,  хан  ордасын  таптай  білген  елміз.  Атадан  ұл  туса,  құл 
боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды»,  - дей отырып, 
қазақ  халқының  өз  елін,  жерін  қорғаудағы  қажырлығын,  жанын  аямайтын 
патриоттығын, тәкаппарлығын көрсетеді. 
Олай  болса,  біз  балабақша  балаларына  осындай  ұлағатты  сөздерді  санасына 
сіңіру  арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын сыйлауға, Отанын сүюге, өз еліне 
деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз. 
Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ертеден қалыптасқан. Оған қазақтың 
мақал-мәтелдері де дәлел. Мәселен, туған жер, отан туралы мақал-мәтелдерде: 
Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас, т.б. болып кете беретін мақал-мәтелдерді бала бойында 
ерте жастан жаттату, балабақша мен балабақша тәрбиешілерінің басты міндеті. Осы 
тәрізді  мақал-мәтелдердің  жаттату  арқылы  қазақтың  елін,  жерін,  Отанын  сүюіне 
негізделіп,  өз  елін,  туған  жерін  құрметтеуге  табиғатын  сүюге  тәрбиелеу  көне 
заманнан өзімен бірге дамып келе жатқанын есімізде ұстағанымыз жөн. 
Ұлттық  патриотизмді  балабақшада  қалыптастыруда  ата-бабаларымыздың 
ұлағатты  ойлары  мен  тәлімдік  тәрбиесінің  атқаратын  орны  ерекше.  Ұлттық 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
70 
патриотизм  дегеніміз  –  ең  алдымен,  белгілі  бір  ұлттың  өкіліне  сүйіспеншілікпен 
қарау,  оның  ұрпақтан-ұрпаққа  үзілмей  жалғасып  келе  жатқан  құндылықтарын 
бойына сіңіру. 
Мағжан  Жұмабаев:  «Тәрбиелеудегі  мақсат  –  баланы  тәрбиешінің  дәл  өзіндей 
қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару», - деген. 
«...Тәрбиешінің  қолданатын  жолы  –  ұлт  тәрбиесі.  Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан  бері 
сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан әрбір тәрбиеші, 
сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының 
арасында,  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт 
тәрбиесімен  тәрбие  қылуға  міндетті»,  -  дей  отырып,  жастарды  тәрбиелегенде  ұлт 
тәрбиесінің негізінде тәрбиелеу арқылы, ұлттық құндылықты бойына сіңіре білгенде 
ғана, ол рухани бай, сол заманға лайық, елі, Отаны үшін қызмет етуге дайын болып 
шығатынын көрсетеді. 
Бұл  –  келешек  ұрпақтың  патриот  болып  шығуы  үшін,  тәрбиелеуді  ұлттық 
тәрбиеден бастауымыз керектігін көрсетеді. 
Балабақша  балаларын  патриоттық  сезімін  арттыру  мақсатында  ертеңгіліктер 
болып  өтті.  Топ  тәрбиешілері  түрлі  тақырыптарда  ұйымдастырылған  оқу  іс-
әрекеттерін  мен  іс-шараларын  көрсетті.  Олар  «Қазақ  хандығының  550  жылдығы», 
«Ұлы  Жеңіске  –  70  жыл»,  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясына  –  20  жыл»  және  «Ата 
Заңымыз  Конституцияға  –  20  жыл»  сынды  мемлекетіміздің  айшықты мерекелік 
даталары қамтылды. 
Осындай  жұмыстың  нәтижесінде,  біздің  балабақша  үстіміздегі  жылдың  12 
маусымында  «Өрлеу»  Алматы  облысы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыру  институты  тарапынан  ұйымдастырылып,  өткізілген  облыстық  «Жыл 
балабақшасы – 2015» байқауында бас жүлдеге ие болды. 
«Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болады, құлша тәрбиелесең құл болады», - деген 
Ахмет Байтұрсынұлының аталы сөзін еске алсақ, қандай білім мен тәрбие берілсе де, 
зор махаббатпен беріліп, үлкен құлшыныспен қабылдануы қажет. 
Ендеше,  балабақшада  атқарылатын  түрлі  іс-шаралар  бала  бойына  патриоттық 
тәрбиені  қалыптастыруға  бағытталған.  Ол  өз  Отанына,  отбасына,  балабақшасына, 
туған  қаласына,  қоршаған  табиғатқа  сүйіспеншілікпен  және  қамқорлықпен  қарау 
болып табылады. 
Патриоттық  сезім  жалпы  адам  баласының  еліне,  жеріне,  өз  тілі  мен 
мәдениетіне,  ұлттық  құндылықтарына  жеке  қатынасын,  өзіндік  бағасын  түйсінуін, 
қуаттап  қолдауын  пайымдайтын  сезім  көрсеткіші  болып  табылады.  Осыған  орай 
Н.Ә. Назарбаев патриотизмді: «Әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен 
қарама-қайшылық туғызбау», - деп белгілеген. 
Осыған орай Отансүйгіштік тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы 
ұрпақтан  –  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат  болғандықтан,  жас 
бүлдіршіндердің бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын 
дарытуда  халқымыздың  біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,  жазушы,  Қазақстанның 
Халық  Қаһарманы,  батыр  Бауыржан  Момышұлы  атамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі 
етіп  қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы  шығармаларының  алатын 
орны ерекше. 
Қазақстандық  патриотизмнің  арқауы  қазақ  мемлекетіне  деген  сүйіспеншілік, 
ұлтына  сенімі,  нанымы,  саяси  көзқарасы,  т.б.  қарамастан,  әрбір  қазақстандық  өзі 
өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін – «Отаным» деп тануы, оның негізін салып 
отырған  қазақ  ұлтына  сыйластық,  оның  заңдарында  бас  ию,  рәміздеріне  құрмет, 
жетістігіне  сүйсініп,  мақтану,  кемшіліктерін  болдырмаудың  жолын  қарастыру 
қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
71 
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты – Қазақстан Республикасының жаңа 
Конституциясы  мен  еліміздің  мемлекеттік  нышандарын:  Гимн,  Туын  және 
Елтаңбасын балаларға үйрету және орындату мәселелері. 
Балабақша  күнделікті  өз  жұмысын  осы  Гимн  орындауынан  бастайды. 
Балабақшаның әр тәрбиеленушісі Қазақстан Республикасының Гимн жатқа айтады. 
Бұл  дегеніміз  –  біз  үшін  үлкен  бақыт,  үлкен  қуаныш  болып  табылады.  Еліміздің 
Конституциясын  бұлжытпай  орындау,  мемлекеттік  нышандарға  құрметпен  қарап 
орындау,  әдет-ғұрып  мәдениетін  тәрбие  беруді  бала  бойына  сіңіруді 
қалыптастырады. 
Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  мектепке  дейінгі  тәрбие  ошағында 
қалыптасады.  Отбасындағы  ата-ананың    ықыласы  мен  мейірімділігінен  нәр  алған 
бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы 
қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып,  олардың  өнегелі  де  тәрбиелі  болып 
тәрбиеленуіне  балабақша  тәрбиесінің  маңызы  зор  екені  белгілі.  Тағылымды 
тәрбиенің  тәлімін  бала  бойына  қалыптастыратын,  патриоттық  пен  адамгершілікті 
жүрегіне  ұялататын  тәрбие  ошағының  қазіргі  таңда  бәсекеге  қабілетті  жас  ұрпақ 
тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі қомақты. 
Қазақстандық патриоттық, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі 
емес,  онда  мекендейтін  бүкіл  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  бәріне  қатысты  дүние.  Бұл 
сезімнің  мағынасы  терең,  аумағы  кең,  құдіреті  күшті.  Ол  өз  мазмұны,  өз  аясы  бар, 
құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл  сезімнің оянып, бірте-бірте күш 
алып,  саналы  өзіндік  мәні,  өлшемі,  мағынасы  бар  біртұтас  сезімге  ұласуы 
обьективтік шарттылықтарды қажет етеді. 
Олай  болса,  «Ұлтын  сүю  –  ұлтшылдық  емес,  ұлтжандылық»,  -  деп  Бауыржан 
Момышұлы  айтқандай,  өз  ұлтын  құрмет  тұтып,  туған  тілі  мен  тарихын,  салт-
дәстүрін  біліп  өскен  жас  ұрпақ  елін,  жерін  сүйетін  білімді,  нағыз  патриот  азамат 
болып қалыптасатынына сенімім мол. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет