Механикалық-жөндеу цехы. Мұнда кусталық базалар қауіпсіз және үздіксіз
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Машиналардың, қондырғылардың дұрыс жұмыс
жасауын қамтамасыз етеді. Жұмысшы цехтар барлық цехтардың апаттың
болдырмауына жұмыс атқарады.
Бұл цехта механикалық-жөндеу шеберханасы, машиналар, қондырғылар,
жөндеу жұмыстарына арналған механизмдер бар.
Энергосумен қамту қызметі. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – кусталық
базалар электр энергиясымен, сумен және жылытумен үздіксіз қамтамасыз ету және
территориядан ағын суларды жою, қондырғылар мен коммуникациялардың
техникалық бұзылмауымен қамтамасыз ету.
Энергосумен қамтуға барлық элекр қондырғылар, желілер және электр өлшеу
қондырғылар, қазандықтар және жылыту желілері, сорғыштар, су құбырлар желісі,
су толтыру резервуарлары, суды тазалау және жұмсарту қондырғысы, ағын суларды
тазалау қондырғысы және кәріз желілері.
Кейбір жағдайларда энергосумен қамту қызметін екі қызметке бөлуге болады.
Байланыс қызметі. Кусталық базалар теміржол станциялармен және қалалық
телефон станциялармен, сонымен қатар кусталық базалар территориясындағы
телефон байланысымен қамтамасыз ету.
Транспорт қызметінің негізгі жұмысы – бұл тұтынушыларға газды үздіксіз
жеткізіп отыру. Транспорттың және гараж қондырғылардың техниалық
дұрыстығымен қамту. Транспорт қызметіне гараж, автомашиналар, ашық тұрақтар
және автомашиналарды жуу кіреді.
Автоматтандыру
қызметіне
–
кусталық
базалар
автоматтандыру
құрылғыларының, дабыл қаққыш құрылғылардың үздіксіз және техниканың бүтін
болуын қамтамасыз ету керек. Автоматтандыру қызметіне аспаптарды жөндеу және
тексерулерін бақылау аспаптарының шеберханасы орналасқан.
Химиялық лаборатория. Лабораторияның негізгі мақсаты – сұйытылған
газдардың, әр түрлі майлардың, судың, химиялық анализдерін алу және газдың
одаризациясын бақылау, кусталық базалардағы бөлмелердің газдылығын тексеру.
Химиялық лабораторияға аспаптар, қондырғылар, химиялық анализдерді алу
үшін арналған реактивтермен жабдықталады.
Құрылыс-жөндеу қызметі. Кусталық базалар ғимараттарға және үймереттерді
қадағалау және оларды жөндеу. Кусталық базалар жолдарды жөндеу. Құрылыс-
жөндеу қызметінде плотник-столяр шеберханасы және құрылыс жөндеу
жұмыстарына арналған құрал-саймандар орналасқан.
Құтқару қызметінің негізгі жұмысы техника қауіпсіздігінің ережелері мен
нұсқаулығы сақталуын, өрт сөндіру ережелері мен шараларын қадағалау. Бұл қызмет
түрінде жеке құтқару құрал-жабдықтармен қамтылады.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
55
Станция және базаны қаланың сыртында орналастырады және арнайы
жоспарланған
жиі
жел
соғатын
орындарда
станцияны
және
базаны
орналастырылады. Кусталық базалар және газ толтырушы станция ауданын еңіспен
орналастырылады, себебі жауын суларын ашық коллекторларға ағуын қамтамасыз
етілу керек және сұйытылған газдың булары ауадан ауыр болғандықтан жабық
канализация коллекторларында жиналуы мүмкін.
Кусталық базалар немесе газ толтырушы станция темірбетон қоршаулармен
қоршайды. Қоршаудың биіктігі 2 м. Өндірістік зонаны қосымша зонадан жеңіл
қоршаулармен оқшаулайды. Ғимарат және үймерет алаңдарын асфальттайды, ал
қалған аймақты көгалдандырады. Кусталық базалар және газ толтырушы станция
алаңдарын ашық алаңдарда орналастырады. Өйткені ауаға таралу орын алған
жағдайда сұйытылған газдардың булары тез арада ауамен араласып жарылыс
қауыпты қоспа болмауы керек.
Газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуар. Болаттан
дайындалған резервуарлар цилиндр тәріздес және сфера тәріздес, ал монтаждалуына
байланысты – жер үсті, жер асты және көмілген болып жіктеледі.
1 сурет – Болат резервуарлар; а – жер үсті цилиндірлі; б – жер асты цилиндарлі; в
– цилиндірлі көмілген; г – шар тәріздес; 1 – резервуар; 2 – резервуарға қызмет ету
үшін арналған алаң; 3 – тіреуіштер
Жер үсті резервуарлардағы сұйытылған газдың температурасы атмосфералық
ауаның
температурасынан
1-2К
айырмашылықты
құрайды.
Жерүсті
резервуарлардағы сұйытылған газдың температурасы жаз мезгіліндегі атмосфералық
ауаның температурасымен анықталады. Сұйытылған газдың резервуардағы
қысымың өзгеруі резервуар ішіндегі өнімнің температурасына байланысты. Газ
толтыру станциялары көбінесе жер үсті резервуарлармен қамтылады. Жер үсті
резервуарларын қажетті ара қашықтықты сақтай алмаған жағдайда резервуарларды
жер асты орналастырады.
Жер үсті резервуарларын фундаментте отқа төзімді материалдан орнатады.
Фундаметі 0,002-0,003 құю құбыршасына қарай еңіспен орналастырылады. Жер үсті
резервуарлары топтастырып (екі резервуардан кем емес) орналастырады. Қойманың
көлемі 2000м
3
болғанда, топтағы резервуар көлемі 1000 м
3
көп болмау керек. Ал егер
қойма көлемі 2000-8000 м
3
болса, онда резервуар көлемі 2000 м
3
көп болмау керек.
Резервуар арасындағы ара қашықтық диаметрге байланысты алынады. Бірақ 2
м кем болмау керек. Резервуардан қоршауға дейінгі ара қашықтық 0,5 D, бірақ 1 м
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
56
кем емес. Резервуарларды жер астында орналастыру қауіпсіз болып саналады.
Резервуарларды
қоймаларда
топтастырып
орналастырады.
Топтастырып
орналастырылған резервуарлардың арматураларды дистационды басқару ыңғайлы
болу керек. Сұйытылған газдарды жер асты орналастыру сыйымдылықтарының
жоғарғы бөлігі 0,2 м жер бетінен төмен орналастырылады.
Сонымен қатар сұйытылған газдардың жер асты орналастыруды жер үсті
көмілген резервуарларды айтуға болады. Жер үсті резервуарларын 0,2 м көміледі
және резервуардың жоғарғы бөлігі 6 м биіктікте көмілу керек. Жер асты цилиндрлі
резервуарларды топтастырып орналастыру барысында олардың ең төменгі
арақашықтығы 1 м кем болмау керек. Жер асты резервуарларды битумды полимерлі
немесе эпоксидті қоспамен резервуардың сыртын қамтиды. Жер асты резервуарлар
арнайы тіреуіштерде қондырылады. Қатты топырақта жер асты резервуарларды
қопсытылған құмда тіреуішсіз орналастыруға болады.
Көп аймақтарда жер асты резервуарларын орналастыру барысында жер асты
сулары болғандықтан қолайсыз болып келеді. Ондай жағдайда жер асты
резервуарларын ор түбіне бетонды қадаларға бекіту арқылы немесе анкерлерді ор
түбіне бетондау арқылы орналастыру керек. Қатты жауын салдарынан бекітілмеген
жер асты резервуарлар жер бетіне шығуы мүмкін.
Жер асты сулардың төмендеп және жоғарлау салдарынан жер асты
резервуарларын өз орнынан қозғалады. Резервуарларды жер асты орналастырудың
бірқатар артылықшылықтары бар. Резервуарларды жер астында орналастыру
қауіпсіз болып саналады. Сұйытылған газды жер астында орналастыру тұтанудан
сақтайды, ал бір резервуардағы жарылыс немесе өрт келесі резервуардың
конструкциясына әсер етпейді. Максималды қысымды ескеріп, резервуарларды жер
астында орналастыру резервуар қалыңдығын жұқа етіп таңдауға болады.
Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут). Жаңа тақырыпы ойын арқылы бекіту.
Жаңа тақырыпты «Адасқан сөздер», «Жасырылған куб», «Миға шабуыл» ойындары
арқылы бекіту. «Адасқан сөздер» ойынының шарты – көп нүктенің орнына сөзді
тауып қою керек. «Жасырылған куб» ойынының шарты – кубтағы сұрақтарға жауап
беру арқылы ұяшықтарды алып жасырылған қондырғы атауын табу керек. «Миға
шабуыл» ойыны арқылы бекіту. Ойын шарты – жылдамдықпен сұрақтарға жауап
беру.
Бағалау (1 минут).
Үйге тапсырма (1 минут).
Әдебиеттер
1 Ионин А. Газоснабжение. – М., 1984. – 254-259 бб.
2 Жила А. Газовые сети и установки. – М., 2003. – 236-238 бб.
3 Гольянов А.И. Газовые сети и хранилища. – Уфа, 2004. – 286-289 бб.
4 Брюханов О.Н. Основы эксплуатаций оборудования.
5 Скафтным Н.А. Основы газоснабжение. – Л., 1975.
6 Шальнов А.П. Строительства городских систем. – М., 1976.
Резюме
Повышение эффективности самостоятельной работы учащихся путем
использования дифференцированных методов обучение.
Summary
To rise effective of student’s own work by using differential methods of education.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
57
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
МИРМАНОВА Айнаш Ашимбекқызы,
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №18 мектеп» МКМ
I санатты бастауыш сынып мұғалімі, Алмалық ауылы, Талғар ауданы,
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
«АНА ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША 4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышевтың «Ана» атты шығармасы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушыларды жауынгер жазушы Баубек Бұлқышевтың
өмірімен қысқаша таныстырып, «Ана» тақырыбында жан-жақты ішкі сезімдерін
жетілдіру, «Ақ жүрек әке – күншуақ, Ақ жүрек ана – ағып жатқан бұлақ» атты нақыл
сөзге тоқталып, мағынасын, мәнін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өлең оқу, мәнерлеп оқу, жатқа
айту, ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін
арттыру; «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде – екі кемеңгер» нақыл сөзінің мән-
мағынасын оқушылардың саналарына құю.
Сабақтың түрі, типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Ана» тақырыбында кең ауқымды слайд, «Ана» және
«Отбасы» тақырыбында жазылған нақыл сөздер және жұптық, топтық жұмыстарға
арналып жасалған топтамалар; «Ана – Жер-ана» слайды, буклеттер, «Кішене пілдің
анасы» мульфильмі.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
58
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға біздің ашық сабағымызға көптеген
қонақтардың келетінін айтып, ол кісілерді орнымыздан түрегеп тұрып, құрметпен
қарсы алуымыз қажеттігін түсіндіру.
Қонақтарды қарсы алу.
Психологиялық тимбилдинг. Ол ойын түрінде өтеді.
Шыншыр ойыны: Барлық оқушылар дөңгеленіп, орындарынан қол ұстасып
тұрады. Оқушыларға ойынның шартын айтып түсіндіру. Қол ұстасып, шыншырды
үзбей, өз аналары оларды қалай еркелететінін бір-біріне қарап тұрып айту.
Күнім, ботақаным, еркем, қозым, айналайын, сұлуым, айым, тентегім,
қошақаным, сәулешім, айым, айдайым т.б.
Аналары өздерін еркелетіп қалай айтады, бір-біріне тура солай жеткізу
керек (2 минут).
Интерактивті тақтамен жұмыс. «Кішкене пілдің анасы» атты мультфильмді
көру (1,5 минут).
Мультфильмнен көргендері жайында оқушылардың ой-түйіндеме жасауы.
Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген тапсырма:
1-ші қатарға: «Ана» тақырыбында бір тақпақ жаттау.
2-ші қатарға: Ұлдар өздерін алыста әскер қатарында жүргендей сезініп, анаға
арнап хат жазу. Қыздар өздерін басқа қалаға оқуға түскендей сезініп, өз аналарына
хат жазу.
3-ші қатарға: «Ана» және «Әке» тақырыптарында мақал-мәтелдер, нақыл
сөздер жаттап келу, бір мақалды өздерінің құрастыруы.
Оқулықпен жұмыс. Үйге берілген жазушы О. Бөкейдің «Апамның астауы»
атты әңгімесін қысқаша мазмұндау.
Үй тапсырмасын қорыту. Интерактивті тақта арқылы оқулықтың 268-ші
бетіндегі сызбандан «Апам қандай?» атты сұрақ бойынша жауап беріп, кестені
толтырамыз.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
59
Әңгіменің кейіпкері
Апамды мінездеу
Апам
Арық, ашаң кемпір
Әдемі ажар
Қара бұйра шаш
Әңгімеге сараң көп сөйлемейтін
Қақ-соғы жоқ
Тірі пендеге тілі тимеген
Таза, тәккапар
Ораза, намазы бұзылмаған
Сергіту минуты (1 минут). Он рет ойланып, тоғыз рет толғанып, сегіз рет
сызып, жеті рет қиып, алты рет қарап, бес рет қағып, төрт рет қадап, үш рет тігіп, екі
көзім талып, бір бөрік тіктім.
Жаңа
сабақ.
Кіріспе
бөлім.
Бүгінгі
сабақта
«Ана»
бөлімін
жалғастыратынымызды айтамын. Оқушыларға, жалпы әр балаға дүниеге келгенде
мейірімді, жүрегі жылы бір ғана жан бар екенін, ол – ана екенін түсіндіремін.
Балаға анадан артық еш жақын адам жоқ. Ана дегенде лүпіл қақпайтын жүрек,
мөлдіремейтін жанар жоқ екендігін айтып, «Ана – үйдегі бақ», «Әке – үйдегі тақ»
екендігін түсіндіремін.
Слайд. Өзіміздің еліміздегі аттары аңызға айналған аналарымыз жайында
шағын кинофильм көрсетемін. Фильм Домолақ ана, Айша бибі, Дина Нұрпейісова,
Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова т.б. аяулы аналарымыз туралы.
Жаңа сабақты игеру. Алдын-ала тақтаға ілінген плакаттағы ұлағатты сөздерге
тоқталу, түсіндіру, талдау жұмысын жүргізу:
1. Баланың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
2. Әке сөзі – парыз, ана сөзі – қарыз.
3. Ақ жүрек әке – күн шуақ. Ақ жүрек ана – ағып жатқан бұлақ.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
60
Оқулықпен жұмыс жүргізу. Бүгінгі «Ана» тақырыбындағы шығарманың
авторы Баубек Бұлқышов жайында оқушыларға түсіндіріп айту.
Жас қаламгердің өмірі өте қысқа болған. Отан соғысында жүріп, қан майданда
ерлікпен қаза тапқан. Ол өзінің жүрегінен жарып шыққан өлең жолдарының көбін
аялы анасына арнаған. Мысалы «Ана» тақырыбын оқи отыра, ондағы ең бір әсерлі
жерін оқып беру:
«Сен жан болып дүниеге келдің, сенің іздейтінің бір-ақ жан, ол – ана, ол саған
бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ
жанды қатты сезесің. Ол – ана, ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан,
сезбейтін сезім болуы мүмкін емес».
Оқушыларға қысқаша түсіндіре отыра, әңгімені оқушылардың іштей оқып
шығуы, дауыстап әсерлі ырғағына келтіріп, мәтінді тізбектеп оқу. Тірек сөздерді
айту: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ дауысы, айналып-толғанғаны.
Балаларға әлемде ең бізге керекті өз анамызбен бірге «Жер-анамыздың» да бар
екенін, оны қалай жақсы көріп, мәпелейтініміз туралы айта келе, «Айналдым жер
анамды» атты слайд көрсету. Жерден топырақты жарып шыққан гүлдер, шөптер,
жер астынан жарып шығып жатқан бұлақтар, өзендер, көлдер т.б. жайында толық
оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың ойларын толық қорыту.
Жерді қорғау жайында, яғни ол да бізге ана екендігін айтып, әңгіме өткізу. Осы
құдіретті «Жер-ана» және бізді дүниеге әкеліп, бізге өмір сыйлаған туған
аналарымыздың екеуінің арасында айырмашылық бар ма?
Слайдқа қарай отыра «Туған жерім, топырағым» әнінің ырғағымен шағын эссе
жазу. Топтық жұмысты оқытып, әр топ басшысының талдау жасауы.
Жаңа сабақты игергендерін анықтау. Өмірде ана жүрегі өте үлкен. Оның
жүрегі тек балаларының амандығын тілейді екен. Балапандарын қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, балалары үшін шырылдайтын
– ана екен.
Келесі кезекте аспанда ұшқан құсқа да, орманда жүрген жыртқыш аңға да, суда
жүзіп жүрген алып китке де өз баласы тәтті. Міне, жұдырықтай торғай да өз баласын
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
61
сұм жыланнан қалай қорғайтыны жайында интерактивті тақта бойынша кинофильм
көрсетемін.
Өткен сабақты қорыту:
Жұптық жұмыс. Топтама таратылып беріледі. Топтамадағы әр сурет бойынша
аналардың балаларын айналып-толғанғанын ауызша суреттеу.
Топтық жұмыс. Өмірде ақын болсын, шахтер болсын, әнші болсын әр адам
баласы өз анасына ән жолдағанды жақсы көреді екен.
Келесі тапсырмамыз, сол көптеген әндердің ішінен «Анама» әнінің
бейнебаянын слайдтан көрсете отырып, ой-түйіндеме жазу.
Сабақты ән ырғағымен аяқтау. «Анама» әнін бәрі қосылып айтады.
Сабақты бағалау.
Үйге тапсырма. «Ана» тақырыбын оқу; «Анашым менің» тақырыбында
шығарма жазу; «Табиғатты аялайық», «Жер-ана» тақырыптарына деректер жинау.
Ия, дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды
ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
Жоғарғыдағы аталып өткен сабағымыздан мектепте ұйымдастырылған «Білім
негізі – бастауышта» атты апталыққа қатысқан ұстаздар өте үлкен әсер алып,
жоғарғы дәрежеде өткізілген сабақ деп бағалап, қорытты.
НУРТАНЕВА Жанар Жумабаева,
«№33 мектеп – балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, Октябрь ауданы,
Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА
ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Егер нәтижелерге сараптама жасар болсақ, ойымызға Ахмет Байтұрсыновтың:
«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі – бір ғана әдісті
болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да
қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш,
қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деген ұлағатты сөзі оралары анық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер –
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр», - деген болатын.
Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен
рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге
мүмкіндігі мол.
Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән-мағына, күш құдіреті, қасиетті
ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің
жүрегі», - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің,
тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан
адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер, бәрі де ұстаздан білім нәрін алған.
Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас
өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім-тәрбиесіне байланысты екендігі
белгілі.
Нағыз мұғалім болу – үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға
деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай
заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын.
Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
62
еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге
қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі: «Баланың бақыты – жақсы ұстаздың қолында»,
- деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең
ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің
берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.
Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас
азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде
елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-
тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі
бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық
қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Мектепте білім беру – жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға
тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы
баспалдағы.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен
дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын
арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып
табылады.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде
сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз
жолын таба алады.
«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек.
Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет», - деген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының
талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде
таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын
оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.
Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір
түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен
жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни
Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л.С.
Выготский теорияларын басшылыққа алады. Оның мақсаты – барлық жастағы
оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің
біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтар барысында үйрету.
Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан»
қоры арқылы келген бұл технология қазақ және орыс тілдерінде мектеп
тәжірибелеріне ене бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,
оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу,
салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу,
оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау әдісі,
оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара
іздену, проблемалық, пікірсайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту
әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысынан оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен
ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
63
Мұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын
тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін
шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым, бір пікірдің
біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту,
оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл
стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады.
Бұл әдістің ерекшелігі – оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша
және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге
өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін
дамытуға бағытталады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін
арттыруда қолдануға болатын бірден-бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының
сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне
жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар
жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар
алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |