Тақырыбы– негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін (бөлім, тарау, параграф, тармақ, тармақша т.б.) таңбалау.
Мақаланың тақырыбына қойылатын негізгі талап – қысқалық және анықтық. Тақырып мағыналы, мәнерлі, мақала мазмұнын ашатын болуы керек. Мақала жазғандағыдай, тақырып қоюда да ғылыми стильді қатаң ұстану қажет. Тақырыпта мақаланың мәнін ашатын кейбір тірек сөздер болуы керек.
- өзін ерекше қызықтыратын, толғантатын тақырыпты таңдау;
- сол тақырыпты ашу үшін түрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, тәжірибелер жасап, зерттеулер жүргізу;
- жасалған тәжірибе нәтижесі мен зерттеу нәтижелерін ой елегінен өткізу, жүйелеу, негіздеу, тұжырымдау, нақты қорытындыға келу;
- соны көпшілік назарына ұсыну, жазу,жариялау. 3.Тезистің түрлерін атаңыз, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. 1. Басқа автордың жарияланымы бойынша құрылған тезис.
2. Автордың өз материалының негізінде жазылған тезис.
Бірінші жағдайда тезис авторы материалмен алдын ала таныс болмайды, сондықтан оны мұқият оқуы керек. Оқи отырып, мәтінді бірнеше бөлікке бөледі. Әрі қарай мәтіннің бөлінген бөліктерінен негізгі ойды тауып, оны көшіреді немесе сол мәтінде белгілеп қояды. Содан кейін бөлінген бөліктер бойынша жекелеген тұжырымдар жасайды.
Екінші түріне баяндама, мақала, таныстырылым сияқты ғылыми жұмыстардың тезистері жатады. Бұл жағдайда автор мәтінде қозғалып отырған мәселені жақсы біледі, сол себепті осы мәселені жазбаша түрде қысқа әрі нұсқа беру автордың міндеті болып табылады. Соңғы типтегі тезисті жазу әрдайым оңай бола бермейді. Тезис жазып отырып, жаңа идеялар келуі де мүмкін. Авторға өз жұмысының мәнін басқаша түсіндіру керек болады. Осы міндеттерді жеңілдету үшін төмендегі нұсқаулықты беріп отырмыз.
билет
1.Ғылыми жұмыстың міндеттері қалай анықталады? - өзін ерекше қызықтыратын, толғантатын тақырыпты таңдау;
- сол тақырыпты ашу үшін түрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, тәжірибелер жасап, зерттеулер жүргізу;
- жасалған тәжірибе нәтижесі мен зерттеу нәтижелерін ой елегінен өткізу, жүйелеу, негіздеу, тұжырымдау, нақты қорытындыға келу;
- соны көпшілік назарына ұсыну, жазу,жариялау.