Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтін – белгілі көлемдегі (тұтас күйінде я шағын үзінді) шығарма немесе шығармашылық жұмыстың жазбаша немесе ауызша түрі. Мәтін – бір тұтас ойдың айналасындағы пайда болған тиянақты ойлар жиынтығы. Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мәтіндер оқиды. Ал мәтінді шартты түрде академиялық және академиялық емес деп 2-ге бөлуге болады. Бірінші түріне реферат, баяндама, ғылыми мақала, оқулық, ғылыми пікір, автореферат, диссертация, ғылыми жобаларды жатқызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әртүрлі болып келеді.
2. Ғылыми жұмыс тақырыбын таңдау кезінде нені басшылыққа алу керек?