1 Академиялық жазылымның ерекшеліктерін сипаттаңыз


Үдеріс эссесінің тезисі қалай жазылады?



бет10/19
Дата19.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#140928
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Академ жазу 1-18 сессия

2 Үдеріс эссесінің тезисі қалай жазылады?



3 Материалдарға тура немесе жанама сілтеме жасау, парафраз жасау дегеніміз не?
Төл сөзді қолдану – мәтіннен керекті деген ақпаратты өзгертпей сол күйінде тырнақшаға алып, дәйексөз ретінде қолдану. Кейде бұл тура сілтеме жасау деп те аталады. Төл сөздерді қолдану кез келген ғылыми еңбекті жазу барысында қолданылатын әдістердің қатарына жатады. Оларды дұрыс қолдану зерттеу жұмысын жазып отырған тілді білу деңгейіне тікелей байланысты. Тура дәйексөзде өзгенің мәтіні сөзбе-сөз беріледі. Мұндай дәйексөз тырнақшаға алынып жазылады, дәйексөзден кейін дәйексөз алынған жұмыстың беті көрсетіліп, сілтеме беріледі. Сілтеме тік жақшамен беріледі. Ғылыми жұмыс авторы жанама дәйексөзді қолдана отырып, сілтеме жасалған жұмыстың мәтінін өз сөзімен береді. Мұндай дәйексөз тырнақшаға алынбайды, бірақ жұмысқа міндетті түрде сілтеме жасалады. Парафраз жасау – автор сөзін мағынасын сақтай отырып, өз сөзімен қайта жазып шығу. Қазақ тілінің ережесі бойынша, өзгенің сөзін мағынасын өзгертпей қайталау «төлеу сөз» деп аталады. Бұл әдіс студент үшін өзге автор ойын толық түсінуге көмегін тигізеді. Себебі студент өзгенің сөзін өз сөзіне айналдыру барысында ондағы ақпаратты толықтай ой елегінен өткізеді. Сондықтан парафраз жазба жұмысында кеңінен қолданылуы тиіс. Бұл өз кезегінде жұмыстың жоғары бағалануына септігін тигізеді.
Парафраз жасау барысында мына жайттарды естен шығармау қажет:
- өзге автордың сөзін өз сөзімен (мағыналас сөздермен, сөз тіркестерімен) жазғанда негізгі мағынасын жоғалтып алмау;
- парафраз алынған дереккөзге сілтеме жасауды ұмытпау;
- парафраз сөйлемге немесе параграфқа (абзацқа) жасалуы мүмкін;
- төл сөзді жиі қолданудың орнына парафраз жасауға тырысу.

10-билет


1-Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері қалай анықталады?
Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. Нені зерттеумен айналысамыз деген сұраққа жауап береді. Зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну. Қандай нәтижеге жетуді көздеймін, қорытынды не болады деген сұрақтар төңірегінде құрылады. Зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. Мақсатқа жету үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді. Жалпы, ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ)[1] – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет