2.Академиялық мәтін түрлеріне қандай мәтіндер жататындығын саралаңыз
Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мәтіндер оқиды. Ал мәтінді шартты түрде академиялық және академиялық емес деп 2-ге бөлуге болады. Бірінші түріне реферат, баяндама, ғылыми мақала, оқулық, ғылыми пікір, автореферат, диссертация, ғылыми жобаларды жатқызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әртүрлі болып келеді.
3.Ғылыми жұмыстардың мазмұны, құрылымы мен рәсімделуіне қойылатын талаптарды анықтаңыз
Ғылыми мақаланың құрылымы мынадай бөліктерден тұрады: - тақырыбы; - аңдатпа; - тірек сөздер; - кіріспе; - әдебиеттерге шолу; - негізгі бөлім (әдіснамасы, нәтижелері); - тұжырымдар мен зерттеулерден күтілетін нәтижелер; - қорытынды.
Ғылыми мақала жазу кезінде белгілі бір ережелерді ұстанамыз: - мақаланың тақырыбы, оның негізгі ойы мен идеясын айқындап тұруы керек; - тақырыптан кейін автордың аты-жөні жазылады, қажет болғанда автор туралы басқа да мәліметтер беріледі. Мысалы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, е-mаіl; - инициалдар автор тегінің алдына қойылады; - ғылыми есеп беру стилінен аулақ болған жөн; - риторикалық сұрақтарды қоймаған дұрыс, негізінен хабарлы сөйлемді қолданған абзал; - ережелер мен пікірлерді санамалаған кезде сандармен мәтінді толтырмау қажет; - белгілі ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер мақаланың басында беріліп, негізгі көлем автордың жеке ой-пікіріне арналғаны дұрыс; - мақала нақты тұжырымдармен және ұсынымдармен аяқталуы керек, мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
17-билет
Ғылыми тақырыптың өзектілігі деген не?
Тақырыптың өзектілігі – зерттеу жұмысына қойылатын негізгі талаптардың бірі. Өзектілікті талап ету зерттеу жұмысының (ғылыми мақала, ғылыми жоба, диплом жұмысы, диссертация) заманауи үрдістерге сәйкес келіп, қазіргі заманғы өзекті мәселені шешуге бағытталуына саяды. Зерттеу тақырыбының езектілігі жұмыста зерттелетін мәселелерді шешудің ғылыми және қолданбалы маңызы туралы ережелерден тұрады. Өзектілік зерттеу жұмысының ғылыми, сонымен қатар қолданбалы мәселесін шешумен тығыз байланысты болады. Мысалы, диссертациялық жұмыстың өзектілігін керсету үшін ғылымның осы саласында зерттеуді қажет ететін олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс жүргізіліп отырғанын атап өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |