1.«Индукция және дедукция», «модельдеу» ұғымдарына түсінік беріңіз Дедуктивті деп – мүмкін болатын барлық білім негізіндегі элемент туралы
ой қорытындысын айтады. Таным әдісі ретінде дедукцияның мазмұны нақты
құбылыстарды зерттеу кезінде жалпы ғылыми ережелерді қолдану болып
28
табылады. Индукциядеп білім негізінде заттың жеке түрінің жалпы түрі туралы
ой нәтижесін айтады. Дедукция және индукция-танымның өзара кері әдістері
болып табылады. Ғылыми индукция әдістерінің өзара әрекетінің себептерін
анықтаудың бірнеше әдістері бар:
1. Жалғыз ұқсастық әдісі. Егер зерттелетін құбылыстың екі немесе одан да
көп жағдайлары ортақ бір ғана жағдай болса, ал қалған барлық жағдайлар
әртүрлі болса, онда бұл жалғыз ұқсас жағдай және қарастырылатын
құбылыстың себебі болып табылады.
2. Жалғыз айырмашылық әдісі. Егер зерттелетін құбылыс басталса және ол
туындамайтын жағдай барлығына ұқсас және тек бір жағдайда әртүрлі болса,
онда бұл бір жағдайда болған және екіншісінде болмаған жағдай зерттелетін
құбылыстың себебі болып табылады.
3. Біріктірілген ұқсастықтар мен айырмашылықтар әдісі – алдыңғы екі
әдістің комбинациясы
4. Ілеспе өзгерістер әдісі. Егер бір құбылыстың пайда болуы немесе
өзгеруі екіншісінің белгілі бір өзгерісін туындатса, онда бұл құбылыстардың
екеуі де бір-бірімен себепті байланыста болады.
5. Қалдық әдісі. Егер күрделі құбылыс белгілі бір жағдайлардың
жиынтығынан тұратын күрделі себептен туындаса және осы жағдайлардың
кейбірі құбылыстардың бір бөлігінің себебі болып табылатыны белгілі болса,
онда бұл құбылыстың қалдығы қалған себеп-салдарлардан туындайды.
Модельдеу– табиғат құбылыстары мен процестерін зерттеу құралы ретінде
модельді пайдалануға негізделген әдіс. Модельдер деп таным объектісін
алмастыратын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын жүйелерді
айтады. Модельдердің түпнұсқамен ұқсастығы анық, ал айырмашылығы
маңызды емес болып келеді. Модельдер екі түрге бөлінеді: материалдық және
идеалды. Материалдық модельдер белгілі бір материалда іске асырылады –
ағаш, металл, шыны және т.б. үлгілер, сызбалар, суреттер, схемалар және
т.б.Сияқты көрнекі элементтер идеалды түрге жатады