1: Ауа-райын бақылау


Құстарды бақылау (сарышымшық, бозторғай, сауысқан, торғай, көгершін)



бет10/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#127435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
15.Құстарды бақылау (сарышымшық, бозторғай, сауысқан, торғай, көгершін)
Бақылау Балаларға қыстайтын құстар туралы түсінікті нақтылау және бекіту. Құстардың атауын есте сақтау, ұшып келетін құстарды белгілеріне сай ажырата білу( көлемі және түстеріне байланысты). Әр түрлі құстардың қозғалысы мен ерекшеліктерін ескере білуге үйрету(сауысқанның қадамы үлкен; торғай екі аяғымен секіреді; көгершінде жиі, ұсақ қадамдар т.б.).Құстар ұшып жүргенде немесе отырғанда жақсы көрінеді, егер олар ағаштың бұталарында отырса ажырату қиынға соғады.Құстарды жақсы көріп, оларға көмек бере білуге тәрбиелеу. Құстарға қыста азық табу қиын болатындығын түсіндіру. Оларды қосымша тамақтандырып тұру керектігін түсіндіру. Ұяда құстар өздерін қалай ұстайтындарын бақылау. Көркем сөздер «Қарлығаш» Ауламызда бау бүрлеп, Шешек атып жайнайды. Ақ тамағы бүлкілдеп, Қарлығаштар сайрайды. Жұмбақтар Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты, Ұшқырлардың жүйрігі. (қарлығаш)
Қалқып тұрып аспанда, Үн шығарып сан қилы, Өнеріне басқанда, Тұла бойың балқиды. (Бозторғай) Неге олай аталады? Сарышымшық-қар түскенде сарышымшық ұшып келеді. Көгершін- «көк» сөзінен шыққан. Ырымдар: Сарышымшық үйге ұшып келсе-жақын арада қыстың түсетіні. Бозторғай қыста ән салса-онда қар еріп, жер батпақ болады. Егер торғай шөпке тығылса- аяз немесе боран. Қозғалыс ойындары «Үкі» Ойын барысында өз іс әрекеттерін қарсыластарымен келісе білу қабілеттерін дамыту.Белсенділікке, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Еңбек әркеті Құстарды тамақтандыру Қыста құстарға далада тамақ беруге баулу.Берілген тапсырмаға жауапты болу: өз еңбегіне қанағаттана білу.
16.Қардағы іздерді бақылай білу
Бақылау Қарда түрлі іздердің қалатынын, соның ішінде құстардың ізі ерекше болатындығын айыра білу: құстардың ізі крест сияқты, әр құс әр түрлі із қалдырады; адамның да іздері әр түрлі, түрлі жақтарға бағыттайды: машинаның ізі де әр түрлі және т.б. Жансыз табиғат жайындағы білімін бекіту; балалардың сөйлеу тілдерін дамыту. Көркем сөз Ойын ойнап ,міне біз, Қыс қызығын көреміз.
Шанаға да мінеміз, Шаңғыны да тебеміз. Жұмбақ Мен кетемін, ол қалар. (із)
Тақпақтар « Алғашқы қар» Т.Мұратұлы. Көктемгі шие гүлі ме, Қарғалар көкте жай ұшып, Сала ма еске мақтаны. Бірінен –бірі озбайды. Қар жауып тұрды түнімен, Ағаштар үнсіз майысып, Күн шыға барып тоқтады. Сынып бір кете жаздайды. «Қар», Т.Шопашов
Жауды,міне,қар аппақ, Қазақ жері-сәніміз, Қазақ жері-бағымыз. Мәуесі мол бағымыз. Қойнауынан мөп-мөлдір, Саясында жетілер, Сусындайды жанымыз. Балдай бала шағымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет