10. Драмалық шығармаларды оқыту.
Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі. Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары.
11. Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту. 5-8 сыныптарда суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі. 9-11 сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын тарихи әдебиеттік ізбен берілуі. Хронологиялық кесте.
12. Шолу тақырыптарын оқыту.
Шолу тақырыптарын ұйымдастыру жолдары. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айта отырып, ақын-жазушылар шығармашылығы (сол кезеңдегі),олардың негізгі жетістіктері әңгімеленеді.Шолу тақырыбында қамтылатын материал ауқымы.
13. Оқушы білімін есепке алу мен бағалау. Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары. Үй тапсырмаларының түрлері. Бағалау нормативі, оған қойылатын талаптар. Сыныпта алған білімдерін бекіту. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар арқылы қабілеті, дарыны, талантын дамыту, оған әсер ету.
14. Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту.
Әдеби теорялық ұғымдарды мектепте оқыту және жан-жақты мәліметтер беру.
15. Сыныптан тыс жұмыстар.
Сыныптан тыс оқулар. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы міндетімен студенттерді таныстыру. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері жайлы мәліметтер беру. Сыныптан тыс оқуларға анықтама беру. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелерінде сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру.
16. Жоғары білім және әдебиет пәндері.
Жоғары оқу орындарында (ЖОО) жүргізілетін әдебиет пәндері негізінен әдебиет тарихы мен әдебиет теориясының мәселелерін оқу материалдары арқылы таныстыру. Әдебиет пәндерін оқытуда ұстанылатын әдіснамалар.
17. Әдеби әдіснамадағы қадым және жәдит оқулары.
Өткен ғасырлардағы оқу түрлері - қадым оқуы, жәдит оқуы. Ондағы әдеби мәтін мазмұны мен идеясы, ұстанған бағыттары, ұстаздарының білім деңгейі, дүниеге көзқарасы, мақсат-мұраттары. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас шенінде патшалық Ресейдің Волга (Еділ) бойы, Кавказ (Қойқап), Түркістан және Орта Азияның өзге де аймақтарында уақыт талабына сай жаңаша білім беретін мектептер пайда бола бастауы.
Достарыңызбен бөлісу: |