49) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша әскерлерімен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Бұл кезде Жанқожаның әскерінің саны 1500-ге дейін жетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара, Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтас іздеді бірақ оның бұл саясатынан ештеңе шықпады. Жанқожа бастаған көтеріліс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі –Есет Көтібарұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің шығуының басты себебі Арал теңізінің басты жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз ж/е Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті руына түтін салығы салынуы және жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының күшеюімен байланысты еді. 20ғ 50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы орыстардың отарлауына қарсыбелсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. 1855 ж жазында Көтерілісшілер ме патша әскерлерінің арасында қырғын шайқастар жүрді.
50) 1867-1868 жж. Уақытша ереженің жүзеге асырылуы 1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды. 1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан.
2. Басқарудағы өзгерістер: 1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер: 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.