180
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру
ұйымдарының (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары
мен әр денгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары
мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады.
Білім беру жүйесінің төмендегідей
жаңа міндеттері
айқындалды.
- оқыту бағдарламаларының жүзеге асырылуына жағдай жасау;
- жеке түлғаның шығармашылығы, рухани және физиологиялқ
мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты
мен адамгершіліктің берік
негізін қалыптастыруы, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау
арқылы ақыл – ойын байыту;
-
Отан сүйгіштік пен азаматтылыққа, өз Отаны, Қазақстан
республикасына деген сүйішпеншілікке мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-
келген іс-әрекетті
болдырмауға тәрбиелеу; республиканың қоғамдық–саяси,
экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, және адамның өз
құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
- әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика
тарихын,
- қазақ және басқада халықтардың салтдәстүрлерін біліу; мемілекеттік,
орыс және шетел тілдерін үйрену;
- білім беру ұйымдарының дәрбестігін, өзін – өз билеу құқығын және
білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;
- оқытудың жаңа технологясын енгізу,
білімді информатизациялау,
халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;
- еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен
мамандарды даярлау және қайта даярлау;
- білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына
көмектесу;
Заң бойынша білім
беру ұйымдары заңды мекеме
болып табылады,
оқушылармен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше
оқыту бағдармаларын жүзеге асыра алады. Білім беру ұйымдарының
дәрежесі (типіне, түріне орай) «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес
олардың ережелерінде белгіленеді. Білім беру ұйымдары мемлекеттік
басқару орындарынын оқыту қызметін жүргізуге қажетті рұқсат алуы керек.
Білім беру мекемелеріне оқыту және басқада табыс түсетін
қызметтермен
айналасуға құқық берілген. Ақылы білім беру қызметтері мемлекеттік
тапсырма шеңберінде қаржыланған негізгі қызметінің орнын алмастыра
алады.
Білім беру мекемелері шетелдік ұйымдар мен қорлармен тікелей
байланыс жасауға білім беру саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға
кіруге құқы бар. Білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес
(Қазақстан Республикасында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктер
мен және білім беру ұйымдар), сондай-ақ халықаралық болуы мүмкін.
Білім беру мекемелері төмендегідей бөлінеді:
181
- мектепке дейінгі,
мектептен тыс, арнайы және атаанасының
қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері:
- оқыту бағдармаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта,
бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру.
Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы заң» оқу орындарының
негізгі түрлерін белгіледі.
Орта білім беретін оқу
орындарына
жататындар:
- жалпы білім беретін мектеп. Ол негізгі және қосымша жалпы білім
беретін ұш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге
асырады; жалпы білім беретін мектеп шағын-мектеп болуы мүмкін, яғни
оқушылар санының аздығына орай қосылған сыныптар жұмыс істейді;
- гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады,
оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік
оқытуды
көздейді;
- лицей кәсіптік бағытталған оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша
бағдаламаларды жүзеге асырады.
- бастауыш және орта кәсіптік оқыту: жалпы орта, бастауыш кәсіптік
оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби
жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;
- кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдармаларын
жүргізетін және жоғары денгейдегі маман жұмышларды дайындайды;
Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламары жалпы (негізгі және
қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болып қарастырылады.
Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының
қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту
бағдарламаларын құрастырып, оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді:
мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және
бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді;
оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, шығаруға арналған дайындық
жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын
және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды.
Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі;
мемлекеттік білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жағынан
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: