1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет27/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы. –Алматы, 2006.
3. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім. –Алматы, 2003.
4. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. –Алматы, 1958.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Омонимдердің жасалуындағы лексика-семантикалық және синтетикалық тәсілдер.
2. Лексикалық омонимдер мен көпмағыналы сөздердің айырмашылығы. Семантикалық байланыс.
3. Лексикалық омонимдердің ғылыми-теориялық негіздеріне шолу жасау.
4. Омонимдерге ұқсас тілдік құбылыстар: омофондар, омографтар, паронимдер.
5. Қазақ тіл біліміндегі омонимдердің зерттелуі. Тілші-ғалымдардың еңбектеріне шолу.


6. Мәтіннен омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жазып, омоним сөздерді жасалу жолдарына қарай саралап шығыңыз.
Қызара бөртіп, шығар күнді маңдайға ала қос жолаушы атқа қонды. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме! – депті (Қазыбек би). Әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдыман күн-күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды. Ендеше әкемнің басы, анау қысықтау келген өткір көз ... осы көз баяғыда бір... тым ертеректе, менің бала кезімде болар, жұмыла жаздап, мәңгіге жарық дүниемен қоштаса жаздап, шиеттей бала-шағасының көз жасы сақтап қалған еді ғой; осы көз ол шақта әлдеқайда отты, әлдеқайда ойлы, ұшқын атқан жастықтың, өмірге деген іңкәрліктің жалынына толы болатын. Жас шақта шапқылап-шапқылап алудың сөкеттігі жоқ, ол – балаға тән ерке қылық екенін түсінбейді дейсіз бе? Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын шығып жатыр екен (Шешендік сөз). Тілі мен жағына сүйенген біреу (ауызекі). Тау іші болған соң жұқалтаң шық түсіпті, күннің алғашқы сәулесінен-ақ көзі жаудырап, бу босанып жатады. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады (Шешендік сөз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет