1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет33/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006.
2. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика (синонимические средства языка). –Москва: «Языки русской культуры», 2000.
3. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім. − Алматы, 2003.
4. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы. −Алматы, 2006.
5. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. –Алматы: «Арыс», баспасы, 2005 -710 б.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Синонимдердің жасалу жолдары мен оның түрлері туралы түсінік беріңіз.
2. Синоним сөздердің лексика-семантикалық табиғатын тілші-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып ашыңыз.
3. Синонимдік қатар құраған сөздердің бір-бірінен семантикалық, стилистикалық ерекшелігі туралы түсінік беріңіз.
4. Синонимдер қолданысындағы парафразалық және плеонастикалық тәсілдер (тезис жасау). БАҚ тілінен алынған мысалдармен дәйектеу.
5. Синонимдердің сөйлеу үдерісіндегі қолданыстық ерекшелігін, атқаратын стилистикалық қызметін нақты мысалдар арқылы дәйектеңіз.


6. Сөздердің синонимдік қатарын толықтырып, мағыналық реңктері бойынша бөліп жазыңыз:
Үлгі: айқайлау – бақыру – шыңғыру.
Дифференциалды сема:
Айқайлау – қатты дауыс шығару.
Бақыру – қатты дауыс шығару, улап-шулау.
Шыңғыру – жан дауысын шығарып айқайлау.
Ортақ сема – қатты шыққан дауыс. Дауыстың жай, орташа, жоғары болып шығуы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
Тілдік бірліктер: әлпештеу, аяқтау, көл-көсір, ауыр, ақылгөй, әрең, кербез, басқар, қозғалу, тынығу, отағасы.


7. Мәтіннен синоним сөздерді қолданудағы парафразалық тәсілдерді теріп жазыңыз: Аппақ көзі тым жіті, алыстан көретін қырағы болатын (Ғ.Сыланов). Күздің қоңыр бір күні, май тоңғысыз жып-жылы (І.Жансүгіров). Ермекбай әбден зарықтырып, көзге түртсе көргісіз қараңғы, жаңбырлы түнде суға, балшыққа малшына қайтты (Ғ.Мұстафин). Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып шыққан дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақпа тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті. Күн бұл қалпында күнбағарға ұқсаған, шет-шетіндегі тарам-тарам шашағын шашыратып, әкем екеуіміздің көз жанарымызды жібек нұрмен жалғады (О.Бөкей). Шөкімдей бұлты жоқ айнадай көк аспанда бағанадан бері дәл төбесінде айнала ұшқан Қыран жерде тұрған Бату ханға осы тұстан түлкі, әлде қоян не бір бөтен аңды көз шалып, соны аңдып жүргендей көрінді (І.Есенберлин).


8. Берілген синоним сөздердің тіркесімділік қабілетін айқындаңыз: аты – есім – ныспы; әзіл – қалжың – қылжақ – ыржақ; өкініш – уайым – қайғы; қимылдау – қозғалу – қыбырлау – жыбырлау; еселеу – үстемелеу – қосу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет