1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет30/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. –Алматы, 1984.
2. Кеңесбаев І.Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: «Арыс» баспасы», 2008.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Лексикалық антонимдердің жасалу жолдары мен түрлері туралы түсінік беріңіз.
2. Лексикалық антонимдердің ғылыми-теориялық негізін тілші-ғалымдардың пікіріне сүйене отырып ашыңыз.
3. Антонимдердің атқаратын стилистикалық қызметін көркем шығарма, публицистикалық жанрлар негізінде дәйектеңіз.
4. Ж.Мусиннің «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» еңбегін басшылыққа ала отырып, сөздіктің түзілуіндегі ерекеліктері ашыңыз.
5. Өзара антонимік қатынастағы бірліктердің тіркесімділігін айқындап, валенттілік ерекшеліктерін көрсетіңіз.


6. Мәтіндегі антоним сөздерді обьективті және субьективті-прагматикалық қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер түрлеріне қарай ажыратыңыз және олардың қолданысындағы стильдік қызметін айқындаңыз.
Сонда осы елдің кәрі-жасы демей гүл дариясын кешіп, үкілі ботадай ойнақтап, көкжиекке сіңіп кетер еді. Қорқынышты көрінетіні – түн қатып, түсі қашып үнемі ат үстінде жүретін, айғайласып әркіммен бір ұрысатын, біздің өлі-тірі екенімізді елеп-ескермейтін (О.Бөкей). Ақылды мақтанса, істі тындырар, ақымақ мақтанса, аяғын сындырар (мақал). Сағыныш деген – молшылық қазына, бола да берер артық-кем, Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен... (Т.Айбергенов). Мың құбылған қуаныштан, дерттерден, Қиын не бар адам жанын зерттеуден? Мен келемін өз жанымды зерттеумен, Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем. Арзан не бар ойнау мен күлуден, Қымбат не бар адам сырын білуден (М.Мақатаев). Ел ұмытпас ерініп дұрыс ісін, Бір буынның бірегей ірісісің. Бақытсызбын – тірідей өлгендер көп, Бақыттысың – өлгеннің тірісісің (Қ.Мырзалиев). Алақан тар, алаңқайдан кең емес. Көз – қорқақ, қол – батыр. Арқанның ұзыны жақсы, Әңгіменің қысқасы жақсы. Көп жүрген жер – көл, Құм жүрген жер – шөл (мақал). Ал Жарасбай үшін өзі және келер-кетер жаманшылық-жақсылықты ұдайы білдіруші, Жарасбайға парамен сатылып келген тілеулестік ішіндегі мархабат періштесіндей жаршының өзі болатын (М.Әуезов). Жаңбыр жауған соң, жаңа, ескі деп қарамай, үй біткеннің бәрінің шатырынан су саулайды. Мәдениет үйіне бізді шығарып салуға ауылдың кәрі-жасы лық толды. Кейін жібергенін қайтем, қазір жіберсін (Ә.Қалдыбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет