Пайдаланған әдебиеттер: 1. Қалиев Ғ, Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. –Алматы, 2000.
3. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. –Алматы, 1995.
4. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім. –Алматы, 2003.
5. Ұйықбаев И.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. –Алматы, 1976.
6. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы.
7. Ордабекова Х. Лексикалық дублеттер және тілдік норма. –Алматы, 2010.
Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар: 1. Сөз варианттары, олардың түрлері, лексикалық дублеттердің тіркесімділік табиғаты.
2. Сөз варианттарының атқаратын стилистикалық қызметін тілдік фактілер негізінде дәйектеу.
3. Сөздің қосалқы аталымдары. Табу және оның түрлері. Тыйым сөздердің тағлымдық мәні тақырыбында Ә.Ахметовтің «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» атты еңбегі бойынша тезис жазу.
4. Эвфемизм, жасалу жолдары, өзіндік сипаты мен мәні туралы презентация қорғау.
5. БАҚ тіліндегі эвфемизмдердің қолданысын нақты тілдік материалдар негізінде дәйектеу.
6. Көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу тіліндегі табу мен эвфемизмдердің стильдік қызметі.
1. Мәтінде берілген сөз варианттарын түрлеріне қарай ажыратып, оларды тілдік норма және функционалды қызметі тұрғысынан саралап шығыңыз. Жапарқұлдан қалған қара шаңырақтың енді қайтіп илаға жарамастай боп, қаусаған жері осы ма екен? (С.Бақбергенов). Бізде жөні бүтін үй жоқ, малымыз тұратын қора жоқ, бәрі әншейін ілдәлда баспана (Т.Нұртазин). Сен танымайсың дейім, болмайды ғой өзі. Бүлдіресің, піспеген бидайды сындырсаң көк болады. Жеуге болмайды (М.Әуезов). Мынаған ерегіскенде бар ғой, биыл тышқақ лақ та бермейім, ‒ деді, Тайпан кіжіне сөйлеп (Б.Алдамжар). Не деп енді мақтайын? Айтуға сөз таппайым. Сөйлеп кетсем көбірек, Мен әжеңе жақпайым (Қ.Ыдырысов). Сенім артқан адамының мына қылығына ыза болды. Шәкіртінің кещелігінен ыза шекті (Ө. Қанахин). Аптығар адам емес, асып-сасып (И.Байзақов). Асығып-сасып білініп қалды ма екен? (М.Әуезов). Әскери киімдері су жаңа (С.Алдабергенов). Ауыл дүкені ана жақта. Ол кісі анаяқта отыр. Сенің ауырғаныңды аннан естіп келдім (ауызекі сөйлеу тілі). Қамшыменен бір салсам, Быт-шыт болып кетерсің (Қуандық ақын). Сиса көйлек үстіңде тоқуменен табылған. Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған. Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған (Ы.Алтынсарин). Қысы жұт, көктем басы қиыншылық, ұшырады ел екі тосат көлденеңге (Үш ғасыр жырлайды). Су өсімдіктерінің сабағы майысқақ келеді де, су толқынымен ғана қозғалады (Т.Таубаев). Қазық жасаған ағаштың бұтағы солқылдақ, игенде бірден сынып кетпейтін майысқыш болуы керек. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі (мақал). Не зауал болғанын аңлай да алмай жаздаған (Ш.Мұртаза). Әлгі кісі ең алыс түкпірлерде жатқан шопандар қыстауын көргісі келді (Ә.Әлімжанов). Таяу жердегі қыстақты аралап жүріп, ол Төлеубекпен кездесті (К.Оразалин). Қаланың қиғаш шетінде, Шалқар тоғай бетінде, Бір дуадақ атып ап, Белінен кесіп шайнаған, Арыстан туған батырды, Құртқаның көзі шалады (Қобыланды батыр). Тоқтыбалақ, ендеше тоқтыбалақ, Тоқтыбалақ жүгірер көк қуалап. Қайырып салған көкқұсы, Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап (Абай).
2. Мәтіннен сөздің қосалқы аталымдарын (табу, эвфемизм, дисфемизм) тауып, олардың тілдік табиғатын түсіндіріңіз. Эвфемистік баламаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз. Ежелден сүйекке сіңген бір беткей, қыңырлығы бар кемпір жарық әлеммен қоштасар шала-жансар сәтінде де, көңілі босап, көкірегін қарс айырып күрсінген жоқ, сергек, әмірін жүргізіп самбырлай сөйлеп жатты. Ес білгеннен осы аруақты сапарға дайындалып та жүретін. Кемпірдің өлімі, сондығынан жеңіл тиді. Елден шалғай оңаша тірлігінің запылығын осы шешесі қайтыс болған мезетте пысықтай түскен еді. Кісі өлімі – тіріге сын, арулап, ардақтап қойды дегендері – адамдардың көп-аз жиналғанына себепті. Бір үйдегі бір қария тек ұлының ғана қолынан аттанайын деп жатыр. Біздікі әншейін битке өкпелеп, тонымызды отқа салу. Үйленер едім – әйелің сақау деп жолдастарым құлақ етімді жеп қояр».
-Әкесінің аузын ұрайын! Байға тимесе – тимей-ақ қойсын. Артымда ат ұстайтын тұяқ қалды... Кемпір, әй қатын, мына жылбысқа еркек бала ғой! – деп Марқакөлге бір малып ап, қойнына тыға салды (О.Бөкей). Ұйқыдан жаңа тұрған шешесінің жәбірленген бала жағдайын жаманға асыра жоруы болар деп ашамалаған ерлі-зайыптылар Әлпештің аузынан шығып жатқан артық сөздерге мән бермей, кешірім сұрай берді (С.Шаймерденов). Жіңішкерген аурумен құдай алған ініңді әкеткен ажал мен деп пе ең? Санашы тағы. Қандай алмағың бар екен Қозыбақтан, Сәлменнен әлі де? (М.Әуезов).