1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары



бет36/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары

1. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры.


2. Түркі тілдері жүйесіне ортақ сөздер тобы.
3. Қазақ тілінің байырғы төл сөздері.
4. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.
5. Калька тәсілі, лексикалық және семантикалық калька.
6. Номинативті лакуна және тілдік реалия.
Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры және олардың арақатынасы. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтан да сөздердің пайда болуы әртүрлі себепке және тарихқа байланысты, тіл-тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық құрылысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халық ешқашан өз алдына тұйықталып өмір сүрмейді, қоғам болғаннан кейін өзге халықтармен экономикалық, саяси, мәдени байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге өзіндік әсерін тигізіп отырады.
Табиғи тіл жүйелердің жүйесі саналады. Тілдік жүйе негізінде лингвистика мынадай негізгі дейгейлерге бөлінеді: фонологиялық, морфологиялық, синаксистік және лексика-семантикалық. Тілдің жүйелілік сипаты осы деңгейлердің бір-бірімен өзара тығыз байланысынан туындайды.
Тілдік жүйенің ішінде өзгеріске бейім тұратын саласы лексикалық қабаты саналады.
Тілдің лексикалық қабаты өзге жүйелерге қарағанда ашықтығымен, еркін қолданысқа түсуімен, қоршаған ортамен тығыз байланысты болуы арқылы ерекшеленеді. Ашықтығы ретінде сөздіктерде мыңдаған лексикалық бірліктердің қамтылуы туралы айтқан жөн, алайда түсіндірмелі сөздікте көрсетілген бірліктердің барлығы күнделікті қолданысқа түсе бермейді. Сөздікте берілген барлық сөздер толығымен актив қолданысқа түсе бермейді, бұл ана тілінің лексикалық құрамын толығымен меңгерудің мүмкін еместігін көрсетеді. Оның үстіне кез келген тілдің лексикалық құрамы үздіксіз даму үстінде болады, соның негізінде неологизмдер пайда болады не архаизмдер ретінде тілдік қолданыстан шығып отырады.
Лексикалық жүйенің ашықтығы, әрі еркін қолднысқа түсуі қоршаған ортадағы зат, құбылыс, әрекетке атау беруі, соны бейнелеп көрсетуі арқылы көрініс табады, сонымен қатар атау беру үдерісі тілдік ұжымның дүниетанымдық әрекетімен байланысты жүзеге асады. Сондай-ақ лексика-семантикалық жүйенің өзіне тән күрделілігі де бар, ғаламның тілдік бейнесін білдіруде көптеген индивидуалды мағыналарды иеленеді.
Лексикалық мағынаның ойлау жүйесімен, экстралингвистикалық факторлармен тығыз байланыстылығы әрбір тілдің өз алдына концептуалды жүйе құрайтындығын көрсетеді. Өйткені әрбір тілдік ұжым қоршаған ортаны өзінше таниды, өзінше атау береді, өз ұғым-түсінігіне сәйкес мағына телиді, өзінше жүйелейді.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер, кірме сөздер, неологизмдер мен термин сөздер, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер, диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді.
Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы болып табылады. Сөздік қорға қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сипат алған сөздер ғана кіреді. Қазақ тілі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасын, олардың бір-бірін үнемі толықтырып, жаңғыртып отыруынан және сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің лексикалық жүйесінің даму бағыты анықталып отырады. Сол себепті сөздік құрам мен сөздік қор өзара тығыз байланыста болады.


Түркі халықтарына ортақ сөздер. Түркі тілдеріне ортақ базалық лексика «Көне түркі сөздігі», «Диуани луғат ат-түрк», «Кодекс Куманикус», «Китаб әл-Идрак ли-лисан әл-атрак», «Терджуман түркий уа ғараби», «Китаб әд-дурра әл-мудийа филлуғат ат-туркйиа», «Ат-тухфат әз-закия филлуғат ат-түркия», «Китаб булғату ал-муштак фил луғати ат-туркия ва-л қыфчақ», «Дана Хикар сөзі», «Армянша-қыпшақша дұғалық», «Төре бітіг» сияқты жазба ескерткіштер тілінде молынан кездесетініне түркітанудағы ғылыми зертеулер мен лексикографиялық еңбектер айқын дәлел бола алады.
Осы мол базалық лексика күні бүгінге дейін сақталып, көптеген түркі тілдерінің сөйлеу тілі мен жазба тілінде әртүрлі деңгейде қолданылып келетіндігін төмендегі кестеден айқын аңғарамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет